Дәстүрлі этиканың ерекшелігі және оның мәдениеттер интеграциясындағы трансформациясына сараптама жасаңыз

Ұлттық мiнез адамдардың тарихи қалыптасқан бiрлестiгi мен iрi топтары болып саналатын этностың, үлттың, халықтың өмiр тiршiлiгi мен əлеуметтiк жағдайының түтастығы арқылы танылады. Əрбiр халық пен үлттың, этностың өзiндiк мiнезқұлықтарының ерекшелiктерi болатындығы тарихи шындық жəне объектив фактор. Қазақ халқының түркi тектес өзге халықтардан ерекшеленiп түратын өзiндiк сипатқасиеттерi бар. Ыбрай Алтынсарин еңбектерiнде өз халқының мiнезқүлқына тəн бiрсыпыра қасиеттердi атап көрсеткендi. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кiшiпейiлдiк, ашықжарқын көңiл мен кеңпейiлдiлiк, өзге нəсiлдi адамдарға деген достық жəне сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тəн.

Əрбiр ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тəн қасиеттердiң жайжапсары əлеуметтiк психология саласы этникалық психологияның зерттейтiн төл пəнi.

Адамның мiнезқұлқының өзгерiп отыруына əлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми түрғыдан анықтылған тарихи шындық жəне объектив фактор.

Бірнеше ұлттық мәдениеттердің өзара ықпалдары әр түрлі болу мүмкін.

ХІХ ғ АҚШта акультуризация пайда болды. Акультуризация – басқа мәдениетті өз еркімен немесе күшпен ендіру. Қазақстанда КСРО кезінде ассимиляция орын алды, яғни 2 мәдениеттің араласуы.

Доминантты мәдениет – қоамда көпшілігі қолдайтын мдениет.

Субмәдениет – бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін пайда болды. Сол себепті субмәдениет тек жастар арасында болады және жағымсыз түрде көрінеді деген ой қалыптасты. Алайда ол шындыққа сай емес.

Маргинал – нақты бір мәдениетке кірмейтін адам. Өз тілін, мәдениетін біле отырып, басқа мәдениетті де игерген, жан-жақты адым. Кәзіргі кезде ҚР-да маргинал деп ауылдан қалаға немесе керісінше көшкен адамды айтады.

Арым қатынас жетістікке жетудің негізі ретінде сараптама жасаңыз

Ең алдымен қарым қатынас туралы сипаттама берсем: Қарым-қатынас дегеніміз – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

• 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

• 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

• 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады. Яғни адамдар осындай қарым қатынас жасау арқылы жетістіктерге жете алады десек қателеспейміз. Қарым қатынас нәтижесінде көптеген адамдармен ., техникамен ақпараттар алмасамыз. Соның негізінде жетітікке жету мүмкіндігі тиеді.