І. Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1) Кун-фуцзыдың өмірі туралы баянда. Оны неге данышпан Кун деп атады?

2) Сыма Цянь туралы не білесің? Оның «Тарихи жазбалар» атты еңбегінің ерекшеліктері неде екен? Сыма Цяньды неге қытай тарихының атасы дейміз?

3) Қытайдағы жұлдызнамашылық пен географиялық білімдер туралы не білесіндер ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты.

2) Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі.

3) Б.з. б. XI – IX ғасырлардағы Грекия.

III.Жаңа сабақ.

Ежелгі Грекия Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жері – таулы жартасты. Онда жүзім мен зәйтүн ағаштары жақсы өскен. Балқан түбегін айнала теңіздер қоршап жатыр. Олар: Эгей, Иония және Жерорта теңіздері.

Табиғат жағдайына байланысты Грекия үш бөлікке – оңтүстік, орта және солтүстікке бөлінеді. Оңтүстік Грекияны – Пелопонес, ал орта Грекияны – Аттика аймағы деп атайды.

Теңіздерде аралдар көп. Олардың ең үлкені – Крит аралы.

Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі.Грекияда Крит-Ахей өркениеті б.з.б. 2000 жылдары қалыптасты.

Криттегі ең ірі қалалар Кносс пен Фест болды.

Археологиялық зерттеулер б.з.б. XV ғасырда Крит аралының солтүстік жағалауындағы Фера аралында орасан зор вулкан атқылағанын анықтады. Соның салдарынан Крит патшалығы күйреген.

Ахей мемлекеті оңтүстік Грекиядағы Пелопоннес аймағында орналасқан. Осы аймақта Крит мемлекетінен сәл кейін бірнеше ахейлік қала-мемлекеттер пайда болған. Олар Микены, Пилос, Тиринф және тағы басқалар. Микены ахейлік мемлекеттер ішіндегі ең ірі, әрі қуаттысы саналды.

Грекиялық мемлекеттер бір-бірімен жиі соғысып отырған. Ал кей жағдайда олар бірлесіп, басқа елдерге де басқыншылық соғыстар жүргізген. Б.з.б. 1200 жылы Микенының Агамемнон деген көсемі гректердің біріккен әскерін басқарып, Кіші Азия жеріндегі Троя қаласын басып алады. (Троя Кіші Азияның солтүстік батысындағы қала). Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары гректердің Троя жорығына арналған.

Б.з.б.XII ғасырда Балқан түбегіне үлкен қауіп төнген-ді. Бұл қауіп солтүстіктен оңтүстік түбекке гректердің жаңа тайпасы – дорийліктер шапқыншылығы салдарынан туған еді.

Б.з. б. XI – IX ғасырлардағы Грекия. Б.з.б. XI – IX ғасырларда ежелгі Грекия жерінде бірте-бірте алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құл иеленушілік құрылыстың белгілері пайда болды. Руластар арасында теңдік жойылды. Ру мүшелерінің кейбірі байып, ал кейбіреулері кедейленді.

Б.з.б. XI – IX ғасырларда гректердің негізгі кәсіптері мал және егін шаруашылығы болды. Аттиканың егіншілері арпа екті.

Грекияның орта және оңтүстік аймақтарында жүзім мен зәйтүн ағашын егу кең ӛріс алған. Зәйтүн ағаштарын өсіру қисапсыз еңбекті талап етті. Зәулім ағаш жемісін қолмен жинап отырған.

Грекияның төбе беткейлерінде жүзім егілді. Жүзім шырындарынан шарап жасаған. Грекияда б.з.б. XI ғасырдан бастап темір өңдей бастаған. Темірді өңдеумен бірге, әр түрлі темір құралдарын жасады. Темір құралдарын пайдалану нәтижесінде жер өңдеу ісі жеңілдеді. Астық егетін егіс көлемі ұлғайды.

Ежелгі гректер ағаштан кемелер жасаған.

ІV. Сабақты бекіту:

1) Табиғатына байланысты Грекия жерінің жіктелуін көрсету.

2) «Арыстандар қақпасы» дегеніміз не ? Қайда орналасқан ?

3) Г. Шлиман кім ? Ол немен айналысты ?

4) Фреска не ?

5) Темір өңдеушілік қандай өзгерістерді әкелді ?

6) Кеме жасау ісінің үлесі қандай ?

7) Грекияда қандай басқа қалалар болды ?

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: параграф 21, оқу, конспектілеу.

 

Сынып: 6 «а». Сабақ №:______25_____ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Афины мемлекеті. Грек-парсы соғысы. Грекияда Македония билігінің орнауы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ежелгі Грекиядағы қала-мемлекеттердің қалыптасуын және Афины мен Спартаның дамуы туралы түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың грек қалаларының әрқайсысының қоғамдық құрлысы мен мемлекет болып қалыптасуындағы ерекшеліктеріне назарын аудару;

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүйуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сөз, сұрақ - жауап, ауызша, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.