Тұлға бойындағы стресс кезеңіндегі кеңес беру үлгісін құрыңыз

Стресс (ағылшын сөзі) - адамның жүйкесінің қатты (салмақ түсу) эмоционалды күйзелістің салдарынан және ішкі терең толғаныстан туындайды. Яғни бір нәрсеге алаңдап, қорқу кезінде және өте ауыр дене және ақыл-ой үстінде немесе тез әрі жауапты келісімге келу кезінде байқалады. Стресс - бұл күтпеген, шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер, шапшаң шешімге келу қажеттілігі, үрейлі сәттегі реакция күрт болып табылады. Стрестік жағдайда мақсатты әрекет - зейінді аудару мен көңіл-күйді бөлуді жүзеге асыру өте қиынға соғуы мүмкін, тіпті әрекеттің жалпы тежеліске ұшырауы немесе мүлдем бұзылуы мүмкін. Бірақ бұл кезде дағды мен әдет өзгеріссіз қалады да сапалы әрекет орнына жүреді. Стресс кезінде қабылдау, ес қажеттіліктері, кенеттен көрінген қарсыластардың санын анықтауда күтпеген жерден туған әсерге сай келмейтін реакциялар, тағы басқалар болуы мүмкін. Белгілі бір жағдайдың адамда стрестік күй тудыра алатынын немесе тудырмайтынын алдын ала анықтау мүмкін емес. Стрестік жағдайдағы мінез-құлық көбіне адамның жеке басының ерекшелігіне - оның жағдайды тез бағалай білуіне, күтпеген жағдайда қолма-қол бағдар табу дағдысына, ерік жинақтығына, бағыттылығына, әрекет мақсаттылығы мен ұстамдылығының өрбуіне, осы тәрізді жағдайларда бастан кешірген мінез-құлық тәжірибесіне байланысты болып келеді.

Эмоционалды стресс – бұл қақтығысты өмір жағдайларында, адамның әлеуметтік және биологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануын ұзақ уақыт шектейтін, айқын көрінетін психоэмоциялық бастан кешулері (Судаков К.В., 1986). Стрестің биологиялық мәні ағзаның қорғаныс күшін жұмылдыра алуында. Т. Кокс бойынша, стресс – бұл тұлғаға қойылған талаптар мен осы талаптарды орындау қабілеттілігін салыстыру барысында туындайтын саналаудың феномені. Бұл механизмдегі тепе-теңдіктің болмауы стресті және жауап реакциясын тудырады. Эстремалды және бұзушы факторлар кезінде әрекетке ең сезімтал стрестік реакцияға араласатын эмоциялық аппарат болып табылады. Сондықтан көп жағдайда эмоциялық стресс жайлы сөз қозғалады.

Г. Селье еңбегі. Стресс терминін алғаш рет 1936 жылы Канада ғалымы Ганс Селье енгізген. Ол стресті белгілі бір төтенше жағдайларда пайда болатын реакция деп қарастырған. Қазіргі өмірде неше түрлі жағымсыз жағдайлар көптеп кездесіп тұрады. Ауа–райының күрт өзгеруі, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс–керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер.... Осының бәрі әр адамға әр түрлі әсер етеді. Тіпті оның зардабынан жүйке жүйесі бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығуға себеп болады. Кей адамдар жағымсыз жағдайларға көп көңіл бөлмейді, қандай проблема болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл–күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема. Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез келген жағымсыз құбылыс алдымен мидың елегінен өтеді.Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері 17

гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті жүйке жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресті жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Г. Селье стрестің 3 кезеңін бөліп көрсетті: 1- мазасыздық кезеңі; 2-қарсылық көрсету, бейімделу немесе тұрақтану кезеңі; 3-жүйке жүйесінің ширығу кезеңі.

Сансыз эксперименттердің, бақылаулардың нәтижесінде Г. Селье мынадай қорытындыға келеді: ағзаның кез келген тітіркендіргішті қабылдауының күрделі процесі өзіне реакцияның екі типін қамтиды: 1) спецификалық; 2) спецификалық емес. Спецификалық реакция нақты бір аурудың белгілерін сипаттайды, оның негізінде осы аурудың диагностикасы жатады. Спецификалық белгілер түрлі ауруларда тез ажыратылады.

Стрестік жағдай, мысалы, егер оқушының сабаққа дайындықсыз келгені мұғалімнің бақылауды орындау барысында байқалады. Кейде стрестік жағдай оқушылардың өзінде де байқалады. Стресс физиологиялық өзгерістер мен мінез-құлықтың өзгеруіне себепші болады. Өте күшті стресс жағдайында адамның мінез-құлқы өзгереді дедік. Адам өзінің қимыл әрекетін игере алмайды, сөзінің байланысыз шығуы, өз-өзінен абыржуы, қабынуы зейінін бір объектіден, екінші объектіге тез ауыстыра алмауынан көрінеді. Стресс жағдайында адамның қабылдауында, ес, ойлау процесінде қателіктер орын алады.

Американ психологы Е. Джекобсон эмоционалды жағдайды зерттей отырып, теріс эмоциялар кезінде бұлшық еттердің қысымы болатынын айтты. Соның негізінде Е. Джекобсон “прогрессивті бұлшық ет релаксациясы” әдісін ұсынды. Топтағы тұлғааралық қатынасты сәйкесінше ұйымдастыру. Стресс жағдайында қолданылатын психологиялық әсер ету технологиялары: топтық психотерапия; пікірталастық терапия; психодрама; арттерапия; музыкатерапия; топтық мінез-құлықтық терапия; отбасылық терапия. Стрестік қысым тудыратын мәселелі жағдайлардағы мотивациялық белсенділікті шамалау. Стрестік жағдайдағы адамның психикасына тікелей педагогикалық әсер ету. Жекелеген функциялар мен сапалардың дамуына бағытталған педагогикалық жұмыс жүргізу.