Когортты зерттеудің жағдай мен бақылау зерттеу түрінен айырмашылығы неде?

Когорттық зерттеу Жағдай бақылау
Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтаудан басталады. Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтау міндетті емес
Оқиға іріктелмейді, үздіксіз бақылаудың нәтижесінде анықталады. Оқиғаны пациенттердің арасынан зерттеуші өзі таңдап алады
Бақылау тобы іріктелмейді, табиғи жолмен құрастырылады Тәжірибе тобына ұқсас бақылау тобы іріктеліп алынады
Әсер ететін фактор ауру пайда болғанға дейін бағаланады. Әсер ететін фактор ауру пайда болғаннан кейін бағаланады. (өткенді еске түсіру)
Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланады   Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланбайды, оны тек қана мүмкіндікке (шанс) байланысты бағалауға болады.    
проспективті ретроспективті

 

Когорттық зерттеу- анализдік(сараптау) проспективті зерттеулерге жатады. Себептің және қауіп факторының аурудың болжамымен байланысын зерттейді. Қауіп факторы- аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар.Мысалы: АГ ауруының қауіп факторлары-гиподинамия, гиперхолестеринемия, тұқымқуалаушылық, шылым шегу т.б.

2 топ алынады:

а) қауіп факторы әсер еткен топ

б) ) қауіп факторы әсер етпеген топ

Осы 2 топ ұзақ уақыт бойы зерттеледі және алынған мәліметтер салыстырылады(зерттелетін нәтиже бойынша) Ол үшін қажетті ақпараттар күні бұрын анықталып, толық көлемде жиналады.Сосын зерттелетін қауіп факторының туындайтын нәтижемен(аурумен) қандай байланысы бар екені анықталады. Классикалық когорттық зерттеу үшін әр түрлі қауіп факторы әсер ететін 2 немесе одан да көп когорта іріктеліп алынады,бірнеше жыл бойы зерттеліп, жаңа клиникалық нәтижелер анықталады.

 

Артықшылығы:

 

-Когорта – қандай да бір жалпы белгілерімен біріктірілген топ. (мысалы сау немесе аурудың белгілі бір сатысындағы адамдар)

-Үздіксіз бақылау процесінің қай жартысында ауру дамығаны анықталады

-Зерттеудің басында қорытынды белгісіз болады

-Қауіп факторының әсеріне душар болғандардың ағымын проспективті зерттейді

-Қорытындыны бағалау үшін көптеген жылдар бойы бақылау қажет

-«Жағдай-бақылау» зерттеуімен салыстырғанда қымбатырақ

-Уақыт ағымы бойынша өзгерістерді бақылауға болады

-Бір фактордың әсеріне байланысты бірнеше қорытынды алуға болады

-Бір нәтижеге әсер ететін бірнеше факторларды анықтауға болады.

-Зерттеудің мақсатын анықтайтын сұрақ қарапайым.Мысалы:б елгілі бір фактордың әсеріне душар болғандар ауыруы мүмкін бе?

-Нәтижесі белгілі болғанда туындайтын жүйелі қатені болдыртпайды

 

Кемшіліктері:

-Көп уақытты қажет етеді

-Сирек кездесетін ауруларға арналмаған

-Когорттық зерттеудің негізгі кемшілігі – сирек қорытындыларды зерттеу үшін үлкен топтарды ұзақ уақыт бойы бақылау керек

-Қаражатты көп қажет етеді

-100% бақылау мүмкін болмайды,өйткені уақыт өткен сайын зерттелетін фактордың әсері мен сипаты өзгеруі мүмкін.

 

Когорттық зерттеу Жағдай бақылау
Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтаудан басталады. Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтау міндетті емес
Оқиға іріктелмейді, үздіксіз бақылаудың нәтижесінде анықталады. Оқиғаны пациенттердің арасынан зерттеуші өзі таңдап алады
Бақылау тобы іріктелмейді, табиғи жолмен құрастырылады Тәжірибе тобына ұқсас бақылау тобы іріктеліп алынады
Әсер ететін фактор ауру пайда болғанға дейін бағаланады. Әсер ететін фактор ауру пайда болғаннан кейін бағаланады. (өткенді еске түсіру)
Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланады   Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланбайды, оны тек қана мүмкіндікке (шанс) байланысты бағалауға болады.    
проспективті ретроспективті

 

Ылыми мақалаларды талдау және сынай бағалау қандай негізгі принциптерге негізделеді?

Ке-шешесі темекі шегетін жанұяда жылына бала бірнеше рет пневмониямен ауырған. Шешесі дәрігерге келіп сұрайды: «Мүмкін баланың пневмониямен ауыратынына біздің темекі шегетініміз әсер етеді ме?». Дәрігер бұл сұраққа жауапты деректер базасына жүгініп іздейді. Бұл мәселенің жауабын табу үшін РІСО формуласы бойынша клиникалық сұрақ құрастырыңыз.

Жастағы пациент баскетбол ойнағанда травма алып, жедел жәрдем бөлімшесіне келеді. Дәрігер пациентті қарап, оған инверсиялық созылу диагнозын қояды. Дәрігер аяқты орап, тұрақтандырып, ісік пен ауру сезімі кеткенше балдақпен жүруге нұсқау береді. Пациент дәрігерге оның досымен сондай жағдай болғанда, оны орамай және тұрақтандырмай, физиотерапияға жіберді деп айтады. Пациент қандай емдеу шарасы жақсы болады деп сұрайды. Дәрігер деректер базасынан ақпарат іздей бастайды. Бұл мәселенің жауабын табу үшін РІСО формуласы бойынша клиникалық сұрақ құрастырыңыз.

Елу жастағы ер адам баспалдақтан құлап, басын ұрған. Оның көңілі және ориентациясы жақсы. Бірақ ол кісі жақында журналдан боксерлердің жиі бас травмаларын алғаннан кейін Паркинсон ауруының қаупі жоғары туралы мақала оқыды. Енді ол адам құлағаннан кейін алған травмасы бұл аурудың қаупін жағарлатады деп уайымдап жатыр. PICO конструкциясын қолданып, әдеби іздеу үшін клиникалық сұрақ құрастырыңыз.