Лдір түзу процесіндегі өсімдік майларының химиялық қасиетіне тоқталып, түйіндеңіз.

Өсімдік майларының химиялық қасиетиері олардың молекуласындағы күрделі эфирлі топтардың және қос байланыстардың болуымен анықталады. Күрделі эфир бола тұра өсімдік майлары осы классқа қатысты барлық реакцияларға қатыса алады: гидролиз, алкоголиз, ацедолиз.

Гидролиз кезінде өндірісте бос май қышқылдарын алуда қолданылатын майлы қышқылдар түзіледі:

Сілтілік ортада және қыздырған кезде гидролиз жылдам жүреді. Майлы қышқылдардың алкильді радикалдарда қос байланыстардың болуы майларға полимерленуге мүмкіншілік береді, ол радикалды механизм бойынша жүзеге асады. Ауа оттегінің қатысында полимерлену процессі полимерленуді иницирлейтін ,бос радикал түзетін, пероксидтер мен гидропероксидтерді түзеді. Екі қос байланыстардың ортасында орналасқан метилен топтары α – метилен топтарымен салыстырғанда жоғары активтілік қасиетін көрсетеді.

Бетке жағылған майлы үлдір ауа оттегісінің әсерінен қалыпты температура қатады.

Ауада майлардың үлдір түзу процессі индукционды период көрсетеді, соның нәтижесінде майлы қышқылдардың молекуласында пероксидтермен гидропероксидтер түзіледі. Бос радикалдардың түзілуінің әсерінін полимеризациялық процесстер жүзеге асады. Нәтижесінде майлы үлдірдің тұтқырлығы артып, үлдір қабатына ауаның өтуі төмендейді. Жабындының төменгі қабатында полимерлену процессінің жүруі, осының негізгі салдары болып келеді.

Үлдір түзу процессі тотықтыру процессімен қатар жүретіндіктен, ыдырау кезінде сұйық және газ тәріздес заттар (көміртек оксиді мен диоксиді, спирттер, альдегидтер, кетондар және т.б) және қатты заттар алынады.

Екі қос байланысы бар гидропероксидтердің ыдырауы диен – кетон топтарын түзу арқылы жүруі мүмкін:

Мұндай құрылымды өнімдер қара түсті болып келеді. Бұл құбылыс арқылы құрамында қос байланысы бар майлы жабындылардың сарғаюы түсіндіріледі. Жабындылардың сарғаюы өнімің құрамындағы майдың ауа оттегісімен әрекеттескен кезде 1,4- диконтандардың түзілуімен де жүруі мүмкін.

Жартылай кепкен малардан үлдір түзу кезінде деструкцияның жеңіл ұшқыш өнімдері көп түзіледі, себебі, оларға ұзақ индукционды период тән болып келеді.

Қос байланыс арқылы май қышқылдарының қалдықтары аутототықтыру процессіне ұшырап, торлы құрылым түзеді. Соның әсерінен өсімдік майлары қатты қайтымсыз үлдір түзеді.

Майдың ауа оттегісімен әрекеттесуі жабындының кебуі беткен соң да жүреді. Уақыт өткен сайын көлденең байланыстар саны жоғарлап, жабындының қаттылығы мен морттылығы артады. Гидрофильді қасиетін арттыру арқылы жабындының суға төзімділігін төмендететін оттекті функционалды топтар пайда болады (гидроксидті, кетонды, эпоксидті).