Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы

Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлының есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі Тимирязев ауыл шаруашылық академиясының топырақтану және агрохимия мамандығын алған Ө.Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В.В.Докучаев атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минерология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласынан қазақ ұлтынан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым болғанын мақтанышпен айтуға болады.

Ғылыми дәрежесі бар ғалым алғаш КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында геология секторында аға ғылыми қызметкер, кейінірек филиал төралқысының төрағасы К.С.Сәтбаевтың орынбасары бола жүрып, болашақ Қазақ Ғылым академиясының негізін қалауда көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ө.Оспанұлы Қазақстанда топырақтану секторын ұйымдастыру мәселесін көтеріп, оған басшылық ету үшін елемізге аты белгілі профессор А.И. Безсоновты шақырды.

Сонымен республикамызда тоыпрақ зертеуші алғашқы ғылыми ұжым пайда болды. Отан соғысы жылдарының басында Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры Л.И:Прасолов бастаған, кейінірек академик болған И.П: Герасимов, профессорлар М.А. Глазовская, Е.В.Лобова т.б қосылды. Сонымен Қазақстан топырақтары жан-жақты ғылыми негізде зерттеле басталды. Дегенмен сектор ұйымдастырлығанға шейін Қазақстан жерінің топырақтары туралы ешқандай мәліметтер болмады десек шындыққа үйлеспейді.

Қазақстан жерінде ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Ресей ғалымдары тарапынан жасалған ғылыми экспедициялар: Лапехин, Гмелин, Паллас,Краснов, Миддендорф, Пржевальский, Уәлиханов, Семенов т.б негізінен жалпы табиғаттану мақсатындағы географиялық сапар-саяхаттар еді. Ал тікелей топырақ қыртысын Қазақстанда зерттеу осы үстіміздегі ғасырдың басында Ресейдің халық мекендеген Еуропалық бөлігінен шаруларды шығысқа, Қазақсан мен Сібірге көшіру мақсатымен құрылған қоныстандыру басқармасы қолға алынды.

Бұл жұмыстар Докучаевтың дарынды шәкірті, топырақтану саласындағы алғашқы академик К.Д. Глинканың басқаруымен кейінірек еліміздің көрнекті топырақтанушы ғалымдары өте құнды материалдар жинады. Осы еңбектердің нәтижесінде ел қоныстанып, жерлерін егіншілікке пайдалануға жарайтын зерттеулер еліміздің топырақтану саласына үлес қосып, кейбір осы аймақтағы анықталған топырақ аттары бүкіләлемдік топырақтану терминдеріне енді. Мәселен С.С. Неуструевтің Шымкент уезіндегі тау етегіндегі топыраққа қойған алғашқы аты-«сұртопырақ», Перовск уезіндегі қазалы маңындағы топырақтарға қойған аты «сұрқұба» қазірде әлемдік терминдерге айналған.

Топырақтану секторының, Мәскеу мамандары қолдаған алғашқы жемісті еңбектері енді Топырақтану институтын ұйымдастарға негіз болдщы. Мұндай институт Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ө.Оспанов, В.М.Боровский, Ғылым академясының корреспондент-мүшесі Ж.У.Ақанов, биология ғылымының докторы Т.Жаланкөзев. қазір ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор А.Сапаров басқаруда.

Институт осы салада республикадағы ғылыми-методикалық орталығы бола тұрып, топырақтану ғылымының дамуына өте үлкен үлес қосты.

Халық шаруашылығының дамуының әр түрлі кезеңдерінде институт өндірістің талаптарына сәйкес топырақтанудың іргелі және қолданбалы мәселелерімен шұғылданып ауылшаруашылық өндірістің өрге басуына көп септігін тигізді. Осы еңбектері үшін Институт 1974 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ескертетін жай, топырақтану саласы және оған қоса топырақ агрохимиясы ғылымы Қазақтың В.Р.Вильмс атындағы астық шаруашылық институтында, Қазақтың Ұлттық аграрлық университетінде көптен өріс алып,дамып келеді.

1996 жылы Қазақ республикасының Ғылым академиясының құрылуына 50 жыл толуына байланысты, Топырақтану институтын ұйымдастыру мен дамытудағы аса ірі еңбектері үшін және ғалымды мәңгі есте қалдыру мақсатында, институтқа Ө.Оспанов аты берілді.

Өзiн-өзi бақылау үшiн сұрақтар:

1. Қай жылы В.В.Докучаевтың тарихта топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі «Орыстың қара топырағы» деген ғылыми еңбегін шықты?

2. Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы

3. Топырақтану ғылымының негізін қалаған орыстың дарынды табиғаттанушы ғалымдары кімдер?

4. ХІХ ғасырдың басында кейбір жүргізген тәжірибе жұмыстарына сүйене отырып, неміс қай ғалымы өсімдіктердің органикалық заттармен қоректенуі теориясын ұсынды?

5. Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы кімнің есімімен тікелей байланысты?