Жымдық кикілжіңдер мен кикілжіңдердің негізгі типтерін ескере отырып, одан шығу жолдары мен кеңес беру бағытын ұсыныңыз

 

Кикілжің проблемасының зерттелінуінің теориялық қағидалары

Кикілжің проблемасының зерттелінуінің теориялық қағидалары туралы қазақша реферат

Бөлмеден шығып бара жатып есікті ашуланып қатты жапқан жағдайды басыңыздан кешіргенсіз бе? Немесе біреудің дөрекі сөзінен ренжігенсіз бе? Анаңызбен келіспей қалып ұрысқан кездеріңіз болған ба? Егер де сіз осы сұрақтардың біреуіне де болса да сенімді жауап берсеңіз, онда сіз «кикілжің» деп аталынатын құбылыспен таныссыз.

Кикілжіңдер – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі. Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты кикілжің деп атайды.

Кикілжіңнің туындауындағы себептері өте көп, бірақ оларды үш категорияға бөліп көрсетуге болады:

• Ресурстар. Ресурстар айналасында туындаған кикілжіңдер өте қарапайым болып саналады. Бірақ бұдан өршіген кикілжіңдер өте күрделі болады.

• Психологиялық қажеттіліктер: Достық, басқару, топтың құрамына кіру, табыс.

• Құндылықтар – біздің сенімдеріміздің жүйесіні негізі.

Бұл себептер кейде аралас, кейде бір өзі кикілжің туындатады. Сенімдік құндылықтардан туындаған кикілжіңді шешу өте қиын болады, себебі бұл құндылық жеке тұлғаны және оның өмір сүру маңыздылығын құрайды.

Басқаша жүйелеу

• Негізгі (базальді) қажеттіліктер – тіршілік ету үшін — су, тамақ, ауа және т.б.

• Бөлектендіретін құндылықтар – мысалы, әртүрлі дінге сенетін адамдардың құндылықтары мен қызуғушылықтары сәйкес келмейді.

• Әртүрлі қабылдау – адамдар болып жатқан ситуацияны әр түрлі қабылдайды. Мысалы, екі адам досының көйлегінің түсіне дауласуы мүмкін. Себебі, әр адам бір түсті әртүрлі қабылдайды.

• Әртүрлі қызығушылықтар – мысалы, екі оқушы кешке киноға немесе туған күнге баратыны туралы дауласуы мүмкін.

• Шектелген ресурстар — өмірде әрқашанда бір нәрсе жетпей тұрады. Мысалы, өмірде барлығы бай емес, себебі ақша – шектелген ресурс.

• Психологиялық қажеттіліктер – бұл қажеттілік, бізге өзімізде сенімділік болу үшін өзіміздің қажет екендігімізді және маңыздылығымызды түсіну үшін қажет. Мысалы, бізді жақсы көру бізге өте қажет.[5]

Адамзат өркениетінің даму тарихы әртүрлі кикілжіңдерге толы. Ежелгі заманнан адамдар кикілжің түсінігін, пайда болу себебін анықтауға, туындаған қарама-қарсылықтарды шешуге ұмтылған. Кикілжіңдік пікірлердің жинақталу дәстүрінің көпғасырлық тарихы бар.

Кикілжіңнің ең алғашқы концепциялары 19-20ғ.ғ. аумағында пайда болған, бірақ оған дейінгі ғасырдың ұлы ғұламалары бұл феноменнің өзіндік көрініс табиғатын, алдын-алу жолдарын және шешу жолдарын ұсынған.

42 Өз тобыңыздың курс барысында жүргізілген социометриялық сипатын беріңіз

Социометрия 1934 жылы ЯЛ. Морено "Who Shall Survive?" деген еңбегінде енгізіп, әу бастан әлеуметтік құрылымды түсіндіруге "социодрама" көзқарасының бір бөлігі ретінде сараланған ұғым. Социометрия топ ішіндегі адамдардан алынған, араласуда берілетін артықаіылықтарға (немесе көбіне құқықтық параллельдер кімнің кіммен араласатыны) қатысы бар ақпаратты белтілі бір базис пен алға қойылған мақсат аясында жүйеғе келтіреді. Зерттеудің алғашқы сатынарында Мореноның түзеу мекемесіндетілердің арасындағы даудан қашу үшін жатын бөлмедегі орындарды ауыстыруына тура келді. Сөйтіп, алғашқы қолданылуында әлеуметтанушылық тест (мысалы, достарын атап шығу) оның тікелей нәтижесін алуға бағытталса, Қазір Бұл сирек қолданылады. Тандаудың әлеуметтанушынық баламаларының жол берілетін саны белтіленген ("ең жақсы үш досыңызды атаңыз") немесе белтіленбеген ("қанша қаласаңыз, сонша есім атаңыз") болуы: сондай-ақ ол күн ілгері айқындалған болуы немесе байланыстың беріктігін білдіруі мүмкін. Бастапқыда социометриялық мәліметтерді талдау тандаудың алынған нәтижелері мен таңдаудың берілген баламаларының санына және тиісінше көп артықшынықка ие болған немесе ештеңе алмаған "жұлдыздар" мен "жақпайтын адамдар" секілді өзгешелеп тұратын қорытынды ерекшеліктерге шоғырландырылды. Мәліметтер социограмма деп аталатын сызықты диаграммаға нүктелер мен сызықшалар тұрінде бейнеленеді, онда бөрінен көп тандалған адамдар ортаға, ал сыртка тебілген адамдар шетке орналастырынады. Социометрия топтық күрынымды байыптау үшін білім беруде және баска шағын топтар ортасында қолданынады. "Sociomietry" атты ғылыми журнал шығарылады. Баска бір әдісте ол желілік әдістермен талдауға қатысты болады.[1]