Кәсіптік алаңдардың барлануы

Кен орнының кәсіптік маңыздылығын орнату үшін геологиялық және геофизикалық мәліметтерді ескере отырып барлау жұмыстары барша мүмкін болатын мұнайлы және газдылы қабаттар анықта мақсатымен жүргізіледі. Кен орынды барлау алдында әдетте екі негізгі мәселелер туындайды: 1) өнімді болуына мүмкіншілігі бар жаңа алаңдар мен бөлкішелерді анықтау; 2) кәсіптік белдемінен төмен жатқан жаңа мұнайлы белдемдерді табу. Осы жағдайда барлау жұмыстары мұнайлы ауданының геологиялық мәліметтері, қиманың зерттеулеріне байланысты жүргізіледі.

Жаңа алаңдармен бөлімшелерде барлауды жүргізу кезінде ұңғыларды әдетте барланатын кеніш бөлімшесінің жоғары жайғасуы жобаланады. Шоғырдың созылымына перпендикуляр барлауды жүргізу кезінде мейлінше тиімді нәтижелер алынуы мүмкін және де ұңғылардың бұрғылау бағыты белігіледен белгісізге қарай болады. Барлау жүйесінің және барлау ұңғыларының орналасуы мұнай шоғырының пішіні мен типі бойынша анықталады. Мұнай (газ) шоғыры бұзылыстың немесе үйлесімсіздің үстінде орналасқан болса, барлау ұңғыларын олардың сызығына перпендикуляр жобалайды, ал жаңа алаңдар мен бөлімшелердің барлануы кезінде өнімді белдемінің литологиялық сыналану мүмкіншілігі және фациалдық ауысуларын есепке алады.

Кен орындардағы аз зерттелген аймақтардағы, терең орналасқан жаңа газмұнайлы белдемдерін барлауда ұңғылардың шектеулі санын жобалайды. Мұндай ұңғыларды қиманы және газмұнайлылық мүмкіндігін анықтауда, керн алу, геофизикалық, кәсіптік, барлық қосымша корреляциялық әдістер кешенін зерттеу мақсатымен жүргізеді. Барлау ұңғылардың санын, реттілігін және бұрғылау қарқындылығын анықтауда газмұнайлы алаңының көлемі мен өнімді белдемнің құрылымын даярлауға талап ететін барлау қорына байланысты. Кен орнының барланған аудан көлеміне орналасқан, геологиялық қимасы азды-көпті зерттелген жаңа газмұнайлы белдемін барлау кезінде, ұңғылар тобын жобалайды. Осы жағдайда барлау жұмыстарын әдетте төменнен жоғары жүйесімен жүргізіп, сынамалау зерттеулерді және жаңа белдемдерді меңгеруді анағұрлым тездетуді қамтамасыздандырады.

Газмұнайлы белдемдерге ашылымына дұрыс баға беру үшін электрлік каротаждың және бүйірлік зондылау мәліметтерін сонымен бірге бүйірлік грунт алу аспабымен немесе тізбектік қашаумен алған кернді зерттейді. Газмұнайлы белдемін бағалауда ең маңызды мәселе бұл оның тікелей байланысты, қайтару жолымен сынамалануы болып табылады.

Газмұнайлы белдемдерге салыстырмалы баға беруде келесідей көрсеткіштер пайдалануы қажет:

1) Ұңғының дебиті – оның көлемі мен орнықтылығы;

2) Коллектордың литологиялық-физикалық сипаттамасы, қалыңдығы, кеуектілігі және өткізгіштігі;

3) Құрылымның өлшемдері, құрылыстық күрделілігі және мұнай (газ) шоғыр құрылымымен байланысы, шоғыр пішіні;

4) Белдем режимінің жалпы мәліметтері, қабат қысымы және барлау ұңғыларын сынау процесінде қысымның мұнай және газбен қанығуы, газдық фактор – оның өлшемі және ұңылардың сынау прцесінде өзгреулері;

5) Бұрын зерттелмеген газмұнайлы облыстағы стратиграфиялық белдемінің басқа өнімді белдемдерге қарағанда орналасуы;

6) Экономикалық факторлар. Олар белдемнің жату тереңдігіне, жергілікті жердің бедеріне, тас және темір жолдар магистральдарының жақындылығына және т.б. байланысты болады.

Жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, барлау ұңғылардың сынау мәліметтерді толығымен бағалауына мүмкіндік береді. Кен орнының кәсіптік маңыздылығы туралы түсініктерін іздеу-барлаудың, бұрғылаудың және геологиялық-геофизикалық зерттеулердің талданан мәліметтеріне негізделуі керек.

Кен орынды бағалау кезінде, бұрғылаумен ашылмаған тереңде жатқан мұнай-газ белдемдерін ескеру қажет, ал ашылған белдемдерін бағалау кезінде мұнайлы кен орындар үшін мұнайдың және ілеспе газдың сипаттамалары, газды кен орындар үшін қабат ішіндегі табиғи газдың жағдайын, сонымен қатар мұнай мен газдың тауарлық қасиеттерін ескереді.

Кәсіптік алаңдарда барлау жұмыстарын жүргізу кезінде кен орын қимасын құрастырған жыныстарын және мұнай-газ белдемдерін, сонымен қатар мұнайлы қабаттардағы ілеспе газдардың (газды-газ қабаттарында) мұнай қорын анықтауға зерттеулерді жүргізу қажет болады.

Кен орнының барлау алды біртұтас жобасы кәсіптік өндіруге даярлау мақсатынан келесі пункттерді кіріктіру қажет:

1) Кен орнының кәсіптік маңыздылығы туралы геологиялық түсінікті;

2) Ашылған кәсіптік газмұнайлы белдемінің контурлау жоспарын;

3) Кен орынның барлау алдындағы келешек жоспарын, барлық мұнайлы-газды қабаттардың кәсіптік маңыздылығын орнату мақсатымен жүргізуін барлау ұңғылардың пайдалану сынамасы және сынамалау тәртібінің жоспарлары сонымен қатар барлу ұңғыларындағы зерттеулерін жүргізу жоспарлары;