Аға және кіші шенділер.

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша әскери қызметшілер бір – біріне бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.

Бастық дегеніміз – атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүргізетін әскери қызметші. Бастықтың бағыныштыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуын жүзеге асыруға міндетті. Бағыныштының адамдық қадір – қасиетін қорлайтын іс - әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.

Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.

Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.

Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.

Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

- армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

- генералдар, адмиралдар полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар - кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

- подполковниктер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар -старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

- кіші офицерлер -старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

- старшиналар мен сержанттар –олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін;

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға шенділер немесе кіші шенділер болып табылады.

Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез – құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс, ал кіші шенділер осы талаптарды сөзсіз орындауға міндетті.

Бір – біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым – қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.

3. Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады.

Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.

Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.

а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;

ә) алғыс жариялау;

б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру;

в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;

г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;

ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау;

д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру;

е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру;

ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау;

з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу;

и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде.

Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады.

 

Тәртіптік жазалар.

Тәртіптік жаза - әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.

Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады:

а) сөгіс;

ә) қатаң сөгіс;

б) кезекті сейілдемеден айыру;

в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау;

г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру;

ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;

д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін;

е) сержанттардың лауазымын төмендету;

ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету;

з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету.

Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.

Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі.

Тәртіптік жазаол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады.

Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттарға - өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады.

Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалпыәскери жарғылар дегеніміз не?

2. Әскери қызметшінің құқығы мен міндеттері жайлы әңгімелеп беріңіз.

3. Жалпыәскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге құрылғын?

4. Жалпыәскери жарғылардыңерекшелігі туралы айтыңдар.

5. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілері үшін белгіленген

әскери атақтарды атап беріңіз.

7. Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы

8. әңгімелеңіздер.

9. Бастықтар мен бағыныштыларға, аға және кіші шенділерге кімдер жатады?

10. Әскери тәртіп дегеніміз не?

11. Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?

12. Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?

13. Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?

14. Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?