Топырақтың инфекциялық және паразитті аурулардың таралуындағы рөлі.

Топырақтың эпидемиологиялық маңызы. Топырақ құрамында зиянсыз микроорганиздер (сапропиттер) мен патогенді микроорганизмдер болады. Зиянсыз микроорганизмдердің маңызы олардың топырақтың органикалық ластанулардан ӛздігінен тазалану процесінің негізі болып табылатындығында. Топырақта сақталған патогенді микроорганизмдер оның эпидемиялық маңызы анықтайды.

Топырақ қҧрамындағы барлық патогенді микроорганизмдер 2 топқа

бӛлінеді: 1 – топ – топырақта ҥнемі ӛмір сҥретін микроорганиздер, оларға

жатады: - зооноздар тобына жататын қоздырғыштар – сібір жарасы, бруцеллез,

сап. - кемірушілер арқылы берілетін инфекциялар – оба, туляремия,

инфекциялы сары ауру. - кенелер арқылы берілетін инфекциялар – энцефалиттер - тозаң инфекциялары – туберкулез - споралы микробтар туғызатын инфекциялар – сіреспе, газды гангрена, ботулизм. 2 – топ – ішек инфекцияларының қоздырғыштары жатады – тифтік – паратифозды және дизентериялы бактериялар, холера вибрионы, оба таяқшасы және т.б. Бҧл бірінші топпен салыстырғанда эпидемиологиялық жағынан маңызы зор, ӛйткені ішек инфекциялары аурулары белгілі бір жағдайда эпидемиялық сипатқа ие.

Топырақ микроорганизмдердің тіршілік етуі ҥшін болып табылмайды, сондықтан белгілі бір уақыттан кейін ӛліп қалады. Әртҥрлі қоздырғыштардың тіршілік ету мерзімі барынша ҥлкен. Мысалы, іш сҥзегі қоздырғыштары 3 айға дейін, дизентерия 9 айға дейін, холера 6 айға дейін, оба 1 айға дейін, бруцеллез 5 айға дейін, туберкулез 12 айға дейін ӛмір сҥреді.

Ішек инфекцияларымен бҥлінудің негізгі жолдары ластанған жерасьы суы, топырақпен байланыс, дҧрыс жуылмаған жеміс – жидектерді тамаққа пайдалану, санитарлық жағынан нашар жағдай т.б.

Топырақ арқылы тікелей ластану инфекциялардың таралуының жиі жолы болып табылмайды. Бҧнда жарақат пен жаралану кезінде топырақ арқылы жараға тҥскен сіреспе, газды гангрена мен қатерлі ісіктермен зақымдалу туралы айтуға болады.

Сонымен қатар топырақта беткі суларды лептоспираның қоздырғыштарымен бҥлдіретін кеміргіштер ӛмір сҥреді, паразиттік насекомдар личинкалары мен жҧқпалы ауруларды тасымалдайтын басқа тасымалдаушылар болады.

 

 

11 Топырақтың өздігінен тазалану процесі. Санитарлық тұрғыда топырақты қорғау әдістері Топырақтың өздігінен тазалануы. Топырақ оған тҥсетін органикалық және органикалық емес заттардың негізгі массасының детоксикациясы (зиянсыздануы, бҧзылуы, улы емес қосылыстарға айналуы) ӛтетін биосфераның элементі немесе жерде ӛмір сҥруді қамтамасыз ететін жҥйесі болып табылады. Егер топырақтың органикалық заттарды қуатты ӛндеу мен оны зиянсыздандыру қабілеттілігі болмаса, жерде ӛмір сҥру мҥмкін болмас еді. Топырақтың органикалық заттарды органикалық емес заттарға айналдыру қабілеті оның ӛздігінен тазалану қабілеті деп аталады?

Топырақтың ӛздігінен тазалануы – органикалық заттар суға, кӛмірқышқыл газына, минералды тҧздар мен гумусқа айналатын кҥрделі және ҧзақ процесс.

Топырақтың органикалық ластаушылардан ӛздігінен тазалану процесі әдетте екі кезеңнен тҧрады – минералдану және нитрификация. Топырақта бҧл процеспен қатар органикалық заттар қалдықтарының синтезі жҥріп жатады. Бҧл гумус немесе гуммификация процесі деп аталады.

Гумус, немесе перегной ӛсімдіктер ҥшін қҧнды баяу ыдырайтын қоректік заттарды қҧрайтын кҥрделі қосылыстар тобы болып табылады.

Топырақтың экзогенді химиялық заттардан ӛздігінен тазалану процесін детоксикация процесі деп, ал барлығын бірге топырақтың залалсыздандыру процесі деп аталады. Топырақ ҥшін бӛгде органикалық заттарды зиянсыздандыру процесі микроорганизмдермен, саңырауқҧлақтармен, актиномициттермен іске асады. Топырақтың органикалық заттардан тазалау шамасы бойынша онда микроорганизмдердің, әсіресе спорасыз, патогенділердің жалпы мӛлшері тӛмендейді.

Минералдану процесінің соңғы ӛнімі аммиак, ал нитрификацияның соңғы ӛнімі - азот қышқылы мен нитраттар (нитриттер арқылы) болып табылады. Органикалық заттардың ыдырау процесі мен минералдануы аэробты бактериялардың ӛмір сҥруі ҥшін қажет аэробты тҥрде, оттегіге бай ортадан ӛтеді. Анаэробты тҥрде ӛткенде шіріген бактериялардың кӛмегімен оттегі жоқ ортадан ӛтеді. Ыдыраудың соңғы ӛнімдерінің минералдануы екі кезеңнен ӛтеді. Бірінші кезеңде аммиак пен аммоний тҧздары. Bac. nitrosomanas бактерияларымен аӛотты қосылыстарға – нитриттерге айналады, екінші кезеңде Bac. nitrobakter бактерияларымен азот қосылыстары – нитраттарға айналады. Гигиеналық жағынан органикалық заттардың аэробты процесі тиімді, бҧл процесте су мен ауаны бҥлдіретін сасық иісті газдар тҥзілмейді. Дегенмен, топырақтың ӛздігінен тазалану процесі шектеусіз емес. Топырақтың ластану дәрежесі мен ӛздігінен тазалану процесінің интенсивтілігін талдау ҥшін химиялық және бактериологиялық кӛрсеткіштерді қолданады.