Шарашылық объектілерінде АҚ ұйымдастыру және жүргізу

1.2.1 Азаматтық қорғаныс .Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптері мен тәртәбі

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы №100-1 Заңында көрсетілген

Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдық принциптерін, Қазақстан Республикасы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, ұйымдардың азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретін, азаматтарының , шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтыры мен міндеттерін белгілейді.

 

Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптері мен тәртәбі

Азаматтық қорғаныс территориялық- өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылды.

Территориялық принцип бойынша азаматтық қорғаныс республика, қала, аудан, ауылдық территорияларда ұйымдастырылады. Бұл территорияларда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру әкімшілікке жүктеледі.

Азаматтық қорғаныс объектілерде адамдарды қорғау үшін, өнеркәсіптің зақымдалуға төзімділігін арттыру үшін, құтқару және кезек күттірмейтін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ұйымдастырады.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштері және азаматтары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта , салада, немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайларды ескере отырып, алдын ала жүргізіледі.

Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді түрде және саралап жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесіне қарай жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

Орталық және жергілікті атқаркшы мекемелер, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп беріп отырады.

 

Халық шаруашылығы объектісінде азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принципті схемасы:

Объектілерде құрылатын құрылымдар (құрамалар) екі түрге бөлінеді:

- жалпы түрдегі құрылымдар

- арнаулы қызмет құрылымдары

Жалпы түрде құрылған құрылымдар өз бетімен (самостоятельно) құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Арнаулы қызмет құрылымдары- белгілі бір арнаулы тапсырма бойынша жұмыс жүргізеді.

Жалпы түрдегі құрылымдарға құрама отрядтар (команда, группа) жұмыстары механиаландыру отрядтары, құтқару отряды, жалпы барлау жүргізу отряды, жалпы барлау жүргізу отряды жатады.

Азаматтық қорғаныстың арнаулы қызмет атқаратын құрылымдарына барлау, байланыс, өртке қарсы, медициналық, инжинерлік, авариялы- техникалық және т.б. құрылымдар жатады.

Объектідегі құрылымдардың санын және адамдар санын объектідегі азаматтық қорғаныстың штабы анықталды. Және бұл жерде аудандық, қалалық, А.қ штабымен келісімге келеді.

Құрылымдарды құру, соғыс уақытындағы жағдайларға сәкес, сменаларды ескере отырып өндірістік принцип бойынша, цехтарда, жұмыс сменаларында, өнеркәсіп учаскілерде, бригадаларда ұйымдастырылады.

Объектілердегі негізгі құрылымдар құрама және құтқару отрядтары (команда, группа) –

Объектіде арнаулы қызмет атқаратын құрамалар құрылады. Химиялық және радиациялық постар, байланыс звеносы, санитарлық постар т.б.

Штаб- азаматтық қорғаныс бастығының басқару органы.

Халық шаруашылығы объектілері қалалық жерлер үшін: өндіріс орындары, ұйымдар, оқу орындары жатады.

Азаматтық қорғаныстың бірыңғай дабылы «Баршаңыздың назарыңызға» сигналы арқылы құлақтандырады .

Тұрғындардың «Өмір тұрақтылығының қауіпсіздігін сақтау» - авария, катастрофа, төтенше жағдайлар кезінде қажетті ғылыми білімдер системасы мен мемлекетін практикалық шаралар.

 

1.2.2 Азаматтық қорғаныстың күштері

Азаматтық қорғаныстың күштері:

- ҚР АҚ әскери күштері – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері;

 

- АҚ территориялық жасақтары – аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады жәнетиісті Азаматтық қорғаныстың бастықтарына бағынады. Ұйымдар территориялық құрамалар құруға негіз болады;

 

- АҚ обьектілік жасақтары – ұйымдарда, тұрғылықты жерлер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделері үшінпайдаланылады. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі бойынша объектілік құрамалартиісті аумақтардың (территорияның) мүдделерін көзлейтін міндеттер орындауға тартылуы жұмылдырылуы мүмкін.

 

- АҚ және ТЖ қызмет жасақтары - Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен құрылатын, әкімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері құрамалары;

 

- жедел-құтқару отрядтары (жасақтары) – жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалақ, аудандақ құрамалар.

 

 

Жер сілкінетін аймақтарда АҚ жасақтары бір құтқарушыға он адамнан, өндіріс региондары үшін, су басатын және өрт болатын аймақтарда бір құтқарушыға 15-20 адамнан келетін есеппен құрылады.

 

АҚ жасақтары по атқаратын қызметіне (по предназначению) байланысты бөлінеді:

Негізгі жасақтар:

-барлау

-құтқару

-дәрігерлік

-инженерлік

-өртке қарсы

-аварийялық-техникалық

-радиациялық-химиялық қорғау

- т. б.

 

Қамтамасыз ету жасақтары:

- байланыс

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

- көліктік;

- қоғамдық тәртіпті сақтау;

- жануарларды және өсімдіктерді қорғау;

- т.б

Бейбіт жағдайда ТЖ зардаптарын жою үшін бұрыннан құрылған АҚ жасақтарынан және штаттағы арнаулы жасақтардан шұғыл әрекет ету отряды құрылады.

Шұғыл әрекет ету отрядының құрамы:

-облыста 150 адамнан аз емес;

-қалада 100 адамнан аз емес;

-ауданда 50 адамнан аз емес.

 

Жасақтардың максималды дайындыққа келу уақыттары:

-шұғыл әрекет ету отрядтары үшін – 2 сағаттан көп емес

-негізгі құтқару жасақтары үшін – 4 сағаттан көп емес

-басқа жасақтар үшін – 6 сағаттан көп емес.

 

АҚ жасақтарын жасақтауда жасақтар құрамына кірмейтін категориядағы адамдар:

-1,2,3 топтағы мүгедектер:

-аяғы ауыр әйелдер;

-8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер