Шетелге экспортталатын отандық тауарлар.

Астана. ҚазАқпарат - KAZNEX INVEST Қытай нарығында жоғары сұранысқа ие 20-дан астам қазақстандық тауардың тізімін жасады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте KAZNEX INVEST компаниясының басқарма төрағасы Борисбий Жанғұразов мәлім етті.

«Жалпы алғанда, Қытай көптеген тауарларға зәру, әсіресе май және тоң май өнімдерін шетелден импорттайды. Жыл сайын 100 млрд. долларға тауар импорттайды. Осы орайда, Қазақстан майлы дақылдарды өсіруде үлкен әлеуетке ие. Егер майлы дақылдарды терең өңдеуге, жоғары сапалы май және тоң май өнімдері өндірісін ұйымдастыруға мән беретін болсақ, дамуы тежелмейтін салалардың бірін құрған болар едік», - деді ол.

Оның айтуынша, Қытай нарығында жоғары сұранысқа ие 20-дан астам қазақстандық тауардың тізімі жасалды.

«Олардың ішіне кондитерлік өнімдер, күріш, май және тоң май өнімдері, алкогольсіз ішімдіктер, күрке тауық еті, металлургия және басқа да тауарлар еніп отыр. Кондитерлік өнімдерден бізде үлкен әлеует бар, себебі Қазақстанда кондитерлік тағамдарды шығаруда үлкен тарих қалыптасқан, ұзақ жұмыс жасап келе жатқан ірі компаниялар да көп», - деп атап өтті компания басшысы.

Сонымен қатар Б.Жанғұразовтың сөзі бойынша, Қытайдың ет және ет өнімдеріне деген сұранысы жоғары.

«Егер санитарлық кедергілер жойылатын болса, Қытай қой және ірі қара мал етін көп көлемде импорттай алады. Осы бағытта да жұмыстар жасалуда. Біз аталмыш өнімдерді Қытайға шығара аламыз», - деді KAZNEX INVEST басшысы.

Ол үшін отандық шикізат пен ауылдық өңірлердегі табиғи өнімдерді де экспортқа шығару үшін кәсіпорындар салу керек. Отанымызда өндірілетін тауарларды экспортқа шығару , оны сұранысқа ие болдыру мақсатында түрлі шаралар жасаған жөн.Ғылыми – техникалық прогрестің арқасында жаңа тауар мен өнім түрлерін ойлап табуды да жолға қойған дұрыс болады.Жаңаша бір өнім қай мемлекеттің болмасын қызығушылығын туғызатыны анық.

Отандық тауарлардың кәсіпорындардағы өнімділігі мен оны шет елдерге экспорттауға ақша мәселесі тікелей байланысты болып келеді. Сол себепті де ең алдыңғы шекте қарастырылатын мәселелердің бірі ол- инфляция мен теңгенің жағдайы..Инфляция мен теңгенiң нығаюына байланысты есептеулер отандық тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiне де байланысты болып келедi. Яғни, iшкi нарық пен әлемдiк нарықтағы тауарлар бағасы тең деп алатын болсақ, инфляция мен теңгенiң нығаюына байланысты iшкi нарықтағы тауар бағалары өсе түседi.

Сондықтан, шетелдiк тауарлар отандық тауарлардың алдында бәсекелестiк артықшылыққа ие болады. Мысалы, биыл отандық тауар мен әлемдiк нарықтағы тауарлар тең дәрежеде бәсеке қабiлеттiлiгiне ие болса, онда инфляция деңгейi 8,5 % бен теңгенiң нығаюы 5,34% қосқанда, отандық тауарлар бiр жылда әлемдiк нарықта 13,84% шамасында бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтады. Яғни, отандық тауар өндiрушi экспорттық тауар бағасын 13,84%-ға төмендету керек немесе әлемдiк нарықтан ығыстырылуы керек. Тек сол тауар түрiне әлемдiк нарықтағы баға кем дегенде 13,84%-ға көтерiлген жағдайда ғана бұрынғы бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейiн сақтап қала алады.

Айналмалы қорлар

Айналмалы қаражат-бұл өндіріс және өнімді дайындау процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуде өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру және пайдалану үшін авансталған ақшалай қаражат жиынтығы.

Рыноктық жағдайда айналым қаражатына деген қажеттілікті көбіне пайдалану қажеттіліктері немесе қаржы-пайдалану қажеттіліктері декп те атайды. Көптеген батыс және американдық зерттеулерде ағымдық активтер мен ағымдық пассивтер арасындағы айырманы < жұмыс жасаушы капитал > деп атайды.

Кәсіпорынның жарғылық қорын реттеуде өндіріс процесіне негіздеп айналмалы қаражаттың қажетті мөлшерін жоспарлайды.Кәсіпорынның айналмалы қаражатына деген қажеттілігі өндірістің маусымдық ерекшелігіне , жіберілген өнімге төленетін ақшаның жоспарлы уақыттан кешіктіріліп төленуі және т.б. факторларға байланысты жыл ішінде ауытқып отырады.

Айналмалы қаражаттың құрамын, сыныптамасын жәнен құрылымын бірнеше білгісі бойынша қарастырамыз. Айналмалы қаражаттың негізгі қорлардан айырмашылығы сонда, ол тек бір өндірістік кезеңде ғана жұмыс жасайды және өзінің құнын толығымен жаңадан дайындалған өнімге береді.Сондықтан да оны кейде айнымалы капитал деп атайды.

 

 

 


Қарыздық айналым қаражаты
Меншікті айналым қаражаты

 

 

                       
           

 

 


Қалыптастыру көзіне байланысты айналмалы қаражаты мен меншікті және қарыздық болып бөлінеді.

 

Айналмалы қаражатының түрлері Айналмалы қаражатының құрамы Жіктелу белгілері
Өндірістік айналмалы қорлары 70% 1.Өндірістің босалқы қоры 70% 1.1.Шикізаттар, негізгі материалдар эжәне сатып алынған жартылай фабрикаттар 1.2.Көмекші материалдар 1.3.Жылу. 1.4.Ыдыс. 1.5.Жөндеуге қажетті қосымша қор. 2.Аяқталмаған өндіріс 25 %. 3.Болашақ кезеңдегі шығындар 5 %. Нормаланатын айналмалы қаражаты 80 %
Айналыс қорлары 30% 4.Қоймадағы және рәсімдеуге жіберілетін дайын өнімдер 31 %. 5.Ақшасы төленбей тұрып артылған тауарлар 30%. 6.Кассадағы және банктің есебіндегі ақшалай қаражаттар. 7.Дебиторлық берешек 14 %. 8.Басқа да есептердегі қаражаттар 25 %. Нормаланбаған айналмалы қаражаты 20 %

 

 

Кәсіпорынның өндірістік айналмалы қорлары үш бөліктен тұрады:

-Өндірістік босалқы қорлар;

-Кәсіпорындағы аяқталмаған өндіріс және жартылай фабрикаттар;

-болашақ кезеңдердің шығындары.

Өндірістік айналмалы қорлары өз қозғалысында айналыс қорларымен өте тығыз байланыста болады.Айналыс қорларына қоймалардағы дайын өнімді , жолдағы тауарларды , ақшалай қаражаттар , көбіне дебиторлық берешектер кіреді.

Айналмалы қаражаттарының жекелеген элементтері арасындағы пайыз түріндегі қатынас айналмалы қаражатының құрылымы деп аталады.Кәсіпорынның айналмалы қаражатының құрылымындағы айырмашылық өгндіріс процесін ұйымдатыру ерекшеіктері, жинақтау және шығындалу шарттары, жабдықтаушыла мен тұтынушылардың мекен-жайлары, материалды ресурстарды үнемдеу сияқты көптеген факторларға негізделеді.

Айналмалы қаражаттарына деген қажеттілікті жоспарлау кезінде үш әдіс қолданылады: талдамалық, коэфициенттік және тікелей шот әдісі.

Талдамалық және коэффициенттік әдістер кемінде бір жылдан астам уақыт тұрақты түрде жұмыс жасап жүрген кәсіпорындарда қолданылады.

Талдамалық әдіс кәсіпорынның орташа қалдықтарының мөлшеріне байланысты айналмалы қаражатына деген қажеттіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорынның келер жылғы нақты жұмыс шартын ескеру қажет.Бұл әдіс айналмалы қаражатының елеулі бөлігін материалды құндылықтарға жұмсайтын кәсіпорындарда қолданылады.

Коэффициенттік әдіс кезінде босалқы қорлар мен шығындар өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей тәуелді және оған тәуелді емес болып бөлінеді.Бірінші топта айналмалы қаражатына деген қажеттілік базисті жыл мен келер жылдағы өндіріс өнімнің өсу темпінің мөлшеріне байлагнысты анықталады. Екінші топта айналмалы қаражатына деген қажеттілік бірнеше жылдардың орташа қалдықтары негізінде жоспарланады.Қажетті жағдайда талдамалық және коэффициенттік әдістерді қатар пайдалануға болады.Алдымен талдамалық әдіс пен өндіріс көлеміне тәуелді айналмалы қаражатына қажеттілікті , содан кейін коэффициенттік әдіс көмегімен өндіріс көлеміндегі өзгерісті анықтауға болады.

Тікелей шот әдісі айналмалы қаражаттыңғ әр элементі бойынша босалқы қорларын есептеуге негізделген. Тікелей шот әдісі жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруда, жұмыс жасаушы кәсіпорынның айналмалы қаражатына қажеттілігін кезеңдік нақтылауда қолданылады.Бұл әдіс еңбексыйымдылығы жоғары болып табылады.Огның құрамында келесідей кезеңдер қамтылады:

 

1.Жекелеген маңызды тауарлы-материалды құндылықтар түрлері бойынша босалқы қор мөлшерін дайындау.Ол өндіріс процесінің үздіксздігін қамтамасыз ететін айналмалы қаражатының әр элементі бойынша есептелінеді.

2.материал құндылығының нақты түріне байланысты орташа күндік шығындарды есептеу.

3.Ақшалай көріністегі меншікті айналмалы қаражатының нормативін анықтау.

 

 



lude $_SERVER["DOCUMENT_ROOT"]."/cgi-bin/footer.php"; ?>