Сапа деңгейін қалай бағалауға болатындығына анықтама беріңіз және оның этаптарын атаңыз.

Нім сапасының сандық көрсеткішін қалай сипаттауға болады. Анықтама беріп, мысал келтіріңіз.

Өнім сапасы – бұл оны қолдану жағдайына сәйкес жарамдылық шарттарына жауап беретін қасиеттерінің жиынтығы. Өнім сапасының сандық көрсеткіші оның қасиетімен сипатталады.

Өнімнің сапа көрсеткіші (ӨСК) – оны қолдану және өндіру шарттарын қарастыратын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық жиынтығы.

Полимерлі материалдарды (ПМ) өңдеу технологиясында кең ауқымды номенклатура (ӨСК) қолданылады. Бұл көрсеткіш арқылы бастапқы шикізат пен материалдардың сапасының нормативті техникалық құжатқа сәйкестігін бағалайды, олардың техникалық бағытын болжайды, сонымен қатар, белгілі бір берілген қасиеттер жиынтығы бар өнімдер алудың мүмкіндігін анықтайды. Өнім сапасының көрсеткіштері мынадай болуы мүмкін:

• біртекті (бір ғана қасиетін көрсететін),

• кешенді (бірнеше қасиет көрсететін):

• анықтағыш (сапасына қарап шешім қабылдайды);

• интегралды (өнімді қолдану және пайдалануынан түсетін пайданың оны өндіруге кеткен пайдаға кеткен қатынасымен анықталады) болып бөлінеді.

Практикада ӨСК-ны анықтау үшін төмендегідей әдістер қолданылады:

• өлшеу әдісі, ол техникалық өлшеуіш заттарын қолданумен алынған мәліметке негізделген.

• есептеуіш әдісі, ол өнім параметрлеріне тәуелді сапа көрсеткішінің теориялық және эксперименттік тәуелділіктерінің негізінде жасалады.

• органолептикалық әдіс бұл сезу мүшелерінің сезгіштігіне негізделген.

• эксперттік әдіс ол эксперттердің шешіміне негізделген.

• социологиялық әдіс – бұл тұтынушылардың сараптамасына негізделген әдіс.

Німнің сапа деңгейін бағалау әдістерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.

Сапа деңгейін бағалау бұл – өнім сапасы көрсеткіші номенклатурасын таңдауды, осы көрсеткіштердің мәнін анықтап, оны базалық мәндерімен сәйкестендіруді қамтамасыз ету.

Өнімнің сапа деңгейін бағалау келесі этаптардан тұрады:

• Есептеу көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау және оның маңыздылығы мен қажеттілігін негіздеу;

• Сапа көрсеткіші мәнін анықтау әдісін құру немесе таңдау;

• Сапа көрсеткіші мәндерінің базалық мәнін таңдау;

• Сапа көрсеткішінің шынайы мәнідерін анықтап, оны базалық мәнмен салыстыру;

• Салыстыра отырып тура шешім қабылдау;

• Қабылданған тура шешімге түсініктеме негіздеме беру.

Сапа деңгейін бағалау әдістері 4-ке бөлінеді:

- дифференциалды (жеке сапа көрсеткіші);

- кешенді (кешенді сапа көрсеткіштері);

- араласқан (жеке кешенді сапа көрсеткіштері);

- статистикалық (математикалық статистиканы қолдану арқылы).

Полимерлер технологиясында сапа көрсеткішін бақылаудың әдістерінің барлығы қолданылады. Көптеген өнімнің сапа көрсеткіштері барлық дерлік полимерлер мен олардың негізіндегі композиттердің сапа деңгейін бағалау үшін қолданылады. Кейбір көрсеткіштер белгілі бір түрлерге ғана арналған. Мысалы, түйіршіктік қүрам, көлемдік сипаттамалар, сусымалылық және т.б. т. термопласттардың, реактопласттардың, резина қоспаларының және уретанды олигомерлі композициялардың себілмелі композицияларының сапасын бақылауда қолданылады. Сонымен, өнімнің сапасын бақылау (тексеру) өнімнің сапа көрсеткішінің бекітілген заңдылықтарға сәйкестігін тексеру (бақылау).