Полимерлі материалдың құрамын сипаттай отырып, мысал келтіріңіз.

Полимерлі материалдар құрамына полимерден басқа компоненттер кіреді. Олардың әрқайсысы өзінің қызметін атқарады. Олар: толтырғыштар, пластификаторлар, қатайтқыштар, бояғыштар, тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) және т.б.

Толтырғыштардыполимерлі материалға пластикалық массаның көптеген көрсеткіштерін жақсарту үшін немесе арнайы қасиет беру үшін (диэлектрлік, антифрикциондық, коррозияға тұрақтылық), бояу және материалды арзандату үшін қосады. Толтырғыштардың массалық үлесі әдетте 15 тен 50 % аралығында өзгереді. Термопласттар үшін көп жағдайда – бор, каолин, тальк, слюда, титан диоксиді, асбест, кварц қолданылады. Металл ұнтағымен графитпен табиғи талшық пен композицицялық маетиарлдар да қолданылады. Реактопласттар үшін табиғаты хвоялы болып келетін ағаш ұны, стеклоталшық, асбест, мақта қолданылады. Резиналық қоспалардың құрамына толтырғыш третінде техникалық көмір, ақ шаң, цинкті әк, бор қолданылады.Толтырғыштар полимерлі материалдармен бірқалыпты комплекс құрып, диспергирленіп кетуі керек, еріткішпен н/е полимер балқымасымен жақсы араласуы керек, шикізатты сақтағанда, өңдегенде, қолданғанда қасиетін сақтау керек. Толтырғыштың кедір бұдыр бөлігі полимер мен толтырғыштың мықтап қосылуына әсерін тигізеді. Толтырғыштар бөлшектері әдетте 1 ден 50 мкм-ге дейін болады.

Бұйымдардың аязға тұрақтылығын жақсартуда, қолдану мен өңдеу жағдайындағы пластикалылығы мен эластикалылығын жоғарылатуда полимерлі материалдың композициясынапластификаторларқолданылады. Бұл заттар молекулааралық орындарға (промежутки) кіріп, макромолекулалар арасындағы байланысты үзіп, молекуланың иілгіштігін арттырады. Сөйтіп полимердің пластикалық қасиетін жақсартады. Пластификаторлар ретінде май қышқылдары мен олардың тұздары (лаурин қышқылы, мырыш стеараты, дибутилфталат, дибутилсебацинат), күрделі эфирлер және синтетикалық полимерлер (полиизобутилен, бутилкаучук, полиакрилаттар ж/е т.б.) қолданылады. Пластификатордың мөлшері артқан сайын, материалдардың эластикалық қасиеті артып температуралық қасиеттері төмендейді.

Қатайтқыштар(вулкандаушы заттар) – полимерлі композицияларда сызықты макромолекулаларды өңдеудің белгілі бір сатысында тігілген кеңістіктік құрылымға айналдыру мақсатында қолданылатын тігуші агенттер болып табылады. Қатайтқыштардың түрін полимер табиғаты мен композицияның қасиетіне байланысты таңдайды. Реактопласттарда қатайтқыш ушін гексаметилентетраамин, параформ, ди ж/е поликарбон қышқылдары қолданылады. Ал резиналар үшін күкірт, полисульфидті қосылыстар, новолакты шайырлар қолданылады.

Қартаю (бұзылу)процестерін тежеу үшін тұрақтандырғыштар(стабилизаторлар) қосады. Тұрақтандырғыштар полимерлердің жарық сәулесіне, радиацияға, жылуға, ауа оттегіне ж/е т.б. төзмділігін арттырады. Полимерлерді тұрақтандырғыш ретінде әртүрлі металл тұздары (кадмий, қалайы, барий, кальций) ж/е қышқылдардың тұздары (стеарин, щавель, құмырсқа қышқылы) қолданылады. Жылудың, ауаның, жарықтың әсерінен макромолекуланың химиялық құрамы өзгеріске ұшаруы мүмкін, яғни деструкция болуы мүмкін. Нәтижесінде композициялардың кейбір технологиялық қасиеттері өзгеріп кетеді, мысалы, температуралық сипаттамалары мен аққыштығы. Тұрақтандырғыштарға композицияларды өңдеу көзқарасынан қойылатын талап – полимермен жоғары үйлесімділік (бір бірінде еруі), әсіресе өңделу температурасында, сонымен қатар, механикалық әрекет ету кезінде макромолекуланың бұзылуын болдырмау үшін жағылу қасиетінің болуы.

Бояғыштар ретінде полимерлерде н/е пластификаторларда ерімейтін бейорганикалық пигменттер ж/ еритін органикалық еріткіштерқосады. Бұл қоспалар жарыққа, атмосфера өзгерісіне төзе білуі керек. Бояғыштардың маңызды қасиеттерінің бірі миграциялық тұрақтылығы.Бояғыштың бұл қасиеті бояғыштың полимерде н/е пластификаторда еруіне негізделген. Пигменттердің полимерде ерімеуі олардың жоғары миграциялық қасиетін көрсетеді.

Жаққыш заттар немесе жағындылар(смазки). Бұл заттарды композицияларға өңделуін жақсарту үшін қосады. Бұл кезде өңдеу температурасы төмендеп, материалдың формалану процесі біртекті және тез өтіп, композицияның аққыштығы жақсарады. Полимерге әсер ету сипаты бойынша «ішкі» және «сыртқы» жақыштар болып бөлінеді. Жаққыштар ретінде май қышқылдары мен күрделі эфирлер қолданылады.