Топыраққа антропогендік әсер түрлері.

Дәріс

Тақырыбы: ҚР Жер фонды(қоры).

Дәрістің мақсаты:Жер қоры ұғымының жете түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Жер қабығы туралы түсінік

2. Топыраққа антропогендік әсер түрлері.

3. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының мәні

4. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану

 

Жер қабығы туралы түсінік

Литосфера- бүкіл тіршіліктің қолайлы ортасы және тірегі ретінде биосфера шегінде үлкен роль атқарады. Оның түп негізін әр түрлі минералды жиынтығы, тау жыныстары, органикалық қалдықтар мен метаморфиялық тау жыныстары құрайды. Бұл терминді алғаш ғылымға енгізген Э.Зюсс.Жер қабатының континентальды және мұхиттық қабатын ажыратуға болады. Олар бір-бірінен құрамындағы тау жыныстарының сипатына қарай жіктеледі. Мысалы:мұхиттық қабат-базальт, ал континентальды қабат-гранит минералынан тұрады.

Дүние жүзіндегі жер қоры

Жерлердің түрі Млрд, га Үлесі % Адам басына шаққанда
1.Құрлық 2. Орманды жерлер 3. Ауыл шаруашылық жерлер оның ішінде: а) егістік ә) жайылым 4. Басқа жерлер 14.9 4.1   1.5 2.8 6.5   2.60 0.80   0.20 0.60 1.00

 

Химиялық құрамы: оттегі, кремний, алюминий, темір, калций, магний, натрий және калий элементтерінен тұрады. Оттегі – 47.3% және 92% көле алуы ерекше жағдай. Оттегінің басқа химиялық элементтерден тығыз қосылыс күйінде минералды жыныстардың негізін құрайды. Жалпы алғанда жер қабығының 9.2%-тау жыныстары, 20%-метаморфиялық, ал 70.8%-магматикалық жыныстар алып жатыр. Литосфераның қалыңдығы 5-10км шамасында. Жер қабатының үстіңгі қабатын- топырақ деп атайды. Топырақ-ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. Топырақты табиғаттану ғылымдарының ерекше саласы топврақтану ғылымы зерттейді. Топырақтану ғылымының негізін орыстың ұлы ғалымы В.ВДокучаев қалаған. Оның 1883 жылы Петербургте басылып шыққан «Орыстың қара топырағы» атты еңбегінде топврақтың нақты анықтамасы, қасиеттеріне ғылыми тұрғыдан сипаттама берілген. Топырақтың әлемде таралуы:

---табиғаттың зоналық заңына сәйкес;

---әр аймақтың табиғи-климаттық жағдайларының үйлесіміне сай;

Топырақ үш фазадан:қатты,сұйық, газ тәрізді заттектерден тұрады. Ең жоғарғы органикалық заттектердің шіруінен пайда болған өнімнен тұратын қабат ең негізгі құнарлығы жоғары горзонт болып саналады, оны гумус деп атайды. Қазақстанның Солтүстік даласындағы қара топырақта гумус мөлшері 10-15%, шөлдегі сұр топырақта (Қылылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары)1-2% аралығында. Топырақтың минералды бөлігі негізінде 50%кремнеземнен (SiO2), 25%глиноземнен (AI20 3), 10% темір оксидінен (Fe203), және 0.1-0.5% дейін магний (MgO), калий (К20), фосфор(Р205), калций(CaO) оксидтерінен тұрады. Топырақтың физико-химиялық қалыптасуына ерекше маңызды роль атқаратын жәндіктерге жауын құртв жатады. Олардың көмегімен күрделі экологиялық мәселені шешуге болады, мысалы:органикалық қалдықтарды өңдеуде және топырақтың құнарлығын жоғарылатуда.

Топыраққа антропогендік әсер түрлері.

Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластану түрлері төмендегідей:

Физикалық ластану- радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы:уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.

Биологиялық ластану-ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайларға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы.

Химиялық ластану-топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын жиналуы.

Урбанизация процесі
а

Топырақта ластайтын көздерге өнеркәсіп орындарының шығарындылары, көлік, ауыл шауашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу-энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталынатын шығарындылар жатады. Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процесінде шыққан өнімдер мен қалдықтармен топырақ ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануы тұрақты болвп келеді. Топырақ көптеген аурулардың(ботуализм, күйдіргі,дизентерия,аскаридоз т.б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады. Топырақтағы шекті рауалы концентрация-адамның денсаулығына тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбейтін, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалану қабілетіне де әсер етпейтін топырақтың егістік қабатындағы ластағыш заттардың мөлшері.