Стандарттау жұмыстарын жоспарлау.

Жұмыстар мемлекеттік стандарттау мен жоспарланады. Стандарттау жұмыстары ҚР-ның экономикасының салалық бағыттары бойынша жоспарланады. Стандарттаудың ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік жұмыстарын жоспарлауды республикалық стандарттау,метрология және сертификаттау Комитеті іске асырды.Мемлекеттік стандарттардың жоспарын бір жылға немесе үш жылдан бес жылға құрастырады. Мемлекеттік стандарттардың жоспарына қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді және басқа да қаржыландыру көздерінен. Стандарттаудағы мемлекеттік жоспардың орындалуын бақылауды стандарттау,метрология және сертификаттау Комитеті іске асырады.

 

Пән: Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеу.

050724-Технологиялық машиналар мен жабдыктар ТМО-21,23 оқытушы: Кушалиев Д.К.

5-ші дәріс

 

Тақырыбы: «Халықаралық және аймақтық стандарттау»

 

Дәріс сабақтарының сұрақтары:

 

1. Халықаралық стандарттау және олардың ұйымдары.

2. ИСО ұйымы. Құрлымы және функциялары.

3. МЭК ұйымы. Құрлымы және функциялары.

 

1.Ұлттық стандарттар өздерінің қолданылатын және жасап шығарылатын елінің ғылыми- техникалық даму ерекшеліктерін және жасап шығарылатын елінің ғылыми- техникалық даму ерекшеліктерін және деңгейін көрсетеді.Сондықтан бір түрлі өнімге әр елдің қоятын талаптарының бір-бірінен айырмашылықтары бар, ал ол өз кезегінде халықаралық саудада көп кедергілерді туғызады.

Халықаралық сауданың дамуы және халықаралық байланыстың күшейуі елдер арасындағы халықаралық стандарттардың кеңінен қолданылуына алып келеді.

Стандарттау жөніндегі Ұлттық органдардың бүкіләлемдік Федерациясы болып келетін БҰҰ-ның шешімі бойынша 1947 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі Ұлттық ұйымдармен стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымқұрылды. Оның атауын таңдау кезінде гректің isos- тең деген сөзінен алуды ұйғарған.Міне, сондықтан әлемнің барлық тілінде ISO ИСО деп аталады.

2. ИСО ұйымы. Құрлымы және функциялары.ИСО-ның басты мақсаты бүкіл әлемдегі стандарттың және аралас қызметтің дамуына көмектесу.ИСО жұмысына өздерінің стандарттау жөніндегі Ұлттық ұйымдарымен әлемнің 146 елі қатысады, оның 94 елі ИСО-ның мүшелері,37-сі мүше-корреспондент және 15-сі қол қойған мүшелер.

ИСО мүшелері ИСО-ның кезкелген техникалық комитеттерінің жұмыстарына қатыса алады, стандарттау жобаларына дауыс беруде,ИСО Одағы құрамына сайлануға және Генералды ассамблея отырысында қатыса алады.

Корреспондент-мүшелер ИСО-ның жұмысында белсенді қатыса алмайды, бірақ жасалып жатқан стандарттар туралы ақпараттар алуға хақысы бар. Корреспондент-мүшелер болып көбінесе дамушы елдер болып келеді.

ИСО-ның қол қойған мүшелері жарна төлейді және халықаралық стандарттар жаңалықтармен хабарланып тұруға хұқылы.

ҚР-ы СМС жөніндегі Ұлттық Комитетінің ұсынысымен 1994 жылдан бастап ИСО-ның тең хұқылы мүшесі және барлық сұрақтар бойынша өз даусына ие және талқылауға хұқығы бар.ИСО-ның қаржы қоры елдердің жарнасынан, стандарттарды сату қаражынан және басқа басылымдардан құралады.

ИСО-ның ұйымдық құрлымы басқарушы және жұмысшы органдардан тұрады.

 

 

  Генералды ассамблея  
  ИСО кеңесі  
  СТАКО   ПЛАКО   КАСКО   ИНФКО ДЕВКО   КАПОЛКО   РЕМКО
             

 

Атқарушы бюро
Орталық секретариат
Техникалық комитет
Шағын комитеттер
Жұмысшы топтар

 

Басқарушы органға Генералды ассамблея жатады. ИСО кеңесі және оның комитеттері жұмысшы органдарға, техникалық комитеттерге, шағын комитетеке бөлінеді.

ИСО-ның жоғарғы органы Генералды ассамблея болып табылады және мүшелер сайлаған лауазымды тұлғалардан және делегаттардан тұрады, әрбір мүше 3 делегаттан ұсынуға хұқылы.

Геннералды ассамблея сессиясының арасында ИСО жұмысын басшылығында ИСО-ның президенті бар ИСО кеңесі басқарады. Кеңес 18 мүшеден тұрады, олар үш жылға сайланған стандарттау жөніндегі Ұлттық ұйымдардың өкілдері.

ИСО Кеңесіне 7 Комитеті бағынады:

ПЛАКО –техникалық басқарушы бюро;

СТАКО- стандарттардың ғылыми ұстамдарын зерттейтін комитет;

КАСКО- сәйкестікті бақылау жөніндегі комитет;

ИНФКО- ақпараттық жүйе және қызмет көрсету комитеті;

ДЕВКО- дамушы елдерге көмек көрсететін Комитет;

КОПОЛКО- тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғайтын комитет;

РЕМКО- стандартты үлгілер бойынша комитет;