Дәріс. Ауыл шаруашылық аймағын суландыру

 

Ауыл шаруашылығын суландыру маңызы мен ерекшеліктері, оның түрлері және схемаларымен таныстыру. Суландыру шараларының бағыты, жайылым суландыру және оны дамыту жолдарын анықтау.

Суландыру- дегеніміз, сол суландырылатын аймактағы жобаланған немесе сондағы бүкіл тұты нушылардың суға деген өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық кажетін өтейтін су шаруашылығы шаралары жиынтығы.

Ауыл шаруашылыктық максатта суландыру негізінен ауыл шаруашылығының суға деген қажетін өтеу үшін жүргізіледі. Алайда көптеген жағдайда онымен бірге, сол аумакқа жакын жаткан өнеркәсіп кәсіпорындары мен темір жол станцияларының суға деген кажетін өтеудің экономикалык тиімділігі зор.

Шаруашылыкты сумен жабдықтау мақсаты - ауыз суға, комлпиалдық, мәдени-тұрмыстық, өртке карсы кажеттерді өтеп, малды жайылым мен мал айдайтын үлкен жолдар бойында суғару, сомдай-ақ елді мекендерде ағаш пен бакша суаруды да камтамасыз ету.

Суландырудың мынадай ерекшеліктері бар:

1. Суландыру кейбір аумақты ғана (мәселен, Каспий жағалауында 1 млн га алаң суландырылуы тиіс, т.б.) тұрақты қамтиды.

2. Су тұтынушылар белгілі бір пункттерге шоғырланады. Суландырудын осындай өрбір пунктінің міндеті - су тұтыну орталығын сумен қамтамасыз ету.

3. Біздің елімізде аумақтарды суландыру халық шаруашылығы қажетіне қарай мемлекеттік жоспар бойынша жүргізіледі. Кез келген ауданды суландыруды жоспарлауға суландырылатын жерлерде халык шаруашылығын өркендетудің перспективалық жоспары негіз болуға тиіс.

4. Жер аумағын суландыруда барлық су тұтынушылардың суға деген кажеттілігі ескеріп қанағаттандырылады.

5. Суландыруды жобалау кезінде бүкіл жергілікті су ресурсы, сондай-ақ суландырылатын аудан аумағында кірмейтін су көздерін пайдалану мүмкіндігі мен тиімділігі ескеріледі.

Суландыру түрлері. Бүкіл су тұтынушылардың суға деген қажетін етеу үшін аумақ суландырудың ең негізгі үш түрі бар. Олар экстенсивті, орташа немесе шектеулі және толық деп аталады.

Аумактарды экстенсивті суландыру кезінде тек су көздері жүйесі -тоған, құдық және каналдар қазылады. Сөйтіп әрбір су көзі сол радиусты (әдетте 5-10 км) сумен камтамасыз етеді деп жобала нады.

Тұтынушылар суды су көздерінен ешқандай қосымша құрылғысыз тікелей алады, яғни мал тіке лей тоғандар мен каналдардан суғарылады, құдықтардан қауғамен тартыльтп, бөшкемен тасылады.

Су тартудың киындығы мен антисанитарлық жағдайына байланысты тұтынушыларға су тұтыну ды амалдап азайту есебінен су шығынын барынша қыскартуға тура келеді. Сондыктан да су көзінін суы жеткілікті болғаннын өзінде жетпей жатады. Бұл өндірістік тапсырмаларды орындауға киындық туғызады. Сондай-ак судың өзіндік құны да қымбаттайды. Себебі су көзінін пайдалану шығыны көбейеді. Сондыктан экстенсивті суландыру нормативтік нұсқаулар бойынша рұксат етілмейді.

Орташа немесе шектеулі суландыру кезінде су көздері жүйесі тұрғызылады. Сол жүйені пайдалану мүмкіндігін жеңілдететін қосымша кұрьшыстар мен құрьшғылар да салынады. Мұндай құрылыстар қатарына скважинамен су көтеру қондырғысы, мал суғару алаңы, суды тұщытып, залалсыздандыратын қондырғы, т.б. жатады.

Суландырудың экстенсивті формасына карағанда, бұл әдіспен су-ландырылған аумакты тұтынушылардың нақты жұмсайтын суы көбейеді де, соның нәтижесінде суландыру құрылыстарын пайдалану коэффициенті ұлғайып, олардың халық шаруашьшығындағы тиімділігі өседі. Бұл жағдайда тұтынушылардың барлык талап-тілектері жергілікті түрде орындалады.

Толық суландыру суландырылатын аумақтағы тұтынушылардын барлық талап-тілегін қанағаттан дырып, олардың халық көтеріп, оны тазартып тарататын құрылыстар мен құрылғылар салынады.

Жайылымды толық суландыру кезінде қажетті жерден құдық, тоған, канал секілді су көздері қазылады, су тартатын, су жеткізетін, су көтеретін, мал суғаратын құрылыстар салынады.

Елді мекенге су кажетті кысыммен құбыр арқылы апарылады. Мал фермаларында су автосуатқа дейін жеткізіледі.

Аумақ суландыру формасы жобалаушы жөне шаруашылық мекемелері нұскаулары негізінде таңдалады.

Суландыру шаралары бағыты мен кезектілігі бәрінен бұрын тұтынушы қажеті бойынша анықталады.

Суландыру мен сумен қамтамасыз етудін түпкі мақсаты-суды тұтынушыларға жеткізуді механикаландыру және автоматтандыру,

Бұл мақсатқа жетудің түрлі жолдары бар.

1. Құрал-жабдыктар мен мүмкіндіктер болған кезде суды механикаландырылған әдіспен жаңбырлату арқылы толык суландырған жөн.

2. Экстенсивті немесе шектеулі формамен суландырылады. Алайда жуық маңда толық суландыру формасына көшу жағы көзделеді. Бұл жағдайда суландырудың тұңғыш сатысы ретінде ең алдымен толык суландыру формасын жобалау қажет. Су көздері мен түрлі және есепті кезеңде суға жұмсалатын шығынын азайтуды камтамасыз ететіндей етіп шоғырландыру керек.