Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпі.

Бөлімдері: Сауат ашу және жазу негіздері.

Күні, айы, жылы: 24. 12. 2014 жыл

Мақсаты:

Білімділік: «Қ» дыбысы мен әрпін қайталау; дыбыстық талдау жасау, штрихтау дағдыларын жетілдіу

Дамытушылық: Балалардың біліктілігін, сөздік қорын, дыбысты дұрыс дыбыстау дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Мұқияттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: қар – снег, қолғап – варежка, қыс мезгілі көңілді-зимой очень весело.

Көрнекілік құралдар: Жұмыс дәптері, қима әріптер, қолайна

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Қоржынын арқалап топқа Жұмбақбай ата кіреді. Балалармен амандасады. - Жұмбақбай атаның қоржынында жұмбақтар бар, соны шешкен балаларға Жұмбақбай атаның арнайы сыйлықтары бар екен. Жұмбақ: 1.Маңдайы бар, тілі жоқ. Құлағы бар, үні жоқ. 2. Қоймасын қыс пқтарып, Жерді жапты ақ мамық. 3. Қос қолға киемін, Жып – жылы жүремін. Балалар Жұмбақбай атамен амандасып, төрге шығарады.   Балалар тыңдайды, түсінеді.   - Құлақшын.   - Қар.   - Қолғап.
    Ұйымдастыру- іздестіру   - Балалар, сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер, мен сендерге ертегі жазылған үнтаспа сыйлаймын. -Балалар Жұмбақбай атаның жұмбағының шешулері қандай дыбыстан басталады? - Өткен тақырыбымыз «қ» дыбысы мен әрпі болатын. Айтыңдаршы, «қ» дыбысы қандай дыбыс, қандай түспен белгілейміз? - Балалар, «қ» дыбысы – қазақтың төл әріптерінің бірі. «Қ» дыбысын анық, таза айтуға тырысайық.   Тіл ұстарту: Қа-қа-қа Бақылдады бақа. Қа-қа-қа Атам берді соқа. Ақ-ақ-ақ Басыңа қонсын бақ! Гүлденіп кетті бақ. Әжем маған жақ. Боларсын әркез сақ. Секіреді лақ. Шұнаңдайды лақ. Сылдырлайды бұлақ. Қостілдік компонент қар – снег, қолғап – варежка. Дид.ойын: «Жалпы атауын ата» Педагог балаларға допты лақтырып сөздер айтады, допты қағып алған бала сол сөздердің жалпылама атауын айтады. Мысалы: қызыл, жасыл, сары, көк – Қоян , қасқыр, түлкі – Қас, көз, қол – Қызғалдық, түймедағы,раушын – Май,шай,нан – Сергіту сәті. Картотека №16 Қанатымды жазамын, Жоғары – төмен қағамын. Биік көкте айналып, Жұлдыздай жылдам ағамын. Өлең оқу: Қ.Мырза Әлидің «Құттықтау» - Балалар, өлең жолдарында «қ» дыбысы естілсе, қол шапалақтаңдар Қуанышы баланың – Қуанышы ананың – Қуанышы ананың – Қуанышы баланың – Бізді өсірген апатай, Еңбегің де зор екен. Құтты болсын «апатай», Құтты болсын мерекең! Саусаққа жаттығу Ұнды қолмен аламыз, Бетіне тұз саламыз. Жылы суды құйып ап, Араластырып қоямыз. Дәптермен жұмыс: Дәптердегі тапсырмаларды орындайды Жеке жұмыс жүргізеді.   Балалар сыйлықты қабыл алады, Жұмбақбай атамен қоштасады. - «Қ» дыбысынан.     «қ» дауыссыз, қатаң дыбыс, көк түспен белгілейміз.   Балалар педагогтің айтқандарын қайталайды. «Қ» дыбысын таза, дұрыс айтуға жаттығады.     Қайталайды.     Қайталады.     Ойынға кіріседі.     - түстер. - аңдар. - дене мүшелері. - гүлдер. - тағамдар.   Балалар сергіту жаттығуын іс – қимылмен орындайды.     Өлең мазмұнына, сөздеріне аса мән беріп тыңдайды, «қ» дыбысы естілсе, қол шапалақтайды.   Саусақтарын жаттықтырады.     Тасырманы орындайды.  
  Рефлексивті- түзетушілік   Қорытындылау: - Біз бүгін қандай дыбысты қайталадық? - «Қ» дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба? - Бізге қонаққа кім келді?   - «Қ» дыбысын. - Дауыссыз.   - Жұмбақбай ата.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Әріп пен дыбыс айырмашылығын, буын жайлы түсінікті, өтілген әріптердің дауысты, дауыссыздығын;

Қандай түсініктерді игерді: Жұмбақбай атайдың тапсырмасын, сөздердің жалпылама атауын айтуды, торкөздермен сурет салып штрихтауды

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: «қ» дыбысын дауыссыз екенін, төл әрпіміз екенін. «қ» дыбысын дұрыс айта білу дағдыларын.

 

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Таным.»

Тақырыбы: «Жол белгілері»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Күні, айы, жылы: 04. 12. 2014 жыл

Мақсаты

Білімділік: Балаларды жаяу жүргіншілер ережесімен таныстыру, жол белгілері туралы түсінік беру, өмір қауіпсіздігі ережелерін қайталап, естеріне түсіру. Жол белгілерін топтастыра білу: сақтандыру, көрсеткіш, тыйым салу белгілерін ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық: Балаларға суреттерді әңгімелету арқылы сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Көшедегі қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтап жүруге тәрбиелеу; ұқыпты, мәдениетті болып өсуге тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: Жол белгілері-дорожные знаки, бағдаршам-светофор, жаяу жүргінші жүретін жер-пешеходный проезд

Көрнекілік құралдар: Демонстрациялық материалдар, жолда жүру ережелерінің белгілері.

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық «Иә, жоқ» ойыны - Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер зейін қойып тыңдап, сұраққа тез хормен жауап беріңдер. - Көлік қозғалысы көп көшеде жүру ережесін білесің бе? - Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жолдан өтуге бола ма? - Жасыл түс жанғанда жолдан өтуге бола ма? - Көлік жүретін жолды кез келген жерден кесіп өтуге бола ма? - Жолдың шетінде доп ойнауға бола ма? - Көлік жүретін жалғыз өтуге бола ма? - Бағдаршам жоқ жерде жаяулар өтетін жолақтан ғана өту керек пе? Балалар шеңберге тұрып, сұрақтарға хормен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. - Иә   - Жоқ   - Иә   - Жоқ - Жоқ - Жоқ   - Иә
    Ұйымдастыру- іздестіру   Түсіндіру: - Жолдан өту үшін ең алдымен адам тоқтап, сол жаққа, содан кейін оң жаққа қарауы керек. Жол ортасына жеткен кезде тағы бір байқау үшін сол жақты және оң жақты бақылауы керек. Сондай – ақ көше қозғалысы өте жылдам екенін ескеріп, үнемі сақ болу керектілігін естен шығармаған жөн. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіруге мүлде болмайды. Сен бір адым жасағанда машина 20 метр жүріп үлгеретінін біліп жұр! Қостілдік компонент: Жол белгілері-дорожные знаки, бағдаршам-светофор, жаяу жүргінші жүретін жер-пешеходный проезд Жол белгілерінің суретін көрсету Есік қағылып, қонаққа Бағдаршам келеді. - Балалар, мен жолдың ең басты белгісімін. Мен жол қозғалысын реттеушімін. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер менің белгілеріме көңіл аударуы қажет.   -Егер қызыл жанса, қозғалысты тоқтату керек. Егер сары белгі жанса, қозғалысқа дайындал. Ал жасыл жанса, жолдан батыл өте беруге болады. Жол қозғалысының ережелеріне шатаспау үшін жол белгілерін жаттап алу қажет. Мен сендерді кейбірімен таныстырып өтейін. Демонстрациялық материалдармен жұмыс Сақтандыру белгілерін көрсетеді. - Мынау белгі нені білдіреді? - Мына белгі нені білдіреді? - Мына белгіде не бейнеленген? - Мына суреттерге қараңдар. Бұларды «Көрсеткіш белгілер» деп атайды. Бұл белгі «жаяу жүргіншілер өтпесі» деп аталады. Ол қай жерде жолдан қауіпсіз өтуге болатынын көрсетеді. Ал мына белгі «Жерасты жаяу жүргіншілер өтпесі» деп аталады. Бұл белгі көлік қозғалысы өте көп қиылыстарға қойылады. «Велосипедтің жолы» белгісінде тек қана велосипдтер рұқсат берілді. Бағдаршам «Сақтандыру» белгілеріне қоштасып шығып кетеді.   Сергіту сәті Картотека №13 Бұзба көше тәртібін Ұрынарсың апатқа. Қызықты өтсін әр күнің Жақын болма шатаққа.       Балалар мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, өздеріне түсініксіз жерлерді сұрап отырады.   Балалар қағидаларды естерінде сақтайды.     Сөздерді екі тілде қайталайды.   Балалар жол белгілерінің нені білдіретінін айтады. - Мынау – жаяу жүргіншілер белгісі. Белгіде жолақ салынған, одан өтіп бара жатқан адам суреті. Оның түсі – көк.   Бағдаршаммен амандасады     Балалар әңгімені тыңдап, педагогтің сүрағын жауап береді. - Жаяу жүргіншілер өтпесі, жерасты өтпесі, велосипдтің жолы. - Бағдаршам. - Жер қазып жатқан адам. Балалар суретте бейнеленген жол белгілерін қай жерден көргені туралы айтады. Алдымен суретке қарап, өзінің болжамын айтады, содан соң педагогтің түсіндірмесін тыңдайды.     Балалар қимылмен қайталайды  
  Рефлексивті- түзетушілік   Қорытындылау: - Бағдаршамда қанша түс бар? - Сары түс жанғанда жүруге бола ма? - Қызыл түс нені білдіреді? Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, өз ойын толық жеткізуді;

Қандай түсініктерді игерді: жол ережесін сақтауды; көше тәртібін бұзбауды;

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: жол ережесінде белгіленген суреттердің нені білдіретінін; көше тәртібін бұзудың қайғылы жағдайға ұшырататынын; жолда абай болуды, жан – жаққа зейін қоюды, сақтануды.