А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары

 

Максимал өткiзу қабілетi, т/тәу 1000

Жұмыс қысымы, МПа 2,45

Құрамындағы су, % аспайды, 10

Мұнайдың температурасы,оС +5 тен +100дейiн

Мұнайдың тұтқырлығы, мм2/с 100

Тауарлы мұнайдың мөлшерiн

өлшеудегi салыстырмалы қателiк, салмақ % 0,5

 

Қазiргi уақытта тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын есепке алуға арналған жетiлдiрiлген, өнiмдiлiгi жоғары және дәл автоматтандырылған қондырғылар жасалып шығарылған (Рубин-2М, СУН-мұнайды есепке алу станциясы ж/е т.б.)

 

 

Резервуарларды пайдалану кезiнде, оларды резервуарда жинақталып қалған мұнайдың «өлi қалдығынан» немесе парафиндiк шөгiндiлерден, сонымен қатар тотығу өнiмдерiнен, тауарлы мұнай астындағы су мен механикалық қоспалардан аралық тазартуды жүйелі түрде жүргiзiп отырады.

Мұнай резервуарлары арнайы оқытылған және дайындалған қызметшілермен тазартылуы керек. Ең қиын операцияларға өзінен-өзi өртенуге қабiлеттi пирофорлық шөгiндiлердi тазарту болып табылады. Олар күкiрттi мұнайларды сақтау кезiнде пайда болады және негiзiнен күкiрттi темiрден ( Fe2S3 ) тұрады және де күкiртсутегінiң темiрге және оның тотықтарына әсер етуiнен түзiледi. Аралық тазартусыз резервуарларды ұзақ уақыт бойы пайдалану аталмыш шөгiндiлердiң едәуiр көп жиналуына (1,5м дейiн) әкеп соқтырады. Тазалау алдында резервуар мұнайдан толық босатылуы керек, ”өлi” қалдық арнайы тазартқыш құрылғымен – жуу машинасы ММ-4-пен тазартылады, ол насадкалы айналмалы головкадан тұрады. Жуу сұйығы 0,8-1,2 МПа қысыммен берiледi де, жуу головкасын айналдыратын турбинканы қозғалысқа келтiредi.

Тазартқаннан кейiн жөндеу үшiн резервуарды мұнай буынан босатады, ол үшiн барлық люктарды ашып, оны буландырады, содан соң оны желдету мен толық салқындатуға қалдырады, артынан оны ыстық сумен жуады.

Резервуарды iшкi тоттанудан сақтау үшiн оның қабырғалары құм-арынды аппаратпен өңделедi, құрғағанша сүртіледi де тауарлы мұнай астындағы судың биiктiк бойына резервуардың қабырғаларын эпоксидтi шайырлармен және лактармен қаптайды.

 

 

Бақылау сұрақтары

 

  1. Резервуарларда мұнайды сақтау кезiнде көмiрсутектердiң шығынын

болдырмайтын қандай әдiстер бар?

  1. Тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын қалыптасқан әдiс пен

автоматтандырылған қондырғылармен қалай анықталады?

  1. Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай

жүргiзедi?

Апта.

Дәріс. Мұнай кәсіпшілік суларын дайындау. ҚҚҰ үшін қолданылатын судың сипаттамасы. Тұщы суларды дайындау қондырғысы. Су алатын және су тазалайтын стансалар. Блокты сорап стансалары.

Мұнай кәсiпшiлiгi ең iрi су тұтынушылардың бiрі болып табылады. Қазiргi кездегі мұнай кен орындарындағы тәулiктiк су шығыны жүздеген мың текше метрге жетеді. Қабаттың мұнай бергiштiк коэффициентiн едәуiр ұлғайту үшін және мұнай ұңғыларының фонтандау мерзiмiн ұзарту мақсатында кенiшке су айдайтын қабат қысымын ұстаушы цехтар суды ең көп тұтынушылар болып табылады.

Өнiмдi қабаттарға айдалатын су мөлшерi көптеген факторларға тәуелдi болады және арнайы есептеулермен анықталады. Игерудiң алғашқы екi кезеңінде қабат қысымын бастапқы деңгейде ұстап тұру үшiн қабатқа айдалатын су мөлшерi қабат жағдайына келтірілген қабаттан алынған мұнай мен судың жинақталған мөлшерiне тең болуы қажет, яғни тепе-теңдiк сақталуы керек :

(10.1)

 

мұндағы Gсу және Gқоспа – сәйкесiнше айдалған су мөлшерi мен қабат жағдайына келтiрiліп алынған мұнай мен қабат суы қоспасының мөлшерi, к – судың ағып кетуiн ескеретiн коэффициент [3]

● нұсқа (контур) iшiне су айдау кезiнде к=1,1;

● аудандық су айдау кезiнде к=1,2;

● нұсқа сыртынан су айдау кезiнде к=1,5

Қабат қысымын ұстаудан басқа, кәсiпшiлiкте тұщы судың көп мөлшерін әр түрлi саладағы мекемелерге (шеберханалар, көлік шаруашылығы және т.б), сондай-ақ тұрмыстық қажеттiлiкке жұмсайды. Судың шығынын және оны өндiрiстiк қажеттерге тұтыну режимiн процесс технологиясының мәліметі бойынша есептейдi. Тұрмыстық қажеттіліктерге кететін шығын мөлшерін адам санына, климаттық жағдайларға және ғимараттардың жабдықталу дәрежесi бойынша анықтайды.

Қабат қысымын ұстап тұру үшiн ашық табиғи су көздерінен және сулы қабаттардан (көп жағдайда тұщы немесе әлсіз минерализацияланған) алынатын тұщы су, сол сияқты ағынды сулар (құрамында минералды тұздар, эмульсияланған мұнай мен беттiк әрекетті заттар бар) қолданылуы мүмкiн.

Тұщы табиғи сулардың құрамында елеусiз мөлшерде тұздар (шамамен 1г/л), әр түрлi газдар, механикалық қоспалар, темір гидроксиді Fe(OH)2, темiрдiң гидрототығы Fe(OH)3 және қабатты суландыру процестерiне әсер ететiн микроағзалар болуы мүмкiн.

Ағынды сулар – бұл мұнаймен бiрге өндiрiлетiн (шамамен 85 %) қабат суы мен мұнайды тұзсыздандыруға, эмульгаторларды дайындауға, компрессорларды суытуға және т.б жұмсалатын (шамамен көлемі 10–12% құрайтын) тұщы судың, сондай-ақ атмосфералық (жауын-шашыннан жиналған) сулардың (1,5-3%) қоспасы. Ағынды сулардың құрамында мұнай тамшылары, темір гидроксиді Fe(OH)2, темiрдiң гидрототығы Fe(OH)3, сонымен қатар көп мөлшерде тұздар (300 г/л дейiн) болуы мүмкiн.

Кен орнын игерудiң бастапқы кезеңiнде, яғни ұңғы өнiмi онша суланбаған кезде, қабатқа су айдау үшiн негiзiнен табиғи суларды пайдаланады. Сулану көрсеткіші жоғарылаған сайын табиғи суларды қолдану үлесi азаяды да, ал ағынды суларды қолдану үлесі артады. Сонымен қатар, ағынды суларды кері қолдану қоршаған ортаны ластанудан қорғау талаптарына сай келеді.

Табиғи суларды дайындау әдiстерi мен ағынды суларды дайындау әдістері бір-бірінен едәуір ерекшеленеді және әр түрлi жабдықтар мен химиялық реагенттердi қажет етедi.