Растырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Ф-МК-003/012

Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі

ЕСЕП № 1

2008 жылдың 12-ші маусымында 12 сағат 30 минутта Шымкент қаласының Аль- Фараби АІІБ-не Ф.К.Каримовадан Шымкент қаласының мазар ішіндегі төмпешіктер арасында одеялоға оралған баланың мәйітін тауып алғаны турасындағы хабар келіп түсті. Каримованың айтуынша, ол 2008 жылдың 11-ші маусымында сағат 19. 00 шамасында мазарда болған, бірақ баланығ мәйітін көрмеген.

Оқулық мәліметтер.

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі. Мойынды қолмен буындыру. Сәби әйел жынысты, мерзіміне жетіп туылған. Сәбидің өлімі 10 маусым күні сағат 12- лер шамасында болған. 11- маусымның 20.00 сағатқа дейін одеялоға оралған мәйіт + 22 ْ температурада үйдің ішінде болған, содан кейін мазарға алып барылып, көрлер арасына қойылған. 12- маусымдағы түнгі температура - +10 - 12ْ , 12- маусым күні таң ертең - + 15-16

Тапсырма

1. Оқиға болған жерде мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу керек;

б) мәйітті сыртынан көргенде анықталатын механикалық асфиксия белгілерін көрсету керек, қолмен буындырғанға тән мойындағы зақымданулардың объективті суреттемесін беру керек;

в) сәбиді жаңа туылғандығының және мерзіміне жетіп туылғандығының белгілерін суреттеу керек.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

 

 

Растырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1

Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А

 

____________________________________________________________________________

 

Ф-МК-003/012

Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі

ЕСЕП № 2

2008 жылдың 20-шы маусымында сағат 11. 00-де Шымкент қаласының Аль- Фараби АІІБ-не А.Б. Волгинадан, Шымкент қаласының ескі мазар ішіндегі төмпешіктер арасында баланың мәйітін тауып алғаны турасындағы хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі. Мойынның кесілген жарақаты. Бала мерзіміне жетпей туылған, жатырішілік даму мерзімі 9 ай. Баланың өлімі 20- маусым күні сағат 4-те болды. 20- маусымға қарағандағы ауа температурасы - +10- 12ْ , таң ертең 20-маусым күні - + 16-18.

Тапсырма

1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу керек;

б) мәйіттің мойнындағы зақымдануды объективті суреттеу керек;

в) жаңа туылған сәбидің 9 айлық екендігін куәлендіруші белгілерін, сонымен қатар жаңадан туылғандығы белгілерін көрсету керек.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

 

 

Растырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.

Кафедра мәжілісінде бекітілді: 01.09.2016ж. Хаттама№ 1

Каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент: Жұманазаров Н.А

 

 

____________________________________________________________________________

 

 

Ф-МК-003/012

Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

2016-2017оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есебі

ЕСЕП № 3

2008 жылдың 20-шы желтоқсанында 22 сағат 15 минутте Абай АІІБ-не М.Қ. Төлеповтен хабар түсті. Оның айтуынша, 22 сағат шамасында ол өзінің көршісі 55 жастағы Н.И. Михайлованың өзінің пәтерінде диван үстінде жатқан өлігін тауып алғаны туралы хабарлады. Төлеповтің айтуына қарағанда, ол Михайловаменен 2008 жылдың 19 желтоқсанында кешке сөйлескен, 20 желтоқсан күні күндіз өзі де, басқа көршілерде оны көрмеген.

Оқулық мәліметтер

Улануға күдік бар. Жоғарғы ернінің үстінде, иегінде, және де үй халатының жағасында кеуіп қалған құсық массаларының іздерінің алдында- ақ түсті ұсақ түйіршіктер. Дәл осындай түйіршіктер столддың үстінде тұрған стаканның жиектерінде табылған. Стаканның ішінде 20 мл-дей тынық сұйықтық бар. Өліктің денесінде зақымдар бар: сол иығының сыртқы жағында екі жаңадан пайда болған қанталаулар, оң білектің иілетін бетінде үш көлемі кіші жаңадан пайда болған сыдырылулар, оң балтырдың алдынғы жағында 3-4 күн аралығында болған қанталау. Мәіт табылған бөлмедегі температура +17- 19ْ .

Тапсырма

1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;

в) айғаұты дәлелдер ретінде оқиға болған жерден алынған объектілерді белгілеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

 

растырған м.ғ.к, доцент: Омаралиев М.И.