Топырақ жамылғысының биосфералық функциялары

1) мекендеу ортасы, құрлықтың организмдерге энергия мен заттардың жинау көзі;

2) жер бетінде үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымның тоғысуы;

3) атмосфера және гидросфераның химиялық құрамын реттеу;

4) биосфераның қорғаныш тосқауылы;

5) Жердегі тіршілікті қамтамасыз ету.

Адамға қарасты экологиялық функциясыдан басқа топырақ тағы бір функцияны атқарады, бұл ауыл шаруашылық функциясы. Ол ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі құралы. Топырақтың экологиялық және ауыл шаруашылық функциялардың негізгі қасиеті – құнарлығы. Топырақ құнарлығының құлдырау себебі әртүрлі деградациялық процестерден кейін табиғи және агрокултуралық ландшафттар өнімділігінің төмендеуі. Бұның салдарынан адамзаттың азық-түліктік қауіпсіздігі туады.

Топырақтың экожүйелік және биосфералық функцияларын зерттеу нәтижелері оның биосферада және адам өмірінде ерекше маңызды рөлі барын дәлелдеді. В.И. Вернадский XX ғ. басында былай деген болатын: « топырақтың биосферадағы рөлі одан сайын түсінікті бола бастады, ол өсімдік пен жануарлар тұратын сустрат қана емес, ол тірі организммен байланысты өте интенсивті химиялық реакциялар жүретін биосфераның облысы».

Педосфераның маңызды экологиялық функциясының бірі болып топырақ құнарлығын сақтау және арттыру болып саналады. Бұл функцияны шешу үшін бар топырақ ресуртарын тиімді пайдаланудың кешенді шаралары дайындалады. Экологилық функцияларды зерттеу барысында топырақтың функциясына жаңа түсінік берілді, сонымен қатар топырақтың биосферадағы функциясына терең мән беріле бастады. Осыған орай биосфераның өзін экологиялық тұрғыдан жеке талдап қана қоймай оның құрамына кіретін басқада геосфераларды зерттеу, оның ішінде атмосфера, гидросфера және литосфераны. Бұл, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, адамның мекендеу ортасының тұтастықта немесе бірлікте екенін, биосфераның компоненттерін ауыстыруға болмайтынын, олардың ұзақ даму барысында түптелген немесе өрілгендігін және бірімен бірінің зат пен энергияның айналымы арқылы дамуын терең ойлауға мүмкіншілік береді.

Педосфера ғаламдық масштаб деңгейінде циклді масса алмасуын реттеуші ретінде де қаралады, оның арқасында биосфераның тұтастығы сақталады. Атмосфера-өсімдік-топырақ жүйесіндегі көміртегі алмасу циклінде жылына шамамен 130 млрд. тонн көміртегі қатысады.

 

 

1 Сурет. Топырақ жамылғысының ғаламдық функциялары

 

Функциялар
литосферамен байланысты атмосфе­рамен байланысты гидросферамен байланысты жалпы биосфералық
Литосфера (мору немесе мүжілу қыртысы) жоғарғы қабатының биохимиялық және биофизикалық түрленуі Күн радиациясының сіңірілуі және шағылуы Атмосфералық және жер үсті суларының грунттық және жер асты суларына тасымалдануы Жер құрлығы организмдерінің негізгі мекендеу ортасы, энергия мен биофилді заттардың жиналуы
Педогендік минералдар, шөгінді жыныстар және пайдалы қазбалар құрайтын заттар көзі Атмосфераның ылғал айналымын реттеу Жер үсті сулары құрамы мен режимінің, өзен ағынының реттелуі және қалыптасуы Заттардың биологиялық және геологиялық айналымының байланыс буыны
Жиналған күн энергиясын литосфераның тереңгі қабатына тапсыру Атмосфераның газдық құрамын және режимін реттеу Өзендер мен су қоймаларының биологиялық өнім факторы Биологиялық әралуандылық пен эволюцияның факторы
Литосфераның үстіңгі қабатын эрозия және денудациядан қорғау Атмосфераға түсетін қатты заттар мен микроорганизмдердің көзі Құрлықтан гидросфераға заттардың миграция жолындағы биохимиялық тосқауыл Биосфераның функциясының тұрақтылық факторы

 

Бір мезетте топырақ түзілу процестері өсімдіктерді қажетті химиялық элементтердің қолайлы формаларымен қамтамасыз етеді. Бұл функцияның масштабын былай сипаттауға болады: мысалы, құрлықтағы биологиялық айналымға жылына миллиард тонна азот, кальций, калий, жүз миллиондай тонна фосфор және күкірт, оншақты миллион тонна ауыр металдар қатыстырылады. Педосферада сонымен қатар басқа да химиялық элементтердің миграциялық формалары генерацияланады, олар континенттер мен Әлемдік мұхит арасындағы жалпы планетарлық циклға қатыстырылады.

Топырақтың биосферадағы маңызды және ауыстырылмайтын рөлі жайындағы түсініктер XX ғ. екінші жартысында көптеген атақты ғалымдар мен табиғат зерттеушілердің еңбектері арқылы толықтырылды, оның ішінде қазақстандықтар: Аханов Ж.У., Бельгибаев М.Е., Боровский В.М., Дурасов A.M., Имангазиев К.И., Матусевич С. П., Пономарева А.Т. және т.б.

Өзiн-өзi бақылау үшiн сұрақтар:

1 Топырақтың экологиялық функцияларын атаңыз.

2 Топырақ жамылғысының атмосфераға байланысты ғаламдық функцияларын атаңыз.

3 Топырақ жамылғысының гидросфераға байланысты ғаламдық функцияларын атаңыз.

4 Топырақ жамылғысының литосфераға байланысты ғаламдық функцияларын атаңыз.

5 Топырақ жамылғысының жалпы биосфералық функциялырын атаңыз.