КПЕ ЭХИНОКОККОЗЫНЫҢ САРАЛАУЛЫ ЕМІ

Авторлармен соңғы 25 жыл ішінде әр формалы өкпе эхинококкозы бар 824 науқастың хирургиялық емінің анализі жүргізілді. Өкпенің овальды-созылмалы формалы эхинококк кистасының ең жиі кездесетін және ең күрделі түрлеріне жартылай кисетті тігіс салу отадан кейінгі асқынулары аз, қалдық қуысты жоюдағы ең оңай және ең тиімді әдіс болып табылады. Күрделі конфигурациялы кисталары бар 43 науқаста паразиттік киста орнын жабуда 2-3 отаның біріктірілген әдісі қолданылды.Өкпе эхинококкозының қалдық қуысын жоюда дифференциялық емдеу жолы осы патологияда қолданылатын ағза сақтаушы ота санын 79,2%-дан 92,4%-ға дейін жоғарылатты, сонымен бірге өлім-жітімнің 2,3 есе, ал асқынудың 1,6 есе төмендеуіне алып келді. Бұл көрсеткіштер эхинококкоздан эндемиялық аудандарда әлеуметтік және медициналық реабилитация көзінен маңызы аз емес.

Түйінді сөздер:

Өкпе эхинококкозы, қалдық қуыс, ота әдістері, сараламалы ем.Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда дәрігерлерден паразитологиялық сақтық талап етіледі. Мұндай сақтық гельминтоздар, соның ішінде эхинококкоздың кең таралуымен байланысты. Эхинококкоздың және оның біріншілік түрінің жиілігінің төмендеуі биология, медицина және ветеринариядағы жетістіктер мен денсаулықты жақсарту шараларына байланысты болды. Қазіргі кезеңде ауру жиілігінің жоғарылауына қайта ауысып отыр, бұл жағдай өтпелі кезеңнің қиыншылықтары, ветеринариялық қызметтің қысқаруы, экологиялық мәселелер және алдын-алу шараларының нашарлауымен тікелей байланысты[1,2,3,4,5].Эндемиялық аймақтарда эхинококкоздың қайталамалы жұғу мүмкіндігі және ота жасаудың көрсеткіштері жоғарылауда, қолданатын ем ішінде ағзасақтаушы ота таңдамалы әдіс болып табылады. Өкпе эхинококкозының емінде отаның 10 аса әдісін немесе модификациясын қолдану, ота әдістерінің көптігін немесе бар әдістердің жетілмегендігін емес, аурудың кезеңіне, зақымдану сипатына, көлеміне, түріне және өкпедегі эхинококктық кистаның санына байланысты ота түрін саралау арқылы ем жүргізу қажеттілігін дәлелдейді. [6,7,8,9,10,11,12,13].Зерттеу материалдары және әдістері. Біздің тәжірибемізде соңғы 25 жыл ішінде өкпе эхинококкозы бойынша 824 науқас хирургиялық ем алған. Соның ішінде 480-ер адам, 344-әйел адам. Науқастардың жасы 2,5 –нан 74 жас аралығында. Балалардың жиі зақымданатынын атап өту қажет-294(35,7%). 593 науқаста (72,0%) –дара киста, 99 (12,0%) –көптеген киста, 132 (16,0%) негізінен бауырдың зақымдалуымен біріккен киста (соның ішінде 19 науқаста бір уақытта екіжақты және біріккен зақымданулар кездесті). Өкпе эхинококкозының әртүрлі зақымдану ошақтары сипатталды: 447 науқаста (54,2%) – оң өкпе, 310 науқаста (37,6%) – сол өкпе, 67 науқаста (8,1%) – екіжақты зақымдануы кездесті. Соның ішінде 454 науқаста (55,1%) – асқынбаған, 370 науқаста (44,9%) – асқынған өкпе эхинококкозы анықталды. Асқынған түрінде 170 науқаста (20,6%) – өкпе эхинококкозының өкпе бронхтарына, 31 науқаста (3,4%) - плевра қуысына ашылуы, 167 науқаста (20,3%) – іріңдеуі, 2 науқаста (0,2%) әктенуі байқалды. 704 науқаста (85,4%) – ағзасақтаушы ота, 120 науқаста (14,6%) – өкпе резекциясының әртүрлі әдістері қолданылды.Қазіргі уақытта ашық эхинококэктомия жасауға көрсеткіштер кенеттен шектелген. Бұл әдіс септикалық көріністегі гиганттық асқынған кистасы бар, жағдайы ауыр науқастарға Аскерханов және Эль-Муалля әдістері бойынша жартылай жабық эхинококкэктомия радикалды операциясын қолдану қауіпті болған жағдайда тағайындалады. Ашық эхинококкэктомия 7 науқаста қолданылып жақын аралықтағы жақсы нәтижесін көрсетті. 26 науқаста өкпенің үнемді резекциясының сына тәрізді және шеттік түрін кистамен бірге резекциялау жүргізілді. Көп жағдайда шеттік резекция кезінде окпенің қырында орналасқан кішігірім іріңдік кисталар анықталды. Соңғы кездері ота прецезионды резекция әдісімен жасалады. Өкпе тінінің аймағындағы фиброзды және перифокальды өзгерістері бар, гигантты және орталығында орналасқан кисталарда толық бөлікті (екі бөлік) қамтитын үлкен іріңді кисталары бар 90 науқасқа лобэктомия және билобэктомия операциясы қолданылды. Өкпенің толық тұрақсыздығы және кистаның жедел фиброздануымен асқынған 4 науқасқа пульмонэктомия жасалды. Соның ішінде 2 науқаста гигантты кистаның түбір маңайында орналасуы, қалған науқастарда өкпе қызметінің толықтай шектелуімен асқынған бір жақты көптеген киста (1) және көптеген рецидивті асқынған кисталар кездесті. Цилиндр және конус тәрізді өкпе ішінде орналасқан, асқынбаған орташа және кіші көлемді кисталардың емінде Дельбе бойынша жабық эхинококкэктомия жасау 69 науқасқа таңдаулы әдіс болып табылды. Бұл әдісті ригидті қабырғасы бар үлкен кисталарда қолдану адекватты емес болып есептеледі. 285 науқасқа қолданылған Бобров-Спасокукоцкий операциясы орташа және кіші көлемді кисталарда қарапайым эффективті болғанымен, гигантты, үлкен және асқынған кисталарда қолданған кезде жақын және алшақтатылған отадан кейінгі кезеңдерде келесідей кемшіліктер болды: өкпеде бронхоэктаз және іріңдеумен асқынған қалдық қуыстардың қалыптасуы, пневмосклероздық аймақтары бар өкпе тініндегі өрескел тыртықтық өзгерістер. Нәтижесінде 5 науқасқа қайталамалы ота: 1- пульмонэктомия, 2-лобэктомия, 2- бронхиалды жыланкөздер мен қалдық қустарды қайта тігу мақсатында – реторакотомия операциялары жасалды. Асқынбаған кистасы бар 34 науқасқа А.А.Вишневский әдісімен эхинококкэктомия жасалды. Бұл әдісті қолдану кистаның көп бөлігі өкпе тінінің беткейінде және 1/3 бөлігі өкпе тініне терең орналасқан орташа, үлкен және гигантты кисталарда көрсеткіш болып табылады. Фиброзды капсуланың бос шетін тілгеннен кейінгі қалған аймақ «тегіс тәрелкеге» ұқсауы қажет, егер қалдық қуыс терең болса, операция адекватты емес болып есептледі. Бобров-Спасокукоцкий және Дельбе әдістерінің кемшіліктері 2,7%-76% жағдайда қалдық қуыстың түзілуі және 12%-24% науқаста қалдық қуыстың іріңдеуі болды [14,15]. Үлкен көлемді және өкпе ішінде орналасқан кисталарда тереңдетілген тігістер салу өкпе тінінде жедел деформация және кең көлемді ателектаз туындатады [16]. Д.Хаджиев, З. Бахариев мәліметтері бойынша А.А. Вишневский әдісімен ем жүргізгенде, өкпеқап қуысында қалдық түзіліс, өкпе коллапсы және өкпе қабының инфицирленуімен асқынған екіншілік бронхиолды жыланкөздердің туындау қаупі тәрізді кемшіліктерін атап көрсеткен [17].Паразитарлы киста өкпе тіні қалыңдығының

/2 –

/3 көлемінде орналасқанда (60% жағдай) және 35%-45% науқастарда үлкен, гигантты және асқынған кисталарда фиброзды капсуланың қалдық қуысын ликвидациялауда қиындықтар кездесті. Үлкен көлемді кисталардың сопақша-жұмыртқа тәрізді формада кездесуі және өкпе тінінде орналасуымен біріккенде көлденең кисетті тігістермен Дельбе бойынша капитонаж салу мүмкін емес, себебі қуыстардың шетін жақындатуда қиындықтар тундайды. Бобров-Спасокукоцкий әдісімен тігіс салу іріңмен асқынған жалған кисталардың пайда болуына және өкпе тінінде айтарлықтай деформациялар туындатуы мүмкін. А.А. Вишневский әдісімен киста орнын ашық қалдыру ұзақ экссудациямен асқынған плевра қуысындағы «терең тәрелке» тәрізді түзіліске әкеледі. Жоғарыда аталып өткен кемшіліктер өкпе тініндегі қуыстарды жабуда біздің көзқарасымызды өзгертуге әсер етті. Осы науқастарда ЭК қалдық қуысты ликвидациялау көптеген техникалық қиындықтар тудырады, сондықтан тәжірибеге тігінен жартылай кисетті тігістермен (ТЖКТ) капитонаж жасау енгізілді. Қалдық қуыс кішігірім жыланкөздерде алдын-ала тігіс салмай, арақашықтығы 2,0-2,5 см болатындай, капрон және лавсан жіптерімен бірнеше қатар параллель жартылай кисетті тігістер арқылы ликвидацияланады. Осы капитонаж әдісі 3-тен 74 жас аралығындағы 246 науқасқа қолданылды. 85 (34,5%) науқас 14 жасқа дейінгі балалар болды. 98 науқаста (39,8%) кистаның іріңдеуі, 91 (37,0%) науқаста-үлкен және гигантты кисталар, 130 (52,8%) науқаста- орташа, 25 (10,2%) науқаста- кіші көлемді кисталар кездесті. 15 науқаста (6,1%) отадан кейінгі асқыну болды. Өлім –1 (0,4%), өлім ота әдісіне емес, балада екіжақты көптеген өкпе эхинококкозымен байланысты болды. Паразиттік киста өзінің өсу барысында өкпенің әр текті тіндерінен бірегей емес кедергіге ие, кедергісі ең төмен тінге қарай өседі, кей кездері тар, кең бөліктері бар, шеткі тарамдануы бар күрделі конфигурацияға ие болады. Сол себепті осындай күрделі қуыстарды деформациясыз, өкпе ателектазы және т.б. техникалық қиындықсыз жалпы таралған әдістермен жою мүмкін еместігі айқын. Осыған орай, науқастарды үлкен жарақаттылыққа ие өкпе резекциясына алу – өзін ақтамайтын әдіс болып табылады.Конфигурациясы күрделі, ликвидациясы техникалық қиындық туғызатын паразиттік кистасы бар науқастарды емдеу үшін клиникаға қалдық қуысты жабу үшін жалпы қолданылатын 2-3әдісті қоса отырып жасалатын - біріккен әдіс енгізілген. Осы біріккен әдісті қолдана отырып, өкпе эхинококкозы бар 4-68 жас аралығындағы 43 науқасқа ота жасалынды. Ер саны – 25, әйел – 18, бала – 14. Соның ішінде 25 науқаста – кистаның іріңдеуімен асқынған, 27 науқаста – үлкен және гигантты кисталар.