Серікқалиева С.И. Куспанова Р.Х.

Бөлімі : Мүсіндеу

№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Күні  
      «Доп»     Доп туралы жалпы түсініктерін кеңейту,ермексаздан жұмыр пішінді ойыншық доп жасауды үйрету;қол қимылының үйлесімділігін, домалақ пішіндерді жасауды дамытып;ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу. 0,5        
  «Мандариндермен апелсиндер»   Апелсиндермен мандариндердің айырмашылығын ажырата білуге үйрету;үлкен және кішкентай домалақ заттарды жасауды дамыту;эстетикалық талғамды сақтап,жұмысты ұқыпты жасауға тәрбиелеу. 0,5        
  «Қояндарға арналған сәбіздер» Қоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру,қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру.   0,5        
«Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»     Саңырауқұлақтармен таныстыру,олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейту;екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін қолдана отырыпдамыту,табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.   0,5      
  «Ұлу» Ұлу жайлы жалпы түсінік беру;ермексазды ширатып созуды үйрету;жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту;ұқыптылыққа,дербес іс-әрекет жасауға тәрбиелеу. 0,5    
      «Қуыршақтар»   Балаларды ойыншықтар әлемімен таныстыруды жалғастыру;жұмбақ жасыра отырып,қуыршақтың ерекшелігіне көңіл бөліп,құрастыру жолдарын үйрету;домалақ пішіннен әртүрлі көлемде сопақаш және «шұжықша» пішіндерді жасауды дамыту;   0,5    
    «Аққала» Балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру;домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту;қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.     0,5  
      «Шырша ойыншықтары»   Жаңа жыл,шырша ойыншықтары туралы жалпы түсінік беру;әртүрлі пішіндерді мүсіндеу және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеу іскерліктерін шыңдау,тақпақтар,өлеңдер, айтқызып тілін, сөздік қорларын дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.     0,5  
      «Мойын орағышпен бас киім» Қыстық киім туралы түсініктерін кеңейту;қуыршаққа арналған мойынорағышпен баскиім әртүрлі пішіндерден жасауды үйрету;ұқыптылыққа, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.     0,5  
  «Мысықтың ыдысы» Мысық туралы түсініктерін кеңейту,ол туралы балалардың өздеріне әңгімелету;ермексазды домалақтап,ортасын қуыстау машығын дамыту,сондай-ақ шыдамдылыққа,төзімділікке,үй жануарларына қомқорлықпен қарауға тәрбиелеу.     0,5  
    «Сылдырмақ» Сылдырмақ туралы түсінік беріп,оның дыбыс шығаруының сырын түсіндіру;домалақ және сопақша пішіндерді жасауды,тегістеп екі бөлікті біріктіре білуді,ұнаған түстерін таңдай білуді дамыту;ұқыптылыққа және еңбектене білуге тәрбиелеу.     0,5      
« Құламайтын қуыршақ» Шар пішіндерінен,әртүрлі домалақтар жасауды үйрету;ойыншықтар туралы жалпы түсінік беріп,құламайтын қуыршақпен таныстыру;тазалыққа эстетикалық талғаммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.     0,5  
  «Әжеге арналған сыйлық» Нанның қасиеті туралы әңгімелеу,оның дастарханға қойылғанша қандай жолмен алынатыны,дайындалатыны туралы балаларға түсінік беру;нанның түрлерін,әртүрлі домалақ,сопақша пішіндерін мүсіндеуді үйрету;нанды қастерлей білуге,оған құрметпен қарауға тәрбиелеу;     0,5    
«Ұшақ» Бөлшектерді құрастыру арқылы ұшақты мүсіндеуді үйрету;қиялдау сезімдерін дамыту;ұқыптылыққа, дербес іс-әрекет жасауға тәрбиелеу.     0,5    
«Пирамида» Пирамида ойыншығы туралы түсініктерін кеңейту;бөліктерді біріктіре отырып,бейне құрастыру дағдыларын дамыту;ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.     0,5    
«Көлшіктегі үйректің балапандары» Үй құстары туралы түсініктерін кеңейту;үйректің балапанымен таныстыру;екі бөлшекті біріктіру,тегістеу,шымшып созу әдістерін пайдалануды дамыту;үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін ояту. 0,5      
«Ұзын құлақ қоян»   Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп,қоянның ерекшеліктеріне тоқталу;ермексазбен жұмыр денені мүсіндеу машығын дамыту,ертегіні мазмұндап айтқызу,ойын ойнау барысында тілдік қорларын дамыту;жануарларға деген қамқорлыққа,шеберлікпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.   0,5    
  «Құмға арналған қалақ» Ойыншық түрлерімен таныстыруды жалғастыру;қалақ туралы түсінік беру; қалақтың қажеттілігін ұғындырып,мүсіндеуге үйрету,саусақ бұлшық еттерін дамыту;балаларды ойыншықтарды күтіп ұстауға ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.     0,5    

Білім беру саласы : «Шығармашылық»

Бөлімі : Жапсыру

№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат Саны Күні
      «Алаша»   Балаларға кеңістікті бағдарлай білуге түсінік беру; балалардың шығармашылық қабілетін дамыту,заттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру;жұмысты ұқыпты таза жасауға тәрбиелеу. 0,5  
  «Ыдыстағы жеміс-жидектер»   Жеміс-жидектер туралы түсініктерін нақтылау;ыдысқа жеміс-жидектерді дұрыс орналастыра білуді үйрету;ұқыпты жұмыс істеуге,жұмысты мұқият орындауға тәрбиелеу. 0,5    
  «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»   Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру;саңырауқұлақ туралы білімдерін нақтылау;түстерді ажырата білуді үйрету;тапсырманы шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу. 0,5      
«Жапырақтар жауғанда»     Күз туралы түсініктерін нақтылау;күз құбылыстарын атай білуді үйрету;қағаз бетіне заттарды жапсыра білуді үйрету;кеңістікте бағдарлай білу дағдыларына тәрбиелеу.   0,5    
  «Ұшақ» Көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау;аспан денелерін ажырата білуді үйрету;ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыра білуді үйрету;жұмысты ретімен атқара білуге тәрбиелеу. 0,5  
«Тәрелкедегі қиярлармен қызанақтар» Көкөністер туралы білімдерін арттыру;аппликация дағдыларын қалыптастыру;кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру. 0,5  
«Кесені әшекейлейміз»     Сәндік өнер туралы білімдерін нақтылау;ыдысты әшекейлей білуді үйрету;ою-өрнектерді ажырата білуді үйрету;мәнерлілік элементтеріне тәрбиелеу. 0,5  
«Шырша шамдарын жағамыз» Жаңа жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту;мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету;шыршаны безендіре білуді үйрету;тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу;   0,5  
  «Ұзын құлақ ақ қоян»   Қоян туралы түсініктерді нақтылау;қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету;қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуге,жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.     0,5  
      «Жемсауыттағы құстар» Құстар жайлы білімдерін нақтылау;құстардың ұялары туралы түсініктерді қалыптастыру;түстерді ажырата білуді үйрету;жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.     0,5  
  «Машина» Көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау;машинаның қызметімен және бөлшектерімен таныстыру;жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру; танымдық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.   0,5  
    «Бұршақты көйлек» Кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау;балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру;шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.   0,5  
«Әжеме арналған түрлі түсті моншақ» Түстер туралы түсініктерін нақтылау;моншақтар туралы,халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру;аппликация дағдыларын қалыптастыру;әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.     0,5  
«Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз» Жыл басы-Наурыз туралы мағлұмат беру; Наурыз мерекесінің ерекшелігі ,ұйымдастырылуы туралы түсініктерін қалыптастыру; сәндік аппликация дағдыларын қалыптастыру;Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.     0,5  
  «Қоянға арналған баспалдақ» Қағаз бетінде бағдарлай білу түсініктерін нақтылау;кеңістікті бағдарлай отырып,заттарды ажырата білуді үйрету;аппликация дағдыларын қалыптастыру;қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.     0,5  
«Көгалда серуендеген балапандар» Үй құстары туралы білім беру;балапанның қайдан шығатыны туралы түсініктерді қалыптастыру;желімсіз аппликация дағдыларын қалыптастыру;ұқыптылыққа тәрбиелеу.     0,5  
«Тышқан іні»   Жануарлар туралы білімдерін нақтылау;тышқанның мекені туралы түсінік беру;тышқанның дене бөлшектерімен таныстыру;жапсыру реттілігін қалыптастыру;жапсыруды талғаммен орындай білуге тәрбиелеу. 0,5    
«Достарыма арналған шарлар»   Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту;бейнелеу іс-әрекетіне баули отырып,мерекелік көңіл күй сыйлай білуді үйрету;бейнелеу іс-әрекетіне деген қызығушылығын ояту;жолдастыққа тәрбиелеу.   0,5  

 

Білім беру саласы : « Таным»

Бөлімі : Құрастыру

№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат Саны Күні
    «Жаяу жүргіншілерге және машиналарға арналған кең ,тар жолдар» Балаларды жаяу жүргіншілерге арналған тар және кең жолдарды құрылыс материалдарынан құрастыру,олардың түсін,пішінін,көлемін ажырата алуға дағдыландыру      
«Торсық»   Ыдыстар туралы ұғымдарды бекіту;торсықпен таныстыру,қатты қиылған торсықты төрт бөліктен құрастырып жасауға ,кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге үйрету;ұлттық ыдыс туралы қарапайым түсінік беру,ыдысты ұқыпты ұстай білуге тәрбиелеу.      
    «Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар»   Құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыруға және оның көлеміне,пішініне,түсіне қарай қоршаулар жасай алуға дағдыландыру,үй жануарлары туралы қарапайым түсініктер беру және оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.      
«Күзгі жапырақтар»     Балаларды қағазбен жұмыс жасауға дағдыландыру,саусақ бұлшық еттерін дамыту,күз көрінісін бейнелей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.        
  «Қақпа» Құрылыс материалдарын түсіне,пішініне сәйкес дұрыс пайдаланып биік және аласа қақпаларды құрастыра білуге үйрету,текшелерді бірінің үстіне бірін қоюға,кеіңстікті дұрыс бағдарлай алуға дағдыландыру,ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.    
    «Құрақ көрпе»     Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайында қарапайым түсінік беру,қиылған қағаздарды түсіне,көлеміне қарай үйлестіре орналастыра алуға дағдыландыру,ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.  
«Орындық және кресло»   Құрылыс материалдарынан орындық пен креслоны құрастыра білуге үйрету,оларды құрастыруда ойланып,айырмашылығына мән бере білу,үй жиһаздарына ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.  
  «Пішіндер» Қағазбен жұмыс жсау дағдыларын қалыптастыру,қиылған әртүрлі геометриялық пішіндерден өз ойларынан немесе үлгіге қарай отырып әртүрлі пішіндерді жасай білуге,бастаған іс-әрекетін соңына дейінаяқтауға дағдыландыру.      
      «Диван мен төсек»   Балаларды құрылыс материалдарымен дұрыс жұмыс жасай білуге,олардың түсін,пішінін,көлемін ажырата білуге дағдыландыру,құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып диванды және төсекті құрастыра білуге үйрету.      
"Машина" Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру.педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып, машина құрастыра білуге үйрету.  
  «Автобус» Құрылыс материалдарын дұрыс пайдаланып автобусты құрастыра білуге және оның басқа көлік түрлерінен ерекшелігін байқай білуге үйрету,кеңістікті дұрыс бағдарлауға,еңбек нәтижесіне жете білуге дағдыландыру.    
  «Мұнара құрастыру» Құрылыс материалдарын пайдалана отырып, мұнара құрастыру.  
«Пойыз» Құрылыс материалдарын пайдаланып пойыз құрастыра білуге үйрету,оның басқа көліктерден айырмашылығын білу,оны кеңістікте дұрыс құрастыра білуге дағдыландыру,бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.      
"Көпірлер" Құрылыс материалдарын пайдалана отырып , көпір құрастыруға үйрету    
  «Үйлер» Құрылыс материалдарын пайдалнып бір немесе көп қабатты үйлерді және мұнараларды құрастыра білуге үйрету,олардың өзара қатынасымен ерекшеліктеріне сәйкес құрастыру дағдыларын қалыптастыру,өзара қарым-қатынас жасай білу мәдениетін тәрбиелеу.      
«Жайылымдағы қошақандар» Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру,қағазды умаждау арқылы қошақандарды қалай жасауға болатынын түсіндіру,малдың төлдеріне қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.      
«Трамвай» Құрылыс материалдарынан трамвай құрастыра білуге үйрету;қоғамдық көлікте тәртіп сақтай білуге үйрету.        
  «Қар жауып тұр» Балалардың саусақ бұлшықеттерін жетілдіру,қағазды умаждау арқылы қар кесектерін жасауға болатынын түсіндіру,табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсінік беру,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.  
"Тар және кең жолдар" Балаларды тар және кең ұғымдарымен таныстыру.Құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуге, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға және педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дүрыс орналастыра білуге дағдыландыра білуге дағдыландыру.      
«Әдемі шырша» Жаңа жылдық мерекеге дайындық ретінде қағаздан шыршаны қиып,бүктеп жасай білуге үйрету, қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,ұқыпты жұмыс жасай білуге дағдыландыру.      
"Шырша ойыншықтары" Балаларға қағазбен жұмыс жасауда умаждау домалақ пішінге келтіруді бекіту, шыршаның суретіне түрлі-түсті қағаздан ойыншықтар жасау оны шыршаға ілуде ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.      
«Қамал құрастыру» Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру пелагогтың ұсынған шартты бойынша екі бөліктен тұратын доптың суретін кеңістікте дұрыс орналастыра отырып құрастыруға білуге үйрету.      
"Қар бүршіктері" Балалардың саусақ қимылдарын қозғалыстарын жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қар бүркіттерін жасауға болатының түсіндіру, табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсініктер беру , сүйіспеншілікке тәрбиелеу.    
      "Бауырсақ" (қағазды умаждау, бүктеу)   Балалардың саусақ қимылдарын қозғалыстарын жетілдіру , қағазды умаждау арқылы белгілі бір заттарды жасауға болатының түсіндіру, қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу      
«Аққала құрастыру» Аққала туралы білімдерін кеңейту. Қардан аққала құрастыруға үйрету.    
"Аула құрастыру" Құрылыс материалдарын пайдаланып құрастырғыштан аула құрастыруға үйрету, балаларды еңбексүйгіштікке баулу.    
«Анама сыйлық» Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,анаға сыйлық жасау үшін қағаздан умаждап гүлдер жасай білуге үйрету, ата-ананы сыйлап,құрметтей білуге тәрбиелеу.    
«Гүл құрастыру» Құрылыс материалдарын пайдалана отырып , мұнара құрастыруға үйрету.    
"Қуыршақ бөлмесі" Құрылыс материалдарын пайдалана отырып , қуыршаққа үй құрастыруға үйрету  
«Доптар» Құрастырғыш ойыншықтардан қамал құрастыруға үйрету  
"Құстарға арналған ұя" Қораптарды пайдалана отырып , ұя құрастыруға үйрету  
"Қайық" Балаларды қағазбен жұмыс жасауға дағдыландыру,саусақ бұлшық еттерін дамыту,қағазды тең бүктеу тәсілдерін үйрету.    
"Жасыл шөп" Балаларға қағазбен жұмыс жасауда үйрету, саусақ қимыл қозғалыстарын дамыту, жолақ қағаздарды түзу қиюға дағдыландыру, шөпті жұлуға болмайтынын түсіндіру.  
"Басқыш саты" Конструктор бөлшектерімен басқыш құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Конструктор тетіктерін бір-біріне бекіту іскерліктерін игере отырып, еңбекке тәрбиелеу.    
"Зымыран құрастыру" Әр түрлі материалдардан зымыран құрастырып үйрету.  
«Бақбақ»   Түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып бақбақ гүлін жасакй білуге үйрету,гүлдерді аялауға,баптауға,қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.  

Білім беру саласы : « Шығармашылық»

Бөлімі : Сурет салу

№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Күні
    «Сиқырлы таяқшалар»   Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштармен таныстыруды жаалғастыру.Суретсалуға қызығушылықтарын арттыру,қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру.Шығармашылық қабілеттерін дамыту,дөңгелек,таяқшаларды салуға үйрету.Ұқыптылық пен тазаалыққа тәрбиелеу.          
  «Түзу жолда,мен жүремін тура»   Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.Қылқаламды оң қолдарына ұстап сурет салуға жаттықтыру,саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту.Жолақ «жолдарға» бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету.Іздің әртүрлі пішіндерін байқату.Ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.          
    «Түрлі түсті таспалар»     Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.Жуан таяқшаға оралған губканы оң қолдарына ұстап,түзу сызықтар сызуды,екі-үш түсті бояумен сызуға үйрету.Жолақ жолдарға біркелкі бояуды жағу тәсілін үйрету.Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.          
«Түрлі түсті орамал»     Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру.Өздері салған өрнектерді қылқаламмен бояу арқылы эстетикалық талғамының дамуына мүмкіндік туғызу.Бояудың түсін таңдай білуге,көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.      
  «Бұлт күнді жапты» Балаларды күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету.Күннің бетін аспанда қалқып жүрген бұлттардың қалқалаған суретін дөңгелек және сопақша пішінде сала білуге дағдыландыру.Табиғатты сүйе білуге,қастерлеуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.    
    «Кілемше»     Балаларды тұрмыстық заттардың әдемілігін байқай білуге үйрету.Кілеммен таныстыруды жалғастыру,кілемді түзу және ирек сызықтармен әшекейлей білуге үйрету,сурет салуға дағдыландыру.Әсемдікті сезінуге,көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.    
«Алтын күз»   Балалардың күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру.Күздің бейнесін сюжетті сурет салу барысында жапырақтарды әр жеріне қылқаламның ұшын басып жағу тәсілімен салуды үйрету.Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру.  
«Қуыршаққа арналған сақина» Балаларды сақинаны дөңгелекке ұқсастығын тауып, соны мала білуге жаттықтыру.Сақинаны салуда бояуды сызықтың шеттеріне шығармай бояуды үйрету.Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.    
      «Әдемі көйлек»   Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету.Саусақпен немесе мөртаңбалармен,қылқаламмен сурет салу дағдыларын қалыптастыру.Эстетикалық талғамын арттыру,әдемілікке тірбиелеу.      
      «Саты» Балаларға жануарлардың бейнесін лайықты дауыс ырғағына қарай баспалдаққа орналастыруды түсіндіру.Керіктің мойнының ұзындығына қарай түрлі бағыттарда сызықтар жүргізіп,оларды қиыстырып,саты салуға үйрету.Музыканы көңіл күйлеріне қарай қабылдау сезімдерін дамыту.Жануарларға деген сүйіспеншілікке,қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.      
  «Кесені әшекейлейміз» Балалардың қазақтың ою-өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру.Кесені әшекейлегенде «тұмарша», «ирексу», ою-өрнек элементтерін пайдаланып салуды үйрету.Шығапмашылық қабілеттерін дамыту.Тазалыққа,салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.    
    «Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр» Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуіне ықпал ету,қоршаған ортаға-үйлерге,заттарға,ағаштарға,жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату.Көк түспен ақ түстің бір-бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету.Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.      
«Ұзын құлақ сұр қоян» Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру,дөңгелек және үлкен-кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру.Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.      
«Мерекелік отшашу» Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру.Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру.Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету.Қоршаған ортаны бақылап,оның өзгерстерін байқай білуге үйрету.Ұқыпты жұмыс жасауға,өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.      
  «Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің екі элементі (жолақша).» Өрнекті кілемшені қазақтың ою-өрнек элементтерімен әшекейлей білуге үйрету.Ою-өрнектер туралы түсініктерін дамыту.Кілемшені «Қой ізі» және «ирексу» өрнегімен әшекейлеуді үйрету.Бояуды дұрыс пайдалана білуге,әсемдікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.      
«Шырша шамдары» Шыршаны әшекейлеу үшін түрлі әдістермен,қылқаламмен,мақталы таяқшамен сурет салу әдістерін үйрету арқылы эстетикалық талғамын дамыту,әдемілікті,әсем безендірулерді сезіне білуге тәрбиелеу.      
«Қар кесегі»   Балалардың қыс мезгілі,қар туралы түсініктерін кеңейту.Көк түспен ақ түстің бір-біріне үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету.Тіс пастасына сұқ саусақты малып,қар кесегін салуды үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.      
«Сүлгіні әшекейлеу»   Сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру,тік төртбұрышты пішіннің ортасына «тұмарша» оюын дұрыс орналастыра білуге үйрету,сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықпен сызуға жаттықтыру.Эстетикалық тәрбие беру.      
«Аққала» Балалрдың қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін кеңейту,Аққаланың бейнесін үзік сызықтарды бір-бірімен қосу арқылы салуды үйрету,сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.Эстетикалық талғамын дамыту.      
«Қысқы шыршалар» Балалардың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру,тіс пастасымен жұмыс істеуге жаттықтыру.Табиғатты сүйе білуге,аялауға,қорғай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.      
«Қуыршақтың мойынорағышы» Балалардың мойынорағыш туралы түсініктерін қалыптастыру.Мойынорағыштың суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу және ұқыпты бояй білуге үйрету.Ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.      
«Тікенекті кірпі» Балалардың тікенекті кірпі туралы түсініктерін жетілдіру.Қысқа түзу сызықтарды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру.Жануарларға,аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.      
«Сылдырмақ» Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту.Сылдырмақ жайында әңгімелету,тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту,сурет сала білуге үйрету,көркемдік талғамын дамыту.      
«Қоянға арналған әшекей» Балалардың қылқаламмен бояу дағдыларын қалыптастыру,қызығушылықтарын арттыру.Сопақ және дөңгелек заттардың суретін салуға ,олардың көркемдік сипатын бейнелеуге үйрету.Аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.      
    «Анама арналған моншақтар» Балаларға дөңгелек болып сызылған жіпке гуашь бояуымен бірдей көлемде дөңгелек моншақтардың суретін салуды үйрету.Моншақтың сәндік бұйым екендігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамын дамыту.Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.        
«Тәрелкені әшекейлеу» Балалрды шеңберге өрнек сала білуге үйрету,бояу реңктерін таңдауға және үлгіге қарай отырып оны сақтауға дағдыландыру,жұмыс кезінде сызбаны пайдалану,әсемдікті сезіне білу арқылы эстетикалық тәрбие беру.      
«Күн жарқырап,шөп өсті» Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу біліктіліктерін бекіту.Ұқыптылыққа ,әдемілікке тәрбиелеу.      
«Сүйікті ойыншықтар(мұнара,машина).» Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту.Өз ойыншықтарын сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту.Сүйікті ойыншықтарын ың суретін салуға жаттықтыру.Сурет салу дағдыларын қалыптастыру,ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.      
«Құстар» Құстар туралы түсініктерін кеңейту.Құстардың үнін,қимыл-қозғалысын бейнелеп,дене бөліктерін ажырата білуге үйрету.Құстардың бейнесін сала білуге үйрету,сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.Құстарға қамқорлық жасап,қорғай білуге тәрбиелеу.      
«Бақбақ» Балалардың көктемгі табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.Балаларға көктемде өсетін бақбақтың бейнесін салуды үйрету.Табиғатты сүйе білуге,жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.      
«Саңырауқұлақтар» Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру,сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға дағдыландыру.Эстетикалық талғмын дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.      
«Жол бойымен арба келеді» Арба көліктің бірі екендігі туралы түсініктер беру.Қарындашпен үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салу жолдарын түсіндіру.Эстетикалық талғамын қалыптастыру.      
    «Машина»     Машина жайлы түсініктерін кеңейту.Айнала қоршаған ортадан көрегндерін,алған әсерлерін бейнелеу іс-әрекетінде бере білуге жаттықтыру.Тік төртбұрыш,дөңгелек пішіндерден тұратын заттық сурет салу дағдыларын қалыптастыру.Ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.    
    «Балапандар көк шалғында» Көк шалғындағы балапандар жайлы түсініктерін жетілдіру,сөздік қорларын жетілдіру,қылқаламды пайдаланып,үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуға қызығушылықтарын арттыру,эстетикалық талғамын дамыту.    
«Алжапқышты әшекейлейміз(киімнің жиегіне ұлттық ою-өрнек салу)» Балалрдың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру.Алжапқышты ұлттық ою-өрнектермен әшекейлеуді үйрету.Іскерлік дағдыларды қалыптастыру,алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту.  
«Кірпіге арналған әшекей (алмалар,саңырауқұлақтар)» Кірпіге арналған әшекей (алмалар,саңырауқұлақтар) салуға қызығушылықтарын арттыру,бояумен сурет салу дағдыларын бекіту.Қағаз бетіне езілген бояуды жүргізу арқылы толық бояуға қызықтыру.Эстетикалық талғамдарын арттыру.        

 

Білім беру саласы : «Қатынас»

Бөлімі : " Тіл дамыту "

Р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Күні
Топпен танысу (сяхат) Балаларды балабақша өмірімен,топ бөлмесімен таныстыру,ондағы жиһаз атауларын атауға,олардың қызыметі туралы әңгімелеуге үйрету.  
Шұбар тауық (әңгімелеуге дайындық) Балаларға ертегі мазмұнын әңгімелеп беру.Ересектердің айтқанын тыңдап,түсіне білуге,сұрақтарына жауап беруге үйрету.  
Шар мен текшені салыстыру. Балаларға геометриялық пішіндер-шар,текше атауларынестеріне сақтауға,олардың ерекшеліктерін ажыратуға үйрету.  
Балалар текшелермен ойнайды. Балаларды сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Педаготың сурет бойынша құрастырылған әңгімесн тыңдап,зат есіммен етістіктерді қатыстырып,сөз тіркестерін құрастыра білуге үйрету.  
Дыбыстарды дұрыс айтайық (а-ә,о-ө) Балаларға дауысты дыбыстарды (а-ә,о-ө)дұрыс айта білуге үйрету. Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.  
Көкөністерден көже жасау. Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру.(сөздерді қолдану:тазалау,жуу,турау,қайнату)жеке сөздерді айтуға ынталандыру. Ыдыс- аяқты дұрыс ұстауға, аспазшының еңбегінбағалауға тәрбиелеу.  
«Ерке төлдер» тақырыбына әңгіме құрастыру. Педагогтың көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыруды,жануарлардың төлдерін аттарынжекеше,көпше түрде айтуды үйрету. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.  
Сүйікті ойыншықтар. Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруға,ойыншықтардың аттарын атай білуге,оларды сипаттап айтуға үйрету.  
Бізге қуыршақтар келді. Түрлі қуыршақтар туралы сипаттау мәтінін құрастыруға үйретуді жалғастыру.Заттардың белгілерін айтуға үйрету. Бір біріне қамқор болуға ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.  
Көмекшілер. Сұрақ –жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.Заттарды топтастыруға,оларды атай білуге үйрету.  
Ойыншықтар достығы Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. «Қ» дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.  
Ертегілер әлемі Ертегі мазмұнын түсіндіру.Ертегі мазмұнын айтқызу арқылы сөздік қорын молайту,тілін дамыту.  
Біздің ойыншығымыз Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту,ойыншықтардың аттарын атай отырып,олардың сипатын айтуға үйрету. Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше,көпше түрде айтуға жаттықтыру. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.  
Марғау қыс мезгіліне қалай таң қалды? Педагог көмегімен табиғат көрінісін сипаттау бойынша қысқа әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.Қимыл әрекетті білдіретін етістіктерді дұрыс тыңдап оларды қолдана білуді үйрету.  
Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз Педагогтың көмегімен әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Киімді ұқыпты таза киуге тәрбиелеу.  
Шана тебеміз. Педагогтың үлгісі бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Киім(түс және мөлшер), әрекет (тебеміз,жүгіреміз,ойнаймыз)атауларын бекіту,қарама-қарсы мағынадағы сөздерді қолдану (жылы-суық)  
Жасыл шырша жанында (өлең бойынша әңгіме құрастыру,жаттау) А.Асылбековтың «Жасыл шырша жанында»1 өлең бойынша әңгіме құрастыруды үйрету. Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.  
Қысқы серуен Сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету.Қыс мезгілін сипаттай білуді үйрету.  
Шай қайнатуды үйренеміз (дидактикалық ойын) Тағам және шәй ішуге арналған ыдыстармен таныстыру,түрлерін атай білуге үйрету. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.  
Ойыншық дүкені (дидактикалық ойын) Балаларды сұрақ жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыра білуге машықтандыру. Сапа және әрекетті білдіретін сөздерді білуге ынталандыру. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.    
  Қуыршақ Әйгерім және Динара Балаларда қонақта. Сөйлем құрастыра білуге,сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету. Қамқорлыққа баулу,мейірімділікке тәрбиелеу.  
Кімге не керек? Жалпы есімдерді қолдану арқылы2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруға жаттықтыру. Зат есім мен сын есімді байланыстырып,сөз тіркестерін құрастыруды жалғастыру.  
Музыкалық ойыншықтар(сипаттау әңгіме құрастыру) Ойыншықтар туралы 2-3 сөйлем құрастыруды үйретуді жалғастыру. Музыкалық аспаптардан шыққан әуенді тыңдай білуге жаттықтыру.Әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.  
  Ертегіде қонақта(ертегі бойынша әңгіме дайындау) Балаларды ертегі мазмұнын айтуға , сахналауға үйрету.Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу. «Қ»дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «Қ»дыбысының айтылуын меңгерту.    
Менің сүйікті анам(Тәжірбие бойынша әңгіме құрастыру) Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру,алгоритмдік ойлау машықтарын дамыту.Анасы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру.  
«Менің сүйікті мысығым»тақырыбына әңгіме құрастыру Сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету.Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін ояту.  
Әңгіме құрастырамыз Сурет бойынша әңгіме құрастыру,зат есі мен сын есімді байланыстыру арқылы қарапайым оқиғаны ойдан шығару,үйрету. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін ояту.  
Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді? Балаларға көліктер туралы түсінік беру,олардың түрлерін ажыратуға үйрету.  
Менің көңілді добым. Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Заттарды құрастыруда олардың түсін,пішінін,қандай материалдан жасағанын анықтауға үйрету.  
Әйгерімнің ойыншықтары Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту.Балалардың сөздік қорын байыту.    
    Көктем келді   Педагогтың сұрақтарына байланысты жауап қайтаруға сөз тіркестерін құрастыруға үйрету.Жұмбақтың мағынасын түсінуге,сурет арқылы шешуін табуға үйрету.    
Өзінің отбасы туралы әңгіме. Өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету.Балаларды үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.  
Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесі. Педагогтың сұрақтарына жауап беруге үйретуді жалғастыру.Жиһаз атауларымен таныстыру.  
Біз дәрігерде қонақта болдық Балаларды медециналық бөлмелермен таныстыру.Балалардың сөздік қорын молайту.  
Ғажайып қалта Диалогтік сөйлеуде сөзді дұрыс айтуға,сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап,дұрыс айтуға жаттықтыру.  
Сипаты бойынша таны.(дидактикалық ойын) Ойыншықты сипаттау арқылы әңгіме құрастыра білуге үйрету.Ойыншықтарды сипаттау арқылы сөздік қорларын толықтыру.  

 

Білім беру саласы: "Қатынас"

Бөлімі: "Көркем әдебиет"