Агглютинциялық реакциялар

Жалпы серологиялық реакциялар дегенiмiз – антиген мен гомологты антидененiң in vitro әрекеттесуi.

Серологиялық әдiстер тек қана қан сарысуын ғана емес, сүттi, ағза экстрактыларын, ликвор, басқа да организм сұйықтарын зерттеуге кең түрде қолданылып келдi.

Малды жаппай серологиялық әдiстермен зерттеу арқылы инфекциялық аурулардың таралу деңгейiн, жасырын ауру малды анықтауға болады.

 

Серологиялық балау әдiстерiмен иммундыглобулин кластарын (Ig, IgM) зерттеу арқылы инфекциялық процестiң динамикасын анықтауға болады. Аурудың бастапқы сатысында IgM антиденелер анықталады.

 

Серологиялық реакциялар жай, күрделi, бiр, екi, үш және т.с.с. компоненттi, антиген немесе антидене анықтауға қолданылатын немесе лизистенуi, нейтрализациялануы, тұнбаға түсуi бойынша топтарға бөлiнедi.

Серологиялық реакциялардың түрлi феномендерде байқалу механизм-дерi Т.С.Сайдулдиннiң "Основы серологии" (1991) монографиясында көрсетiлген.

 

 

Серологиялық реакциялар классификациясы және олардың жұқпалы аурулардың балауында қолданылуы

Иммунологияда серологиялық реакциялардың бiрнеше классифи-кациясы ұсынылған (М.И.Леви, 1961; Б.М.Никитин, 1974, 1977; Сайдулдин Т.С., 1992).

Қазiргi серологияның жетiстiгi – компоненттерi таңбаланған реакция-лардың жұқпалы аурулардың балауында кең түрде қолданылуы. Антигенге немесе иммунды глобулиндерге тиiстi ферменттердiң қосылуы серологияны жаңа жұқпалы ауруларды балауда тиiмдiлiгi жоғары – иммунды ферменттi талдау әдiсiмен қаруландырды.

Серологиялық реакциялардың классификациясы (Т.С.Сайдулдин бойынша)

Реакция Қосымша факторларсыз Қосымша факторлармен  
компонент-          
Тiк Лимиттелген Тiк Лимиттелген  
терi  
         
           
Нативтi Агглютинация, Гемагглютина- Бактериолиз, Комплементтi  
  преципитация цияны тежеу, гемолиз, лейко- байланыстыру,  
    гемагглютина- цитолиз, лим- Сайдулдин  
    цияны басу, фацитолиз, тiк реакциясы,  
    преципитацияны конглютинация, иммунды ке-  
    басу Кумбс, Роза- шендi агрегат-  
      Ваалера тау, т.б.  
      реакциялары    
Тасымал- Тiк гемагглю- Антигендi ней- Эритроцит ан- Адсорбталған  
даушыда тинация, латекс трализациялау, тиген мен ан- антигендi қол-  
адсорбция- агглютинация, антидененi ней- тиглобулин дану арқылы  
ланған коагглютинация, трализациялау, реакциясы, аралас антиглобулиндi  
  дерматол латекс агглюти- антиглобулин жұмсау, аралас  
  антигендi аг- нацияны басу реакциясы, аралас гемадсорбцияны  
  глютинациялау   гемадсорбция басу  
      Жанама және Жанама және  
Компо- Тiк иммунды Тiк иммуно- антикомплемен- антикомпле-  
нентi флюоресценция, флюоресцен- тарлы иммун- ментарлы  
таңба- бiрэтапты цияны өшiру, дыфлюорес- иммундыфлю-  
ланған радиоизотопты радиоавтогра- ценция, екi- оресценцияны  
  преципитация фияны басу этапты преци- өшiру,екi этапты  
      питация, им- радиоизотопты  
      мунды ферменттi преципитацияны  
      талдау басу  

 

 

Ауру организмнен микробты бөліп шығарған кезде олардың ауру тудырғанын дәләлдеу үшін гипериммунизацияланған диагностикалық иммунды сарысуды колданады. Бұл тәсіл серологиялық идентификациялаудеп аталады.

Микробиологияда және иммунологияда агглютинациялық, преципитациялық, бейтараптау, комплемент байланыстыру, таңбаланған антидене мен антигендер арқылы жүретін (радиоиммундық, иммундыферменттік, иммундыфлюоресценттік) реакциялар өте кең колданылады. Олар бірінен бірі жүргізу техникасымен, соңғы көрінісімен ажыратылады. Бірақ, олардың барлығының негізінде антиген мен антидененің өзара байланысуы болады, және де олар антиденені, не болмаса антигенді анықтау үшін пайдаланылады. Иммунды реакциялар жоғары сезімталды және спецификалы.

Агглютинциялық реакциялар

Агглютинациялық реакция – АР( лат.agglutinatio – желімдеу) корпускулалық (бактериялар, эритроциттер, не басқа жасушалар, сонымен

қатар макромолекулалық агрегаттар) антигендерді антиденелермен байланыстыру арқылы өтетін қарапайым реакция.

АР-дың бірнеше нұсқасы қолданылады: жайылма, болжамдау, жанама және т.б. Агглютинациялық реакцияның нәтижесі оң болған кезде көрінетін тұнба пайда болады.

АР-ды пайдаланудың мақсаттары:

аурудың қан сарсуындағы антиденені анықтау үшін. Мысалы, сарыпта (Райт, Хеддельсон реакциялары), іш сүзегінде (Видаль реакциясы) және тағы басқа жұқпалы ауру түрлерінде;

аурудан бөлініп шығарылған қоздырғыштың түрін анықтауға;

эритроциттердің аллоантигеніне қарсы моноклоналды антиденелерді қолдану арқылы қанның қай топқа жататынын анықтау үшін.

Ауруда антидене бар екенін анықтау үшін агглютинация реакциясының жайылған түрін қояды: сарсудың әртүрлі ерітіндісіне диагностикум ( физиологиялық ерітіндідегі өлтірілген микробтар ) қосылады, термостатқа +37˚ С -та бірнеше сағаттқа қойылғаннан кейін ең жоғарғы сұйылтуда пайда болған тұнбаны байқайды (сарсудың титрі).

Жгутиктік-Н(7), капсулалық-К(2), микроб қабықшасының –О(3) антигендері

 

 


 

Тұмау вирусының антигендері

 

 

Агглютинацияның сипаты және шапшаңдығы антигенмен антидененің түріне байланысты. Мысал ретінде О –диагностикум мен (О-антиген) Н-диагностикумді ( Н-антиген) келтіруге болады. О диагностикумымен агглютинация (өлтірілген микробтардың жасушасы) ұсақ дәнді тұнба ретінде болса, ал Н –диагностикумымен ( талщықты антигендері бар) ірі дәнді, жапалақтаған түрде тұнба береді.

Егерде аурудан алынған микробтардың түрін анықтау қажет болса,онда агглютинация реакциясының болжау түрін қояды. Реакция зат шынысының бетінде қойылады. Реакцияның нәтижесі оң болған кезде, реакцияның жайылған түрін қояды.

Туыстығы бар әртүрлі микробтар агглютинациалық сарсудың бір түрімен агглютинацияға түсуі мүмкін. Ол көрініс микробтардың қай түрге жататындығының дәлелдеудін қыйындатады. Сондықтан, сарысуды қайшылас агглютинация беретін антиденелерден тазартады. Ондай сарысулар адсорбталған (тазартылған) агглютинациялық сарысу деп аталады. Ондай сарысудың тек қана микробтың бір дарасына қарай бағытталған өзіндік антиденелері болады. Агглютинациялық монорецепторлық диагностикалық сарысуды алу тәсілін 1902 жылы А.Кастеллани ұсынған.

 

Жанама гемагглютинациялық реакция (ЖГАР). Реакцияның принципі антигенмен антидене қондырған эритроциттерді, не латексті қолдануға негізделген. Олар сарысудағы антигендермен не антиденелермен өзара қатынасқанда бірімен бірі жабысып пробиркада ирекшетті көріністі тұнба түседі. Реакцияның нәтижесі теріс болған кезде «түйме» тәрізді тұнба болады. Әдетте бұл реакцияны эритроциттерге қондырған антигендер арқылы сарсудағы антденелерді анықтайды. Реакция керісінше вариант түрінде қолданылуы мүмкін, яғни эритроциттерге қондырылған антиденелермен антигенді анықтайды, бірақ бұл вариант сирек қолданылады. Аталған вариант «керісінше гемагглютинациялық реакция» деп аталады (КГАР). КГАР–ды жұқпалы аурудың диагнозын қою үшін, адам ағзасының гормондарға, дәріге сезімталдығын анықтау үшін тағы басқа жағдайларды дәлелдеуге қолданады.