Дәріс. Суару жүйелерін пайдалану

Суғару жүйелерін пайдалану, су пайдаланушы ұйымдарды және оларды кұру жолдарымен таныс тыру. Шаруашылық су пайдалану жоспары, оған керекті мәліметтер және суғару жоспарын жүзеге асыру жолдарын қарастыру.

 

Суғару жүйелерін пайдалану немесе күтіп-баптау деп, сол жүйелер жұмысын жақсартуға, және ең күрделі деген технологиялық (су бөлу, өлшеу, каналдарды тазалау және жөндеу т.б.) үрдістерін механикаландыру, яғни суғару жүйелерін техникалык. күтіп-баптауға бағыт-талған шараларды айтады.

Суғару жүйелерін пайдалану барысында төмендегідей мәселелер шешілуі тиіс:

-суғару жүйелерінің барлық элементтерін жоғары техникалык бабында және жүмысқа дайын күйінде үстау;

-суғару жүйелері элементтері (құрамдас бөліктері) қызметтерін, шаруашьшыктын жоспарлы тапсырмалары мен табиғи жағдайларын ескере отырып үйымдастыру;

-жүйелер күрделі жөндеу және кдйта қүру жүмыстарын жаңа техника және технологияларын өндіріске енгізе отьтрып үйымдастыру;

-су мен жерді тиімді пайдалануды кддағалау және қамтамасыз ету

-суғармалы жерлердің мелиоративтік жағдайларын жақсарту. Суғару жүйелерін күтіп-баптау нарык экономикасына дейінгі кезендерде негізінен екі түрлі мекемеге жүктелетін. Олар: су пайдала-нушы шаруашылықга-р (колхоз, совхоз) -шаруашылық суғару жүйелерін; суғару жүйелері баскармасы (СЖБ) -шаруашылык аралық суғару жүйелерін басқарды, яши сол суғару жүйелерін күгіп-баптауды ұйымдастырды. Өз кезегінде СЖБ, облыстық мелиорация немесе су комитеттері арқьтлы, Мелиорация және Су шаруашьшығы Министрлігіне, ал кейіннен Су ресурстары Комитетіне қарады.

Нарық жағдайына көшуге байланысты шаруашьшықаралык каналдардың саны да, ұзындықтары да арггы. Себебі, жекешелендіруге байланысты, бұрынғы ірі колхоз-совхоздар бірнеше кіші шаруашылыктарға бөлінді, ал кейбіреу тіпті жүздеген фермер шаруашьшыктарына тарады. Нәтижесінде бұрынғы шаруашылықтық және танапаралык каналдар шаруашылыкаралық каналдарға айналды. Шаруашылықтық каналды күтіп-баптап, пайдалану әр шаруяшылыктың өз міндеті. Осы мақсатта, суғармалы жер ауданы 300 гектардан асатын шаруашылықтар арнайы мелиоративтік топ құрғандары жөн.

Шаруашылык аралык каналдарды бірнеше деңгейге бөліп, олардын әрқайсысын күтіп-баптауды басқару үшін, сол каналдардан су алатын шаруашылықгар өз ұйымдарын құрады. Оларды су пайдаланушы ұйымдары деп атайды. Бұл ұйымдар құқыктың негіздеріне байланысты су пайдаланушы тұтыну кооперативі (СПК) немесе кауымдастық (ассоциащія) болып (СПК) құрылады. Белгілі бір каналдан су алушылар тек фермер шаруашылықгары болса, олар тек тұтыну кооперативін құра алады. Осылайша, мысалы ең төменті каналдар деңгейінде бір-бір тұтыну копперативтері кұрылады. Енді жоғары денгейдегі шаруашылыкаралық каналды бірігіп күтіп-баптау үшін жаңағы төменгі денгейдегі тұтыну кооперативтері бірігіп, су пайдаланушы кауымдастығын (СПҚ) құрады.

Оларды су пайдаланушы заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі деп атайды. Осы айтылғандар толық жүзеге асу үшін Кеңес үкіметі кезінде шаруашылыкаралық деп аталған суғару жүйелерін басқару су пайдаланушылардың өзіне, яғни олардың бірлестіктеріне берілуі кажет.

Су пайдаланушы ұйьшдарының (тұтыну кооперативі, кауымдастык) басқару және атқару ұйымдары болады. Ең жоғарғы басқару органы сол ұйым мүшелері жиналысы.Күнделікті басқару міндеті жалпы жиналыс сайлайтын төрағаға жүктеледі.

Атқару органын инженерлік күтіп-баптау қызметі деп те айтуға болады. Оның жұмысын басқарту үшін су пайдаланушы ұйымы төрағасы шартка тұру негізінде, белгілі бір білгір маманды атқарушы төраға қызметіне жүмысқа қабылдайды.

Су жүйелері баскармасынан алған суы мөлшеріне байланысты төлем акыны су пайдаланушылар қауымдастығы төлейді, ал су пайдаланушы тұтыну кооперативтеріне және басқа шаруашылыктарға, келісілген су пайдалану жоспарларына сәйкес, суды жеткеріп-таратканы үшін олардан төлем ақыны су пайдаланушылар қауымдастығы жинайды. Осыған байланысты, әр шаруашылық жылдық су пайдалану жоспарын құруы керек. Судың төлем ақысы мөлшері келісім шартка байланысты болады.

Шаруашылыктың су пайдалану жоспары

Шаруашылыктын әрбір суғармалы танабына су берілу ретін, мөлшерін және мерзімін, сонымен қатар суғаруға байланысты жүргізілетін басқа жұмыстар тәртібін белгілейтін кұжатты шаруашылық су пайдалану жоспары деп атайды. Ол суғармалы шаруашылыкгың жылдык өндірістік жоспарының ең негізгі бөлімі болып табылады. Оны әр жылдын суғару маусымы басталардан 1-2 ай бұрын әзірлеп кұрастыру агроном мен гидротехниктің негізгі міндеттері.

Шаруашылықтың су пайдалану жоспары үш бөлімнен тұрады:

1. Маусым бойына әзірленген суғарудың календарлық жоспары. Бұл жоспардың мәліметтері негізінде суғару жүйесі басқармасы (СЖБ) немесе су пайдаланушылар кауымдастығы (СПҚ) шаруашылыкка су беріп тұрады.

2. Суғарудын және баска жұмыстардын оперативтік-графиктерІ.

3. Шаруашылыкка карайтын каналдар мен гидротехникалык құрылыстарды жөндеу және күтіп-баптау жүмыстары.

Мұндай жоспарды ғылыми негізде әзірлеп, мұкият жүзеге асыру суды тиімді пайдаланудың ең манызды кепілі. Сондыктан оны құрастыру әдісін меңгеру керек.

Шаруашылыктың су пайдалану жоспарын құрастырып әзірлеу төмендегідей мәліметтер кажет:

І.Шаруашылык жер пайдалану картасы. Оның масштабы 1:10000 кем болмауы шарт. Бұл картада ауыспалы егістіктер, су тасымалдайтын каналдар, дренаж желілері және су бөлгіш гидротехникалық құрылыстар мен суғару жүйесінің баска да элементтері белгіленулері тиіс.

2. Әр каналдың су тасымалдайтын мүмкіндіктері мен пайдалы әсер коэффициенті (ПЭК) жөніндегі мәліметтер.

3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының алдағы жылға белгіленген құрамы және оларды танаптарға орналастыру жоспары.

4. Ауыл шаруашылығы дақылдарыныц суғару немесе гидромодульдің үйлестірілген графиктері бойынша белгіленген суғару мерзімдері мен нормалары.

Кез келген шаруашылықтың су пайдалану жоспарында суғару маусымының әр он күндігі бойынша суғарылатын жер ауданы, қажетті су көлемі мен оның ағу мөлшері және сушылар мен суғару техникалары саны көрсетіледі.

Шаруашылықтың су пайдалану жоспары төмендегідей үш бөлімнен тұруы керек:

1. Шаруашылықтың әр он күндікке есептелінген су алу жоспары. Оны суғарудың күнтізбелік жоспарын жасау аркылы дайындайды.

2. Әрбір танапка немесе ауыспалы егістікке су бөлудің жеделдетілген жоспар-графигі.

3. Шаруашылыктын суғару жүйесі кемшіліктерін жөндеу кестесі. Агрономдар, шаруашылық басшылары мен мамандары үшін суғарудың күндік жоспарын кұру әдісімен танысып оны игеріп алу өте кажетті мәселе.

Сондықтан, төменде суғардың күнтізбелік жоспарын кұрастыру әдістемесі кант қызылшасы ауыспалы егістігі мысалында беріліп отыр.

Дақылдардың гидромодульдері үйлестірілген графигі бойынша кабылданған суға суғару режимі кестеде келтірілген.

Осы мәліметтер негізінде суғарудың күнтізбелік графигін әзірлеу реті мен әдісі төмендегідей :

1. Әр он күндікте суғарылатын егістік ауданы ( Ғок ) анықталады:

Ғ0к = Ғ /Тт Тс; га

мүндағы: Ғ - белгілі бір дакыл алып жаткан танап ауданы, га;

Тт - белгілі бір танаптағы немесе егістіктегі суғару жүргізілетін күн немесе тәулік саны, күн немесе тәулік Тс - дақьшдың суғару кезеңі, күн немесе тәулік,

2. Әр он күндікте пайдаланылатын су мөлшері. Оны мына формула көмегімен есептейді:

Wо=Foк m/1000 , мың. м3/га

мүндағы: m - суғару нормасы брутто, м3/га

3. Әр он күндікте суғарылатын жердің ауыспалы егістік бойынша алғандағы жалпы мөлшері. Оны әр он күндікте суғарылатын жерлер аудандары косындысы ретінде табады:

∑Foк= Ғ1ок + Ғ2ок3ок+ ..... Ғnок , га;

Ғ1ок + Ғ2ок3ок -ауыспалы егістіктегі бірінші, екінші, үшінші дакыл суарылатын аудандары, га.

4. Әр он күндікте пайдаланылатын судын ауыспалы егістік бойынша жалпы мөлшері. Оны әр он күндіктегі суғаруға берілген су мөлшері косындысы ретінде табады :

5.

∑Woк= W1ок + W2ок +W3ок+ ..... Wnок

мұндағы: W1ок+ W2ок +W3ок - бірінші, екінші, үшінші дақылдарға он күндікте берілетін су мөлшері, мың м3

Ауыспалы егістікке қажет су мөлшері мына формулалар арқылы анықталады:

а/. Q = 1,16 х ∑Woк, л/с немесе Q = 1,05 х ∑Woк, л/с.

Алғашқы формула (а) он күндік ұзақтығы он күнге тен болғанда қолданылады, ал он бір күн болғанда келесі (ә) формула қолданылады

Бұл формулалар суғару тәулік бойына жүргізілетін жағдайға арналған, ал суғару тәулігінде тек 12 сағат жүргізілсе, судың ағу мөлшері 2 есе ұлғайтылады.

Каналдағы судың брутто шығынын былай есептейді:

Qбр = Qнт/nк, л/с

Су пайдалану жоспарын жүзеге асыру

Шаруашылықтың су пайдалану жоспарын жүзеге асыру каналдар торабын және гидротехника лық кұрылыстар мен суғару техникаларын жөндеп, дайындык сапына қоюдан басталады. Ол үшін ар найы комиссия суғару маусымы аякталысымен атқарылуы тиісті жөндеу жұмыстар тізімін әзірлейді. Осы жұмыстар барысында каналдын істен шыккан жерлерін жамайды немесе ауыстырады. Су тарат кыш инженерлік қүлақтар мен су өлшегіштерін жөндейді, олардың бұрандалы және үйкелісті тетікте рін майлайды, құдықтарын тазартады. Қажетті жөндеу және тазарту жұмыстары кәріз торабында да орындалады. Суғару техникалары да мүқият тазартылып және жөнделіп, дайындық сапына қойыла ды. Олар.дын кейбір осал бөлшектері мен тетіктері, кыс кезінде бұзылмас үшін маймен майланып, ар найы жабық орындарда сакталады.

Көктем шығысымен күзде және кыста басталған кейбір жөндеу және тазарту жұмыстары толык аяқталуы шарт. Қысқы сақтауға койылған бөлшектер мен тетіктер өз орындарына орнатылады. Су шығаратын және су бөлетін нүктелер (екі канал киылыскдн жерлер) су өлшейтін қондырғылармен жабдыкталады. Бүтан қоса арнайы инженерлік арна әзірленіп, онын, кабырғасына су тереңдігің аныктауға арналған шкала сызылтады.

Су пайдалану жоспарына өзгерістер енгізу. Өндіріс жағдайында, ауа-райы және басқа жағдай ларға байланысты, алдын-ала әзірленген су пайдалану жоспарына өзгерістер енгізу қажеттіліктері болып түрады. Мұндай өзгерістер суғару тиімділігін кемітпеу және судың ысырап болуына жол бермеу мақсаттарында жүргізіледі.

Төменде су пайдалану жоспарларына өзгерістер енгізу себептері беріледі:

-егістік ауданы мен оның күрамыньщ жоспарланған шамалары мен қүрамдарынан ауыткуы 10%-тен асқанда;

-ауа-райының, оның ішінде жауын-шашын мөлшерінің, болжанғанға қарағанда өте кдтгы ауыткуы байқалғанда;

-су көзіңдегі су корының күрт азаюы немесе артуы болғанда;

-суғару жүйесінде оның жүмысьша едәуір нүқсан келтіретін және су тасымалдауға кедергі келтіретін апат болған жағдайда.

Егер шаруашылыкка қажетті судың ағу мөлшері ауытқуы жоспарланған мөлшерінің 10%-інен аспаса, су беру мөлшерін кайта есептемейді. Тек жедел графиктерді әзірлегенде ескеріледі. Ал егер судың ағу мөлшері ауыткуы 10%-тен жоғары болса, су пайдалану жоспарына өзгеріс енгізіліп, су таратушы мекемемен (СЖБ; СПК) кайта келісіледі.

Көп жағдайда су пайдадану мөлшерінің өзгеруі су козіндегі су қоры азаюына байланысты болып тұрады. Сондыктан СЖБ су лимитінің өзгерулерін шаруашылықтарға мезгілімен хабарлап тұруға міндетті. Ол жөнінде өзара шартта жазылуы тиіс.

Су таратқыш каналға түсетін судың кенеттен азаюы байқалысымен, су пайдаланушылар арасын да арнайы кесте жасалады. Оган коса көзделген суғару нормаларын кемітеді, яғни егер суғару нормасы 800-900 м3 /га дейін азайтылады.

Арнайы су коймасы жоқ аудандарда жаздың бас кезінде, яғни судың барында: бірінші суғаруды белгіленген мерзімнен 3-6 күнге кешіктіріп, суғару нормасын 1,5 есеге дейін арттырып, жүргізуге де болады. Нәтижесінде екінші суды асыкпай төмен нормамен жүргізеді, Бірақ мұндай алқаптарда топырак астында болуы мүмкін тұзды су деңгейі 3 м төмен жатканы жөн.

Шаруашылық өз тарапынан, егер танапка түскен су мөлшері оның кажетті мөлшерінен кем немесе артык болса, су таратушы мекемелерге (СЖБ; СПК) хабарлағаны жөн.