Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «І» дыбысы мен әріпін қайталау

Бөлімдері: Сауат ашу және жазу

Күні, айы, жылы: 01. 04. 2015 жыл

Мақсаты

Білімділік: «І» дыбысын және әріпін қайталау, дұрыс айта білуге машықтандыру;

Дамытушылық: Дидактикалық ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Қостілдік компоненттер: кірпі-еж, күріш-рис, үтік-утюг, кітап –книга.

Көрнекілік құралдар: түрлі –түсті хатқалталар, әр мезгілге сай киім түрлері, жұмбақтар, қуыршақ.

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық -Балалар, бізге қонаққа қуыршақ қыз келіпті. Қуыршақтың аты-Іңкәр. Балалар Іңкәрмен амандасайық. Іңкәр бізге көптеген жұмбақтар, ойындар алып келіпті. Бірінші жұмбақтарын шешіп көрейік.   Балалар қонақ келгеніне қуанады. Онымен сәлемдеседі. -Сәлеметсің бе, Іңкәр!
    Ұйымдастыру- іздестіру   Іңкәр әкелген сөмкеден жұмбақтарды оқиды. Жұмбақтар: 1.Киім киген инеден, Қорқып ешкім тимеген. 2.Өзі суда өседі, Суда қайнап піседі. 3.Көрмедім еш үйіңді, Қолданбас бұл бұйымды. Жазып қыртыс-тыртысын Жаңалайды киімді. 4.Ауызы жоқ, тілі жоқ, Естілетін үні жоқ Қарап тұрсаң бетіне Сөйлемейтін күні жоқ. Қостілдік компоненттер: Кірпі-еж, күріш-рис,үтік-утюг, кітап-книга. -Балалар сендер жұмбақтардың барлығын дұрыс шештіңдер! Іңкәр сендерге риза болып отыр. Іңкәр бұл жұмбақтарды бізге бекер әкелмепті, жұмбақтардың жауабының бәрінде «і» дыбысы бар. Іңкәрдің аты да «і» дыбысынан басталып тұр. -Ендеше, әріп кассасынан «і» әрпін кім тауып көрсетеді? -Дыбыстардың біз екіге бөлінетінін білеміз. -«І» қандай дыбыс? -Қандай түспен белгілейміз? -Іңкәрға «і» дыбысынан басталатын сөздерді айтып берейік. -«і» дыбысы қазақтың төл дыбысы, сондықтан да дұрыс айтуға тырысайық. -Іңкәр бізге ойын әкеліпті. Сол ойынды ойнайық. Ол киімдерге байланысты, киім сөзіне «і» дыбысы бар ма? Киім сөзін буынға бөлейік. Дид. ойын: «Бұл киімдерді қай мезгілде киеді?» Ойын шарты: Тақтаға төрт хатқала ілінеді. Көк қыс мезгілі, жасыл көктем мезгілі, қызыл жаз мезгілі, сары күз мезгілі екенін айтып түсіндіреді. Әр мезгілдің киімдерін араластырып, төңкеріп қояды. Саусаққа жаттығу: Бағдаршамның көшедегі, Жанып –өшеді көздері. Міне былай міне былай Жанып-өшеді өздері. Дәптермен жұмыс: Дәптердегі тапсырмалар орындалысы түсіндіріледі. Жеке жұмыс жүргізеді. Балалар ойланып, жұмбақтарды шешеді:     Кірпі.   Күріш.   Үтік.   Кітап.     Балалар сөздерді екі тілде қайталайды.     Балалар тыңдайды.   Ол дауысты дыбыс, оны қызыл түспен белгілейміз.   Шапалақпен буындарға бөледі. Неше буын екенін айтады.   Ойынға кіріседі.   Балалар кезек-кезек өздері алған суреттегі киімді мезгілге сай өз хатқалтасына салады.   Екі қолдағы саусақтарын кезек-кезек жұмып, ашады.     Тапсырманы орындайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   -Бүгін бізге кім қонаққа келді? -Іңкәр саған біздің балаларымыз ұнады ма? Іңкәр жақсы қатысқан балаларды мадақтайды. Қоштасып қайтады.   -Қуыршақ Іңкәр!   Балалар Іңкәрмен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Іңкәрдің тапсырмаларын қызыға орындады.

Қандай түсініктерді игерді: «і» дыбысының дауысты екенін, «і» дыбысына басталатын сөздерді атауды, буынға бөлуді; жуан және жіңішке дауысты дыбыстар жайлы түсініктерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: киімдер суреттерін мезгілге сай топтастыру ойынын меңгерді.

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Дәрілік өсімдіктер»

Бөлімдері: Экология негіздері

Күні, айы, жылы: 02. 04. 2015 жыл

Мақсаты

Білімділік: Өз жерінде өсетін дәрілік өсімдіктермен таныстыру; дәрілік өсімдіктерді емдеуге қолданудың қарапайым тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық: Өсімдіктер туралы білімдерін әрі қарай дамыту;

Тәрбиелік: Өсімдіктерді қорғауға деген тілектерін арттыру.

Қостілдік компоненттер:

Көрнекілік құралдар:

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері Біз қандаймыз,қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз, Күлімдеген күндейміз, Ренжісуді білмейіз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық ,достарым, Арайлап атқан күнге. Педагог дәрілік өсімдіктерден құрастырылған гүлшоғын әкеледі. -Мына гүлшоғын көргенде не ойладыңдар?Бұл гүлшоғын сыйлыққа беруге бола ма?     Шеңберге тұрады,өлеңнін сөздерін қайталайды.     Балалардың пікірі тыңдалады.
Ұйымдастыру- іздестіру   -Балалар, осы гүлшоғына жинақталған өсімдіктерді мұқият қараңдар.Осы өсімдіктерді тақтаға ілінген фотосуреттердің ішінен тауып көрсетіңдер. -Балалар,бұл жай ғана гүлшоғы емес,бұл –сиқырлы гүлшоғы.Бұл өсімдіктердің сиқырын адамдар ерте кезден-ақ білген.Оның ауруды емдетін құдіретін байқаған.Біздің жерімізде дәрілік өсімдіктер көп өседі.Бүгін солардың біразымен танысамыз.Ал сендер ауырып қалған кезде аналарың қалай емдейді?Қандай шөптерді пайдаланатынын білесіңдер ме? Педагог гүлшоғынан дәрілік өсімдіктерді шетінен шығарып,олардың қандай ауруды емдейтінін қысқаша түсіндіреді.Олардың суреттерін көрсетеді.   Билингвальды компонент Жолжелкен-подорожник, жалбыз-мята,қалақай-крапива,түймедақ-ромашка. Жолжелкен.Біздің жерімізде көп өседі.Ол қан тоқтадады,микробтарды өлтіреді. Жалбыз.Оның жапрақтарын қайнатып,суық тиген кезде ішеді. Өгейшөп.Гүлдерін қайнатып,суық тигенде ішеді. Бақбақ.Оны ұйқысыздық ауруын емдеуге қолданады. Түймедақ.Ол көп жерде өседі.Жапрағын жараға жапсырып қойсаң,тез жазылып кетеді.Оның шөптерін суық тиген кезде қайнатып ішуге болады.Мына гүлшоғын бұдан да үлкен етіп жинауға болады.Өйткені біздің жерімізде дәрілік өсімдіктер өте көп өседі.Біз тек негізгілерімен ғана таныстық. Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу. Балалар гүлшоғын мұқият қарастырады.Танитын өсімдіктері болса,атауын айтады.Бұл өсімдіктер туралы не білетінін айтады.Тақтаға ілінген фотосуреттен тауып көрсетеді.   Балалар өздері білетін өсімдіктердің атын атайды.Үйлерінде емдеу үшін қандай шөптер қолданатынын айтады.     Балалардың әңгімесін педагог қажет жерінде түзетіп,әңгімелерін толықтырып отырады.   Тапсырмаларын орындайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Мына бір шағын әңгімені тыңдап көрейік: «Бір қыз бір күні әжесіне қонаққа барады.Шалғынмен кетіп бара жатып,ол түрлі гүлдерді жинап алады.Ол үлкен гүлшоғын сыйлап әжесін қуантпақ болады.Бірақ әжесі гүлшоғын көріп,қуана қойған жоқ: -Табиғаттағы гүлдер қалай болса солай жинап алу үшін өсіп тұрған жоқ.Гүл жинағанды жақсы көретін болсаң алдымен оны өзің өсіруді үйрен»,-деді әжесі. -Балалар,әжесі неге немересі сыйлаған гүлге қуанған жоқ.   Балалар өз пікірлерін айтады.табиғатта өсіп тұрған гүлді қалай болса солай жұлуға болмады,оларды күтіп,қорғау керек деген қорытынды жасау керек.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: білетін өсімдіктерін фотосуреттен тауып көрсете алуды;өсімдіктерді қорғауды;

Қандай түсініктерді игерді: дәрілік өсімдіктердің қандай ауру түрлеріне қолданатынын;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дәрілік өсімдіктермен,олардың атауын;оларды қандай ауруларға қолдануға болатыны туралы білімді.

 

йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: «Қолды қалай жуу керек?»

Бөлімдері: Валеология

Күні, айы, жылы: 03. 04. 2015 жыл

Мақсаты

Білімділік: Қолды білекке дейін саусақтардың арасын және саусақтардағы сақина, жүзіктердің астына да су тигізіп жуу керектігін айту.

Дамытушылық: Судың пайдасы жайлы балалардың ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Суды үнемдеп қолдануға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қостілдік компоненттер:

Көрнекілік құралдар:

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық    
    Ұйымдастыру- іздестіру      
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау:    

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

Қандай түсініктерді игерді:

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: