Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Тақырыбы: «Арнайы, жүк және жолаушылар көлігі»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Күні, айы, жылы: 09. 02. 2016 жыл

Мақсаты

Білімділік: Көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру, олардың қарапайым құрылысы және қажеттілігі жайлы ақпарат беру. Айналадағы қоршаған ортаға зейін қоя білу дағдысын қалыптастыру

Дамытушылық: Арнайы көліктердің қызметі туралы айта алу, көліктерді топтай білу, олардың адам өміріндегі маңызы жайлы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік: Көшеде тәртіп ережелерін сақтауға мұқият болуға тәрбиелеу.

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Тәрбиеші балалармен бірге шеңберге тұрады. «Доп пен үрлегіштер» ойыны. Егер топта жуас және балалармен қосылып ойнай алмайтын балалар болса, «желі шыққан доп» рөлін сол балаларға берген жөн. Ортаға бір бала шығып, желі шығып кеткен «доп» болады. Қалған балалар – «үрлегіштер».
    Ұйымдастыру- іздестіру   Тәрбиеші жұмбақ «әңгіме» айтады. -Бір күні Қаңқыз үйіне қайтып келе жатып,бақта екі адамның әңгімесін естіпті.Біріншісі айтады: -Менікі жап-жаңа,күшті әрі жылдам жүреді,-дейді. Екіншісі: - Менікінің терезесі күндей жарқырайды,өзі жеп-жеңіл,қауырсындай ұшады,- дейді.Балалар,айтындаршы, бұл екі адам не туралы әңгімелесіп тұр? Қаңқыз соны білгісі келіп, осы жерге қонаққа келіпті. Егер балалар қиналса,тәрбиеші жетекші сұрақтар қояды: -Неде нөмір болады? -Неде дөңгелек болады? -Қай затта жолды көрсететін шамы болады? -Бүгінгі оқу іс-әрекетінің не туралы болатынын байқадыңдар ма?   -Мынау қандай машина? -Ол не істейді? -Мынау қандай машина? -Ол қандай қызмет көрсетеді? -Мына машина қалай аталады? Қандай қызмет көрсетуге арналған?   -Бұл көліктер арнайы көліктер деп аталаады.Олар адамдарға шұғыл көмек көрсетеді. Бұл машиналар арнайы жабдықталған.Жедел жәрдем машинасында қандай құрал-жабдық болады? -Ал мына суреттен не көріп тұрсыңдар? Балалар,қазақ халқы көшпенді халық болған. Адамдар жазда жайлауға,қыста қыстауға көшу үшін жүктерін атқа,түйеге артқан. Көліктердің суреті көрсетіледі. -Суреттен қандай машиналарды көріп тұрсыңдар? -Олардың ең басты қызметі қандай?   -Мына суреттегі көліктерді атаңдар. -Бұлардың ортақ атауын табыңдар. -Жолаушылар көлігі не үшін қажет? -Алыс жерлерге қандай көлікпен жетеміз? Сергіту сәті: Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды. Болашақта сен қандай машина болсын деп армандар едің? -Өрт сөндіргіш машинаға ең керек құрал-жабдықтар нелер? -Кемені жолаушылар көлігі деп атауға бола ма?     Олар «машина» деп табуы мүмкін. -Өрт сөндіргіш машина. -Өрт сөндіреді. -Жедел жәрдем машинасы. -Жедел жәрдем дәрігері ауырған адамдарға көмек көрсетеді. -Құтқарушылар көлігі,төтенше жағдайларға тап болған адамдарды апаттан құтқарады.   -Дәрі-дәрмек,кислород балоны т.б. -Түйеге,атқа жүк артқан адамдар көшіп барады.Бұрын машина болмаған кезде адамдар осылай көшкен. -Кран,жүк көлігі,т.б. -Жук тасу.Бұл көліктерді құрылыста да қолданады.   -Автобус,пойыз,ұшақ,кеме -Жолаушылар көлігі. -Жолаушылар көлігі адамдарды бір жерден екінші жерге жеткізеді. -Алыс жерлерге ұшақ,кеме,автобус,пойызбен жетеміз.     Балалар сұрақтарға жауап береді.Дәптердегі тапсырманы орындайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау: Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. Сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: көлік түрлерін ажыратады,олардың атқаратын қызметін айтып береді;

Қандай түсініктерді игерді: өрт сөндіргіш машина,жедел жәрдем,құтқарушы машиналардың арнайы көлік түріне жататынын;көлік түрлерінің қажеттілігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: олардың қызмет сапасын бағалауды.

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Өсімдіктердің көбеюі»

Бөлімдері: Экология негіздері

Күні, айы, жылы: 09. 04. 2015 жыл

Мақсаты

Білімділік: Өсімдіктердің өсу, даму сатыларымен таныстыру; тәжірибе жасап, одан қорытынды шығара білуге үйрету; өсімдіктердің жемісі, тұқымы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Тәжірибе жасауға деген қызығушылықтарын арттыру, өсімдіктер туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Қостілдік компоненттер:

Көрнекілік құралдар:

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық -Балалар, мен сендерге бір жұмбақ сөйлем атамын : «Қолы жоқ, аяғы жоқ-қозғалады, аузы жоқ-тыныс алады, қоректенеді». -Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?   -Тәжірибе жасап көрдіңдер. Өсімдіктер қалай көбейеді? -Өсімдік өсу үшін не керек?   -Бұл – өсімдік. -Адамдар өсімдерді азық ретінде, құрылыс материалы ретінде қолданады, қағаз алады. Ол ауаны тазартады. -Өсімдік тұқым арқылы көбейеді. -Өсімдік өсу үшін су, ауа, жарық, жылу керек.
    Ұйымдастыру- іздестіру   Балаларға екіге бөлінген алма мен алмұрт ұсынылады. -Олардың қандай ұқсастығы бар және айырмашылығы қандай? Сөздік жұмысы жүргізіледі. Тұқым- семя, өскін- проросток, үрмебұршақ- фасоль.   -Егер осы бөліктерді қағаз сүрткішке қойсақ не болады? -Қандай қорытынды жасауға болады?   -Көуеністердің тұқымын бақылау ұсынылады. -Олардың тұқымы қандай?   -Біз тамаққа қандай бөлігін пайдаланамыз?   Тұқымды лупамен қарау ұсынылады. -Барлық тұқым бірдей ме? -Тұқымдарды ортасынан бөліп көріңдер.   -Кейбір тұқымдардың сыртқы қабығы неге қатты?     «Тұқымдарды жіктеу» ойыны. -Қандай қорытынды жасайсыңдар?   -Тұқым өсіп- өну үшін қандай жағдай керек?   Сергіту минуты Қатты нөсер басылды, Күн жарқырай ашылды. Көктен төмен әдемі, Кемпірқосақ шашылды.   -Ал сендер қалай күтулерің керек?     -Өсімдік әрі қарай қалай дамиды?   Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізіледі.   -олардың пішіндері, дәмі, түсі, иісі әртүрлі.Олардың ұқсастығы: екеуіде жеміс, ортасында тұқымы бар, қатты жеміске жатады.   -Қағазда судың ізі қалады? -Екеуіде жеміске жатады.     -Тұқымы әртүрлі. Бірінің сырты қатты қабықтан тұрады, енді бірі жұмсақ. -Тұқымнан тазартып, жұмсақ бөлігін пайдаланамыз.   -Тұқымдар әртүрлі. -Кейбір тұқымдар ортасынан жарылады. Ал қызанақтың тұқымы бөлуге келмейді. Ол ұсақ және жұмсақ. Сыртқы қабығы ішіндегі тұқымды кеуіп кетуден сақтайды. Балалар тұқымдарды кішкентайдан бастап, ірісіне дейін көлемі бойынша орналастырады. Содан соң сырты ең тегіс тұқымнан сырты ең тегіс тұқымнан сырты кедір –бұдыр тұқымға дейін орналастырады. -Тұқымдар пішіні, түрі, сыртқы қабығы бойынша әртүрлі болады. Олардың ішінде болашақ өсімдіктер бар. -Алдымен оларға жұмсақ, құнарлы топырақ керек. Содан соң жарық, жылу, ауа, су керек. Балалар қолдарын жаймен тарсылдатады. Қолдарымен күн жасайды. Қолмен жарты доға жасайды. -Өнген өсімдікті су құйып, топырағын қопсытып, арам шөптерден тазартып отыру керек. -Өсімдікте гүл пайда болады. Гүлдің ортасындағы түйіннен жеміс пайда болады.   Тапсырмаларды орындайды.  
  Рефлексивті- түзетушілік   Сонымен өсімдік жақсы өсу үшін, оны күту керек екен. Егер адамдар өсімдіктерге дұрыс қамқорлық жасайтын болса, ол біздің жерімізді сәнге бөлейді. Сендердің үйлерінде бақша бар. Ол жерде түрлі өсімдіктер өседі. Сол өсімдіктердің өсуін үнемі бақылап жүріңдер.   Балалар өз пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: өсімдік өсу үшін қажетті жағдайды;

Қандай түсініктерді игерді: тәжірибе жасауды және одан қорытынды шығаруды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өсімдік тұқымдарын ажырата білуді.