Тақырып . Тұрғын жайда болуы мүмкін қауып-қатер – 1 сағат

Дәріс жоспары:

1. Микроклиматтың денсаулыққа тигізетін әсері.

2. Үй шаруашылығында қолданылатын электр және т.б. қондырғылардың денсаулыққа тигізетінәсері.

 

Біздің пәтер-үйлеріміз жергілікті табиғи ауа райына қарағанда адамға қолайлы жасанды жолымен микроклимат жасауға арналады. Пәтер-үйлердің ішіндегі микроклимат адам денесіне әсеріп тигізіп, оның қөңіл күйі мен денсаулығына ықпал жасайды. Микроклиматтың негізгі компаненттеріне ауаның температурасы, дымқылдығы және жылжымалылығы жатады. СН и П-ке (кұрылыс салу нормалары мен ережелері) сәйкес тұрғын бөлмелерінің ауа t +18 –так, ал бұрыштағы бөлмелерде +20 – так кем болмау керек. Сонымен бірге ауаның салыстырмалы дымқылдығы 30 %-тек 60 % -ке дейін шайқалып, жылжымалылығы секундіне 0,1-деп 0,15 м дейін ғана болу керек.

Тұрғын үйлердің ауасының дымқылдығы көтеріліп кеткенде кісілердің денсаулығы нашарлайды, кейбір созылмалы аурулар асқына бастайды.

От жағатын мезгілде бір орталықтан жылытушы бар үйлердің ауасының салыстырмалы дымқылдығы өте төмендейді, осымен байланысты тұрғын адамдардың тамағы құрғап қышиды, мұрыннан қан кету мүмкіндігі туады. Ауаның салыстырмалы дымқылдығын жоғарлату үшін үй ішінде жылыту батареяларына іліп немесе қасына қойып, суы бар буландырғыш ыдыстарын қолданған жөн.

Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттігін сақтауында жарықтың мәні зор. Жарық түсіру жақсы болғанда көз талмайды, тұрмыс ортасының заттары тез танылады сонымен қатар адамның жақсы көңіл күйі сақталады.

Жарық көзін орынды таңдауының гигиеналық маңызы зор. Үй ішіндегі жұмыстардың көпшілігіне табиғи күндізгі жарық ең жақсы болып табылады. Сондықтан табиғи жарық түсіру әрқашанда жақсы болу үшін терезе әйнектер азалығын байқап сақтау керек. Ал табиғи жарық түсіру жетіспегенде онымен қоса жасанды жарық түсіруді қолданған жөн болады. Бұл үшін электр лампыларының екі түрін: қызу шамдарын және жарқырау (кесон) қолданады. Үй ішіндегі көру қызметтерін жүргізуге көбінесе қызу тендарын қойған шырақтар жарайды.

Үй шаруашылығында әртүрлі машиналары, аппараттары және аспаптары (кір жуатын машиналар, электр плиталары, тоңызытқыштар, телевизорлар, электр каминдері, үтіктері және т.б. ) 220в электр жүйесінен жабдықталып қолданылады.

Пәтер-үй ішіндегі және қора ішіндегі электр сымдары мен қондырғыларын пайдалану жоғары қауіп-қатер жағдайларында істелетін жұмыстарға жатады. Адам өз басымен электр тоғын айырып таба алмайды, өйткені оны табатын арнайы сезімталдық органдары жоқ. Электр энергиясының зұлымдық ерекшелігі оның көрінбейтігінде, және түссіздігінде тұрып ерекшеленеді.

Адам электр тоғы өтетін тізбекке қосылғанда оны электр тоғы кенеттен ұрады. Қауіпті жағдай адам бір жағынан изоляциясыз тоғы бар сымға қосылып денесінің басқа, жері жерге немесе жерге қосылған металл заттарға тиіп тұрғанда туады. Қауіпті жағдай өте кеш анықталып электр тоғының соғуынан сақтандыру мүмкдігі болмайды. Электр тоғының тағыда бір қасиеті сол денеге тиген жерінің ткандерін зақымдап қана емес адам денесінде өзінің өткен жолы бойын зақымдап өтеді.

Электр тоғының зақымдау ауыртпалығы факторлар қатарымен байланысты болады, олардың ішіңде ең маңыздылары: адам денесінен өткен тоқытың күші оның жиілілігі мен әсер еткен мерзімнің ұзақтылығы, тоқтың денеден өту жолы, адам организімінің дара ерекшелігі электр қондырығы пайдаланған бөлменің күйе, тоқ өтіп жаптқан заттармен адам денестінің түйісу көлемі.

Электрожарақат болған жағдайдаға бірінші көмек – күйзелгенді есінен болып тыныс алып жатса оны бүкіл киімін ағытып-босатып, үстіне жылы одеял немесе бүркеп дәрігерлер келгенше жайлы жерге жатқызып, тұрғызбай, бір орында ұстау керек.

Күйзелген адам ессіз болып, тынысы оғал жағдайда жасанды демалғызып, жүрегінің сыртынан массаж жасау керек.

Газ плиталары ас үйлерінің көпшілігінің тиісті бұйымы болып тағам даярлауын жеңілдетіп және тездетіп біздің өмірімізде мықты орын алды. Бірақ бұл плиталардың маңызы кемшілігі бар: газ жанғанда оның толық жанбаған өнімдері (көміртек тотығы, күкіртті қоспалар және басқалары), сонымен бірге жанғанда пайда болатын жанама өнімдері ауаға тарап қосылады. Бұл заттарды үздіксіз деммен ішке тарту кісілерге жағымсыз әсерін тигізеді. Газдың толық жанбаған өнімдерінің әсеріне балалар, науқас адамдар және қариялар аса сезімтал болады. Сондықтан балалардың ас үйде ұзақ уақыт болуына (сабақ дайындау) рұқсат бермеу керек.

Кәзіргі үй тазалау мен дезинфекцияға, едеңдер мен үй жиһаздарын, автомобилдер мен мотоциклерді күтуге, насекомдар мен кеміргіштермен күресуге, өсімдіктер мен ағаштарды «қоректендіру» үшін арналған тұрмыс химиялық қосындылары әр түрлі адам өміріне зиянын тигізуде.

Дұрыс қолданылғанда тұрмыс химиясының барлық препараттары қауіпсіз демек, сол бір мезгілде әбден қауіпсіз химиялық қоспалар жалпы алғанда болмайды деп еркін сендіруге болады.

 

Негізгі әдебиеттер [9, 10,12,15,18]

Қосымша эдебиеттер:[31,34,37]