Дәріс 4. Құйылма дайындамаларды жобалау және өндіру.

Құйылма дайындамаларды өндіруде жиі қолданылатын тәсілдің қысқаша сипаттамалары. Қолданылатын құю қорытпалары. Қорытпаларды құю қасиеттері.

Механикалық қасиеттері.Құйылған дайындаманы жобалау.Механикалық өндеуге әдіптер және оларды тағайындау тәртібі. Құйылған дайындаманы термиялық өндеу.

Дайындама өндірісінде технологиялық процестерді таңдау құйма пішінен тәуелді болып келеді. Сондықтан, құйманың технологиялық процесін жоспарлау, құйма қалыптарын жасау тәсілдерін таңдаудан басталады.

Қ ұ й м а н ы ң к о нс т р у к ц и я с ы н а қ о й ы л а тын т е х но л о г и я л ы қ т а л а п т а р .

Құйманың технологиялылығы туралы жалпы түсінік. Құю цехтарындағы алынатын өнімнің ақаулары негізінен құю технологиясының дұрыс болмауы мен құйма конструкциясының, технологиялықтылығы еместігінен болады.

Құйма технологиясы жасалғанда қорытпаның құйылу қасиеттері, үлгі

комплектісінің, қалптың, және өзекшенің жасалу технологиясы, құйманы ажырату, тазарту технологиясы ескеріледі.

Құйманың саны, өзіндік құны, жұмыс жағдайына байланысты өндіріс түрін

белгілейді. Қолданылатын құю тәсілдері құйманың құнына ғана емес, оның сапасын арттыруға байланысты талаптарға сәйкес келеді.

Құйма жасау тәсілдерінің таптастырылуы және құю қалыптарының түрлері.

Құйма өндіру тәсілдерінің классификациясы. Қазіргі кездегі құю өндірісінің құйма өндіру тәсілдерінің мынадай түрлері бар: 1/ құм

-балшық қалыптарды қолымен немесе машинамен қалыптау; 2/ металл қалыпқа құю /кокильді құю/; 3/ қысыммен құю; 4/балқығыш үлгілер бойынша құю; 5/ қабыршақты қалыптарға құю; 6/ центрден тепкіш машинамен құю; 7/төменгі қысыммен құю; 8/ вакуумды сорғызу арқылы; 9/ сығыммен құю; 10/ сұйық штамтау арқылы; 11/ газға айналатын үлгілер арқасында құю т.б.

Құйма қалыптарының түрлері. Құйма өндіру үшін әр трлі құю қалыптарын

пайдаланады. Олар бір немесе бірнеше рет пайдалануына, құюдың алдындағы күйіне және жасалу технологиясына қарай әр түрлі болып келеді. Бір рет пайдаланылатын қалыптар құм-балшық, құм-шайыр қоспаларынан жасалып

тек бір ғана құйма өндіру үшін қолданылады.

Бірнеше рет пайдаланылатын алмалы-салмалы алыптарды шамот, асбест, алебастр, цемент және басқа да отқа төзімді материалдардан жасады. Мұндай қалыптар ондаған және жүздеген құймаларды өндіруге жарайды. Бұл әдісте қо

рытпа құйылған соң құйма қатайғаннан кейін оны қалыптардан ажыратып, дайын құйманы шығарып қалыпты қайта жөндеп, құрастырып келесі қюға дайындайды. Бір рет пайдваланылатын қалыптар туралы жалпы түсінік. Қазіргі кезде өндірілетін құймалардың 75% ке жуығы бір рет пайдаланылатын қалыптарда жасалады. Құю қалпы бір-екі жартыдан тұрады. Қуыс құймаға ұқсас пішіні екі жарты қаылыптың қабырғаларымен және өзекшемен шектелген. Сұйық металды қаыпқа құю үшін құю жүйесінің тік және көлденең арналары жасалады. Үлгі комплектісінің құрамы мен қолданылуы. Үлгі комплектісінің құрамына мыналар кіреді: 1/ болашақ құйманың үлгісі; 2/өзекше жәшіктері (егер құйманың қуыстары және тесіктері болса); 3/ құю жүйесінің үлгілері; 4/ қалыпты жасағанда керек үлгі астына қоятын тақта немесе машинамен қалыпты жасағанда үлгі астындағы поита; 5/ өзекшені

кептіруге қажет аспап драйер ; 6/ өзекшенің пішінінің дұрыстығын тексеретін шаблон. Үлгі комплектісіне қойылатын талаптар: құйманың шегу мен механикалық өндеу әдістерін есептегендве оның пішіні мен мөлшеріне сәйкес

болуы; бірнеші рет қайталап пайдаланғанда мөлшерін өзгертпеуі; конструкция

сы қалыпты істеуге жеке үлгі немесе өзекшені шығаруға қолайлы болуы; жеңіл және қымбат болмауы қажет. Металл үлгі комплектілер ондаған және жүздеген мың қалыпты жасауға шыдайды және ағаш үлгімен алынатын құймалардың пішіндеріме мөлшерлерінің дәлдігі мен беттерінің кедір-бұдырлығынынан әлдеқайда жоғары болады.

Қ ұ ю д ы ң е р е к ш е т ү р л е р і.

Жасалатын машиналардың сапасына қойылатын мол талаптарға және метелды үнемдеу мақсатына байланысты маширна конструкциялапры мен детальдары-

ның салмағын азайту және құйма дайындамаларының пішіндерінің, мөлшер-

лерінің дәлдігін, беттерінің кедір-бұдырлығын жақсарту үшін балқыған метал-

дықалыпқа құюдың ерекше түрлері кеңінен қолданылуда. Осы кездегі құю тәсілінің көптеген кемшіліктерін: дәлділігінің төменідігін; құйманың таза болмауын; механикаық өңдеуге әдіптің көп қалуын; структурвсның ір дәнді болучн жою мақсатында құюдың ерекше түрлерінің маңызы бар. Құюдың

арнаулы түрлеріне кокильді /металл қалыпта/, үлкен қысыммен, центрден тепкіш машинамен, балқығыш үлгілер бойынша, қабықыты қалыптарға құю және п мұнда қаралмайтын /вакууммен сорғызу, сызу, сұйық штамтау т.б./ жатады.