Сабақ. Тақырыбы: Әскери инженерлік жабдықтардың соғыстағы орны, сипаттамасы, қолданылуы.

Лекция жоспары:

1. Инженерлік бөгеттердің классификациясы, арналуы.

2. Мина жарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер.

Лекция мақсаты:Студенттерге әскери инженерлік жабдықтардың соғыстағы орны мен сипаттамасы және қолданылуы жайлы түсінік беру.

Лекция мәтіні: 1.Қазіргі заманғы ұрыста инженерлік бөгеттер бөлімшелердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз түде бұрыңғысынша маңызды рол атқаратын болады.

Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу, маневрін қиындату адам күші мен техникасын шығынға ұшырату өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады. Инженерлік бөгеттер әскерлердің ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады, оларды табиғи бөгесіндермен ұштастырып атыс жүйесіменде, әскердің іс-қимылымен де тығыз ұштастырып командирдің шешімімен сәйкес жасайды. Инженерлік бөгеттерді шептер бойынша және бағыттар бойынша жасайды; олар қарсылас үшін күтпеген жерде болуы және өз әскерлерінің маневрін шектемеуі керек.

2. Инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер болып сараланады, танкке қарсылары және жаяу әскерге қарсылары болады. Өзендер (су қоймалары) болған кезде судағы бөгеттер қойылуы мүмкін.

Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы (шоғыры) мен жеке миналар түрінде жасалынады.

3. Мина жарылғыш бөгеттер жасауы үшін танкке қарсы (ТҚМ), жаяу әскерге қарсы (ЖҚМ) миналар, сондай-ақ жарылғыш заттардың (ЖЗ) зарядтары қолданылады, мина жарылғыш бөгеттермен бір кешенде сигналдық миналар (СМ) қойылуы мүмкін.

Танкке қарсы миналар танктерді және басқа да ұрыс машиналарын жою үшін қолданылады, олар танк және басқа ұрыс техникасы жүріп келіп басқан кезде жарылатын шынжыр табанға қарсы, түп астыға қарсы болып бөлінеді.

Жалпы құрылысы. Танкке қарсы миналар корпустан (металл, ағаш, пластмасса) жарылғыш зат зарядынан жарғыштан және аралық детонатордан тұрады. Танкке қарсы кейбір миналардың түбінде және бүйір бетінде миналарды алынбайтындай жағдайға койған кезде жарылғышқа арналған бұрандалы тұтандырғыш ұялары болуы мүмкін.

Танкке қарсы ТМ-62 миналары, МВЧ жарғышымен қолданылуы мүмкін.

Танкке қарсы ТМ-62 миналарының құрылысы:

1) Корпус 2)тығын 3) төсем 4) заряд 5) түп 6) қосымша детонатор

7) тұтқаны бекітетін құлақша

Танкке қарсы ТМ-57 миналары МВЗ-57 жарғышымен қолданылады.

Минаның әрекет принципі қойылған минаның үстінен басқан кезде қақпақ майысады жарғының соққы тетігі төмен түсіп КД-МВ капсюль детонаторлары төлкесімен минаның диафрагмасына тіреледі одан әрі басқан кезде мұрындық қиылады,шарлар соққышты босатады;соққы серіппенің әсерімен соққыш капсюль детонаторды теседі де, ол да, минада жарылады.

МВЗ –57 жарғышты ТМ-57 минасы құрылысы:

1) корпус 2) қалқанша 3) НВЗ-57 жарғышы 4) диафрагма 5) заряд 6)түп 7) орталық детонатор 8) бүйірлік детонатор 9) тығын

Танкке қарсы ТМК-2 кумулятивтік минасы танктің не басқадай ұрыстық техниканың астында жарылады.

Жаяу әскерге қарсы миналар. Адам күшін жою үшін қолданылады. Олар фугас (ПМД-6 М, ПМН) және жарықшақты (ПОМЗ-2М, ОМЗ-72 және МОН-50) болып сараланады.

Жаяу әскерге қарсы ПМД-6М миналары МУВ, МУВ-2 және МУВ-3 жарғыштарымен қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы ПМД-М минасының құрылысы: 1) қақпағы 2)МУВ-2 жарғышы 3) резеңке қалпақша 4) металл элемент 5) тескіш 6) сақтандырғыш мұрындық 7) Т тәрізді ұрыстық мұрындық 8) соққыш 9) соққы серіппе 10) жарғыш корпусы 11) МД-5М тұтандырғышы 12)металл тілімше 13) мина корпусы 14) ЖЗ заряды 15) бүпкеніш қабат (жапырақтар)

Минаның әрекет принципі минаны басқан кезде қақпақ төмендеп Т тә-різді мұрындықты жарғыштан суырады соққыш соққы серіппенің әсерінен МД-5М (МД-2) тұтандырғышын теседі, ол жарылып миналар жарылады.

Жаяу әскерге қарсы ПМ минасының пластмасса корпусы болады. Мина-ның әрекет принципі минаны басқан кезде қақпамен қалқанша төмен түседі, соққы серіппенің әсерімен тұтандырғышты теседі де ол жарылып, минаны жарады.

Жаяу әскерге қарсы ПМН минасының құрылысы: 1) корпус 2)ЖЗ заряды 3) резеңке қалпақ 4)қалқанша 5) кеспе шығыршық 6)соташық 7)металл таспа 8)резеңке төсем 9) калпақша 10) кескіш 11) металл элемент 12)шығыршық 13)сақтандырғыш мұрындық 14)төлке 15)соққы серіппе 16)соққыш 17)сота-шық серіппесі 18)ұрыстық томпешік 19)капсюл детонаторы 20)тетрил құты 21) пластмасса гильза 22)тығын 23)резеңке төсем.

Жаяу әскерге қарсы Фугас миналар топыраққа үстіңгі беттен 3-5 см тереңдікке, қысқы жағдайда қардың қалыңдығы 10 см болғанда жерге,ал қар қалың болғанда үсіңгі бетінен 5 см аспайтын бүркеніш қабаты бар тапталған қарға қойылады. Орнатылған жаяу әскерге қарсы Фугас миналарды алуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М жарықшақты миналарыы МУВ,МУВ-2 немесе МУВ-з жарғышымен қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М жарықшақты минасының құрылысы: 1) корпус 2) ЖЗ заряды (75 грамм тротилды құты) 3) МУВ-2 жарғышы 4) Р тәрізді ұрыстық мұрындық 5) кесінді сымы бар карабин 6) сым керме 7) қазықша 8) МД-М тұтандырғышы.

4. Минаның әрекет ету принципі: сым керме тартылған кезде ұрыстық мұрындық жарғыштан жұлынады соққыш босайды да, соққы серіппенің әсерімен тұтандырғышты теседі ол жарылып минаны жарады, минаның корпусы жарықшақтарға бөлшектеніп жан-жаққа ұшып жаралайды.

Минаны сым керменің бір не екі тармағымен орнатады. Керменің қазықшалары топыраққа жер бетінен 12-15 см биіктікке қағылады, ал орнатпа қазықша топырақ бетінен 5-7 см-ге қағылады. Сым керме минадан 5 м-ге дейінгі қашықтықта орнатылады, ал екі тармақпен орнатқан кезде екі қазықшаның арасындағы сым керме бір-бірінен 8 метрге дейін болуы керек.

4. Белгі беруші миналар өз әскеріне қарсыластар бөгеттер ауданына, позицияларға немесе қорғаудағы объектіге келгенін ескерту үшін қолданылады.

Белгі беруші минаның әрекет принципі жарғыштың ұрыстық мұрындығы жұлынған кезде (сым керменің тартылуынан) соқыш КТ-11 капсюль-тұтандырғышты тесіп оқ-дәрі заряды тұтанады,ал одан дыбыстық белгі блогының тұтанғыш құрамы жанады да дыбыс шығады (ысқырық); дыбыстық сигнал әрекеті аяқталғаннан кейін жарық сигналының бірінші жұлдызшасының тұтанғыш құрамы жанады, бұдан соң от жұлдызшаның тұтанғыш құрамынан айдама оқ-дәрі зарядына тиеді; айдама заряд жанға кезде түзілетін газдардың қысымымен жанған жұлдызша гильзадан атылады; жанған айдама заряд осымен бір мезгілде кезекті белгі беруші жұлдызшаны жандырады; нәтижеде барлық жұлдызшалар (12-15) дана бірінен кейін бірі кезектесе жанып минаның корпусынан 10-12 секунд ішінде атылып шығады.

Белгі беруші миналар жерге орнатылуы және жергілікті заттарға (ағашқа, қазыққа және т.б.) байлануы мүмкін. Мина іске қосылған кезде жанған жұлдызшалар мина орнатылған жерден 20 метрге дейінгі радиуста жерге түсіп жанып бітеді. Одан қураған шөп, егін өртенуі мүмкін; миналарды орнатқан кезде мұны ескеру керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Инженерлік бөгеттердің арналуы мен маңыздылығын атаңыз.

2. Инженерлік бөгеттердің түрлерін атаңыз.

3. Жаяу әскерге қарсы ПМН минасының құрылысын атаңыз.

4. Жаяу әскерге қарсы ПОМЗ-2М жарықшақты минасының әрекет ету принципі

қандай?

5. Белгі беруші миналардың қандай мақсатта орнатылатынын айтып беріңіз.