Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Н», «ң» дыбыстары. «Асфальттағы суреттер» М.Әлімжанов.

Бөлімдері: Тіл дамыту

Күні, айы, жылы: 13. 04. 2015 жыл

Мақсаты

Білімділік: Өлең мазмұнын түсіндіру, жаттату, құрамында «н», «ң» дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, «н», «ң» дыбыстары жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың сөйлеу тілдерін дамыту;

Тәрбиелік: Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Қостілдік компоненттер:

Көрнекілік құралдар:

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Педагог көктем мезгіліндегі ауа райына тоқталып өтеді.     -Балалар,бәріміз көктемнің самал лебін алайық,алақанға салайық,күннің жарқыраған нұрын алайық,алақанға салайық.Ал енді жүрегіміздің лүпілінен алайық,оны да алақанға салайық.Енді осының бәрін достарымыздың жүректеріне қарай үрлейік:УФ!!!Енді барлығымыздың көңілімізкөктемдей жадырап,өзіміз күндей жарқырап,жүрегіміз достарымыз деп соғып,бүгінгі күніміздің қызықты өткіземіз деп сенемін. Балалар көктемдегі ауа райындағы ерекшеліктерге мән беріп тыңдайды.     Балалар қайталайды.     Педагогтің жасағандарын артынан қайталап отырады. Алақандарын ашып достарына қарай үрлеу арқылы жылы лебіздерін жібереді.  
    Ұйымдастыру- іздестіру   Педагог балаларға Ж.Смақовтың «Қоңырау» өлеңін мәнерлеп оқып береді. «Дың-дың»-қоңыраумын, «Дың-дың»-соғыламын. «Дың-дың»қағыламын, Мектептен табыламын. «Н»мен «ң» дыбыстарын жеке-жеке дыбыстату арқылы айтылуына көңіл аудартады. -«Н»дыбыстарын айтқанда,дем мұрын арқылы еркін шығады,тіл үстінгі тістің түбіне тиеді.   -«Ң» дыбысы да «н» дыбысы сияқты мұрын жолды. «Н»дыбысынан оның айырмасы-тілдің арт жағы таңдайға тиеді.Мысалы:тоң. -Балалар,бір қатарға «н», екіншіге «ң» дыбысы бар сөздерді ойлап тауып қояйық.   Балаларға дыбыстарды қайталату: Ян-ян-ян –жүгіріп жүр қоян. Ың-ың-ың-әп-әдемі қайың.   Педагог үлгі суреттерді тақтаға іліп,сурет арқылы М.Әлімбаевтың «Асфальттағы суреттер» өлеңін мәнерлеп оқып береді.   Мынау- биік кезең, Сен көрмеген бір тау. Көкпеңбегі өзен, Ал жасылы- бұл бақ. Өтсең асфальт жолмен, Түрлі түсті бормен Қызығардай көрген Сурет салған ол-мен!   Педагог өлеңді екінші рет оқығанда естерінде сақтауды ұсынады.Суретке қарап,қайталатып өлеңді жаттатады.   Сетгіту сәті: (Сергіту жаттығуларын М.Әлімбаевтың «Он саусақ» өлеңімен жасатуға болады. Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ! Қала салсақ жол салсақ. (М.Әлімбаев) Педагог балалардың жаттаған сұрайды,көмек керек балаға көмектеседі. Билингвальды компонент:ауа райы-погода,нан-хлеб,ұн-мука. «Жанрды тап!»дидактикалық ойыны:Ойын шарты:суреттегі бос орынға қажетті суретті жапсырмамен жапсырып,сурет жанрын табу. Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №17 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс жүргізіледі.     Балалар қайталайды.   Н Ң Нан аң Ұн аңшы Ана шаңғы Дән таң   Балалар тақтаға ілінген суретке қарап тыңдап отырады.   Естерінде сақтайды,жаттайды.     Балалар өлең мазмұнына сәйкес саусақтарын қозғай отырып қимыл-қозғалыстар жасайды.   Жаттаған балалар қолдарын көтеріп атады. Қайталайды.     -Пейзаж. -Портрет. -Натюрморт.   Балалар дәптермен жұмыс жасайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау: «Н», «ң» дыбыстарының дауысты немесе дауыссыз екенін сұрайды. «Ң» дыбысына баланысты жаңылтпаш айтқызады. Шапшаң,шапшаң, Бұрқырады ақ шаң. «Шапшаң» сөзінің мағынасын түсіндіріп өтеді. Шапшаң-тез. «Н», «ң» дыбыстары дауыссыз екенін айтады.Жаңылпашта кездесетін «ң» дыбысын дұрыс айтуға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: бір-біріне жылы лебіз сыйлауды,суретке қарап өлең жаттауды, «ң», «ң»дыбыстарын дұрыс айтуды.

Қандай түсініктерді игерді: сурет жанрлары туралы мәліметті.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өлең жолдарын мәнерлеп айтуды.