Жалпы мағлұматтар

1. Сапа менеджменті жүйесі стандарттары

2. ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті негізгі ережелері

Ерте заманнан бері өнім сапасының көптеген стандарттары болған. Ол стандарттарды өнімнің нақты түрлеріне талаптар көрсетілген. Сапа жүйесі стандартты салыстырмалы түрде жаңа. АҚШ-тың MIL-Q-9858 және MIL-1-4528 қорғаныстық стандарттары сапа жүйесінің тарихи тұрғыда алғашқы стандарттары болды, одан кейін Ұлыбританияның 05-21 сериялы қорғаныстық стандарттары шықты, кейін олар АQAP (сапаны қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен материалдар) стандарттармен алмастырылды 05-21 және BS сериялы стандарттары арасында тікелей тарихи байланыс бар, ал 9000 сериялы ИСО стандарттың алғашқы басылымы BS 5750 стандартына негізделген.

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылады. Халықаралық стандарттарды көбінесе ИСО-ның техникалық комиттеттері әзірлейді.

9000 сериялы ИСО стандарты - сапа жүйесі стандартының қазіргі кездегі жалғыз стандарты емес. Басқа да көптеген стандарттар бар. Сапа жүйесі стандартының мынадай жолмен классификациялауға болады:

· өнімге қатысты сапа жүйесі стандарты;

· өндіске қатысты сапа жүйесі стандарты;

· сапа жүйесі стандарты.

Өнімге қатысты сапа жүйесі стандарттары өнімнің нақтылы түрлеріне қатысты талаптардан тұрады. Өндіріске қатысты стандарттар нақтылы сала үшін сапаны қамтамасыз ету моделін ұсынады. AQAP - НАТО қорғаныстық стандарты АРI - мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін жабдықтар стандарты немесе «Дженерал Моторз», «Форд моторз» және «Крайслер» компаниялары бірлесіп жасаған, автомобиль өнеркәсібі үшін сапа жүйесі талаптарынан тұратын QS 9000 стандарты оған мысал бола алады.

ИСО 9000 сериялы стандарттар және олардан тараған ұлттық стандарттар әмбебап сипаттағы сапа жүйесінің стандарттары болып табылады. Бұл олардың өнімнің сипатына қарамастан іс жүзінде кез-келген салада қолданылуы мүмкін екендігін білдіреді.

2000ж ИСО/ТК176 техникалық комитеті ИСО 8402 толығымен ауыстырып және оны жоққа шығарған «Сапа менеджменті және сапаны қамтамасыз ету» стандартын әзірледі.

ISO 9000 сериялы стандарттар талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі әлемде барынша белгілі және танымал. Осы стандарттың алғашқы нұсқасы 1987 жылы қабылданған болатын, осы уақыттан бері ISO 9000 сериялы стандарттар сапа менеджменті жүйесіндегі әлемдегі ең енгізілетін стандарт.

Халықаралық стандарттардың прогресті сипатын, олардың халықаралық нарыққа шығуындағы реттеуші рөлін ескеріп, ИСО 9000, ИСО 9001, ИСО 9004 стандарттары Қазақстанда тікелей қолдану үшін келесі түрлерде қабылданған:

· ҚР СТ ИСО 9000-2001 – «Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі жағдайлар және сөздік.»;

· ҚР СТ ИСО 9001-2001 – «Сапа менежментінің жүйелері. Талаптар.»;

· ҚР СТ ИСО 9004-2001 - «Сапа менеджментінің жүйелері. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар.».

Негізінен ИСО 9000 стандарттар жиынтығы барлық түрдегі және мөлшердегі ұйымдарға көмектесу және сапа менеджменті жүйелерін енгізу және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін әзірленген:

· ҚР СТ ИСО 9000-2001 сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелерін баяндайды және сапа менеджменті жүйелері үшін терминалогияны бекітеді.

· ҚР СТ ИСО 9001-2001 тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және міндетті талаптарға қолданылатын өнімдерді ұсына алатын мүмкіндігін көрсету үшін ұйымға керек болған жағдайда сапа менеджменті жүйелеріне талаптарды анықтайды және тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылатуға бағытталған.

· ҚР СТ ИСО 9004-2001 сапа менеджменті жүйелерінің нәтижелілігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие. ҚР СТ ИСО 9004-2001 стандарттың мақсаты болып ұйым әрекетін жақсарту және тұтынушылар мен басқа қызығушы талаптарды қанағаттандыру болып табылады.

· ИСО 19011 сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың аудиті бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға ие.

Барлығы бірге ұлттық және халықаралық саудада өзара түсіністікке жеткізетін сапа менеджменті жүйелеріне келісілген стандарттар кешенін құрайды.

Бақылау сұрақтары:

1. 9000 сериялы ИСО стандарттың алғашқы басылымы қандай стандартқа негізделген?

2. Сапа жүйесі стандартының классификациясы

3. ИСО 19011 қандай стандарт?

4. Сапа менеджменті жүйелерінің нәтижелілігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие стандарт қайсы?

 

Дәріс №4

Тақырыбы:В.Шухарт-У.Э.Деминг PDCA жақсарту циклы. Сапа менеджменті жүйесі үлгісі

Дәріс мақсаты:В.Шухарт-У.Э.Деминг PDCA жақсарту циклының артықшылығын түсіндіру, сапа менеджменті үлгісін көрсету, үйрету