Рентгенологиялық зерттеу

Жедел аппендицит

1. Жедел гинекологиялық аурулар мен жедел аппендициттің дифференциалды-диагностикасын өткізу үшін маңызды мәліметтер:

1) Ровзинг симптомын анықтау

2) қанның клиникалық анализі

3) қынаптық тексеру +

4) қынаптың артқы күмбезінің пункциясы +

5) гинекологиялық анамнезі +

 

2. Аппендикуллярлы инфильтратты ( тығыз кезінде) емдеу шаралары :

1) шұғыл операция

2) антибиотиктерді қолдану +

3) стационарлық ем +

4) наркотиктерді қолдану

5) жағымды диета +

 

3. Аппендикулярлы инфильтраттың белгісіне жатпайды:

1) субфебрильді дене қызуы

2) аурудың ұзақтығы 4-5 күн

3) сарғаю +

4) лейкоцитоз

5) оң жақ мықын аймағында ісік тәрізді құрылымның анықталуы

 

4. Жедел аппендициттіңқай түрінде пилефлебиттің дамуықаупі жоғары:

1) аппендикулярлы инфильтратпен асқынса

2) катаралды аппендицитте

3) аппендикулярлы абсцеспен асқынса

4)флегмонозды аппендицит кезінде құрт тәрізді өсіндінің шажырқайыныңқабынуы байқалса +

5) гангренозды-перфоративті аппендицит

 

5. Жедел аппендицит кезіндегі аппендэктомияға қарсы дәлел болып саналады:

1) миокард инфарктісі

2) 36-40 апталық жүктілік

3) новокаинға аллергия

4) тығыз аппендикулярлы инфильтрат +

5) қан ұйғыштығының бұзылуы

 

6. Аппендикулярлы инфильтраттың белгілері:

1) субфебрильді дене қызуы +

2) ауру мерзімі 3-4 күн +

3) профузды іш өту

4) анемия

5) пальпацияда –оң жақ мықын аймағында түзіліс табылады +

 

7. Жедел аппендицит күдігі болған жағдайда аталған шаралардың қайсысы ең қауіпті болып саналады?

1) ішке суық басу

2) антибиотиктер

3) асқазанды жуу

4) іш жүргізетін препараттар беріп, клизма қою +

5) шұғыл лапаротомия

 

8. Жедел аппендицит пен оң жақ бүйрек шаншу арасында дифференциалды диагноз жүргізу үшін қолданатын шаралар:

1) спазмолитиктерді енгізу +

2) наркотиктерді енгізу

3) зәр анализі +

4) хромоцистоскопия +

5) бүйрек артерияларының ангиографиясы

 

9. Перфоративті аппендицитке келесі белгілер тән :

1) құрсақ қуысында бос газдың болуы

2) жалпы қан айналымының көлемінің төмендеуі

3) құрсақта кенеттен ауру сезімінің күшеюі +

4) құрсақтың алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы +

5) Щеткин-Блюмберг симптомының оң болуы +

 

10. Жедел аппендицитке келесі белгілер тән:

1) Ортнер

2) Бартомье-Михельсон +

3) Кохер-Волкович +

4) Ровзинг +

5) Мерфи

 

11. Жедел аппендицитте қабыну үрдісі қай жерден басталады:

1) сірлі қабатынан

2) шырышты қабатынан +

3) бұлшық ет қабатынан

4) бүйен ішектен

5) мықын ішектен

 

12. Аппендэктомиядан кейін 6-ші тәулікте науқаста дене қызуы көтеріліп, ентігу, қалтырау пайда болды. Бұл жағдай қандай асқынулармен түсіндіріледі:

1) оң жақтық пневмония +

2) миокард инфарктісі

3) диафрагма асты абсцессі +

4) ішек аралық абсцессі +

5) іш қуысына қан кету

 

13. Аппендэктомиядан кейін Дуглас кеңістігінің абсцессі келесі белгілермен сипатталады:

1) гектикалық дене температурасы +

2) тік ішекте ауыру сезімі +

3) дифрагма қозғалысының шектелуі

4) қынаптың артқы қабырғасы немесе тік ішектің алдыңғы қабырғасының ілініп тұруы +

5) іш бұлшық еттерінің қатаюы

 

14. Аппендэктомиядан 5 күн өткен соң науқаста кенеттен жағдайының нашарлауы байқалды: дене қызуының гектикалық түрде көтерілеуі, лейкоцитоз, ішкі жамбас қуысында ауыру сезімі пайда болды, құбылмалы дизуриялық белгілер мен тенезмдер айқындалды. Аталған көріністі анықтау үшін қандай қосымша зерттеу шараларын бастайсыз ?

1) хромоцистоскопия

2) зәр және қан анализдерін қайта тексеру

3) тік ішекті саусақпен тексеру +

4) ректороманоскопия

5) контрастты ирригоскопия

 

15. Аппендэктомиядан кейін дамыған диафрагма асты абсцесінің белгілері :

1) дем алған кезде іштің жоғарғы бөліктерінің ауырсынуы +

2) қан қақыру

3) үлкен дәретінің түсінің қараюы

4) іш қуысының шемені (асцит)

5) дене қызуының гектикалық түрде көтерілуі +

 

16. Жедел аппендициттің асқынулары :

1) аппендикулярлы инфильтрат +

2) кіші шарбымай қалтасының абсцессі

3) пилефлебит +

4) перитонит +

5) пиелонефрит

 

17. Жедел аппендицитке тән емес:

1) ауру сезімі эпигастрийден басталып оң жақ мықын аймағында шоғырлануы

2) 1-2 рет құсу

3) іш кебуі

4) ауыру сезімі кенеттен «семсер» сұққандай болуы +

5) субфебрильді дене температурасы

 

18. Аппендэктомияға қарсы көрсеткіш:

1) егде жастағы науқаста аппендициттің жасырын клиникасы

2) стенокардия

3) ангина

4) іріңдеу белгілері жоқ тығыз аппендикулярлы инфильтрат +

5) жүктілік

 

19. Жедел аппендицитке тән емес :

1) жиі құсу

2) эпигастрий тұсында ауыру сезімі

3) оң жақ мықын аймағында ауыру сезімі

4) мелена (қара май тәрізді нәжіс) +

5) есінен тану +

 

20. Жедел аппендицит диагнозына күмәнданғанда ең тиімді қосымша зерттеу тәсілі:

1) хромоцистоскопия

2) құрсақ қуысының УДЗ

3) лапароскопия +

рентгенологиялық зерттеу

5) экскреторлы урография

 

21. Жедел аппендицитті оң жақтық бүйрек шаншуымен дифференциалды диагностикасында қолданылатын зерттеу әдістері:

1) диагностикалық лапароскопия +

2) хромоцистоскопия +

3) экскреторлы урография +

4) ректороманоскопия

5) ирригоскопия

 

22. Жедел аппендицитте пальпация жасағандаанықталатын маңызды белгі:

1) оң жақ мықын аймағының бұлшық еттерінің тітіркенуі +

2) оң қабырға асты бұлшық еттерінің тітіркенуі

3) оң жақ мықын аймағында жергілікті Щеткин-Блюмберг белгісі оң болуы +

4) оң жақ мықын аймағында қолға білінетін түзіліс

5) бел аймағындағы бұлшық еттерінің тітіркенуі

 

23. Жедел аппендициттің асқынулары:

1) аппендикулярлы инфильтрат +

2) перитонит +

3) пиелонефрит

4) панкреатит

5) пилефлебит +

 

24. Жедел аппендицитке күмәнді 28 жастағы науқас әйелде гинекологтың тексеруінен өткен соң диагнозы анықталған жоқ. Тактикаңыз:

1) құрсақ қуысының шолымалы рентгенографиясы

2) лапароскопия +

3) фиброгастроскопия

4) қабылдау бөлімшеде науқасты бақылау

5) диагностикалық лапаротомия

 

25. Бүйрек шаншу клиникасы құрт тәрізді өсіндінің қандай анатомиялық орналасуы түріне байланысты көрінуі мүмкін?

1) бауыр астылық

2) бүйен ішектің артында +

3) кіші жамбас қуысында

4) ретроперитонеалды +

5) сол жақ мықын аймағында

 

26. Құрт тәрізді өсінді кіші жамбас қуысында орналасқанда жедел аппендициттің клиникалық белгілері:

1) дизурия +

2) іш кебу

3) іш өту +

4) дефекация кезінде ауыру сезімі +

5) есінен тану

 

27. Жедел аппендициттің асқынулары:

1) перитонит +

2) периаппендикулярлық абсцесс +

3) Крон ауруы

4) аппендикулярлық инфильтрат +

5) жедел аднексит

 

28. Аппендицитке диагноз қою үшін төменде аталғандардың қайсысы қажет емес:

1) пальпация

2) қанның клиникалық анализі

3) тік ішекті саусақпен тексеру

4) ирригоскопия +

5) гинекологиялық зерттеу

 

29. Жедел аппендицитті аналық бездің апоплексиясынан ажырату үшін келесі белгілер керек немесе ескеру тиіс:

1) Кохер-Волкович

2) Промптов +

3) Бас айналу немесе есінен талу жағдайы +

4) Бартомье –Михельсон

5) Ауыру сезімінің сегізкөзге және шап аралығына жайылуы +

 

30. Жедел аппендицитті жатырдан тыс жүктіліктен ажырату үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады:

1) лейкоцитоз динамикасы

2) іштің шолымалы рентгеноскопиясы

3) термометрия

4) қынаптың артқы күмбезінің пункциясы +

5) ирригоскопия

 

31. Аппендэктомиядан кейін 1-ші тәулікте науқастың беті бозарып, әлсіреу, тахикардия және оң жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Қандай асқыну дамыған:

1) аппендикулярлы абсцесс

2) пневмония

3) миокард инфарктісі

4) құрсақ қуысына қан кетуі +

5) ішектің жедел түйілуі

 

32. Жедел аппендициттің симптомдары қандай?

1) Ровзинг +

2) Ситковский +

3) Раздольский +

4) Ортнер

5) Мерфи

 

33. Жедел аппендициттің клиникалық белгілері?

1) оң мықын аймағындағы ауру сезімі +

2) 1-2 рет құсу +

3) жиі іш өту

4) субфебрильді дене қызуы +

5) тәбеттің болмауы

 

Жедел ішек түйілуі

 

34. Странгуляциялық ішек түйілуінінің дамуына әкелетін факторлар:

1) ұзын және жіңішке шажырқай +

2) жабысулардың болуы +

3) құрсақ жарықтардың болуы +

4) алкогольді қабылдау

5) майлы тағамдарды қабылдау

 

35. Ішектің жедел түйілуінде организмде пайда болатын бастапқы өзгерістер:

1) гиперкалиемия

2) дегидратация +

3) гематокриттің төмендеуі

4) гематокриттің жоғарлауы +

5) гипокалиемия +

 

36. Обтурациялық ішек түйілуіне қандай белгілер тән?

1) құрсақта тұрақты ауру сезімі

2) құрсақта толғақ тәрізді ауру сезімі +

3) «кофе тәрізді» құсық

4) іштің кебуі +

5) «шылпыл шуылы» белгісінің оң болуы +

 

37. Көрсетілген ішек түйілулерінің қайсысы странгуляциялық түріне жатады:

1) ішектің бұралуы +

2) ішектің өт тасымен бітелуі

3) ішектің түйінделуі +

4) сырт жағынан ісікпен басылу

5) ішектің жарық қақпасында қысылуы +

 

38. Жедел ішек түйілу кезіндегі консервативті емнің нәтижесін бағалау:

1) ауру сезімі ұстамасы арасының ұзаруы

2) нәжіспен газдың көлемді мөлшерде шығуы +

3) іштің кебуінің жойылуы +

4) перистальтиканың әлсіреуі

5) ауру сезімінің басылуы +

 

39. Ішектің жедел түйілуінде консервативті ем қандай жағдайда қолданылады:

1) ішектің бұралуы

2) ішектің түйінделуі

3) спастикалық түйілуі +

4) паралитикалық түйілуі +

5) копростаз +

 

40. Ішектің жедел түйілуі диагнозын қоюда маңызды зерттеу тәсілін атаңыз:

1) құрсақ қуысының шолымалы рентгеноскопиясы +

2) барий арқылы ішек пассажын жасау +

3) лапароскопия

4) эзофагогастродуоденоскопия

5) ирригоскопия +

 

41. Обтурациялық ішек түйілуінің бастапқы сатысында қолданатын тактика:

1) тек консервативті ем

2) шұғыл оперативті ем

3) жоспарлы операция

4) 2 сағат ішінде консервативті шаралардың әсері болмағанда - оперативті ем жүргізу +

5) назоинтестиналды интубация

 

42. Механикалық ішек түйілуінің жіктелуі:

1) обтурациялық +

2) спастикалық

3) жарақаттанулық

4) странгуляциялық +

5) аралас +

 

43. Ішек түйілуінде қолданылатын зерттеу әдістері:

1) фиброгастроскопия

2) құрсақ қуысының шолулық рентгенологиялық зерттеу +

3) ирригоскопия +

4) УДЗ

5) асқазан-ішек жолдарын рентген контрасттық зерттеу +

 

44. Ішектің механикалық түйілуінің клиникалық симптомдары:

1) іштің кебуі +

2) Валь симптомының оң болуы +

3) Ситковский симптомының оң болуы

4) Обухов ауруханасының симптомының оң болуы +

5) Мерфи симптомының оң болуы

 

45. Жедел ішек түйілуінің клиникасы:

1) іште толғақ тәрізді ауыру сезімі +

2) газ бен нәжістің шықпауы +

3) қайталап құсу +

4) іш өту

5) іш қуысының қатты қысып ауыруы

 

46. Жедел ішек түйілуінде рентгендегі өзгерістер?

1) іш қуысында бос ауа жиналу

2) жел кернеу

3) ішек бөліктерінің керілуі +

4) Клойбер табақшасы +

5) Керкринг қатпарларының анықталуы +

 

47. Ішек түйілуінің жіктелуі:

1) динамикалық +

2) механикалық +

3) паралитикалық

4) спастикалық

5) бітелу салдарынан

 

Т тас ауруы

 

48. Өт қабында тастың түзілу себебі :

1) өт қабындағы инфекция +

2) өт қабында өттің іркілуі +

3) өсімдік тағамын жиі қабылдау

4) науқастың жасы

5) холестерин алмасуы тепе-теңдігінің бұзылуы +

 

49. Асқынбаған өт тас ауруында диагноз қою үшін инвазивті емес қолайлы әдістер:

1) ретроградты холангиопанкреатография

2) лапароскопия

3) УДЗ +

4) бауыр арқылы холангиография

5) компьютерлік томография+

 

50. Жедел холециститтің асқынулары:

1) механикалық сарғаю +

2) өңеш веналарының варикозды кеңеюі

3) холангит +

4) перитонит +

5) Меллори-Вейс синдромы

 

51. Өт тас ауруының асқынулары :

1) холангит +

2) механикалық сарғаю +

3) дуоденостаз

4) жедел панкреатит +

5) жедел аппендицит

 

52. Өт тас ауруының клиникалық белгілерін көрсетіңіз:

1) бауыр тұсында ұстамалы шаншып ауруы +

2) оң жақ мықын аймағының түйіліп ауруы

3) пальпация кезінде оң қабырға астында қатты ауру сезімі +

4) оң қабырға доғасын қолмен соққылағанда ауру сезімінің оң болуы +

5) бел аймағының ауру сезімі

 

53. Жедел холециститтің клиникалық белгілері :

1) іштің кебуі

2) оң қабырға астында қатты ауру сезімі +

3) Ортнер симптомының оң болуы +

4) Воскресенский симптомының оң болуы

5) Мерфи симптомының оң болуы +

 

54. Жедел панкреатит диагнозын дәлелдеу үшін қолданылатын зерттеу әдісі:

1) ирригоскопия

2) УДЗ +

3) лапароскопия +

4) компьютерлік томография +

5) фиброгастроскопия

 

55. Өт өзегінде тас жиналуының себептері:

1) өт қабының аномалиясы

2) өт қабының қан айналымының бұзылуы

3) өттің литогендігінің төмендеуі +

4) холато-холестерин алмасуының бұзылуы +

5) липидтер алмасуының бұзылуы +

 

56. Жедел холециститтің пальпациялық белгілері:

1) сол жақ қабырға астының ауруы

2) өт қабының үлкеюі +

3) Ортнер белгісі оң +

4) оң жақ қабырға астында ауру сезімі +

5) оң жақ мықында ауру сезімі

 

57. Жедел холециститтің клиникасы:

1) оң жақ қабырға астының ауруы +

2) жүрек айну, құсу +

3) іштің толғақ тәрізді ауруы

4) іштің қатты қысып ауруы

5) ауру сезімі дененің оң жағына тарайды +

 

58. Калькулезді холециститке тән белгілер?

1) Мерфи +

2) Мюсси-Георгиевский +

3) Ортнер +

4) Щеткин-Блюмберг

5) Образцов

 

59. Жедел холециститті анықтауға қандай тексеріс жүргізіледі?

1) УДЗ +

2) компьютерлік томография +

3) холангиография +

4) экскреторлы урография

5) ЭФГДС

 

 

60. Өкпе артериясының кең көлемдегі тромбоэмболиясының негізгі клиникалық белгілерін атаңыз:

1) төс артындағы ауру сезімі +

2) коллапс және тұншығу +

3) дененің жоғарғы жартысы мен беттің көгеруі (цианозы) +

4) терінің бозаруы

5) брадикардия

 

61. Пневмоторакстың клиникасы:

1) ентігу +

2) кеудедегі ауру сезімі +

3) дене қызуы

4) лоқсу, құсу

5) цианоз +

 

Жарықтар

 

62. Іштің ақ сызығының жарығы кезінде асқазан рентгеноскопиясы қандай мақсатпен жасалады:

1) жарық қапшығында қандай ағза орналасқанын анықтау үшін

2) жарық қақпасының көлемін анықтау үшін

3) іш перде алды липомасымен ажырату үшін

4) асқазанның қосымша ауруларының бар жоғын анықтау үшін +

5) рентгеноскопия керек емес

 

63. Құрсақ жарықтардың пайда болу себебі:

1) егде жас +

2) асқазанның ойық жарасы

3) алдыңғы іш қабырғасының жарықтардың шығатын орындарының анатомиялық ерекшеліктері+

4) құрсақ қуысы қысымын жоғарлататын серіктес аурулар +

5) миокард инфарктісі

 

64. Рихтер қысылуы дегеніміз не:

1) дуоденалды-ащы ішек аймағында ішектің қысылуы

2) сигма тәрізді ішектің қысылуы

3) асқазанның диафрагмалды жарықта қысылуы

4) ішектің қабырғалық қысылуы +

5) Меккель дивертикулының қысылуы

 

65. 2 сағат бойы қысылған жарық өздігінен орнына салынған (түзілген) кезде хирургтың тактикасы:

1) лапаротомия, құрсақ қуысы ағзаларын ревизиялау

2) науқасты үйіне жіберу

3) тазалағыш клизманы қою

4) стационар жағдайында науқасты тиянақты бақылау +

5) берілген ұсыныстардың ешқайсысы дұрыс емес

 

66. Жылжымалы жарықтың белгісі болып қайсысы саналады:

1) жарық қабына экстраперитонеалды орналасқан ағзаның қатысуы

2) жарық сұйығының болмауы

3) жарық қабына интраперитонеалды орналасқан ағзаның қатысуы

4) жарық қабына мезоперитонеалды орналасқан ағзаның қатысуы +

5) жарық сұйығының болуы

 

67. Жедел миокард инфарктісімен ауырған науқаста қысылған жарық анықталды. Сіздің тактикаңыз :

1) ішке суық басу, бақылау

2) жарықты орнына салу

3) интенсивті кардиалды терапия қоса жүргізіп, шұғыл операция жасау +

4) бандаж кигізу

5) бұлшық етке спазмолитиктерді енгізу

 

68. Қысылған жарықта шұғыл операцияға көрсеткіш:

1) қатты ауыру сезімі

2) жарық ішіндегі ағзалардың жарық қапшығына жабысуы

3) қысылған ағзаның некрозы дамуы мүмкіншілігі +

4) перитониттің дамуы +

5) ішектің жедел түйілуі дамуы +

 

69. Қысылған жарық кезінде ішектің өмір сүру қабілетіне баға беру үшін келесі белгілерге сүйену қажет:

1) ішек түсіне +

2) перистальтикасының болуына +

3) ішек тамырларының пульсациясына +

4) жарық қапшығындағы сұйықтыққа

5) қысылған ішектің кебуіне

 

70. Жарық элементтері:

1) жарық қабы ішіндегі құрсақ ағзалары +

2) іштің қабырғасы

3) тері астының май қабаты

4) жарық қақпасы +

5) жарық қапшығы +

 

71. Көп сағат қысылған шап жарығында тиімді алғаш қолданылатын шараларға жатады:

1) жылы ванна

2) жарықты орнына салу

3) шұғыл операция +

4) жарықты орнына салуын жеңілдететін спазмолитиктер енгізу

5) жарықты орнына салар алдында анальгетиктер енгізу

 

72. Қысылған жарыққа операция жасалған кезде қапшық ішінде ащы ішектің екі ілмегі табылды. Бұл қысылудың қандай түрі:

1) ретроградты +

2) қабырғалық

3) жарық қапшығында құрт тәрізді өсіндінің қысылуы

4) нәжістік қысылу

5) эластикалық