Тақырып. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуының ерекшеліктері

Дәріс жоспары (1 сағат)

 

1. Рефлексия

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінде бағалаудың екі түрі де қолданылып жүр.Критериалды бағалау екіге жіктеледі. Біріншісі: жиынтық және қалыптастырушы.Жиынтық бағалауды оқыту үшін бағалау,қалыптастырушы бағалауды оқу үшін бағалау деп атайды.
«Бағалау » термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру »деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар тарапынан,бағалаудың араларындағы айырмашылықтар 1960 жылдардан бастап зерделеніп,мәні нақты анықталуда.
Біз бүгін жаңа не білдік?
Бағалау оқушыға шынайы әрі нақты қойылу қажет. Егер баға белгілі бір дискрипторларға сүйенбей қойылса , үлкен дау жәнеоқушылардың ынта мен қызығушылықтарының төмендеуіне әкеліп соғатыны бүгінгі топтық жұмыс барысында байқалды.
Топтарға берілген Тапсырма: «Топ болып Алма ағашын жасау.» Алма ағашын топ болып бірігіп жасадық,бірақ біз дайындаған алма ағашының макетіне сараптаушы топ «3»деген бағаға лайық деп санады.Біз жасаған «Алма ағашына» төменгі баға қойылғаны бізге эмоциональды түрде ерекше әсер қалдырды. Бағалау үдерісі кезіндегі өз тәжірибемізде болған жағдай маған ерекше әсер етті?
Не себепті? Себебі: Бала жұмысын ,іс-әрекетін,шығармашылығын бағалауда ең тиімдісі: өзара бағалау екенін түсіндім.
Зерттеулерге сүйенсем өзара бағалаудың нақты 3 критерийлері бар:
1.Не тексерілу керек екенін түсіну қажет
2.Оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру.
3.Өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу.
Осы жерде Қайта қарауға мүмкіндік беру «бес»балдық бағалауды қоймастан бұрын жүргізілсе оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы басылмас еді деп ой түйдім.
Біз үшін орын алған бүгінгі қиындық біздің алдағы уақытта сынып оқушыларымызбен өзара байланыста кездесуі мүмкін проблемаларды қалай шешуге болатынын нақты ұғындырды.
Сараптаушының немесе топ жұмысының талапқа сай болмауы мектеп тәжірибесінде орын алатын шынайы құбылыстар. Мен сараптаушының осылай төменгі деңгей қойып бағалағанына бір жағынан қуандым. Себебі: кез келген адамның қателігі болуы шынайы дүние .Біз де дәл осындай шынайы дүниені өз бойымыздан топ болып сезіндік . бірақ біз бір нәрседен ұттық деп ойлаймын . Бұлай ойлауыма не себеп?
Оқушы бойларынан өтетін сезімдерді біз нақты түсініп оны түсінуге сенімін арттыруға қалай жұмыс жасау керектігін ,қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын пайым жасадық .Дәл осылай жағдай сыныптағы топтарда болса біз бұл кедергілерді жою амалдарын қолдану дағдыларын меңгердік деп айта аламын. Яғни, сыни ойлау,өз-өзін реттеу,мұғалім тарапынан жеткілікті дәрежеде қолдау көрсету,қателермен жұмыс жасау үшін уақыт бөлу қажет екенін үйрендік.
Циммерман өзін- өзі бағалауды «өзінің оқу үдерісінде оқушылардың метатанымдық, ынталандырушылық және мінез-құлықтық белсенділігі» ретінде сипаттайды.
Не түйдім ,нені меңгеріп қалай өзгердім?
Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үрдісінде барлығымыз да қате жібереміз.Қателіктен сабақ алып ,сындарлы ойлап,өз-өзімізді рететсек өз-өзімізге деген сеніміміз нығая түседі,ағаттықтарды жою үшін не істеуге болатынын білу дағдысы бойымызда қалыптасты және дағдыларды табысты қолдана аламыз деп ой түйдім.

Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.

Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылын мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады. Н. Б. Ковалева және И. Н. Семенов кәсіби шығармашылықтағы рефлексияның рөліне байланысты оны әр түрлі кәсіби позицияларға өтудегі икемділік деп есептейді.

Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды.
Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп үйымдастырылуы шарт.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлесияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді.

Қызмет нәтижесіне қарай рефлексия ұсынады келесі жіктеулерді:
1. эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы
2. әрекетттік рефлексия.
3. оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы.
Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы.
1. Көңіл - күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады.
Әрекеттік рефлексия.
2. Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс - әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білу үйретеді. Жеке іс - әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.
Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы.
3. Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды және білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі.
Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.
Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизімдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес.
Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның тиімділігін арттырады. Өзіндік бағаның мотивациялық - психологиялық тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік бағалау адамның көңіл - күйіне, оның секемшілдіктен бастап жұмыста өзін - өзі ұмытуына байланысты. Сондай - ақ өзіндік баға адамның психологиялық - физиологиялық, психикалық күйзелістері, оның өмірлік тәжірибесі, ол өмір сүретін ортадағы және өмірге келген қарым - қатынас жүйесінде детерминалданғандығымен ерекшеленеді.

Өзінің ішкі құрылымына қарай өзіндік баға тұлғаның өзі сияқты көп астарлы. Оның мазмұны моральдік - адамгершілік құндылықтар, қарым - қатынастар мен мүмкіндіктерден тұрады. Тұлғаның тұтас өзіндік санасы оның психикалық әлемінің жеке қырлары негізінде қалыптасады. Өзіндік баға беру өзін - өзі тану мен табу әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай қарым - қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға, орындалмайтын иллюзиялық мақсаттардан дер кезінде бас тарта алуға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі үйлесімдіктеріне, өзін - өзі құрметтеуге қол жеткізуге ықпал етеді де, ал керісінше жағдайда ішкі қақтығыстарға кейде невротикалық жағдайларға әкеледі. Қандай да тұлғаның бір өзіндік бағаны беру мәнін арттырады.

Қазіргі психологияда тұлғаның өзіндік «Менің» пайдасына қарай бағалау фактілерінің жиі кездесетіні анықталып отыр. Мұндай белгілі бір дәрежедегі артық өзіндік баға кейбір әрекет түрлеріне тактикалық жағынан дұрыс болып та жатады. Оның оптимистік биік мақсаттар қойып, талпыныстар жасауда тиімділігі де бар.

Тұлғаның өзіндік бағасы оның әрекет ететін ортасында қандай құндылықтардың жетекші құндылықтар болып есептелуіне де байланысты. Қоршаған адамдардың, ұжымның пікірінің мұндай жағдайда шешуші рөл атқарып жататындығы белгілі. Мысалы: ұжымда адамның коммуникативтік қабілеттері құнды болса, бойларында сол сапасы бар адамдар өздерін артық бағалауы мүмкін. Ал интеллектуалдық сапалардың үстемдігі жағдайында осы қабілеттері жоғары адамдарға берілген баға жоғары болатындығы түсінікті.

Рефлексифті орталық тұлғаның шығармашылық еркіндігі, ол - дамытушылық қарым - қатынас жүйесі. Мұндай ортаның барлық қатысушылары ашық бірлескен әрекетті бірлесе талдау арқылы өздерінің ішкі «қорларын» ашуға мүмкіндік алады. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі рефлексиялық орта дамытушылық, дамушылық қарым - қатынастар жүйесі болып табылады. Ол субъектінің ішкі әлеміне қатысты көп деңгейлі және күрделі үрдіс. Мұнда субъектілердің ашықтығын, психологиялық теңдігін сақтау басты шарттардың бірі болып табылады. Мұндай жағдай ұйымдастырушыларды да, қатысушыларды да бірін - бірі толықтыра отырып, бірлесе дамуға жетелейді.

Рефлексиялық мәдениетті дамытудың қазіргі кездегі мәнінің артуы әр түрлі инновациялық - гуманистік әдістердің пайда болуына әкелді. Дегенмен олардың ішіндегі екі негізгі түрін бөліп қарауды жөн көрдім. Олар: ойын және тренинг әдістері. Ойын әдістеріне инновациялық ойындар, ұйымдастыру - әрекеттік ойындар, ұйымдастырушылық - білімдік ойындар жатады.
Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол - сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Рефлексивтік іс - әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну.

Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті:
– оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.
Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет.

2. Педагогтың “Мен” концепциясы.

"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.

Оны құрайтындар:

шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),

идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),

серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),

фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.

"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді. Мен мұғаліммін... Осы бір ауыз сөзді талай сыр, талай мағына жатыр десенізші.Өзін мұғалім деп санайтын адам қандай болу тиіс? Әрине, ол – сананы да, сапалы білім беретін жеке тұлға. Әріптестерім, оқушыларым менің бойымнан әрқашан да білімді, жан-жақты алға қойған мақсатына жете алатын адамды көру керек. Жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, үнемі алға ұмтылу және өз ісіне талдау жасай білу, ізінді басып келе жатқандардың қатеспей, жақсы нәтиже көрсету үшін болашаққа зор үмітпен қарау- мұғалімнің басты міндеті. Мені, осындай мұғалім ғана өз білім нәрімен сусындататын оқушыларын да алдына мақсат қойып, үнемі ізденуге, жарқын болашаққа ұмтылуға тәрбиелей алады...

 

 

Мұғалімнің негізгі мақсаты- сабақ үрдісін ұйымдастыру ғана емес, жаңа технологияларды қолдану ғана емес, керісінше ол оқушылардың шығармашылық

ойлау қабілетін, өздік танымдық біліктілігінің дамыта отырып білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Міне осы-мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Бүгінгі заман әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған міндет-оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі –жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология негіздері болып табылады.Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті,

 

компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр.Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы

жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде.
АКТ оқыту мақсаты
• бағдарламалау дағдыларын дамыту;

• мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибе қосымшаларды

пайдалануға үйрету;
• интернеттен ақпарат іздеуге үйрету, т.б.;

• желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі .
АКТ пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы басым

бағыттардың бірі «E-learning» электронды оқытуды да айта кету керек. Осы орайда «Электрондық оқыту жүйесін (е-learning) енгізу жағдайында білім контенттерін жасау технологиясы» тақырыбында СҚ ПКБА және ҚДИ базасында өткізілген республикалық курста лекторлық топта жұмыс істедім.
Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияны пайдалану – сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.

 

 

3. Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің кезеңдері

Педагогтардың өздігінен білім жетілдіруін ұйымдастыру технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:

І кезең. – таңдайтын. Бұл кезең өз бетімен жұмыс істеуге белгілі бір бағытты қарастырады; мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбына (өзекті мәселесіне) сай жұмыстың мақсатын таңдау; жеке алған тақырыбын қалыптастыруы, өз әрекеттерінің жүйелілігін ұғуы.

ІІ кезең – үйрететін.Бұл кезеңде педагог таңдап алған өзекті мәселе бойынша психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысады.

ІІІ кезең – практикалық Бұл кезеңде эксперимент жасау, жұмыстың жаңа әдістерін қолдану, педагогтық дәлелдерді жинап, оларды іріктеу және талдау жүргізіледі. Практикалық жұмыспен қатар әдебиеттерді зерттеу бірге жүзеге асырылады.

ІҮ кезең – теорияны ұғып, жинаған педагогикалық дәлелдерді жалпылау және талдау. Бұл кезеңде оқыған педагогикалық әдебиеттерді ұжыммен талқылауды ұйымдастыру тиіс;қалалық ӘБ, кафедраның немесе ӘБ отырысында өздігінен білім жетілдіруінің барысы туралы шығармашылық есеп беру;ашық сабақтарға және басқа да жұмыс түрлеріне қатысып, талдау.

Ү кезең – қорытынды бақылаулы. Бұл кезеңде педагог өзінің жеке жұмысын қорытындылайды, бақылауларды жалпылайды, нәтижелерін белгілейді. Соның ішінде ең бастысы - жүргізілген жұмыс, белгіленген дәлелдер, олардың талдауы, нәтиженің теориялық негіздері, жалпы қорытындылардың және жұмыстың алдын ала жоспарын анықтау.

Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.

Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына оқитын әдебиеттер тізімі, өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.

Өздігінен білім жетілдіру барысында жиналған материалды бөлек тақырыптарға бөліп және карточкалар, арнайы дәптерлер, тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық күнделігі түрінде орынды қолдану қажет.

 

Өздігінен білім жетілдірудің мақсаты:

1. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру – адамның әлемін арандаттырып, құрастыратын, білім меңгеруге деген тұрақты қызығушылығын туғызатын белгілі әрекеттің түрі .

2.Жолшыбай өздігінен білім жетілдіру. Мақсатты әрекеттпен айналыса отыра, адам әрі қарай білім мен біліктерін қолдана алатын барлық жаңалықты біле бастайды.

3. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру. Адам өзіне өзі белгілі бір салада мақсат қояды. Бұл мақсат келесі ізденістерін жүзеге асырады, нәтижесін талдауда, оның шешімдерін қоюында дербестікті көрсетеді.

 

Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?

Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.

Өздігінен білім жетілдірудің мағынасы танымдық белсенділікті қанағаттаныру, педагогтың өзін-өзі үздіксіз білім алуындағы сұранысын білдіріледі.

Өздігінен білім жетілдіру негізгі принциптері үздіксіздік, мақсаттылық интегративтік, жалпы және мамандық мәдениеті, қарым-қатынасы мен төменгі баспалдақтан жоғарыға өтетін перманенттік, нұсқалылық және т.б.

Өздігінен білім жетілдіру кезінде педагогтар әр түрлі формаларды қолданады:

1) арнайы білім дайындығы (жоғары білім алуы немесе екінші мамандығы)

2) квалификациясын көтеру (курстарға бару)

3) өздігінен білім жетілдірудегі жеке жұмысқа қажетті көмек:

- ақпараттық құралдар

- есептік техника

- кітапханалар

- музейлер, көрмелер, театрлар, клубтар

- экскурсиялар

- ғылыми, техникалық, көркем және спорттық қоғамдар

- зерттеулер, эксперименттер, шығармашылық іс және тапсырмалар

- ғалымдар мен атақты адамдармен кездесу

-алдыңғы тәжірибе және өзінің практикалық әрекетінің жалпылауын ұғыну және т.б.

Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік тақырыппен жеке жұмысының алгоритмі:

1) Жеке ғылыми-әдістемелік жұмыстың тақырыбын таңдау;

2) Әдебиеттермен танысу;

3) Нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу;

4) Зерттеу мәселелері бойынша прогрессивтік педагогикалық тәжірибені зерттеу;

5) Әдебиеттің картотекасын құрастыру;

6) Әдебиеттен үзінділер жазып алу;

7) Тақырыпты нақтылау және жеке ғылыми-әдістемелік жұмыстың алдын ала жоспарын жасау;

8) Таңдап алған тақырыпты дәлелдеу;

9) Өзектігі мен жаңашылығы;

10) Іздену әрекеттің әдістері мен құралдарын таңдау;

11) Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру;

12) Жеке жұмыстың күнтізбелік жоспарын жасау;

13) Педагогикалық әрекеттің дәстүрлі технологияларын, моделдерін таңдап, жасау;

14) Өз педагогикалық әрекетінің практикасына инновацияларды кіргізу;

15) Ғылыми-әдістемелік тақырып бойынша жұмыстың жеке тәжірибесінің нәтижесін талдап, бағалау;

16) Жұмысты әдебиетті рәсімдеу, әріптестер алдында алған нәтижелер туралы есеп беру.

 

Бастапқы деңгей жас мұғалімде құжаттармен, балалар ұжымдарымен, ата-аналармен жұмыс істегендегі нақты білік, дағдыларын қалыптастыруын болжайды. Осы кезеңде тәжірибелі жетекшімен жеке жұмыс та жетеді..

Бұл кезең оқытушының имиджін құрастыратын кезең болғасын, жас маманның дистанциялық олимпиадалар, сайыстар, ӘБ пен мектеп ішіндегі шығармашылық топтарда жұмыс істеуін қолдайды.

Мұғалім мектептен тыс та жұмыс істей алады: мұрағаттарда, музейлерде, кітапханаларда,, өндіріс және басқа да мекемелерде. Осындай жұмыс – мұғалімдердің өздігінен білім жетілдіру дайындығына, жұмысты жоспарлауға деген маңызды дағдыларына, жұмысты ұйымдастыру мен өзін-өзі бақылау, ақпаратты өндеу және талдау біліктілігіне, жалпылауларды жасау, керек түзетулерді кіргізуге қажет оқыту әдісі

Бірақ өнімді деңгейдің кезінде, анық нәтиже алуы болжамданатын кезде, ал мұғалімнің әрекеті санат түрінде бағаланған кезде, жоғарыда айтқаны міндетті болады.

Сонымен «Жаңа формацияның педагогы» деп үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, өзін-өзі көрсете біле алатын педагог туралы айтылады. Өздігінен білім жетілдіру жұмысында динамика маңызды.

Осындай педагогты дамытуын қалыптастыратын үдерістер ұзақ мерзімді және де сағатпен өлшенбейді. Осы үдерістерді тоқтату, дамуға деген қалауын жоғалту – деградацияның басы. Неменеге үйрену, нені дамыту деген маңызды болмайды:компьютерде презентацияларды құрастыру немесе гитарада ойнау. Бұл әр түрлі білім беру модельдері болу мүмкін: «Білім беру және демократия», «Білім берудегі әлеуметтік теңсіздік», «Білім берудегі ақпарат технологиялары», «Білім беру үдерісті басқару», «Оқытылатын ерекшеліктері мен оларды оқыту», «Ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу әдістері», «Мультимедиялық жүйелер», «Компьютерлік графика» және т.б. Ертең ол – тамаша мұғалім – міндетті түрде сабақтарында өз білімдеріне орын табады.

Мәселе басқада: өзін-өзі дамытуға керек бос уақыттың жоқтығы және өткізілетін курстар туралы ақпараттың жеткіліксіздігі.

 

Өзін-өзі жетілдіру бағдарламасы

Мектепті реформалаған жағдайларда оқу мекемелерінің жалпы қазіргі тәрбиелеу мен оқыту технологияларын қолдануға көшу үдерісінде мұғалімнің мамандық шеберлігінің өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыс қоррекциаланады.

Мұғалім бір бөлігі өздігінен білім жетілдіру үдерісі болатын даму тәртібіне кірісу керек.

Педагогтың өздігінен білім жетілдіру үдерісіндегі әрекеттері:

- Өзін-өзі өзгертудің қажеттілігі туралы шешім алуы;

- Жетілдіру бағдарламасын жасау;

- Бағдарламаны жүзеге асыру жұмысы;

- Бағдарламаны немесе барысына керек болса, коррекция жасау;

- Бағдарламаорындау туралы өзін-өзі талдау;

- Өз алдына жаңа мақсат пен міндеттер қою;

- Өзін жетілдіру мен өзінің өсу бағдарламасын жасау - педагог әрекетінің негізгі кезеңі.

Бағдарлама құру принциптері:

- ғылымилылығы;

- болжамдылығы;

- өзектілігі;

- оптималдылығы;

- шындылығы;

- тұтастығы;

- бақыланылатыны.

Өздігінен білім жетілдіру бағдарлама бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері:

∙ Жаңа технологиялар бойынша оқытуға рационалды өтуге өзінің мүмкіндіктерін, өзінің іс-әрекеті, проблемалық талдауы, өзін -өзі диагностикалау.

∙ «Мен болашақтамын», «Менің жетістіктерім» жалпы қонцепциясын қалыптастыру;

∙ өзін-өзі дамыту стратегиясын таңдау, өздігінені жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының жаңа қалпына көшу;

∙ әрекеттің міндеттері мен кезеңдерін анықтау;

∙ жақындағы мақсаттарды ( күтілетін нәтиже) нақтылау;

∙ өзін-өзі жетілдіру бойынша әрекеттер жоспарын құрастыру:

∙ өзін-өзі бағалау;

∙ әріптестермен тәжірибе алмасу.