Танап тегістеудің маңызы, оның жолдары.

 

Ауыл шаруашылығы өндірісіне қолайлы гидрологиялык жағдай туғызу яғни судын ауыл шаруа шылығы өндірісіне қажетті мөлшерде болуын реттеу гидротехникалық мелиорация міндеті екені бел гілі. Ол үшін гидромелиоративтік жүйелер салынады. Олар суғару, құрғату, суландыру, кұрғату-суға ру және суландыру-суғару жүйелері болып бөлінеді.

Суару жүйелері су шаруашылығының емес, суармалы егіншіліктің гидромелиоративтік элементі немесе негізі болып табылады. Суғару жүйелерінің суғармалы егіншілікке кажеттілігі мен маңызын адам өміріндегі кан тамырлар жуйесінін орны жөне манызымен салыстыруға болады.

Қазакқстанда әртүрлі суғару жүйелерімен 2,3 млн.га суғармалы егістік жерлері камтылған. Онын ішінде суландыру-суғару жүйелері де бар. Бұлар суғармалы егіншілікпен катар, ауыл шаруашылығы ның баска да су пайдаланушыларына, соның ішінде мал шаруашылығына кызмет көрсетеді.

Сонымен суғару жүйелері ауыл шаруашылығының кұрамындағы еш бөлінбейтін және оның су шаруашылышмен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін маңызды бөлігі болып табылады.

Суғару жүйелерінің атқаратын параметрі және түрлері

Суару жүйелерінін атқаратын қызметтері - суды су көзінен шығару, оның сапасын жақсарту, тасы малдау, әр егістік танабына таратып суғаруды жүзеге асыру, артык суды танаптан және тамыр орна ласқан кабаттан шығару болып табылады.

Суғару жүйелерінің құрамдас бөліктері мыналар:

- суды су көзінен шығаруға арналған гидроқұрылыстар, кондырғылар, механизмдер және агрегаттар;

-суды су көзінен егіс танабьша тасымалдап тарататын каналдар мен құбырлар;

-каналдар мен кұбыр желілеріне кажетті гидротехникалық кұрылыстар. су ағысын өлшейтін және рет тейтін арнайы механизмдер мен кондырғылар;

-суғаруды жүзеге асыруға арналған каналдар, қондырғылар мен механизмдер (уакытша оқ-арыктар, суғару кұбырлары, қарықтар, суғару техникасы мен жабдыктары);

-артыған және топырақтың есепті кабатынан терең сіңген суды жинақтауга арналған каналдар (каш қан суды жинақтап, арнайы қоймаларга тасымалдайтын каналдар мен дренаж тораптары);

-каналдарға, дренаж торабтарына, танаптық жолдарға қажетті гидрокондырғылар (су өлшейтін және оны бөліп тараткыштар, суды жинап, оның деңгейін көтергіштер, арнайы құдыктар, көпірлер т.б.);

-танап қорғауға арналған орман жолақтары;

-байланыс және қатынас тораптар, өндіріс құрылыстары (жолдар мен телефон байланыстары және т.б.)

Суғару жүйелері, өздері сумен камтамасыз ететін шаруашылыктар санына және олардың жекешеле нуіне байланысты төмендегідей болып бөлінеді

Шаруа-қожалыктың ішкі суғару жүйелері

Шаруашылыкаралык аудандық немесе 1-деңгейдегі шаруашылық аралық суғару жүйелері көп жағдайда аудан көлеміндегі ортақ су көзінен (өзен, шаруашылыкаралык канал т.б.) суғарылатын жерлерге ие екі және одан да көп шаруашылықтар, шаруакожалык бірлестіктері мен баска заңды тұлғалы ауыл шаруашылық су пайдаланушыдарын камтиды. Көп жағдайда олардың суғармалы жерлерінің жалпы ауданы өңір ерекшеліктеріне байланысты 5 мыңнан 40 мың гектар шамасында камтиды. Аталған шаруашылыктар суға байланысты ортак, проблемаларын шешу үшін аудандык су пайдалану шылар бірлестігін (ассоциация, т.б.) құрып, аудандық шаруашылықаралық суғару жүйелерін баскару ды өз қолдарына алады. Шаруашылықаралык суғару жүйесінін ең негізгі мүлкі:

- екі немесе бірнеше шаруашылықтарға су тартатын шаруашылыкаралык канал. Казіргі кезде, жекешелендіруге байланыстьт, осындай суғару жүйелері коллективтік - шаруашылық -өндірістік бри гадаларымен (бірлестіктері) катар, сол шаруашьшыктан бөлініп шыкқан шаруакожалык (фермерлер) жерлерін сумен камтамасыз етеді.

Мұндай суғару жуйелері ұжымдык-шаруақожалык суғару жүйесі деп аталады. Оларды ұжымдык шаруашылық (өндірістік ауыл шаруашылық кооперативтер, акционерлік қоғам т.б.) және шаруа кожалықтары бірігіп курған жергілікті су пайдаланушылар ұйымы басқарады.

Ұжымдық-шаруашылық суғару жүйесі тек бір ұжымдык,шаруашылық (өндірістік ауыл шаруашылык кооператив, акционерлік қоғам т.б.) танаптарына (орташа есеппен 1000-3000 га) су таратады. Олардың ең төменгі және негізгі су пайдаланушылары өндірістік бригадалар мен ішкі шаруашылық бірлес тіктері болып табылады. Егер белгілі бір суғару алқабын (мысалы, бұрынғы бір колхоздың немесе совхоздын суғармалы жері, аумағы 1000-3000 га) тек жеке-жеке заңды тұлғалы шаруа қожалықгары бөліп алған болса, олардың ортақ каналын және басқа гидротехникалық құрылыстарын шаруақожалық аралық суғару жүйесі деп атайды. Оны тиянақты түрде күтіп-баптау және су беру кестесін әзір леп орындау үшін шаруа қожалыктардын жергілікті су пайдаланушылар бірлестігін (тұтынушы кооперативін) құрады.Әрбір шаруа қожалықгардың суғармалы жерлеріндегі (ауданы 3-50 га) болатын ка налдар, арықтар және гидротехникалык күрылыстарды шаруа қожалыктың суғару жүйесі деп атайды.

Техникалық жағдайына байланысты суғару жүйелерінің қарапайым, жақсартылған (жартылай инженерлік) және (жаңа инженерлік) деп аталатын түрлері болады.

Қарапайым су жүйелеріне (инженерлік емес) ертеректе салынып, өте ескірген жүйелер жатады. Олардың негізгі белгілері мыналар: су тасымалдайтьш арықтар дұрыс тартылмайды, су өлшеуте және бөлуге кажетті гидроқондырғылар орнатылмайды. Осындай суғару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенттері (ПӘК-і) 0,30-0,40-тан аспайды.

Жақсартылған (жартылай инженерлік) суғару жүйелеріне негізінен ертеректе салынған, бірак ен кем дегенде жартылай жөндеу-техникалық жабдықтаудан өткен жүйелер жатады, яғни су тасымалдайтын арықтардын жартысынан көбі су бөлгіш калақшалармен жабдықталған каналдармен ауыстырылған болып келеді. Әйтседе осындай суғару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті 0,65-тен аспайды.

Жаңа (инженерлік) суғару жүйелеріне жоғары техникалық деңгейге сәйкес келетін, қажетті гидротехникалық қондырғылармен жабдыкталған суғару жүйелері жатады. Олардың су тасымалдайтын торабы түгелдей бетондалған каналдардан. лотоктардан немесе кұбырлардан тұрады. Су өлшегіш кондырғылары да жеткілікті. Мүндай суғару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті 0,80-нен кем болмайды.

Суғару жүйелері өздерінін конструкцкялық ерекшеліктері бойынша: ашық, жабық, аралас болып үш топқа біріктіріледі.

Ашық суғару жуйесін негізінен ашык каналдар мен лотоктар құрайды. Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріндегі суғару жүйелерінің басым көпшілігі осы топка жатады.

Жабық, суғару жуйесін негізінен 0,8-1,5 м терендікте жерге көмілетін жабық құбырлар құрайды. Олар үлкен қысымда және қысымсыз жұмыс істейтін болып бөлінеді. Мүндай суғару жүйелерінің пайдалы эсер коэффициенті өте жоғары, яғни 0,95-тен кем болмайды. Бұл жүйенің кемшілігі - өте кымбат тұратындығында. Осындай жүйелер негізінен Қазакстанның солтүстік және батыс өңірлерінде салынған.

Аралас суғару жүйесінін су тасымалдаушы торабы ашық каналдар мен жабық құбырлардан тұрады. Көбінесе үлкен, яғни тұрақты каналдар (магистральды, шаруашылықаралық, шаруашътлыкгык т.б.) ашық болады да, ұсак, каналдар мен арықтар (танаптық, уакытша оқ-арык) жабық кұбырлармен алмастырылады. Кейбір жағдайларда үлкен каналдардың орнына жабык күбырлар қолданылып, ұсақ каналдар мен арыктар ашық күйінде қалады.

Суғару жүйелерін олардың техникалық күйлеріне немесе баптарына қарап, төрт разрядқа бөлуге болады:

Бірінші разрядты суғару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті (пайдаға асатын су үлесін көрсетеді) 0,80-0,85-тен кем болмайды. Бұл жүйелерге қарасты суғармалы жерлердің әрбір 1000 гектарын да кем дегенде 50~дей инженерлік гидроқондырғылар болуы шарт. Барлық суғармалы танаптар қажеттігіне байланысты дренаж торабьшен қамтамасыз етіледі. Топырактың сортандануы мүлдем бол мауы тиіс. Тұздылығы 5 г/л жоғары болатын топырақ асты суларынын орналасу деңгейі 4 метрден тө мен болуы шарт. Мүндай суғару жүйелері кдйта қүруды немесе күрделі түрдегі жаксартуды талал етпейді. Тек суғару технологиясын және суды есепке алуды жаксартуға арналған жұмыстар жүргізіледі. Қажеттігіне байланысты судың ысырап болуына қарсы күрес ұйымдастырылады.

Екінші разрядты суғару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті 0,6- 0.75 шамасында болады. Әр бір 1000 гектар суғармалы жердегі гидротехникалық қондырғылар саны 30-дан кем болмауы және олардың 75 проценті инженерлік типте болуы шарт.

Үшінші разрядты суғару жүйелерінің техникалық бабы күрделі жақсартуды талап етеді. Олардың пайдалы әсер коэффициенті -0,51-0,65 шамасында. Инженерлік құрылыстардың үлесі 75 проценттен аспайды. Суды сапалы етіп таратуға арналған гидроқондырғылардың әрбір 1000 гектарға щақканда ғы саны 30-ға жетпейді. Сортанданған жер ауданының үлесі 30 процентке жуық болады. Тұздылығы 5 г/л асатын топырақ асты су деңгейі 2-3 метрден аспайды. Мұндай жағдай шаруашьшық суғармалы егістігінің 30 процентін алып жатады. Осындай жүйелердегі коллектр-дренаж тораптары өз мүмкіндіктерінен көп төмен жүмыс істейді.

Төртінші разрядты суғару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті 0,50 аспайды. Кажетті гидро қондырғылар саны әрбір 1000 гектарға шакқанда 30-дан кем болады, Шаруашьшылықтың суғармалы жерінің 30 проценттен астамы сортан болып келеді. Мүндай жүйелерде күрделі жақсарту жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі шарт. Олай болмағанда агротехникалық шаралар мең еңбек ұйымдастыру дың озық әдістері тиімділігі төмен болады. Оған қоса экологиялык зияндылык өзінің жоғары шегіне жетеді.

Суғару жүйелерінің құрамдас бөліктері

Каналдар және оның турлері. Каналдар мен арықтар жүмыс істеу мерзіміне байланысты түрақты жөне уақытша болып екі топқа бөлінеді.

Тұрақты каналдар көптеген жылдарға, яғни 20-50 жылға есепттелініп салынады. Суғару жүйесі канша жылға арналған болса, сонша жыл қызмет аткарады. Осы топқа магистральды, шаруашылық аралық, шаруашылықтық, топтық каналдар жатады. Кейбір инженерлік суғару жүйелерінде бүл топқа танаптық каналдар да жатады.

Магистральды канал (МК) және оның тармақтары (МКТ) суды шаруашылықаралық каналға (ШАК) береді. Шаруашылықаралық канал өз ретінде бірнеше ұжымдық шаруашылық жерін сумен қамтамасыз етеді. Яғни, су аталған каналдан үжымдық шаруашылық каналына (ШК) беріледі. Бүл канал тек бір ғана ұжымдық аіаруашылыкка қызмет етеді. Одан әрі су топтық каналдарға беріледі. Толтык канал (ТОК) екі және одан да көп танаптарды сумен қамтамасыз етеді. Бұл каналдан суды өрбір танапқа жеткізетін каналды танаптық (ТК) деп атайды. Ауыспалы егісте неше танап болса, сонша танаптык канал (ТК) болады.

Танаптарды суғаруға әзірлеуді үйымдастыру

Суғарылатын жерлердін, беті жаксы тегістелген болуы керек. Бүл тек кана сушы еңбегі өнімділі гін, суғару сапасын ғана арттырып коймайды, сонымен бірге баска да ауыл шаруашылығы жұмыста рын сапалы жүргізуге әрі жерді мелиорациялауды жақсартуға да кажет.

Жер бедерінің тегіс болмауы салдарынан шаруашылықгар жыл сайын суғармалы алкаптарда өсі рілген отамалы дакылдардан 4-тен 46%-ке дейін, ал дәнді дакылдардан 30%-ке дейін кем өнім алып келеді екен.

Суармалы егіншілік тәжірибесінде жерді тегістеудін екі түрі белгілі: күрылыстық (күрделі) тегістеу және пайдалану үшін (өтпелі) тегістеу.

Күрделі тегістеу жаппай немесе іріктеп жүргізілуі мүмкін. Оның міндеті - ауыл шаруашылығы дакылдарын дүрыс суғару үшін жердің табиғи бедерін тегістеп, жақсарту. Күрделі тегістеу жүмысы суландыру жүйелерін салу немесе қайта жасау үстінде аткдрьшады.

Жергілікті жер бедеріне карай күрделі тегістеу жүмысының көлемі 50-ден 700 гектарға дейін ара лыкта өзгеріп отырады. Тегістеу кезінде киып алынған топырак 20-300 метрге дейін орын ауыстыры лады.

Пайдалану үшін тегістеу жұмыстарын суғармалы егіншілік шаруашылықгары мезгіл-мезгіл жүр гізіп отырады. Жер тегістеу кезінде геодезиялық бақылау өте кджет.

Жер тегістеу жүмыстарының бастапқы материалдары: суғармалы учаскенің 1:2000 масштабы бойынша көлденеңінен жасалған жоспары, тегістеу жұмыстарының, жобасы мен учаске топырағының сипатгамасы.

Суғармалы жерлерді тегістеу топырақ құнарлылығына кері әсер етеді. Бүл негізінен екі түрлі себептен пайда болады: әр түрлі алаң топырағы құнарлылығы да әрқилы болатындықтан, тегістеу жұмысын жүргізгенде топырактың табиғи құрамы бұзылатындықтан және жер қазу машиналарының қайта-қайта жүріп таптауы топырақтың су-физикалық ерекшелігі мен құрылымына зиянды әсер ететіндіктен топырақты тұтастырып тұратын нәзік эфир аралас қою ерітінділері бұзылып, топырақтың су өткізгіштік қабілеті нашарлайды.

1 .Тегістеу кезінде учаскенің жер жұмыстары үлестік көлемі 500 м3 /га болса, табиғи топырақ құнарлығы 1-2%-тен аспайды. Мұндай жағдайда тегістелген жерге қалыпты мөлшерде минералды тыңайтқыштар мен гектарына 20 тоннадан көн сіңірген жеткілікті. Ал жер тегістеу жұмыстарының үлесі гектарына 1000 м' /га болғанда, топырақ кұнарлылығы шамамен 10% кемиді де, оны қалпына келтіруге минералды тыңайткыштар біржарым есе көп, ал көн гектарына 20 тонна шамасында жұмсалады. Егер жұмыс жүргізетін жер көлемі 1000 м3 /га-дан асып кетсе, онда оған сіңірілетін минералды тыңайтқыштар мен көң мөлшері екі есе арта түседі.

2. Тегістеу кезінде топырақ күнарлылығын жоғалтпаудың тағы бір тәсілі - топырақтың үстіңгі қабатын сактау болып табьілады. Мұндайда топырақтың жыртылатын қыртысы (15 см дейін) алдын-ала қыршылып алынады да, учаске толық тегістеліп болған соң, ол қайтадан жабылып тасталады. Топырақтың жоғарғы кабатын сақтай отырып, тегістеу жеделдетілген тәсілмен жургізіледі.

Пайдаланылатын жерді тегістегенде екі түрлі жүмыс аткарылады: топырақ жыртылып, суғармалы алкап беті тегістеледі. Мұндай тегістеу әдетте кең алымды тегістегіштермен - күзде сүдігер жырту, көктемде тұқым себу алдында жүргізіледі.

Тегістеуді жылдың қүрғақ маусымында жүргізу керек. Топырақ ылғалы шамадан тыс көп болмауы тиіс. Өйткені топырақ қатты тығыздалып қалады да, бүл өнімнің төмендеп кетуіне соқтырады. Сазды топырақ тегістеуіш бетіне жабысып, жер тегістелмейді, трактор батпақтап әрен жүреді, көбіне бір орында батып кала береді. Сондай-ақ тегістеу жұмысын өте құрғақ топырақта да жүргізуге болмайды, мұндай топырақ қатты шаңданып кетеді де оны қопсыту қиынға түседі, алқап кесектеніп, механизм жүмысы өнімділігі нашарлайды.

Пайдалану үшін (өтпелі) тегістеуді жыл сайын жасау керек. Ол үшін кең, алқапты тегістегіштер пайдаланылады немесе мала-тегістегіш пайдалануға болады. Мала ұзындығы 3,75 метрден 6 метрге дейін жететін төрт қырлы (бір кыры 30 см, ені 15 см) сүйретпе ағаштан жасалады. Оның топырақ уатып, ысыратын төменгі етегі темірмен қапталады. Мала-ағаш ортасынан қапталған тертеге реттеуіш бұрандалармен бекітіледі де, сүйретпенің төменгі топыракқа тиетін қыры калағанынша бүрып отыруға ыңғайлы болады. Мала-ағаштың екі басы екі жетекке байланып, ол жетектер де тертеге бекітіледі.

Мала-тегістегіш тракторға тіркеліп, топырақ бетіне 60° кияс қойылады, сөйтіп сүйреткен кезде ол алқаптың азын-аулақ ойлы қырлы жерлерін ысырып, ойпаң тұстарын тегістеп өтеді. Сондай-ақ осыған ұқсас темір мала да қолданылады. Мұның екеуі де құрьшысы жағынан өте қарапайым және оларды кез келген шаруашылықтарда оп-оңай жасап алуға мүмкіндік бар.

Жер бедеріне қарай, оны тегістеу үшін маланы бірден үш ретке дейін сүйретіп өту керек. Маламен бір сыдырып өту кезіндегі жұмыс өнімділігі 2-2,5 га/сағатқа жетеді.