Тақырып. Өзін-өзі тану баспалдақтары

МОДУЛЬ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ НЕГІЗДЕРІ

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Өзін-өзі тану – тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарттары ретінде. Өзін-өзі танудың мәні.

Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы.Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi.Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi.Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.

1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.

2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.

3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.

4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару.

 

 

Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.«Өзін-өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегікөкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.

 

Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған. Соңғы онжылдықта оқытушылар, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың, студенттердің өзін дұрыс қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми- практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін- өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады. «Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның адамгершілік- рухани қалыптасуының білім беру маңызды пәні болып табылады. Пән мазмұны Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағдарланған. Осы құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік береді. «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарға негізделеді: - Әрбір студенттің өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету; - Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар мынадай түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету; - Өзінің өмірлік позициясын анықтау; - Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу; - Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; - Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету; - Өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс-әрекеттеріне шынайы болу; - Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу; - Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту. Аталған мақсаттар күнделікті практикада оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау, студенттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани- адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру, жоғары мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігі ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуы үшін жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуда. Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды: - Адамның өзін-өзі тануы; - Адам және қоғам; - Адам және қоршаған орта; - Адамзаттың рухани тәжірибесі. Өзін-өзі тануды оқыту интерактивтік әдістеме негізінде білім беру процесіне әрбір қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан студент ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формалды емес, сенімді жағдайда өтеді. Өзін-өзі тану сабақтарында оқытушымен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым- қатынас әлемі зерттеледі, өмірдік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады. Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлерері: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, экскурсия және концерт сабақтар т.б. түрлері пайдаланылады. Өзін-өзі тану пәнінің міндеттері: 1. Өзін-өзі басқара алатын, мінез-құлқын түзете алатын, қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің саналы талап- ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру. 2. Іс-әрекет пен мінез-құлқында өзін жүзеге асыру үшін студенттердің жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасау. «Өзін-өзі тану» курсын оқытудың қағидалары: тұлғалық белсенділікке ынталандыру қағидасы. Адамның жан дүниесінің дамуына жүгіну курстың басты қағидасы болып табылады. Адамның жаны — үйлесімді құрылған және мейірімнің, қайырымдылықтың, биязылықтың, жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің нұрын төккен бастапқы құндылық. «Зиян келтірме!» талабы ретінде анықталуы мүмкін гуманизм және педагогикалық оптимизм қағидасы. Тұлға өзіне тілектестікті, назарды, қамқорлықты талап етеді, сондықтан оқытушы оның жағымды негізіне, нәтижеге бағдарланып, рухани- адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал етуі тиіс. Психиканың, сананың және іс-әрекеттің даму қағидасы. Тұлғаның барлық психикалық ерекшеліктері қалыптасу процесінде болғандықтан, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет дамудың негізгі шарты болып табылады деп тұжырымдайтын Л.С.Выготскийдің және оның мектебінің бағытымен негізделген.

Сана бұл – жүйе, таным негізі. Ойлау тұлға санасының орталығында орналасқан, қалған барлық психикалық процестер санадағы басым қызметтің ықпалында дамиды; Кешенділік, жүйелілік қағидасы тұлғаның бірізді және біртұтас зерттелуіне бағарланады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберіндегі оқыту тұлғаның жеке- дара өлшемдерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар дамудың жалпы құрылымындағы тұтастай дамудың барысын болжауға да бағытталады. Детерминизм қағидасы тұлға психикасының барлық көріністерінің тұлғаның оңтайлы әлеуетін жүзеге асыру үшін жағымды жағдай жасай отырып, мінез-құлқын, іс- әрекетін түсіндіру үшін анықталуы және түсіндірілуі тиіс бірқатар себептермен өзара байланысқан және өзара міндеттелген; Л.С. Выготский негіздеген және Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың және т.б. зерттеулерінде жалғасын тапқан дамытпалы оқыту және тәрбиелеу қағидасы. Жағдайдың мәні оқыту мен дамытудың арақатынасында анықталады. Оқыту дамудың алдында жүріп, жақын даму аймағына, яғни әрбір жас ерекшелік кезеңнің психологиялық жаңа құрылымдарын ескере келе, тұлғаның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс; Жеке-дара және тұлғалық тұрғы қағидасы әр тұлғаның өзіне тән даму жолы болып, олардың әрқайсысы еркін де қайталанбайтын дамудың бір жолымен өтетіндігін тұжырымдауға мүмкіндік беретін психикалық дамудың жалпы онтогенетикалық заңының бар екендігін білдіреді. Ол Л.С Выготский және оның мектебінің, К. Бюллер мектебінің. В. Штерннің, Ж. Пиаженің және т.б. зерттеулерімен дәлелденді; тілектестік, өзара көмектесу және ынтымақтастық ахуалын құруға негізделген оңтайлылық қағидасы; жоғарғы құндылықтар: мейірім, жан тазалығы, денсаулық, тұлғаның ішкі жан дүниесінің байлығы, өмір мәнінің арасындағы байланысты орнататын руханилық қағидасы; адамның қиын-қыстау жағдайлардың өзінде өзінің өмірлік ұстанымдарына және құнды бағдарларына берік болып, өмірлік стратегиясын сақтап қалу қабілетін сипаттайтын тұлғаның біртұтастылығы қағидасы; шығармашылық мүмкіндіктердің, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерінің іске қосылуын алдын ала жоспарлайтын тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы қағидасы; объективтілік және ғылымилық қағидасы тұлғаның дербес заңдылықтарында кемелденген даму мүмкіндіктерін ашуды, даму психологиясы тұрғысында тұлға психикасының даму заңдылықтарын түсінуді болжайды; отбасылық-орталықтанған тұрғы бізді тұлғаның дамуын бағалауда жоғары оқу орындарындағы педагогтар мен отбасының өзара әрекеттестігіне, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыруда тікелей отбасының қатыстырылуына бағыттайды; Өзін-өзі тануға оқыту білім алушылардың мынадай деңгей бойынша қүтілетін нәтижелерге болжанып отыр: Күтілетін нәтижелер: өзін тануға, өзгелерді тануға, әлемді тануға, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтижелердің көп деңгейлік жүйесі бір жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу және тәрбие мақсаттары түрінде көрінсе, екінші жағынан, білімгерлердің рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және олардың өзін-өзі танудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуінің көрсеткіші болып табылады және студенттердің оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді. Осы күтілетін нәтижелер міндетті түрде оқытылатын пәндер мазмұнының адамгершілік әлеуетін күшейту үшін бағдар және пәнаралық байланысты жүзеге асыратын құрал қызметін атқарады, әрбір пәннің құндылықтық мәнін ашуға бағдарланған, оқу процесін жобалауға жағдай тудырады.

Өзін-өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және объектісі ретінде де көрінеді. Өзін-өзі танудың дамуы адамның практикалық іс-әрекетінің барысында және өзге адамдармен өзара ықпалы жағдайында жүреді. Қоғамдық дамудың сферасы өзін-өзі танудың пайда болуы мен дамуы үшін ерекше рөлге ие – адам өзін өзгелер арқылы жанама түрде таниды. Өзіндік сана мен өзін-өзі танудың бір емес екенін атап айту қажет. Өзіндік сана неғұрлым кең ұғым - өзіндік санадан әрқашан өзін-өзі тану шығады.Психологиялық позицияда өзін-өзі тану мәселесі психология дербес ғылым болып қалыптасқаннан кейін зерттеле бастады. Бұл салада көптеген қызықты әрі мазмұнды зерттеулер жүргізілген. Өзін-өзі тану тұлғаның маңызды бөлігі ретінде қарастырылған көптеген еңбектер бар. Сонымен қатар тұлға дамуының деңгейі өзін-өзі танудың дамуының деңгейіне пропорционалды екендігі жиі атап айтылды. Мінез-құлықтың реттеушісі бола отырып, өзін-өзі тану тұлғаның әрі қарайғы дамуына ықпал етеді. Ол сыртқы әсер мен тұлғаның ішкі күйі және оның мінез-құлық формалары арасындағы тепе-теңдікті белгілейді. Сондықтан өзін-өзі танудың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, адам мінезінің жетімсіз қалыптасуына әкеледі. Кейбір зерттеулерде өзін-өзі тану «Мен» ұғымымен теңдестіріледі, ал бұл құрылым тұлға ұғымының синонимі ретінде қарастырылады. Өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда неғұрлым кең ұғымды білдіреді деген де пікірлер кездеседі. Ол өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда әлдеқайда ерте пайда болып, өзінде неғұрлым кең мазмұнды сыйғызатындығымен дәлелденеді. «Мен», «Мен - бейне», «Өз өзінің бейнесі» сияқты ұғымдардың түсінік аясы «көмескі». Тұлғаны түсіндіру үшін де, өзіндік сананы сипаттау үшін де қолданылып, осымен соңғысының өзіне тән ерекше мазмұнын жоюға әкелетін, «Мен» ұғымын кейбір теріс пайдаланушылық та байқалады. Сонымен бірге нұсқалған ұғымдардың объектілері анық ажыратылмайды. Өзін-өзі тану саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды. Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады. Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда адам өзін-өзі терең және тез танитын болады. Біздің өміріміздің өзі бір қалыпты және кризисті жағдайлардын тұрады. Адам шешімді қабылдаған жағдайында ол тек жағдайды емес, сонымен қатар өзінің мүмкіншіліктерін және қасиеттерін жақсы білу керек. Мұндай жағдайлар да өзін-өзі тану белсенді жұмыс істейді, тұлға аз уақыт ішінде өзі туралы мағлұматты ала алады. Бұл кезендерге жататындар: 3 жас дағдарысы, мұнда бала алғаш өзін субъект ретінде ұғынады, алғашқы әлеуметтік Мен жүйесі қалыптасады, өзін білдіруге деген құштарлығы пайда болады; 7 жас дағдарысы, мұнда бала өзін оқу субъектісі ретінде ұғынады және өзін окушы ретінде бағалау мұқтаждығы пайда болады; жеткіншек дағарысы өзінің Менін сыртқы ортамен, құбылыстармен өзара әрекет контекстіне ашады. Ересек адамдарда да дағдарыс болады: 30 жас дағдырысы, зейнетке шығуымен байланысты дағдарыс. Өзiн-өзi танудың түсiну және түсiне алмау деңгейi. Адам қарапайым өмiр сүредi, оқиды, еңбектенедi, қарым-қатынасқа түседi, өз-өзiмен сөйлеседi. Өмiр барысында көптеген дәйектер жиналып (өзге адамдар жайлы, өзі жайлы), бір мезетте санада бекітіліп, түсініп немесе түсіне алмауы, яғни өзіне деген қатынасына бақылау жасай алмауы қабілетінің төмендегі байқалады.Мақсаттылық. Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат қояды және бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа жетуге тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі бағалауы, талдауы, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге асырған сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде керi модел де кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары деңгейде болса, өзiн-өзi тануы объективтi болмайды, әртүрлi комплекстер пайда болады. Өзiн-өзi танудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн. Өзiн-өзi танудың аяқталмауы - бұнда ересек адамдардың өмiрi бай және шынайы тұлға. Өзiңдi толық тану мүмкiн емес, тiптi әлеуметтiк ортада орны зор, қабiлеттi деп санайтын адамның өзi де жоғары деңгейде өзiн-өзi тани алмайды.Өзiн-өзi танудың психологиялық механизмi - ол тұлғаның құндылық мағыналық өзiндiк реттелуi, өзiнiң барлық жеке дара, типтiк қасиеттерiн, эмоционалдылық-ерiктiк, мотивациялық танымдық жетiлдiруi.Р.М. Жақыповтың айтуынша, өзiндiк тану, өзiндiк сана, рефлексия және әлеуметтік талаптарды еске алу арқылы өзiн-өзi дамыту тұлғаның өзiн-өзi танытуының алғы шарттары болып табылады.Өзiн-өзi танытанын тұлғаның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi белсендiлiк. К.А. Абульханова көзқарасы бойынша, белсендiлiк - бұл тұлғаның қажеттiлiктердi, қабiлеттердi, өмiрге қатынастарды және қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын интеграциялау негiзiнде тұлғаға ғана тән, өмiрдi ұйымдастыру, реттеу және өзiндiк реттелу тәсiлi. А.А. Бодалев белсендiлiк және оның құрамдас бөлiктерi тұлғаның өзiне-өзi сенiмдiлiк сияқты мiнездемесiмен тығыз байланысты деп көрсетедi. Сондықтан өзiн-өзi танытатын тұлғаның маңызды қасиетi өзiне сенiмдiлiк проблемасы отандық психологтармен аз зерттелiнген. Шетелдiк психологтар тұлғаның бұл сипаттамасын теориялық және эксперименттiк түрде зерттеуге тырысты. Бiрақ, алғашында ол психокоррекция мәселелерiмен байланысты зерттелiндi. Өзiне сенiмдiлiктiң аз немесе тiптi болмауы көп жағдайда пессимизм мен қысылуда көрiнiс табатын тұлғаның невротикалық симптоматикасына әкеледi. ХХ ғасырдың 40 жылдары АҚШ-тағы невроз клиникасының бас дәрiгерi Андре Сальтер өзiне сенiмсiздiктi коррекциялау, емдеу және әлсiрету проблемасымен ең алғашқы болып айналысты.Жеке адамның қайнар көзiнiң белсендiлiк көзi - қажеттiлiк. Қажеттiлiк кең мағынада - бұл мұқтаждық, ал тар мағынада - қалып, яғни адамның жағдай тәуелдiлiгiнiң көрiнiсi. Қажеттiлiк биологиялық және әлеуметтiк болып бөлiнедi. Биологиялық қажеттiлiкке – су, жылу, ауа, тамақ, сексуалды қатынас т.б., ал әлеуметтiк қажеттiлiктiң негiзi - еңбек ету, тануда, қарым-қатынас, жетiстiкке жету т.б. Өзiн-өзi тану процесi ретiнде көрiнiс бередi және оның түп негiзiнде қажеттiлiк жатыр, ол өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк деп атауға болады. Өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк - бұл тану қажеттiлiгi. Ол «Мен» қажеттiлiгiмен тығыз байланысты. Оларға жататындар: өзiн-өзi сыйлаудағы қажеттiлiк, өзiн теңестiрудегi қажеттiлiк, өзгелердiң көзқарасы бойынша өзiн мойындау т.б.Өзiн-өзi сыйлауға деген қажеттiлiгi адамның өз талаптарына және қоршаған ортадағы адамдардың талаптарына жауап беруiмен жоғары дәрежеге жетуiмен көрiнiс бередi. «Мен»-iң тұтастығына деген қажеттiлiгi «Мен» образының соңына жету.

 

2. Позитивті ойлау және ішкі үндестік.

Позитивті ойлап, өзімізге сенудің маңызы зор. Егер бір нәрсені жасауға құштар болсаңыз, оны орындай алатындығыңызға сеніңіз.

Адамдар ойы, мақсаты, мүддесі бір жерден шыға бермейді. Сондықтан дұрыс жолда келе жатқаныңызға кәміл сенімді болсаңыз, тек жүрегіңіз бен ақылыңызды тыңдаңыз. Өзіңізге де, айналаңыздағыларға да адал болыңыз. Адамдар мұның жақсы қасиет екенін бетпе-бет келіп айтпаса да, сізді іштей сыйлайтын болады. Әр адамның бойында жағымды, жағымсыз қасиеттер болады. Ал сіз олардың қайсысын байқағыңыз келеді? Олардың тек жақсы қасиеттерін байқап, қошемет білдіретін болсаңыз, көп ұзамай сол мінезін дамыта түсуге тырысады. Оптимистік көзқарас өміріңізде барлығы да оңай, тамаша болады дегенді меңземейді. Бар болғаны қиындықтарды қасқайып тұрып қарсы алуға септігін тигізеді. Жер бетінде мінсіз адам жоқ. Өмір атты ұзақ жолда барлығы да тау мен тасқа сүрінеді. Біздің кішкене сәтсіздіктеріміз бен жеңістеріміз алдымызда тұрған қорғанның бір кірпішіндей ғана. Сондықтан табыс сәтсіздіксіз келмейді. Негативтің өзі позитивті болуға бағыттайтын үлкен тәжірибемен тең.

Ойлау үрдісін түсіндіретін белгілі теорияларға тоқталатын болсақ, ең алдымен бұл тұжырымдамаларды екі үлкен топқа бөлуге болады: бірінші топқа жататын тұжырымдаманың өкілдері адамдарда өмір тәжірибесінің әсерімен өзгермейтін табиғи, интеллектуалдық қабілеттіктердің болатындығы туралы қағидадан туындайды, екінщі топтағы түжырымдаманың негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері өмірге келгеннен кейін, өмір бойы қалыптасады және дамиды деген түсінікті жатқызады.

Бірінші тұжырымдар бойынша интеллектуалдық қабілеттіктер жөне интеллектінің өзі жаңа білімді алу мақсатында қабылдау мен ақпаратты оңдауда қамтамасыз ететін ішкі құрылымның жиынтығы ретінде анықталады.

Сәйкес келетін интеллектуалдық құрылымдар даяр күйінде адамда туғаннан беріледі, бірте-бірте организмнің ес үрдісінде дамиды деп есептеледі. Бұл интелектуалдық қабілеттіліктер (нышандар) идеясы неміс психологтарының мектебінде орындалған ойлау саласындағы көптеген еңбектерге тән.

Ол ерекше айқын ойлаудың гештальттеориясында берілген. Бұл теория бойынша құрылымды қалыптастыру және қайта өзгерту, оларды реалдік шындықты көру интелектінің негізі болып табылады.

2. Бұл теорияға қарама-қарсы интелектінің генетикалық тұжырымдамалары бойынша ақыл-ой қабілеттілікторі туғаннан берілмейді, өмірге келгеннен кейін қалыптасады және дамиды деген қағиданы пайымдайды.

Генетикалық тұжырымдамалар ойлауды сыртқы ортаның ықпалынан дей келіп, субъектінің өзіндік ішкі дамуы идеясынан немесе екеуінің өзара әрекетінен деп түсіндірді.

Ойлаудың өзіндік тұжырымдамалары психологиялық зерттеулердің төмендегідей бағыттарында қарастырылады: эмпирикалық субъективтік психологияда, ассоциативтік сипаты жағынан және интроспективтік негізгі әдісі бойынша, гештальтпсихологияда алдыңғыдан айырмашылығы тек қана психикалық үрдістердің элементтілігін жоққа шығаруы және олардың тұтастығының жеке элементтер құрамына қарағанда үстемдік етуі, артықшылығын мойындады, оның ішінде ойлауда, бихевиоризмде, оның жақтаушылары ойлау үрдісін субъективтік феномен ретінде мінез-құлықпен (ашық немесе жасырын ақыл-ой) ауыстыруға әрекет етеді: психоталдауда ондай ойлауға барлық басқа үрдістер сияқты талпынуға бағындырды.

 

 

2 Тақырып. Діріс жоспары (1 сағат)

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Адамның ішкі жан дүниесінің қайталанбас даралығы.

Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді. Бәрі мүмкін.

Адам тану-даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.

Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан-дүниесінің айнасы.

Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолын, ұстаған бағытын білдіретін мотивтер ( түрткі, себеп ) көп.

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол – адам саны ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

Табиғаттағы ақыл – ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат – белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілермен байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қаршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесі (субектіге) айналады.

Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл – иесі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктермен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым – қатынас жасайды. Осындай іс — әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір – қасиеттері қалыптасады.

Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс — әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл — әрекетіне оның мінез – құлқына, ниет – тілегі мен бағыт – бағдарынан айқын байқалады. Ниет – тілектердің мәні адамның тіршілігіне, іс — әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа байқалып тұрады.

Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдай мен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер – темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезі күйлері мен іс – қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп, отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл – ой сапасы, қызығуының баста бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай – ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.

Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі — әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарыен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиолигиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім – тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін – бірі толықтырып отырады.

Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар – мақсатымен, өмір – тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстиктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін — өзі сақтау инстиктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, өзінің мінез құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З.Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, «Эдип комплексі» дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың «Эдип патша» атты шығармасының сырын уағыздайды.

Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З.Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі – айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін. Пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А.Кординер, Е.Фромм, К.Хорни т.б. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше «жаңа Фрейдизн» деген ағымды тудырды.

«Жаңа Фрейдизн» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. «Жаңа Фрейдшілдердің» ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К.Хорни адам қоғамынан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, «жаңа фрейдшілдер» адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң береді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми – материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады.

«Қажеттілік» дегенді қалай түсінеміз? Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс — әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім – тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұдай қанағаттандыру қоғамдық – даралық сипатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани – мәдени, ал сол заттарды ұстап – тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Материалдық – заттық қажеттіліктерге тамақ, киім-кешек, тұрғын – үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет – журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарих дамуына орай және оларды тұтыну обьектісіне сәйкес түрлі – түрлі болып бөлінеді.

 

 

2. Адам өмірінің шынайы құндылықтары, адамгершілік идеялары, мақсаты мен мәні.

"Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.

Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?

"Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс?

Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.

Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізгі ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетуімен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.

Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.

Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның әлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсенді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.

"Бақыт" түсінігі. Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.

Бақыт дегеніміз — өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығы...

Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.

Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.

Шынайы және алдамшы құндылықтар

Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.

Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.

Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.

Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.

Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, ең-бектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея). Тота-литарлық қоғамдағы "Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары" деген ұран Адамгершілік қағидаттарыныңнұқсан келтірді.

БҰҰ қабылдаған "Адам құқықтарының жалпы декларациясының" басты баптарын адамдық қарым-қатынас нормаларына айналдыру Адамгершілік құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады, Оның басты әдептік баптары төмендегідей:

· барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;

· азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей;

· өмір сүру күқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.