Лімнің сот медициналық классификациясы

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН »

Кафедра меңгерушісі, доцент

Н.А.Жуманазаров

хаттама №_ ”__ ” _____2016 ж.

Сот медицинасы курсы

Дәріс: №2

Тақырып: Танатология. Жас нәресте мәйітін сот медициналық

Тексеру ерекшеліктері.

 

 

 

Түркістан– 2016 ж.

1. Дәріс тақырыбы:Танатология. Жас нәресте мәйітін сот-медициналық тексеру

ерекшеліктері

2.Дәріс жоспары:1.Кіріспе.

2.Тантология нені зерттейді

3.Өлімнің сот медициналық классификациясы

4.Жедел өлімнің себебі және даму генезі

5.Қорытынды.

3.Дәрістің мақсаты: Студенттерге сот медициналық сараптамада қылмысқа тән кездесетін алуан түрлі өлім себептерін анықтау қажет. Сот-меднцина тәжірибесінде жиі кездесетін жарақаттар әсерінен алынған зақымданулар нәтижесінде өлім себептері туындалады .Мәйітке сараптама жүргізу танатология бөлімінде жүргізіледі.

4.Дәрістің мазмұны:Мәйітті сот-медициналық сараптау - өлім себебін анықтау үшін және басқа да сұрақтарды шешу үшін тергеушінің, прокурордың, соттың қаулысымен тағайындалады. Ал мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсанда №875/1 бұйрығымен бекітілген «Сот медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережесінің» 4-ші бөліміне сай өткізіледі. Осы 4-ші бөлімнің 15-ші тарауында «Мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындау мен ұйымдастырудың тәртібі туралы негізгі ережелер», 16-шы тарауында «Мәйітке сот-медициналық сараптау жүргізудің тәртібі мен дәйектілігі», 17-ші тарауында «Сарапшының қорытындысын рәсімдеу», 18-ші тарауында «Өлім туралы дәрігердің куәлігін рәсімдеу» баяндалады.

Сот-медициналық тексеруді талап ететін өлім даму жағдайлары:

· Зорлық өлім болғанда

· Өлім ауру белгілері байқалғаннан кейін қысқа мерзім ішінде дамыса - жедел өлім болғанда

· Белгісіз адам мәйіті табылса

· Емдеу мекемесінде диагноз анықталғанға дейін адам қайтыс болса

· Емдеу мекемесінде қайтыс болған адамның туыстары тергеу орындарына, медицина қызметкерлерінің жұмысына қанағаттанбайтындықтары туралы арыз берсе.

Емдеу мекемесінде қайтыс болған адам денесі патолого-анатомиялық немесе сот-медициналық тексеруге бағытталуы мүмкін. Патологиялық анатомдар тексеруіне мәйітті бағыттауды аурухананың бас дәрігері шешеді. Тексеру мақсаты - өлімнің себебін, шығу генезін анықтап, клиникалық диагнозбен морфологиялық диагнозды салыстыру, медициналық емнің жетіспеушіліктерін, қателіктерді анықтау.

Мәйітті сот-медициналық тексеруге жүктелетін міндеттер:

• өлімнің себебін анықтау

• өлімнің уақытын анықтау

• мәйіттегі жарақаттардың тірі кезде алынғандығын, олардың алыну жолын, алыну уақытын анықтау

• өлім алдындағы адамның масаңдану жағдайын анықтау

• белгісіз адамды идентификациялауға көмек көрсету

• жыныстық қылмыстардың белгілерін анықтау.

лімнің сот медициналық классификациясы

 

 

 

Мәйітті сот-медициналық тұрғыдан тексеру реті:

• мәйітке сот медициналық тексеру тағайындау туралы тергеуші қаулысымен танысу, тергеушінің сұрақтарымен танысу

• тексеру жоспарын құру

• медициналық құжаттармен танысу

• мәйіттің киімдерін қарап тексеру

• мәйітті сыртқы тексеру

• мәйітті жарып ішқұрылысын тексеру

• биологиялық объектілерді, киімді, жарақат түсірген заттарды орап, тексеруге жіберу

• қосымша тексерулер нәтижесінтәркілеу

•диагноз қою

• шешім құрастыру, оны негіздеу

• сараптық қорытынды.

Сот медициналық тексеруге бағытталатын мәйіттердің 30-40 пайызында зорлық өлім белгілері болмайды, белгісіз жағдайда өлім дамығандықтан зорлық өлімнің белгілерін анықтау немесе жоққа шығару үшін тергеуші тексеруді сот медицина сарапшыларына жүктейді. Бұл мәйіттерді толық тексеріп сот медицина сарапшысы көп жағдайларда жүрек қантамыр жетіспеушілігінен жедел дамыған зорлықсыз өлім деген қорытындыға келеді.