Лім қай кезде дамыған?

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН »

Кафедра меңгерушісі,доцент

Н.А.Жуманазаров

хаттама №_ ”__ ” _____2016 ж.

Сот медицинасы курсы

Дәріс: №2

Тақырып: Мәйітті табылған орнында тексеру. Дәрігер-маманның міндеттері.

 

 

Түркістан 2016 ж.

1. Дәріс тақырыбы:Оқиға болған жерді, сол жерде мәйітті қарап тексеру. Дәрігер-

маманның атқаратын рөлі.

2. Дәріс жоспары: 1. Кіріспе.

2. Мәйітті тексеру сипаттамасы.

3. Сарапшының құқықтары

4. Қорытынды.

3.Дәрістің мақсаты: Студенттерге сот медициналық сараптамада қылмысқа тән кездесетін алуан түрлі өлім себептерін анықтау мақсатында уақиға болған жерді сараптау кезінде байқалатын белгілерді сараптау үшін қажет екенін үйретеді .

4.Дәрістің мазмұны:Қылмысты оқиға болған жерді қарап тексеру - тергеу ісі болып табылады және оны тергеуші жүргізеді. Оқиға болған жерді тексерудің мақсаты, тексеру ережелері, қыл мысты дәлелдейтін заттарды тексеру ережелері, тексеру нәтижесін құжаттау Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-222-223-224, 227 баптарында айқындалған. Егер қылмыс адамның өміріне немесе денсаулығына қарсы жасалған болса, онда болған жерді тексеру кезінде медициналық сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарды жауап алу үшін оқиға болған жерді тексеруге тергеуші сот медицина сарапшысын, ол болмаған жағдайда басқа дәрігерді шақыртады. Сот медицина сарапшысының немесе дәрігер маманның шақыртылуы, олардың міндеттері мен құкықтары Қазақстан Республикасының Қылмыстык іс жүргізу кодексінің 83-84 баптарында көрсетілген. 83 бап. Сарапшы.... Іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам - сарапшы ретінде шақыртылуы мүмкін... Сарапшының құқықтары:

- қылмыстық іс материалдарымен танысуға;

- қосымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге;

- қылмыстьіқ процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу әрекеттерін жүргізуге

және басқа да іс-жүргізу әрекеттеріне қатысуға және сараптама жүргізуге қатысты

сұрақтар қоюға:

- өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ, егер өзіне берілген

материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды

беруден бас тартуға құқықты.

Сарапшының міндеттері:

- қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуіге және өз алдына

қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды

беруге;

- жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша

жауап беруге;

- сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы туралы

мәліметтерді және өзгеде мәліметтерді жарияламауға;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсанда Х.875/1 бұйрығымен бекітілген «Сот медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережесінің» З-ші бөлімі мәйітті оқиға болған жерде қарау ережелерін береді.

Мәйітті табылған жерінде тексеру кезінде сот-медицина сарапшысы шешетін негізгісұрақтар:

Табылған адам тірі ме, әлде өлі ме?

Егер өмір сүру мүмкіндіктері күрт төмендесе жүрек соғысы, тыныс жәнепульс анықталмайды. Сонымен бірге субъективті белгілер де: дененіңпассивті қалпы, терінің бозаруы, сезімталдықтың жойылуы, көз қарашығыныңрефлексінің болмауы - өлім дамығанын көрсете алмайды.

Өлімнің нақты белгілері болмай денені мәйітханаға жіберуге болмайды.

Өлімнің нақты белгілерінің алғашқылары - өлім дағы және сіресу белгілері.

лім қай кезде дамыған?

Өлім дамығаннан кейін дене неғүрлым ерте табылса, онда өлім уақытын анықтау мүмкіндігі де көбірек Өлімнің уақыты мәйіттік құбылыстардың көрінуімен (дененің сууы, мәйіт дақтары, сіресу, шіру белгілері және т. б.) және олардың даму дәрежесімен анықталады. Бұл кездемәйіттік қүбылыстардың дамуын тежейтін немесе жылдамдататын қоршаған орта факторларын ескеру керек.

3) Мәйіттегі жарақаттар сипаты?
Табылған жарақаттар толық сипатталып жазылады.

4) Өлім дамығаннан кейін мәйітті қоғаған белгілер жоқ па?

Теріден, киімнен денені сүйреген белгілерді қарау, мәйіт дақтарының орнласуына көңіл аудару керек. Егер мәйітті туыстары дәрігер келгенше қозғаса, бұл мәлімет хаттамада көрсетіледі.