Осал негiздердi «смолизация» әдiсiмен тыңайту қандай топырақтарда тиiмдi?

1) Ұсақ, тозаңды құмдарда ( ) және лессты түспелi топырақтарда;

2)Лайлы топырақтарда;

3)Майдатасты топырақтарда;

4)Шақпатасты топырақтарда;

5)Саздарда.

Осал негiздердi термонығайту әдiсi қандай топырақтарда тиiмдi?

1) Тұздалған топырақтарда;

2)Саздарда;

3)Саздақтарда;

4)Үлкен кеуектi отырымдылы (түспелi) топырақтарда;

5)Құмдарда

Жер сiлкiндiретiн (сейсмикалық) күштер қай бағытта әсер етедi?

1) Көлденең бағытта ғана;

2)Іргетасқа бүйiрлей түседi;

3)Кез келген бағытта;

4)Іргетас табанына қиғаш бағытта;

5)Тiк бағытта ғана.

Негіз топырақтарында бойлап таратылатын толқындар қандай деформациялар туғызады?

1) Ығысуын;

2)Түйiршiктердiң топырақ бетiмен жылжуын;

3)Түйiршiктердiң негiз тереңiне батуын;

4)Толқындар таралу бағытындағы сығылуын және созылуын;

5)Түйiршiктердiң негiз бетiне көтерілуін.

Негiз топырақтарында көлденең таратылатын толқындар қандай деформациялар туғызады?

1) Толқындар таратылу бағытында түйiршiктердiң көлденең бағытта ығысып жылжу деформацияларын;

2)Сығылу және созылу деформацияларын;

3)Түйiршiктердiң топырақ бетiмен жылжуын;

4)Топырақты негiз тереңiне бағытталған түйiршiктердiң деформацияларын;

5)Терең қабаттарда орналасқан түйiршiктердiң топырақты негiз бетiне бағытталған деформацияларын.

Негіздегі тұзды топырақтың қосымша қалай деформациялануы мүмкін?

1) Тоңданып деформациялануы мүмкін;

2)Ісіну деформациясына ұшырауы мүмкін;

3)Үгіліп деформациялануы мүмкін;

4)Суффозия деформациясына ұшырауы мүмкін;

5)Шіріп деформациялануы мүмкін.

Негiздегi топырақтың кебiрленуiнiң (усадк1)себебi неден?

1) Тығыздалуынан;

2)Түйiршiктердiң арасындағы байлыныстардың бұзылуынан;

3)Кебуден;

4)Жер асты су деңгейiнiң төмендеуiнен;

5)Жер асты суларының химиялық құрамының өзгеруiнен.

Йлерде шөгу жiктерi не үшiн жасалады?

1) Топырақты негiздердiктердiң бiрқалыпсыз шөгуiн болдырмау үшiн;

2)Іргетас табаны арқылы түсетiн қысымды бiркелкi тарату үшiн;

3)Үйлердің қаттылығын азайту үшiн;

4)Үйлердің бiрқалыпсыз шөгуге сезгіштігін азайту үшiн;

5)Үйлердің иiлгiштiгiн арттыру үшiн.

292. Үйлердiң негiздерiндегi топырақтардың iсiнуiн болдырмау шараларының жиі қолданылатыны:

А)Ісiнетiн қабаттың топырағын жарым-жарты немесе түгелдей алмастыру;

2)Ісiнетiн топырақ қабатын тiлiп өтiп, іргетасты берiк қабатқа тiреу;

3)Ісiнетiн топырақ қабаттарын тығыздау;

4)Ісiнетiн топырақ қабаттарын суланудан сақтау;

5)Ісiнетiн қабатты нығайту.

Негiздердегі қандай топырақтар тоңданып iсiну (домбығу) әсерiне бейiм?

1) Шақпақтасты негiздер;

2)Құмды негiздер;

3)Тозаңды және сазды топырақтардан құралған негiздер;

4)Шымтезектi негiздер;

5)Жартасты негiздер.

Мәңгiлік» тоңданған топырақтарда I принцип бойынша құрылыс жүргізу әдiсiнiң мағынасы қандай?

1) Топырақты негiздiң қасиетi өзгеретiн қабатын жарып өтуiнде;

2)Үйлердiң iске қосылған уақытында ерiп кетуге ықтимал топырақтарды алдын ала жiбiтiп жертабан ретiнде қолдануда жатыр;

3)Бұл жағдайда тек қана бiрқалыпсыз шөгулердi елемейтiн үйлердi салу қолайлы;

4)Үйлердiң жылулық әсерiнiң барлық iргетастар астындағы топырақтарға бiркелкi таралуын қамтамасыз ету;

5)Үйлер негiзiндегi топырақтардың мәңгiлiк тоңданған қалпын құрылыс және пайдалану мерзiмдерi бойынша сақтау.