АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі

 

 

Ақтөбе – 2015

ББК 74.3

Д.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, педагогика институтының оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды.

 

Рецензенты:

1. Токжанова А.М. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

2. Туретаева Г.И. – педагогика ғылымдарының кандидаты

Дүйсенбаева Р.Д., Рыстыгулова А.Т.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі: Дәрістер жинағы. – Ақтөбе, 2015 ж. – 160 бет.

ISBN

Дәрістер жинағы мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту теориясын қарастырады.

Дәрістер жинағында курс мазмұны, міндеті, арнайы мектепте математика сабағын өткізу және ұйымдастыру ерекшелігі, арнайы мектепте математиканы оқытудың арнайы әдістемелері мен амалдарын қолдану және арнайы мектепке арналған математика пәні бойынша бағдарлама құрлымының ерекшеліктері қамтылған.

Дәрістер жинағы колледж және жоғары оқу орны студенттеріне, арнайы білім беретін мектеп мұғалімдеріне қолдануға арналған.

ББК 74.3

Д.

Дүйсенбаева Р.Д., Рыстыгулова А.Т., 2015

АЛҒЫ СӨЗ

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі» пәнін оқытудың мақсаты студенттердің мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту теориясы аумағындағы білімдерін кеңейту және тереңдету. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі пәні «Дефектология» бөлімінің 3 курс студенттеріне арналған және арнайы педагогика және арнайы психология курсыноқу барысында алынған білімдеріне негізделеді. Пән мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың негізгі бағыттарын қағидаларын формаларын ұйымдастыру әдістемелерін ашып көрсетеді. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері мынадай:

Арнайы мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсатын, міндетін оқыту әдістемесін ашып көрсету.

Арнайы мектепте математиканы оқыту үрдісінің ерекшелігіне, ұйымдастырылуына, математиканы оқыту формаларына, амалдарына, құралдарына сипаттама және түсінік беру.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқыту барысында студенттердің курс мазмұны және міндеті, пәні туралы; математика ғылымында қолданылатын ғылыми зерттеу әдістемесі туралы; арнайы мектепте (зияты, сөйлеу тілі, көру және есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп) математика сабағын өткізу және ұйымдастыру ерекшелігі туралы; арнайы мектепте математиканы оқытудың арнайы әдістемелері мен амалдарын қолдану туралы; арнайы мектепке арналған математика пәні бойынша бағдарлама құрлымының ерекшеліктері туралы білімі қалыптасады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту пәнінің әр бір бөлімін оқығаннан кейін студенттер оқу әдістемелік талдау және конспектілеу біліктілігін игерген әдебиеттердегі материалдар бойынша практикалық бекіту жұмыстары жүргізіледі, сабақ конспектілерін құрады және талдайды, академиялық ойын арқылы сабақ жүргізеді математика пәні бойынша оқытушының календарлық жоспарын жасап үйренеді, өзіндік және бақылау жұмыстарын орындайды көрнекі дидактикалық материалдарды талдайды және дайындайды.

 

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жоспар:

1. Арнайы мектеп бағдарламаларының құрылуындағы ерекшеліктер.

2. Бағдарлама материалының концентрлік жүйе бойынша игерілуі.

3. Арнайы мектеп бағдарламаларының мазмұны.

 

Арнайы мектептің бірінші сыныбында математика пәнін оқытудың көп ерекшеліктері бар. Көп сөздерді балалар естіп жүрсе де мағынасын түсінбейді, түсінген жағдайда қолдана алмайды, заттар топтарын салыстыра алмайды, кеңістікке бейімделе алмайды ( оң, солды ажыратуға қиналады), заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды білмейді.

Бірінші сыныпта математика пәнінің ең басты мақсаты - оқушыларды заттар топтарының арасында өзара бір мағыналы сәйкестіктерді орнатуға, дәлелдеуге үйрету.

Мысалы, қарындаш қанша болса, сонша таяқша ал.

Сабақта негізгі әрекет тобы - тапсырмаларды барлық оқушының бір мезгілде қатар орындауы. Бірақ мұғалім әр баланың ерекшеліктерін ескергені қажет. Мұғалімнің сұрақтары,тапсырмалары күрделі болмауы керек. Әр тапсырма кезеңдерге бөлініп жоспарланады. Оқушылар мұғалімнің сұрақтары бойынша жасаған іс-әрекеттерін баяндап отырады.

Сабақтар көрнекі құралдармен қамтамасыз етілуі қажет. Көрнекі құралдар анық боялған, тиянақты жасалған болғаны жөн. Оқушыларға күнделікті пайдаланып жүрген, өздеріне таныс заттармен тапсырмалар орындату қажет.

Сабақта пайдаланатын заттарды оқушылар көріп қана отырмай, қолдарына ұстап көруі керек.

Мұғалім тапсырмаларды орындағанда оқушылардың қызыға қатысқанын қамтуы қажет.

Арнайы мектепте математика пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ерекше атап өткен жөн.

Оқушылардың ауызша нұсқауларды қиындықпен түсінетінін ескеріп, мұғалім әр тапсырманы оқушылармен бірге орындайды, әр жасаған әрекетін айтып отырады.

Мысалы: «оң қолыңды көрсет» деген тапсырманы мұғалім оқушының жанында тұрып бірге орындайды. Одан кейін мұғалімнің айтуы бойынша оқушы өзі орындайды, мұғалімнің сұрақтары бойынша жасаған әрекетін айтып береді.

Балалар көптеген сөздерді естіп жүрседе, мағынасын анық білмейді. Сөзді айналадағы заттармен байланыстыра алмайды. Сабақта көрнекі құралдар пайдаланған жөн. Бірақ көп уақыт түсініктерді меңгеруді көрнекі –практикалық деңгейде қалдыруға болмайды. Ол үшін әр жасаған іс-әрекеті сөзбен қоса айтылып отыруы керек.

Оқушылардың іс-әрекеттерін түсініп орындағанын талап етуі қажет.

Әрбір оқушының жеке психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың сабақ үлгерімі де әр түрлі болады. Сол себептен ол өткен тақырыпты қайталау екі түрде қатар өтеді. Біріншісі - жаңа тақырыпты меңгеру үшін болса, екіншісі – оқушылардың білім деңгейін бірдей дәрежеге жеткізу үшін жүргізіледі. Тақырыпты өткенде оқушылардың білім дәрежесі бірдей болмағаны мұғалімнің жұмысын қиындата түседі.

Математиканы Арнайы мектепте оқытудың басты білім беру мақсатына келсек, ол ақыл – ойы кемтар оқушылардың өмір сүруіне, келешек мамандық алуы үшін керекті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру. Арнайы мектеп оқушылары (1-9 сынып) келесі білім, білік және дағдыларды игеру тиіс:

· Натурал сандар, нөл саны, сандардың қатары мен қасиеттері. Қарапайым және ондық бөлшектер

· Негізгі өлшем елестетулер (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, аудан, көлем, қолданылуы, өлшем бірліктері)

· Өлшем құралдарын пайдалана алу мен өлшеулер жүргізе білу (сызғыш, таразы, сағат және т.б.)

· Негізгі 4 арифметикалық амалдарды білу және олармен есептер шығара алу. Бүтін мен бөлшектік сандармен есептер шығару.

· Жай және күрделі сөз есептерді шығару

· Жазықтықты және көлемді геометриялық фигураларды тану, олардың қасиеттерін білу, өлшем аспаптарды қолданып сызу, өлшеу, құрастыру(сызғыш, циркуль, үшбұрыш, транспортир және т.б.)

Математикаға оқытудың арнайы мақсаты – ақыл-ойы кем тар балалардың мүдделік, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Арнайы мектептерде оқытылатын математика пәнінің тәжірибелік маңыздылығы оның еңбек шеберханаларында, мектеп аулаларында, өндіріс пен ауылшаруашылық кәсіпорындарында қолданылуы болып есептеледі.

Арнайы математика курсы мына салалардан тұрады:

¨ Бүтін сандар арифметикасы

¨ Шамалар

¨ Арифметикалық сөз есептер

¨ Бөлшектер арифметикасы

¨ Геометрия элементтері

Ақыл-ойы кем тар балаларды математикаға оқытудағы ерекшеліктер

· Көлемдік жағынан тақырыптардың қысқартылып берілу

· Бағдарламада тақырыптардың ерекше орналасу реті ( «алға жүру», дайындық жаттығулардың болуы)

· Салыстыру, теңеу тәсілдеріне тіректеніп, оқу үрдісімен басқару

· Материалдың бағдарламада концентрлік негізінде орналасып және бөлшектеп берілу ( 5 концентр бар)

· Көркемдік және дидактикалық жабдықтардың пайдалануы

· Оқу үрдісінің тәжірибелік бағыттылығы

· Тәжірибелік операциялар мен нақты көріністер арқылы білімнің индуктивті түрде меңгерілуі

· Оқудың түзету сипаты

Интеллект дамуы кешеуілдеген балаларды оқытуға арналған барлық пәндер бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларының варианттары ұсынылуда. Оқудың ұзақтығы кәсіптік оқыту кластарын қосқанда 9 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Оқу жоспарларының кейбірінде дайындық кластарында диагностикалық-пропедевтикасы қарастырылады, яғни ол кластарға 1 класқа оқуға дайындығы жоқ немесе білім беру мекемесінің түрін анықтау мақсатында диагнозды бекіттіру үшін қабылданған балалар оқиды.

Вариативті оқу жоспарларындағы сағат саны математика курсы бойынша әр түрлі. Математика сабақтарындағы оқу материалдарын мазмұнын құруда кәсіптік-еңбекке бейімдеу арқылы оқытудың ерекшеліктері, мектепті бітіргеннен кейінгі түлектердің еңбек ететін мекемелерінің түрлері ескеріледі. есепке алынады.

VIII түрдегі коррекциялық мектептерде математиканы оқыту бағдарламалары мен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш кластарына арналған бағдарламалар негізгі бөлімдердің аталуымен ғана ұқсас болып келеді. Бұл ерекшелік коррекциялық мектеп оқушыларының оқу материалын ұғынудағы, есте сақтауындағы ерекшеліктермен түсіндіріледі.

1. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың оқу материалын үлкен еңбекпен, жай қабылдайтындығы бағдарлама материалын әрбір класта аз көлемде берілетіндігімен сипатталады. Мысалы, 1 класта оқушылар алғашқы ондықпен, 10 көлеміндегі сандарды қосу, азайтумен, өлшем бірліктерімен ғана танысады. Ұзындық өлшем бірліктерімен танысу 1 класта басталып 8-9 кластарда аяқталады, бөлшектер мен қарапайы жақшамен танысу 4 кластан басталып 8-9 кластарда аяқталады.

2. Бағдарламадағы материалдардың орналасуында «алға қарай» жүру байқалады, мысалы қандай да бір түсінікті қалыптастыру үшін оқушылармен дайындық жаттығулары жүруі керек, яғни, салыстырулардың әр түрлілігін VIII түрдегі коррекциялық мектептерде математиканы оқыту бағдарламалары үлкен санның артық бірліктерін өзінен кіші санмен салыстыру арқылы туралы түсінікпен 4 класта оқиды, бірақ олар 1-2 класта танысып кетеді. Осындай жағдайлар геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері, арифметикалық амалдардың қасиеттері мен заңдылықтары туралы ұғыммен танысқанда да анық байқалады. Мысалы, 1 класта оқушылар тіктөртбұрыштың образымен танысса, 2 класта тіктөртбұрышты нүктелер бойынша сызады, 3 класта осы геометриялық фигуралардың қасиеттерімен, элементтерімен, бұрыштарымен, қабырғаларымен, 4 класта сызғыштың көмегімен қабырғаларының ұзындықтарын сызумен, 5 класта тіктөртбұрыштың аралас қабырғаларымен және диагоналдарымен, 6 класта параллелограммның бөлшегі екендігімен, 7-8 кластарда тіктөртбұрыштың ауданы туралы ұғыммен танысады.

3. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар қалыптасқан түсініктердің мағыналық белгілерін қиындықпен түсінетіндіктен, бағдарламада мұғалімдердің оқу процесін ұйымдастыру кезінде әрбір тақырыпты салыстырулар арқылы ұғындыруын талап етеді, яғни азайту амалын қосу амалымен, қосу амалын азайту амалымен салыстыра отырып түсіндіру.

4. VIII түрдегі коррекциялық мектеп оқушылары жай қабылдап, тез ұмытуға бейім болғандықтан бағдарлама жаңа материалды түсіндірумен қатар өткен материалды қайталап, бекітіп, еске түсіріп отыруды қажет етеді. Әрбір кластың бағдарламасы өткен жылға оқу материалын еске түсіріп, қайталау арқылы игеріледі. Қайталау бірте-бірте кеңейіп, жаңа материал өткен материалды кенейтуге бейім болуы керек. Мысалы, 4 класта «Алғашқы ондық» концентрін қайталау кезінде оқушылар разряд бірліктер туралы білімдерін (бірлік, ондық, жүздік) еске түсіріп, разряд туралы жаңа ұғым қалыптастырып, әрбір кластың ерекшелігімен танысса, 5 класта сандарды дөңгелектеумен танысады. Таблицалық көбейту мен бөлуді қарастырғанда бірліктерді нольге көбейту мен бөлу жағдайлары қарастырылады.

5. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың абстрактілі ойлауы әлсіз болғандықтан оқушылардың қорытындылау, бекіту жасау, ережедерге талдау жасау, заңдылықтарды бекітуді бағдарлама мазмұны мұғалімдерден кең көлемдегі көрнекі құралдарды, дидактикалық құралдарды қолдануын талап етеді.

6. Коррекциялық мектептердің алдындағы негізгі мақсаттардың бірі-оқушыларды кәсіптік еңбекке баулу болғандықтан, бағдарламада оқушылардың практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру қарастырылады.

7. Практикалық іскерлік, дағдыларды қалыптастырумен қатар нақты құбылыстарға бақылау жасау арқылы практикалық операцияларды орындауға үйрету мәселелері де қарастырылған.

8. VIII түрдегі коррекциялық мектеп оқушыларының құрамының әр түрлілігін және математикалық білімді игерудің түрлі жолдарын есепке ала отырып, бағдарлама мазмұны балалардың категориясына сәйкес оқу талаптарын дифференсациялауды талап етеді. Бағдарлама көп жылға еңбектің жемісі көрсеткендей білім, іскерлік, дағдының оптимальды көлемін анықтайды. Практикада көрсеткендей әрбір класта математикалық білімді игеруде артта қалып отыратын балалардың болатынын көрсетеді. Олардың жаңа материалды бір түсіндіргеннен кейін түсінбейтінін, олардың қайталап түсіндіруді қажетсінетінін көрсетеді. Мұндай балалар үшін бағдарламада әрбір бөлімдерде қысқартулар енгізілген. Сонымен мұғалім жеке жұмысты қажет ететін оқушылар үшін талаптарды өзгереді. Бас миының қабығының локальдық бұзылуы анықталған балалар үшін (арнайы мектептің барлық пәндерін игергенімен математика сабақтарынан үлгере алмайтын оқушылар) қосымша сабақтар жүргізгеннің өзінде де ол балаларды мектеп әкімшілігінің келісімімен мұғалімнің құрған жоспарына сай жеке сабақтар ұйымдастырылу жағы да қарастырылған. Мұндай жағдайда жеке бағдарлама нақты баланың математикалық білімінің деңгейі, үлгерімін есепке ала отырып құрылады.

9. Бағдарлама математиканы оқытудың негізгі міндеттерін шешуде мұғалімдерден коррекциялық-дамытушылық міндеттерді шешуді жүктейді. Математиканы оқыту бағдарламасының түсінік хатында баланың танымдық қабілеті мен жалпы дамуының жағдайларын қарастыру керек екендігі айтылған.

VIII түрдегі коррекциялық мектептегі 0-1 кластарға түрлі даму деңгейімен, оқуға деген дайындықтың түрлі деңгейімен қабылданатын болғандықтан бағдарлама дайындық кезеңін (пропедевтикалық кезең) қарастырады. Дайындық кезеңінің міндеті-оқушылардың заттардың пішіні, формасы, уақыт туралы түсініктерінің көлемі, кеңістікті бағдарлай алуы, математикалық ұғымдары туралы мүмкіндіктерін зерттейді. Пропедевтикалық кезеңде оқушылардың сан, сапа, көлем, кеңістік туралы ұғымдары қалыптасады. Пропедевтикалық кезеңнің ұзақтығы оқушылардың құрамымен, олардың мектеп пәндерін игеруге деген қабілеттіліктерімен, математикалық елестетулерінің деңгейлерімен анықталады. Дайындық класында бір жылға немесе бірінші класта екі аптадан 1,5 айға дейін созылуы мүмкін. Пропедевтикалық кезеңнен кейін математикалық бөлімдердің мазмұны анықталады. Бұл бөлімдер:

А) нумерация, б) толық сандармен берілген арифметикалық амалдар, в) өлшем бірліктері, г) бөлшек, д) геометриялық фигуралардың элементтері; Барлық кластарда да математикалық есептерді шығару мазмұны қарастырылады.

Нумерацияны оқыту кезінде оқушылар натурал сандар қатары және олардың қаситеттері, нөль, ондық жүйенің заңдылықтары туралы ұғыммен танысады. Бағдарламада арифметикалық төрт амалмен есептеу миллион көлеміндегі сандармен жұмыс жасауда қалыптасып, амалдар арасындағы ауыстырымдылық заңдылықтар қарастырылады.

Өлшем бірліктерімен танысуда (ұзындық, масса, көлем, аудан уақыт) туралы түсініктер қалыптасады. Бөлшектермен танысқанда қарапайым бөлшектер, ондық бөлшектер, бөлшектерді салыстыру, бөлшектер арқылы арифметикалық амалдарды орныдаумен танысады.

Коррекциялық мектептегі математиканы оқытудың бағдарламасы мыналарды қарастырады:

1. геометриялық фигуралар (сызық, бұрыш, дөңгелек, көпбұрыш, геометриялық денелер-параллелепипед, куб, цилиндр, конус, пирамида, шар) және олардың қасиеттері;

2. квадрат және куб өлшем бірліктері, кубтың параллелепипедтің, кубтың ауданын, көлемін табу;

Математиканы оқыту бағдарламасында нумерацияны концентрлік оқыту және арифметикалық амалдарды толық сандармен оқыту қарастырылған. Материалдың концентрлік түсіндірілуінде сандармен, олардың қаситеттерімен танысады.

Әрбір концентрді жеке-жеке қарастырсақ, бірінші концентр алғашқы ондықтағы сандармен, осы сандардың жазылуымен таныстыру, он көлеміндегі сандарды қосу, азайту, баға өлшем бірліктері-теңге, тиын, олардың қасиеттерімен 0-1 кластарда танысады.

Екінші концентрдің міндеті 20 көлеміндегі сандар нумерациясы, осы сандарды пайдалану арқылы арифметикалық амалды орындау, 11-20 арасындағы сандардың оқылуы мен жазылуы, екінші ондықтағы санның жазылуы, көбейту және бөлу амалдарымен танысу, өлшем бірліктерінің атауымен танысу, теңгемен жұмыс жасауға дағдыландыру. Екінші концентрдің материалдары 2-3 кластарда оқытылады.

Үшінші концентрде 100 көлеміндегі сандар нумерациясы, екі таңбалы сандарды қосу мен азайту, ауызша және жазбаша есептеуге үйрену жүзеге асырылады. Таблицалық көбейту мен бөлу аяқталып, таблицадан тыс көбейту мен бөлу игеріледі. Үшінші концентрдің материалдары 3-4 кластарда игеріледі.

Төртінші концентрде мың көлеміндегі сандар нумерациясы, разрядтық бірліктермен жұмыс жасаумен танысады. Салмақ, көлем өлшем бірліктерімен жұмыс жасау әрі қарай жалғасады. Теориямен қатар оқушылардың практикалық жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

Бесінші концентр 1 000 000 көлеміндегі көп таңбалы сандармен танысу, арифметикалық амалдармен жұмыс жүргізіледі. Бағдарламада 1 000 000 көлеміндегі сандармен танысу мынадай сандар қатарына бөлшектеніп игеріледі: 6 класта 10 000, 7 класта 100 000-ға дейінгі сандар, 8 класта 1 000 000-ға дейінгі сандармен таныстырылады. Көп таңбалы сандармен жұмыс жасау арнаулы мектеп оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне қарай бірте-бірте игертіледі.

VIII түрдегі коррекциялық мектеп оқушылары математиканы оқыту кезінде төмендегі біліммен қарулануы тиіс:

А) 1 000 000 көлеміндегі сандар санау, оқу, жазу, сандардың құрамын білу, кластар, разрядтар, ондық құрамын білуі керек;

Б) бөлшекті алу, оқу, жазу, бөлшектерді алу;

В) арифметикалық амалдардың көмегімен 100 көлеміндегі сандарды санау (тура, кері), көбейту мен бөлу кестесін жатқа білу;

Г) үш амалмен берілген қарапайым және күрделі есептерді шығару;

Д) өлшем бірліктер арқылы арифметикалық амалдарды орындау, циркуль, рулетка, масштаб сызғышы, гірмен, транспортирмен жұмыс жасау;

Е)геометриялық фигураларды ажырату, атай білу, негізгі геометриялық фигураларды ажырата білуі керек.

Математика - Арнайы мектептердегі жалпы білім берудегі негізгі пәндердің бірі. Математиканың жүйелі курсы 1-сыныптан 9-сыныпқа дейін оқытылады. Дайындық сыныбында балаларды математикалық материалдарды түсінуге және қабылдауға дайындайтын, мектепке дейінгі балалар дамуындағы бос аралықтарды толықтыратын "Математика әліппесі" енгізіледі.

Математика Арнайы мектептің негізгі мақсатын (балаларды әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту) орындауға көмектеседі. Осы мақсатқа байланысты, бағдарламада арнайы мектеп оқушыларының ақыл-ой деңгейіне сәйкес материалдар мен кұнделікті өмірдегі және кәсіби еңбектегі қажетті түсініктер енгізілген. Математика пәнін оқуда арнайы мектеп окушылары қабылдау мүмкіншіліктерінің шектеуліктеріне байланысты алған ақпараттарын пайдаланып, сақтауда және өңдеуде көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Бұл балалардың таным қызметтерінің бұзылуына байланысты. Бағдарламаның маңызды мақсаттарының бірі математика сабақтарында окушыларға тәжірибеден алған мысалдарын кеңінен пайдаланып пәнді, затты іс жүзінде оқыту сабақтарымен байланыстыра отырып, нақты өмірлік материалдарға сүйеніп, математика ұғымдарьш меңгеру.

Арнайы мектеп окушыларының ғылыми дүние танымдылығының жетік болуына, қажырлылық, табандылық, мақсатқа талпынушылық қасиеттердің тәрбиеленуіне математиканың тигізер септігі мол. Байқаушылық, ықыластық, шығармашылық ізденіс, логикалық ой-өрістің дамуына, ойды қысқа да дәл жеткізуге дағдыландыратын да математика сабақтары.

Осының барлығы, математикалық ұғымдардың тәжірибедегі ерекшелігін түсінуге, оқушыларға алған білімдерін тәжірибелік есептерді шығару барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды.

Арнайы мектептегі математика курсының мазмұны: нақты сандарды және нөл, арифметикалық амалдар, бүтін, оң сандар, оның негізгі қасиеттері, осы қасиеттерге негізделген ауызша және жазбаша есептердің әдістерін қамтиды.

Математиканы жақсы меңгеру сездік қордың байлығын керек етеді. Оқушының тіл байлығын жетілдірмей, математика білімін саналы түрде игеру мүмкін емес. Математика сабақтарында көптеген жаңа сөздермен окушының сөздік қоры толықтырылады. Мысалы, математикалық терминологиялар мен фразелогиялар, математика білімін үйренуге қажетті сөздер.

Ақыл-ойы дамымаған балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған жұмыстар да математика сабақтарында жоқ емес.

Бұл салада мұғалімнің басты мақсаты оқушыны бақылау, оны сөйлеу мүмкіншіліктерін арттыру, сонымен қатар мұғалімге еліктеу әдісі аркылы оқушылардың қателіктерін түсіндіру.

Оқыту үдерісінде педагог окушылардың ойлау (анализ, салыстыру, жинақтау, жіктеу және т.б. операцияларын), еске сақтау, зейін, қабылдау, сейлеу қабілеттерін дамытуға ұмтылады.

Кемекші мектеп окушылары меңгерген білімін жаңа, өзгерген жағдайға ауыстыруда қиналады, сондықтан окытуды тәжірибе бағытында жүргізу өте маңызды. Бұл үшін басқа пәндермен пәнаралық байланыста болып, кәсіби еңбек циклін, экскурсия материалдарын, әр түрлі өмір жағдайлары оқу тапсырмасы ретінде пайдалану қажет.

Мұғалім математика сабақтары арқылы, балалар бойында мектепті бітірген соң өз мүмкінішлігіне қарай өмір сүре білу қасиеттерін қалыптастыру сияқты тәрбиелік міндетті шешуге мүмкіндік алады.

Мектептегі математика курсының құрылысы өткен материалдарды қайталап, бекітіп, олардың жаңа сабақ материалдарына қатысын және жаңа байланысын аныктауға құрылған.

Арнайы мектептегі математика курсының негізгі бөлімдері: нөмірлеу, арифметикалық амалдар, олардың өлшемінің көлемі мен бірлігі, бөлшек, көрнекі геометрия элементтері, есептер.

Оқушылар арнайы мектепте миллионға дейін натурал сандармен, заттардың көлемін (ұзындығын, бағасын, салмағын, көлемін, уақытын, жылдамдығын, ауданын) өлшеу арқылы шыққан сандармен; жай және ондық бөлшектермен танысады. Оқушылар бұл сандарды оқуға, жазуға, са-лыстыруға, өзгертуге және олармен төрт арифметикалық амалдарды орындауға үйренеді.

Барлық арифметикалық амалдар төменгі сыныптарда өтеді. Осы кезде 100 саны келеміндегі сандардьщ мағынасын түсініп, жазбаша және ауыз­ша нөмірлеу, сан құрамын салыстыру дағдылары қалыптасады. Жаттығуларды жүйелі түрде орындау нәтижесінде, ауызша санау дағдысы біртіндеп қалыптасады. Олар мағынасына, формасына қарай (күрделене түседі) әр түрлі болады. Мұғалім оқушылардың есту арқылы түсіну және есте сақтау қабілеттерінің әр түрлі деңгейде екенін ескеру қажет. Сондықтан да, математика сабақтарында естіп-керу әдістері кеңінен қолданылған. Негізгі міндет - оқушыларды арнайы құралдарсыз ауызша санай білуге үйрету. Балаларды жазба түрде арифметикалық амалдарды анық және дәл орындауға, дүрыс есептеуге, шешімін тексеруге үйрету. Балаларда есептерді және мысалдарды шешу амалдарын толық түсіндіре отырып, амал­дарды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру. Бұл балалардың сөйлеу және ойлау қабілетін дамытып, берілген тапсырманы саналы түрде орындауға үйретеді.

Балалар сандарды үйренумен қатар, олардың көлем өлшемі бірліктерімен танысады. Осының нәтижесінде, математикалық ұғымдардың тәжірибедегі ерекшелігін түсінуге, оқушыларға алған білімдерін, тәжірибелік есептерді шығару барысында пайдалануға мумкіншілік жасайды. Қабылдау деңгейі басқалардан жоғары балаларды аудан, периметр және кейбір геометриялық фигуралар мен денелердің көлемін әріппен белгілеуге үйрету.

Жай бөлшектерді еткен кезде, тәжірибе жұмыстарын жиі ұйымдастыру (көлемді, сусымалы және сұйық заттармен, геометриялык фигура үлгілерімен) қажет. Есептегі жай бөлшектер қарапайым түрде беріледі. Ондық бөлшектер жай бөлшектердің жеке, күрделі жағдайында беріледі. Бөлшектің бұл екі түрін өзара салыстыру қажет (олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын байқау). Ондық бөлшектерді қабылдау оқушылардың бүтін сандарды, бірліктер жүйесін, жай бөлшектерді білу және жаза білу қабілеттеріне тәуелді. 9 сыныптағы пайызды оқыту, оқушылардың ондық бөлшектер туралы білімдеріне сүйенеді.

Оқушылар бірінші сыныптан бастап көптеген математикалық түсініктерді қалыптастыру құралы болып табылатын арифметикалық есептермен танысады. Алғашқы арифметикалық есептер шешімі ашық көрсетілген сюжетті және иллюстрациялық есептер. Балалар берілген заттарды санау тәсілін пайдалана отырып, берілген сұраққа жауап береді. Бұдан кейін шешімі көрсетілмеген сюжетті және иллюстрациялық есептер беріледі. Окушылардың алдында есептің жауабын табу үшін, арифметикалық амалдарды таңдап алу қажеттілігі туындайды. Осыдан кейін еөздік арифметикалық есептер енгізіледі. Мұғалім окушыларды есептің құрылысымен (тәсілі, берілген саны, сұрағы) таныстырады.

Сөздік есептерді шығаруға сабақ уақытының жартысынан көбі бөлінеді. Есептерді шығару барысында көптеген математикалық түсініктер мен қатынастар қалыптасып, балалар алған білімін барлық жағдайларда колдана білуге үйренеді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік туып, ұқыптылыкқа, қиындықты жеңе білуге және бастаған ісін аяғына дейін жеткізу қабілеті қалыптасады.

Мұғалім арифметикалық есептерді таңдағанда тек оқулық материалдарымен ғана шектеліп қоймау керек. Кәсіби еңбек сабақтарында, тұрмыста, дүкенде және де басқа жерлерде де туатын заттық-тәжірибелік жағдайларды пайдаланған тиімді. Дайын сөздік есептерді шығарумен бірге, окушыларды есепті езгертуге және құрастыруға үйрету маңызды. Жұмыстың бұл түрлері есептің құрама бөліктерін және оларды шығарудың жалпы тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Арнайы мектептегі толық оқу курсы бойынша есептің барлық түрлерін шығаруда олардың жауаптары беріледі.

І-IV сыныптарда математика сабақтарында көрнекі геометрия бөліктері оқытылады. Геометриялық материал әрбір математика сабақтарына енгізіледі. Мүмкіндігіне қарай, ол арифметикамен байланыста берілуі қажет. Оқушылар геометриялық фигуралар мен денелерді, олардың қасиеттерімен танысады және ол өлшеу және сызу құралдарын пайдалануға үйренеді.

V-IX сыныптарда математикаға берілген жалпы сабақтардан аптасына бір сағат геометриялық материалдарды оқытуға бөлінеді. Геометриялық білімдерді қайталау, бекіту және математика сабақтарында графикалық икемділіктерді қалыптастыру көзделеді.