Дәріс№5. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары мен принциптері.

Дәрістің жоспары:

1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары.

2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары.

Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары мен заңдылықтарын таныстыру.

Мазмұны:

Мектепалды тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үдерістердің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі.

Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.

 

  Бірінші заңдылық Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді,. Балалар тілдің фонологиялық мағынынасын, әдеби тілдің орфоэпиясын мектепке дейін меңгереді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Тілді ұғыну дегеніміз – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен балалардың тіл байлығын арттыру. Әдістемелік принцип төмендегі әдістемелік ережелерді ақтауды талап етеді.
  1. Балаларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;
  2. Грамматикаға үйрету барысында логикаға үйрету;
  3. Қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыру;
Екінші заңдылық Тілді ұғыну үшін орасан зор сезімталдық керек. Мұндай қасиет балада тіпті сәби кезінен болатынын зерттеушілер айтып жүр. Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтауды талап етеді.
  1. Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру.
  2. Балалар өздеріне таныс грамматикалық көріністерді белгісіз көріністермен салыстыра алатындай материалдар іріктеу.
  3. Тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді. Мұндағы әдістемелік принцип: сөйлеу мәнеріне назар аудару.
Төртіші заңдылық Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің таңбалау жүйесіне аудару ретінде ұғынылады. Ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мыныдай әдістемелік принципке негізделеді:
  1. Ауызекі сөздегі дыбыстармен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру;
  2. Дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру;
  3. Ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.
Бесінші заңдылық Фонетикалық грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы және тиісті жазбаша таңңбалар ұғыну барысында меңгеріледі. Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай:
  1. Көрнекілікті пайдалану;
  2. Есту құралдарын пайдалану;
  3. Оқу құралдары, көркем мәтіндер, газеттер, журналдар;
  4. Балалардың басқа пәндерді өту барысындағы сөйлеу практикасы пайдаланылады.
Бала әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады.
Алтыншы заңдылық Тілге үйрену сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары, қимыл қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы іске асады. Мұғалімнің айтқанын естіп қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып жазып сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.  
Жетінші заңдылық Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы ғана дамиды, ал екінші тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым ұғынады. Сондықтан балалар үйренгендерін ұмытып қалмау үшін тілдік материалдарды көбірек беріп, сөйлегенде қолданып отыруына жағдай жасалады. Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану қажет: Салыстыру, анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуы тиіс.

 

 

Сөйтіп, ана тілін меңгеру заңдылықтары оны мектепалды оқытудың негізі болып табылады:ол әдітемелік принцрптер осы заңдылықтардан туындайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1 Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылықтары.

2. Ана тілін меңгеру заңдылықтарын оқытудың маңыздылығы.

3. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанымдары.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.

3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.

4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.

5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.

6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.

7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.