Дайындамалар туралы негізгі түсінік және олардың сипаттамалары.

Ндірістің түрлері және олардың өндірістік ұйымдастыру сипаттамалары.

Даналық,сериялық және массалық өндіріс. Өндірісітік және технологиялық

процестер.Өндірістік аудан,өндірістік цикл, технологиялық операция, технологиялық жабдық,технологиялық әбзел.Өндірірістік технологиялық дайындаудың бірлік жүйесі (ӨТДБЖ)

Даналық, сериялық өндіріске дайындама ретінде ыстық аунамды илемді,

қалыптарда құйылған құиманы, соғылып алатын соғылманы алған тиімді болады.

Бұл келесі орындалатын механикалық өңдеулердің көлемін өсіріп, еңбек

өнімділігін жоғарылатуға септігін тигізді.

Ірі сериялы немесе жалпы көп мөлшерде өндірісте ыстық көлемді қалыптауды, темірқорамға құйылған, қабықшалы қалыпта, қысыммен, еріткіш модельдерде өндірілген дайындамаларды пайдалану тиімді болады.

Бұл тәсілдерді қолдану әдіптерді азайтып, бөлшектерді жасаудағы еңбек

сиымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақыттағы металлургиялық өндіріс руда, кокс көмірін, энергетикалық кешендерге шоғырланған әр түрлі өндірістердің кешенін құрайды.Ондай кешен төмендегі салалардан құралуы мүмкін:

–руда мен тас көмір өндіретін шахталар мен карьерлер;

–кенді байытып, оларды ерітуге дайындайтын, кен

-байыту комбинаттары;

–коксхимиялық зауыттары (көмірді дайындау, оларды кокстеу және олардан

пайдалы химиялық өнімдерді бөліп алатын);

–сығылған ауа өндіретін энергети калық цехтар

(доменді пештерді үрлеу үшін),

оттегі, металлургиялық газдарды тазалау;

–ферроқорытпалар мен шойынды ерітуге арналған доменді цехтар немесе темір рудаларын өндіретін цехтар;

–ферроқортпаларын өндіретін зауыттар;

–болат еріту цехтары(конвертерлі, мартен, электрболат еріту);

–илем цехтары.

Негізгі өнімі қара металл:

–шойындар:

қайта өңделетін, қайта болатқа өңдеу үшін,

және құйғыш, фасонды құймаларды өндіруге арналған;

–темір рудалы металданға болат ерітіп алуға арналған өнімлер;

–ферроқорытпалар

(құрамында марганец, кремний, титан және т.б. бар темір қорытпалары)

легірленген болаттарға арналған;

–илем өндіруге арналған болат құймакесектері;

–ірі соғылмалы біліктерді, дисктерді өндіруге арналған болат құйма кесектері; ургияның негізгі өнімдері:

–илем өндіруге арналған түрлі

-түсті металл құймакесектері;

–машина жасау зауыттарында құймалар құюға арналған құйма кесектер;

–лигатурлер

–легірленген күрделі қортпалар өндіруге арналған құрамында легірлейтін элементтері бар түрлі

-түсті металл қортпалары;

–прибор құрастыру мен электртехникаларына арналған таза және аса таза

металдардың құйма кесектері.

 

Дәріс 2

Дайындамалар туралы негізгі түсінік және олардың сипаттамалары.

 

Дайындамалар туралы негізгі түсінік және олардың сипаттамалары.Механика

лық өндеуге әдіптер,кенермелер мен операциялық өлшемдер. Дайындамаларды өндіруде қолданылатын конструкциялық материалдар. Дайындамаларды жасауда оларды жобалау барысындағы технологиялықты қамтамасыз ету.

Машина жасауда дайындаманы өндірудің келесі тісілдері

қолданылады: құю, металдарды қысыммен өңдеу, пісіру және осы тәсілдердің біріккен тәсілі.Әр тәсіл дайындама өндірудің бірнеше әдістерінен тұрады.

Тәсіл

–негізінде пішін қалыптастырудың бірлік принципі жатқан, технологиялық процестердің тобы.

Құю–дайындаманы ішкі қуысы дайындама пішіндес болып келетін құйма

қалыбына химиялық құрамы талапқа сәйкес ерітілген металды құю арқылы алу.

Қысыммен өңдеу–металдың пішін өзгерту пластикалық қасиетіне негізделген

технологиялық процестер.

Пісіру–қосылатын дайынд амалардың бөлшектерін атомды

-молекулалық байланыстыру нәтижесінде металдар мпен қорытпаларды ажырамайтын біріктіруді алудың технологиялық процесі.

Тәсілді таңдауда бірінші кезекте материалға және бұйымның қызмет ету қасиеті

негізінде қарастыру қажет.

Дайындаманы алу тәсілін таңдау аса жауапты процестердің бірі.

Дайындаманы алу тәсілін таңдауда негізінен тиімділігіне, бөлшектің сапасы

қамтамасыз етілуіне, өнімділікке және жасауда аса қиын болмаыйн қарастыру керек.

Аз сериялы немесе даналық өндірісте дайындама ретінде ыстық аунамды илемді, қалыптарда құйылған құиманы, соғылып жасалатын соғылманы алған тиімді болады.

Бұл келесі орындалатын механикалық өңдеулердің көлемін өсіріп, еңбек

өнімділігін жоғарылатуға септігін тигізді. Ірі сериялы немесе жалпы көп

мөлшерде(массалық) өндірісте ыстық көлемді қалыптауды, темірқорамға құйылған, қабықшалы қалыпта қысыммен еріткіш модельдерде өндірілген дайындамаларды пайдалану тиімді болады.

 

Бұл тәсілдерді қолдану әдіптерді азайтып, бөлшектерді жасаудағы еңбек

сиымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Пішін беру процестерінің дәлдігін арттыру, неғұрлым дәл және прогрессивті

тәсілдерді таңдау өндірістің техникалық деңгейін жоғарылатуға мүмкндік береді.