Жер сілкінісі кезінде кезінде жасайтын әрекеттеріңіз

Жер сілкінісі кезінде адамдардың топырақ қабатындағы қозғалыстан өлім-жітімге ұшырауы өте сирек кездеседі. Олардың мұндай жағдайдағы өлім-жітімге көбіне күшті сілкіністер кезінде шайқатылған немесе қираған үйлердің құлап түсетін тастары, шыны сынықтары, қабырғалық материялдары себеп болады.

Жер сілкінісі кезінде бақытсыздыққа душар ететін басты-басты себептер мыналар болып табылады:

- Үйлердің жеке бөліктерінің қирауы, кірпіштердің, мұржалардың, карниздердің, жапсырылған әсемдік заттардың, балкондардың, қабырғаларын қаптаған тас тақталардың, есік-терезе жақтауларының, шамдалдардың, статуялардың, сәндік әшекейлердің құлап түсуі;

- Қираған шынылардың құлап түсуі, әсіресе үйдің жоғарғы қабаттарынан түсетіндері ерекше қауіпті;

- Үзілген электр желілерінің көшедегі адамдар көп жүретін жерінде жатуы;

- Бүлінген газ құбырлары мен тұйықталған электр желілерінен пайда болатын өрттің шығуы: су құбырларының бүлінуі салдарынан су келмей қалуы мүмкін жағдайларда мұндай өрттің қатері күшейе түседі;

- Шектен тыс дүрлігіп, асып-сасқан адамдардың орынсыз әрекеттері.

- Жер сілкінісі кезінде адамдардың жарақаттануы мен апатқа ұшырауының қаупін азайтуға әбден болады. Ол үшін жер сілкінісі бола қалған жағдайда әркім өзінің не істеуі керектігін күні бұрын мұқият ойластырып, жан-жақты әзірлік жасауы тиіс.

 

Жер сілкінісіне дейін

Негізгі ереже. Әдеттегі үйреншікті жағдайдың қандай кезінде де – үйде, жұмыс орынында, кинода, театрда немесе көшеде-жер сілкінісі бола қалған жағдайда өзіңіздің қандай әрекеттер жасауға тиіс екеніңізді алдын ала ойластырып, жүйелей алуыңыз тиіс. Мұның өзі сіздің апатты жағдайда аспай-саспай, дұрыс әрекет жасай білуіңізге жәрдемдеседі.

Жұмыс орнында. Қай нәрседе де ретті тәртіп пен жауапкершілік болуы тиіс. Ең жақсы әзірлік, міне, сол. Жер сілкінісі кезінде оған дейін орын алған кез-келген ұқыпсыздық істі шала-шарпы тындырып, аяқсыз тастап кету бақытсыздыққа ұрындауы мүмкін . Мұның өзі әсіресе құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде айырықша есте болуы тиіс.

Әрбір мекемеде/ цехта және басқаларында/ жер сілкінісі бола қалған төтенше жағдайда іске асырылуы тиіс шұғыл шаралардың нақты жоспары болуы керек. Бұл жұмыстар үшін жауапты адамдардың аты-жөні, олардың атқаратын міндеттері айқын көрсетілуі тиіс.

Дәліздерді, өтпе жолдарды, сатылы өткелдерді,сыртқы жіне ішкі есіктерді түрлі жабықтармен және заттармен толтырып тастауға болмайды. Ауыр шкафтар мен стеллаж-сөрелер қабырғаларға мықтап бекітілуі тиіс. Олардың жоғарғы қабаттарына ауыр заттар қоюға болмайды. Әрбір қызметкер өрт сөндіретін крандардың, электр желісіндегі ажыратқыш тұтқалардың және газ құбырлары крандарының орналасу тәртібін бес саусағындай білуі тиіс.

Үйде. Электр желілері мен газ құбырларының жағдайын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Барлық тұрғындар электр желісіндегі ажыратқыш тұтқалардың, газ және су құбырларындағы крандардың қайда орналасқанын және қалай ашылып –жабылатынын жақсы білуі тиіс. Газдың негізгі құбырына таяу жерде размері сәйкес келетін кілт дайын тұруы керек. Қалта фонары мен жаңа батарейкалар, батареялық радиоқабылдағыштар әрқашан жаныңызда болғаны жөн. Алғашқы медициналық жәрдем көрсететін аптечканың ыңғайлы жерде тұруы керек, семья мүшелерінің барлығы да алғашқы көмек көрсету ережелерін үйренуі тиіс. Пәтердің ішіндегі шкафтар, этажеркалар, сөрелер мен стеллаждар бөлменің қабырғасына мықтап бекітілуі тиіс. Сөрелердің жоғарғы қабаттарына ауыр заттар қоюға болмайды. Қауіпті материялдарды/лап етіп жанатын сұйықтар мен улы заттарды/ қауіпсіз жерде сақтау керек. Олар тұрған орнынан түсіп кетпеуі, шашылып не төгіліп қалмауы тиіс. Үйдегі кереуеттердің терезе алдында тұрмауы керек. Өзіңіздің тұрғын үйіңіздің таяу жердегі тоған бұзыла қалған кезде су астында, немес қар көшкіні мен сел тасқыны астында қалу қаупі бар не жоқ екенін анықтаңыз. Бірнеше табақ фанер немесе пластикалық зат сынган терезе шынысын алмастыру үшін әрқашан дайын тұрғаны жөн. Семья мүшелеріңіздің бәрі де, қызметтестеріңіз де, басқаларда да жер сілкінісі кезінде және одан кейін не істеу керек екендігін білетіндей болуы тиіс.

 

Жер сілкінген кезде

Жер сілкінісі кезінде жер неғұрлым қысқа мерзім ішінде-небәрі бірнеше секунд, ал тіпті күшті болған жағдайда бір минут қана сілкінеді. Сілкіністің үрейіңізді алуы мүмкін, бірақ сабырлылық сақтаңыз және өзгелерді де сабыр сақтауға шақырыңыз. Жер сілкінісінен қорғаныс шараларының мүмкін болатын түрлерінің ішіндегі ең жақсысы-үрейге берілмеу, айқай салып абыржымау, әрлі-берлі жүгіре бермеу. Егер сіз сабыр сақтап, терең ойластырып, әрекет жасасаңыз, сақтанудың мүмкіндіктерін арттыра түсесіз. Жердің немес ғимараттың тербетіле бастағанын сезген бойда-ақ шұғыл түрде әрекет етіңіз. Егер сіз көшеде болсаңыз, сол тұрған орыныңызда қалыңыз, ал егер үйдін ішінде болсаңыз, одан шыға жөнелуге асықпаңыз. Қайғылы жағдайлардың көпшілігі адамдардың үйге кіруге, ал басқаларының үйден шығуға асығып ерсілі-қарсылы даурығуы кезінде болады. Кейде адамдар жоғарғы қабаттағы пәтерлердің терезесінен секіріп кетуге дейін барады. Үйдін ішінен жүгіріп шықпаңыз,өйткені үйдің құлап түсіп жатқан бөлшектері мен үзілген сымдар мейлінше қауіпті. Өте-мөте ерекше жағдайларда ғана бір қабатты үйлерден және көп қабатты үйлердің бірінші қабатынан шығып кетуге болады.

 

Егер сіз үйдің ішінде болсаңыз, мейлінше тез қауіпсіз орынға-ішкі есіктің қуысына, тіреу бағанасының жанына немесе бөлменің терезе мен балканнан қашықтау бұрышына тұра қалыңыз. Электр жарығы өшіп қалғаннан қорықпаңыз. Ыдыс-аяқтың сынуы, қабырғалардың сытырлап жарылуы, заттардың тас-тұрс етіп құлап түсуі сияқты жағдайда үрейленбеуге әзір болыңыз. Қараңғыда шырақ, сірінке, тұтатқыш жаға көрмеңіз. Өйткені газ шығып жатқан жағдайда өрт болып кетуі мүмкін.

Егер сіз көшеде келе жатсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен аулақтау ашық алаңға қашып шығуға тырысыңыз. Олай ету мүмкін болмаған жағдайда ең таяудағы ғимараттың есігінің қуысына тұра қалыңыз. Мұның өзі сізді жоғарыдан құлап түсетін заттардың соққысынан сақтайды. Құлағалы тұрған балкондардан, карниздерден, парапеттерден, салбырап тұрған сымдардан аулақ болуға тырсыңыз.

Егер сіз автомобильде келе жатсаңыз ашық алаңға тоқтай қалыңыз. Жердің сілкінісі өткенше автомольден шықпаңыз. Жаңа дүмбулерді сезе қалсаңыз, оған танданбаңыз. Алғашқы күшті дүмпуден кейін уақытша тыныштық болуы мүмкін. Мұндай дүмпулер бірнеше сағат немес бірнеше тәулік бойы қайталануы да мүмкін. Олар бұған дейінгі алғашқы басты дүмпуден мейлінше қатты зардап шеккен құрылыстардың одан әрі қирауын немесе бүлінуін болдыруы мүмкін.

 

Жер сілкінісінен кейін

Сабыр сақтай отырып, жағдайды анықтай біліңіз. Қандай жағдайда болса да жер асты дүмпуінің қайталануы мүмкін деген ойдан шығарылған үрейлі қауесет таратушы болмаңыз, бұл жөнінде ешқандай деректер, болжамдар, өсек-аяң әңгімелер айта көрмеңіз. Тек ресми деректерді ғана пайдаланумен шектеліңіз. Болашақ дүмпулердің мүмкіндігі жөніндегі әңгімелерге тыйым салыңыз, бірақ ондай дүмпулердің болуы мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз.

Зардап шеккендерге қолма-қол көмек көрсетіңіз, алғашқы жәрдем жасауды ұйымдастырыңыз. Зардап шеккендерді суықтан сақтау үшін жылы жауып қойыңыз. Мединциналық көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға оны іздеп, тауып ұйымдастырыңыз.

Өрт шығып кету қаупінің бар не жоқ екенін тексеріңіз. Қолыңыздан келсе, алғашқы жалынды көре сала өшіріңіз. Және өрт сөндіретін команданы шақырыңыз. Су және газ құбырларын тексерініз /газды иісін сезу арқылы ғана тексеру керек/. Электрмен жабдықтау жүйесінде бүлінген жерлер байқала қалса, оны жүйеден бөліп тастаңыз. Егер газдың шығып жатқанын сезсеніз, барлық есік-терезелерді ашуға асығыныз. Сөйтіп, үйден тез шығып кетіңіз де тиісті қызмет көрсететін орынға хабарласыңыз.

Электр қуатын жеткізетін желілерге, сымдарға немесе оған жанасып тұрған заттарға қол тигізе көрмеңіз. Канализацияның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізбейінше туалетті пайдалануға болмайды. Төгілген немесе шашылған улы химикаттарды және жанатын сұйық заттарды тезірек жоюға тырысу керек. Бұл жөнінде айналаңыздағы адамдарға ескертуге асығыңыз. Аяғыңыздан жаралап алмас үшін мықты аяқ киім киіңіз. Мейлінше қажеттілік болмайынша зақымданған ғимараттарға кірмеңіз. Өйткені олар мейлінше күтпеген жерден құлап түсуі мүмкін. Оның үстіне сыртқа шығып жатқан газ, зақымданған электр желісі қатер төндіруі мүмкін. Жеке сектордағы үйлердің пештері мен мұржалары қаншалықты бүлінгенін тексеріңіз. Егер сызат беріп, жарылған болса, оны оны жөндемейінше от жақпаңыз. Өйткені ол неғұрлым маңызды өзге істер үшін қажет болуы мүмкін.Туған-туыстарыңызбен жақындарыңызға қолыңыздан келгенше көрсетілген көмектің бәрін жасап болғаннан кейін үйінділерді аршуға және зақымданған ғимараттардағы құтқару жұмыстарын атқаруға қатысыңыз. Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, қоғамдық және мемлекеттік меншікті сақтауды ұйымдастыруда милиция мен басқа да органдарга көмектесіңіз. Ұрылардың, талан-таражға салып тонаушылардың, үрей туғызушылар мен өзге де бұзақы элементтердің іс-әрекетіне тыйым салуға жәрдемдесіңіз.

Жер сілкінісі және оның зардаптарымен күресудің қажетті шаралары туралы радио және жылжымалы күшейткіш құралдар арқылы берілетін хабарларды мұқият тындаңыз. Ірі-ірі жер сілкіністері кезінде екінші кезектегі зақымдаушы факторлардың –жарылыстардың, өрттердің, күшті әсет ететін улы заттардың және басқа да қатерлі заттардың айнала төңіректерді зақымдауы мүмкін екенін әрқашан есте ұстаңыз.

Көшкіндер –адам өмірі мен бенсаулығына қауіп төндіретін, гравитация күштерінің әсерінен тепе-теңдңкті сақтай алмай кенеттен туындаған қар, мұз, тау жыныстарының баурайға қарай қозғалысы.

Көшкіндер көп болатын жыл мезгілдері қыс-көктем, көшкіндердің осы уақытта 95 проценті тіренледі. Көшкіндкр тәуліктің кез келген уақытында туындайды, 68прцент –күндізгі уақытта, 22процент – түнде және 10поцент кешкі уақытта.

Көшкіндередің жылдамдығы 20-100 м\с аралығында

Көшкіндердің қауіпті факторы орасан қиратушы күші.Өз жолындағының бәрін қиратып, таулы аймақтардағы көптеген ТЖ –дың туындау себепшісі болады: құрлыс нысандарын ,жолдарды, техниканы зақымдап, қиратады; адамдарды жарақаттап, өлімге соғады.

Қар көшкіні –бұл таудың құламалы беткейлерінен құлайтын немесе сырғитын және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны.

Қар көшкінінің болу себебібеткейді қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан жәнеқар қайтадан кристалданғанда, қар қабатының ішінде қиыршық горизанттың болуынан туады. Жекеленген қар көшкінінің көлемі 2 млн \м 3 жетеді,

Қар көшкіндер іғиараттарды, инженерлік ғимараттарды қиратуы мүмкін, қалың қар жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып,қалың қардың сатында қалуы мүмкін.