Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Тақырыбы: «Әскери мамандықтар»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу

Күні, айы, жылы: 03. 05. 2016 жыл

Мақсаты

Білімділік: Балаларды әскери мамандық түрлерімен таныстыру, әскери мамандықтар туралы жалпы білім беру.

Дамытушылық: Киімге, қару-жарақ, әскери техникаға қарап, әскери қызметтерді ажырата білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Әскери мамандықтарға қызығушылықтарын тудыру. Отан қорғаушыларға деген мақтаныш сезімдерін ояту.

Қостілділік компоненттер: Әскери- военный, ұшқыш- летчик, теңізші- моряк, жаяу әскер -пехота.

Көрнекілік құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Педагог балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады. «Ел қорғауға әзірміз» әнін орындау. М.Әлімбаев Балалар дөңгелене тұрып,әнді орындайды.
    Ұйымдастыру- іздестіру   Педагог Ш.Мәмбетовтың «Бейбіт өмір солдаты» өлеңін оқиды. Самолеті –қанаты Сүйсініңдер,қараңдар. Бейбіт өмір әскері- Менің ұшқыш ағам бар!   От жалындай қайратты Сүйсініңдер, қараңдар. Бейбіт өмір әскері- Менің танкист ағам бар.   Жауды ықтырар айбатты Сүйсініңдер, қараңдар. Бейбіт өмір әскері- Ер теңізші ағам бар. -Өлеңде не туралы айтылған?   -Қай әскер түрлерін білесіңдер?   Билингвальды компонент. Әскери- военный,ұшқыш- летчик,теңізші- моряк,жаяу әскер -пехота. -Балалар, біздің бүгінгі әңгімеміз әскери мамандықтар туралы болмақ.Тақтаға әртүрлі әскери киімдердегі адамдар бейнеленген суреттер ілінеді. -Ұлы Отан соғысы кезінде біздің көптеген әскери сарбаздарымыз ерлікпен шайқасып,неміс фашистерінен елімізді қорғап қалды.Майданда талай батыр аталарымыз бен апаларымыз өздерінің ержүректілігімен көзге түсіп,батыр атанды.Соғыс өрті тұтанбас үшін,біздің елімізді,жерімізді қорғайтын күшті,айбынды әскер керек.сендер еліміздің болашақ сарбаздарысыңдар. -Сендердің әскерде қызмет етіп жатқан туысқандарың бар ма?Танкист,ұшқыш,теңізшілердің суреттерін көрсетіп,олардың немен айналысатындарын түсіндіру. -сарбазды басқаратын адамды офицерлер деп атады.Офицерлерді арнайы оқу орындарында дайындайды.Біздің елімізде Бауыржан Момышұлы атындағы әскери колледж,Республикалық Ұландар академиясы,Әскери ұшқыштар академиясы,Әскери теңізшілер академиясында болашақ офицерлер оқып,білім алады. «Жерде,әуеде,суда»ойыны. Шарты:жерде,әуеде,суда қызмет ететін сарбаздардың және шекара бағанды,танк т.б. суреттері көрсетіледі.   -Өздерің қандай сарбаз болғыларың келеді? Сергіту сәті: Бір,екі,үш Бойға жинап күш! Отан қорғау жолында Сенде алға түс! Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.Жеке жұмыс жүргізу.     -Бейбіт өмір әскері туралы айтылған. -Ұшқыш,танкист,теңізші ағалар бар.   Суретке қарап,қайсысы ұшқыш,қайсысы танкист,қайсысы жаяу әскер екенін ажыратып айтады.   Балалар әскердегі ағалары ,әскери қызметтегі туысқандары (әкелері,аналары) жайлы әңгімелейді.Балалар педагогты мұқият тыңдайды,түсіндегендерін сұрайды.   Педагог «Жерде» деп танкистің суретін көрсетеді.Осы кезде балалалар аяқтарымен адымдайды. «Әуеде» деп ұшқыштың суретін көрсеткенде қолдарын жан-жаққа жайып,ұшқан сияқты болады. «Суда» деп кеменің суретін көрсеткен кезде қолдарымен малтығандай қимыл көрсетеді. Балалар жауап береді.     Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.     Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау: Сұрақ- жауап әдісі арқылы оқу іс- әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. Сұрақтарға жауап береді ,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: болашақта сарбаз болуға,Отан қорғауға ұмтылады.

Қандай түсініктерді игерді: Әскери мамандықтар түрлерімен танысады,олардың Отан қорғау қызметіндегі ерлігімен танысады;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: танкистер,ұшқыштар,теңізшілер туралы білетіндерін.

 

 

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: «Бақыттың түсі қандай?»

Бөлімдері: Валеология

Күні, айы, жылы: 17. 04. 2015 жыл

Мақсаты

Білімділік: Бақыттың түсі қандай екенін айтып, оны өз ойларымен таңдаған түстермен бояуды жалғастыру.

Дамытушылық: Бояу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Бір-бірін қуаныш сезіміне бөлей білуге тәрбиелеу.

Қостілдік компоненттер:

Көрнекілік құралдар:

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық    
    Ұйымдастыру- іздестіру      
  Рефлексивті- түзетушілік   Қортындылау:    

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

Қандай түсініктерді игерді:

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: