Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жалпы сипаттамасы.

Стандарттау бойынша жұмыстарды атқару процесі кезінде стандарттау обьектілеріне қатысты нормативтік құжаттар ретінде тіркелетін нормалар, талаптар, ережелер, сипаттамалар жасап шығарылады.

МСЖ-де жүргізетін стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға жатады:

· ҚР мемлекеттік стандарттары;

· Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктегіштері;

· Мемлекетаралық стандарттар;

· Салалық стандарттар;

· Ғылыми –техникалық, инженерлік қоғамдар және басқа қоғамдық ұйымдар стандарты;

· Кәсіпорындық стандарттар.

Келтірілген стандарттардан басқа стандарттау бойынша техникалық шарттар, сонымен қатар мемлекетаралық ережелер қолданылады.

Қазіргі уақытқа дейін бұрынғы КСРО кезіндегі стандарттар қолданылады,егер олар ҚР заңдылықтарына қайшы келмесе. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгілейтін талаптар ғылым, техника, технология жетістіктеріне негізделіп ҚР-ның заңдылықтарында қолданылатын халықаралық, аймақтық, шетелдердің ұлттық стандартарына қайшы келмеуі тиіс.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар басқа мемлекетпен өнімді өндіру және саудумен айналысу кезінде техникалық кедергі туғызбауы керек. Стандарттау обьектісінің ерекшелігіне және талаптар мазмұнына байланысты стандарттардың түрлері бар. Оларға жатады:

1. негізгі стандарттар;

2. өнім және қызмет көрсету стандарттары;

3. бақылау әдістері стандарттары(сынау, өлшеу, талдау);

4. процестер стандарты.

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

3-ші дәріс

 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1.Жүйенің жалпы сипаттамасы.

2.ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі.

1. Жүйенің жалпы сипаттамасы.Қазақстан Республикасның Мемлекеттік стандарттау жүйесі 1992 жылы Мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін құрыла бастады. Мемлекеттік стандарттау жүйесі дегеніміз- стандарттау саласында, сонымен қатар өнімді каталогтау облысындағы қызметті атқаратын мемлекеттік басқару органдарының, нормативтік құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы.

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізі болып - негізгі заңдар қоры, нормативтік құжаттар болып табылады. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің құқықтық негізі болып - техникалық заңдылық табылады. Ол ҚР-дағы өнімнің, қызмет көрсетудің, жұмыстардың сапасын мемлекеттік түрде реттеу үшін қолданылатын заңдар, стандарттау жөніндегі актілер жиынтығынан тұрады. Техникалық заңдылықтың құқықтың негізін ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы » заңы, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» заңы құрайды.

Жалпы 1999 жылы 16 шілде де ҚР «Стандарттау туралы » заңы қабылданды. Бұл Заң 2003 жылы 10 шілде де қайтадан толықтырып, 2004 жылы қазан айында бұл заңның орнына «Техникалық реттеу туралы » заңы қабылданды да қолданысқа 2005 жылдың 13 мамырында енгізлді.

2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі.Заңның негізгі мақсаты-өнімнің, процестің қауіпсіздігінің сапа бойынша мемлекеттік талаптар бойынша нормативтік құжаттарды талаптарды, нормаларды, ережелерді міндетті талаптарды қолдану.

Қазақстан Республикасының Заңы тәртіпке келтіреді:

· стандарттау облысындағы негізгі түсініктерді;

· негізгі заңның қолдану аясын;

· стандарттау заңдарын;

· стандарттаудың мақсаттары мен ұстанымдарын;

· стандарттау обьектілерін;

· стандарттау саласы бойынша халықаралық келісімдерді;

· стандарттау бойынша жұмыстарды басқару;

· мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық құрлымдарын;

· стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды және оған қойылатын талаптарды;

· нормативтік құжаттардың қолданылуын;

· нормативтік құжаттар туралы ақпараттар;

· стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау;

· өнімді каталогтау жүйесін;

· стандарттау бойынша заң бұзушылықты жауаптау;

· мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстарды қаржыландыру;

ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі тапсырмалары;

· өндірісті, жұмысты, қызмет көрсетуді, бақылауды нормативті қамтамасыз ету;

· халықаралық стандарттарды және нормаларды ҚР-да тікелей қолдануды қамтамасыз ету;

· ҚР-дағы мемлекеттік стандарттар қорын жұмылдыру;

 

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

4-ші дәріс

 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1.Қазақстан Республикасындағы стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру.

2.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау.

 

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттау жүйесінің ұйымдық құрлымы келесіден тұрады;

1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган және олардың территориялық бөлімшелерінее;

 

2. ҚР-ның мемлекеттік басқару органдарынан;

 

3. Заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде техникалық комитеттер, соның ішінде сарапшы- аудиторлардан;

 

4. ҚР мемлекеттік стандарттар қорынан;

 

Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган және олардың территориялық бөлімшелері – ҚР-дағы стандарттау бойынша жұмыстарды мемлекеттік басқармасын СМС жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.СМС жөніндегі комитет сауда және индустрия министрлігіне кіреді.

ҚР-ның мемлекеттік басқару органдары. Стандарттау қызметтерін кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастыру- методикалық және ғылыми - технкалық басқаруды ұйымдастырады.

Заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде техникалық комитеттер, соның ішінде сарапшы- аудиторлар- белгілі өнім, процесс, қызмет көрсету түрінің мемлекеттік басқару бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, ұйымдастыру үшін, сонымен қатар мемлекетаралық стандарттауда қатысуға арналған.

ҚР мемлекеттік стандарттар қоры- ҚР территориясында қолданылатын стандарттар және міндетті түрде орындалуы тиіс құжаттары бар ҚР-ның мемлекеттік басқару органдарының жүйелендірілген қорларының жиынтығы.

ҚР-ның Стандарттау туралы Заңына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау Комитеті келесі негізгі функциаларды орындайды:

· Осы саладағы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының жұмыстарына бағыт береді;

· Халықаралық, ұлттық, аймақтық стандарттаудың жұмыстарына қатыса алады;

· Мемлекеттік стандарттау жүйесін қалыптастырады;

· Стандарттау саласындағы мамандарды дайындауды ұйымдастырады;

· Халықаралық, ұлттық, аймақтық стандарттардың қолдану тәртібін және стандарттау ережелерін тағайындайды;

· Стандарттауға техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен өзара жұмыс жасайды;

· Мемлекеттік ережелерді, стандарттарды тағайындайды;

· Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарды мемелекеттік және орыс тіліне аудару және олрды бекітуді қамтамасыз етеді;

· Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарды сараптау тәртібін тағайындайды.

Стандарттау саласындағы техникалық комитет - мемлекеттік стандарттау жұмыстарын ұйымдастырады. Стандарттау саласындағы техникалық комитеттің жұмыстары төмендегілерге бағытталады:

· Мемлекеттік стандарттаудың сапасын көтеруге;

· Ішкі және сыртқы нарықта стандарттық өнімдерге жағдай жасау;

· өнімдерді сауда айналымында техникалық кедергілерді туғызбауға.

Стандарттау саласындағы техникалық комитеттер келесі жұмыстарды ұйымдастырады:

· мемлекеттік стандарттардың жобасын қарауға, құрастыруға, бекітуге дайындауды;

· нормативтік құжаттарды соның ішінде мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттауды қайта қарауға және өзгертуге дайындауды;

· ТК жұмыстарын және жылғы есептерін, алдағы жоспарын стандарттау,метрология және сертификаттау Комитетіне дайындау.

ТК –тің мүшелері заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.