Тақырып. Цилиндрлік тісті берілістер.

Ұсақ модульді көп тісті дөңгелектердің артықшылығы, олардың жай және еркін айналуында. Мұндай дөңгелектерде үйкеліс күші мен кесілетін материал азаяды.

Тіс модульінің мәні орталық өстің ара қашықтығы арқылы немесе дөңгелектің ені арқылы табылады: , шынықтырылған болаттар үшін .

Модульдің жоғарғы мәнін берілістер үлкен күшпен, аз уақыт, орташа жылдамдықпен жұмыс істеген кезде аламыз. Ал төменгі мәнін ұзақ уақыт, аз күшпен және жедел жылдамдықпен жұмыс істеген кезде аламыз. Кей жағдайда модуоьдің мәні дөңгелектің еніне байланысты алынады.

Орталық өсаралық қашықтықты тапқанннан кейін ның мәні арқылы дөңгелектің енін табуға болады . Дөңгелке енінің коэффицентін кестелерден қарап алуға болады.

Тағайындалған модуль иілуге тексеріледі. Бұл жағдайда жабық берілістер үшін иілу беріктігі өте үлкен болуы мүмкін, бірақ цементтелген жоғарғы қатаңдыққа дейін шынықтырылған дөңгелектер үшін солай болуы да ықтимал, себебі жоғарыда айтылғандай олардың жұмыс істеу қабілеттілігі жанасу беріктілігіне байланысты болады.

Тісті берілістердің өлшемдері тіс санымен байланысты. Тіс санының азаюы оның табанын жұқартады және эвлбвент профильді тістің қисықтығын ұлғайтып тістің иілу қасиетін кемітеді. Мысалы, егер тістің саны 17-ден кем болса, онда тісті дөңгелектің жанасу кезінде кескіш құрал тістің табанына тиіп оны жұқартады сондықтан тіс саны 17-ден кем болмауы тиіс.

Дөңгелек диаметрі тұрақты болса, яғни тіс санының модульге көбейтіндісін сақтай отырып, тіс санын өзгертуге болады. Бұл жағдайда тістің пішіні мен өлшемдері өзгереді. Тіс саны көбейгенде оның пішіні жақсарып модульі кішірейеді. Бірақ тістің иілуге шыдамдылығы да кемиді себебі көлденең қимасы азаяды. Тіс санының модульге көбейтіндісі тұрақты болғанда, жанасу кернеуі өзгермейді, өйткені бұл кернеу тек қисықтың радиусына (диаметріне) байланысты болады.

Егер тіс саны шексіздікке ұмтылса ол рейкаға айналады, Зиянды дыбыстарды жою үшін болған жөн.

Техникада тік тісті цилиндрлі берілістермен қатар қиғаш және шеврон тісті дөңгелектер де жиі қолданылады.

Егер тіс бағыты дөңгелектің өсімен белгілі бір бұрышын жасайтын болса онда ол қисық тісті дөңгелек цилиндр деп аталады. Бұл дөңгелекті әзірлеу үшін де тік тісті дөңгелектерді әзірлеу үшін пайдаланылатын құралдар пайдаланылады. Бірақ құрал белгілі бір бұрышына қарай бұрылады.

Қиғаш тісті дөңгелек өлшемдері бұрышына байланысты өзгереді. Қисық тісті берілістерде екі түрлі модуль кездеседі: қалыпты модуль және шеңберлік модуль

Қисық тісті шевронды цилиндр тісті берілістің тік цилиндр тісті берілістерге қарағанда төмендегідей артықшылықтары бар. Біріншіден, соғу күші мен зиянды дыбыстар аз болады. Себебі, тістер тік тісті берілістердегідей бүкіл ұзындығымен бірдей ілініспейді, олар ілініске бірте-бірте енеді. Екіншіден жабу коэффиценті көп. Бұл коффиценттің өсуі көп қуатты беруге және тік тісті беріліспен салыстырғанда беріліс саны мен жылдамдықты өсіруге мүмкіндік туғызады. Қисық тісті берілістер көбінесе жылдамдық шамасы көп болған жағдайда қолданылады.

Сонымен қатар бұл берілістің кемшіліктері де бар. Қисық және шеврон тісті берілістерде өстік күш пайда болады. Ол күш білікке қосымша иілу моментін туғызады және ол радиалды тіреуіш пен тіреуіш подшипниктер қоюды қажет етеді.

Қисық және шевронды тісті дөңгелектерде тістің беріктігі оның қалыпты қимасындағы тіс өлшемдері мен пішініне байланысты анықталады.