III. Аналитикалық есептеу бөлімі.

Аналитикалық және экономикалық есептеулер жасау тұтынушының сұранысымен тығыз байланысты болып келеді. Аналитикалық есептеулер кәсіпорынның жағдайына байланысты шешімдерді дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Есептеуді Excell бағдарламасынынң көмегімен де жасауға болады.Қордағы тауарларды жеткізу мақсатында есептеулер болып жатады.

Мысалы, тауарды тұтынушыға жеткізу және де басты қоймадағы алынған тауарлар саны мен қаржы есебін толығымен есептеп шығару қажет.Ең басты қарастыратын нәрсе ол – кіріс және де шығыс тауарларының параметрлерін дұрыс есептеу. Себебі бұның барлығы тауар айналым жүйесін дұрыс басқаруға мүмкіндік береді. Есепте кезінде арнайы мамандармен экономист мамандарының өтініштері мен ұсыныстарына аса назар аударған жөн.

 

Айналмалы қаражатын пайдалану көрсеткіштері

Айналмалы қаражатын пайдалану экономикалық көрсеткіштермен сипатталады.Айналмалы қорларының айналмалы жылдамдығы айналмалы қаражатын тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші болып табылады.Ол өзара байланысты келесідей көрсеткіштердің көмегімен анықталады. Бір айналмалының тәулік ішіндегі ұзақтығығ айналмалылық және айналмалы қаражатын жүктемелеу коэффициенттері.

Бір айналмалының тәулік ішіндегі ұзақтығы келесідей формуламен анықталады:

 

Ұайн= АҚ қалд / (Фөө/ tkc) = (АҚ қалд * tkc) /Фөө

 

Мұндағы : АҚ қалд – қалдық айналмалы қаражаты , Фөө – өнімнің өзіндік құны, tkc- есептік кезеңдегі күндер саны .

 

Айналымдылық коэффициенті бір жыл ішінде айналым қаражатымен жүзеге асырылған айналым санын көрсетеді және төмендегідей формула көмегімен анықталады:

 

К ақайн = Ф өө /АҚ қалд

 

мұндағы:

Ф өө –өткізілген өнімнің құны;

К ақайн - қарастырылып отырған кезең аралығындағы орташа қолма-қол айналым қаражаты.

Айналым қаражатының жүктемелілік коэффициенті

-айналымдылық коэффициентінің кері көрсеткіші. Ол өнімнің бір бірлігіне жұмасалатын айналым қаражатының мөлшерін сипаттайды және келесідей формуламен анықталады:

 

К ақжк =АҚ қалд /Фөө .

 

 

Айналым қаражаттарын қысқартудың екі түрі бар: абсолютті және салыстырмалы . Айналым қаражаттарын абсолютті қысқарту айналым қаражаттарының қалдықтары нормативтен аз болған жағдайда орын алады. Кәсіпорында өндіріс көлемінің өсуі есебінен айналым қаражаттарының айналымдылығы жылдамдаған жағдайда айналым қаражаттарын салыстырмалы қысқарту жүргізіледі.

Айналым қаражатының қолданылу деңгейін айналым қаражатының қайтарымдылық көрсеткішімен анықтауға болады.Ол өнімді өткізуден түсетін пайданың қалдық айналым қаражатына қатынасымен анықталады:

 

 

АҚ қайт = П/ АҚ қалд.

 

 

Айналмалы қаражатты нормалау

Айналым қаражатының нормативі- бұл кәсіпорынның өндірістік қызметіне қажетті ең аз ақшалай қаражаттар сомасы.Айналым қаражатының нормасы- бұл өндірістің бірқалыпты жүргізілуін қамтамасыз ететін, салыстырмалы шамамен сипатталатын тауарлы-материалды құндылықтардың жекелеген түрлеріне деген қажеттілік.

Айналым қаражатының мөлшері тауарлы-материалдық құндылықтардың ең аз босалқы қорын сипаттайды.Айналым қаражатының нормативі заттай және ақшалай көрсеткіштермен есептелінеді.

Айналым қаражатының нормативі оның элементтерінің қосындысына тең:

 

Н ақ = Н б.қ. +Н аяқталмаған ө.+Н д.ө.+Н бол.шығ.

 

Мұндағы:

 

Н б.қ – өндірістің босалқы қорлар нормативі;

Н аяқталмаған ө- аяқталмаған өндіріс нормативі;

Н д.ө-дайын өнімнің босалқы қор нормативі;

Н бол.шығ.-болашақ кезең шығындарының нормативі.

 

Айналым қаражатының нормативі жекелеген элементтері бойынша келесідей жолмен анықталады:

Нақ=З**Қ б.орт

Мұндағы:

Нақ – нақты элемент бойынша айналым қаражатының нормативі;

З- нақты элемент бойынша орташа бір күндік шығын;

Қ б.орт – нақты элемент үшін айналым қаражатының босалқы қорының орташа мөлшері.

 

Шикізат негізгі материалдар мен сатылып алынған жартылай фабрикаттар бойынша орташа босалқы қор нормасы ағымдық қорды сақтауға кететін уақытты, сақтық қорын, транспорттық қорды, технологиялық қорды және дайындалып жатқан қорды біріктіреді.

 

Тәуліктегі қор мөлшері = У+С+Т+Тех+Д.

Бұдан:

Нс =Н*(У+С+Т+Тех+Д).

 

Дайын өнімнің қалдықтарына айналым қаражатының нормативі төмендегідей формула көмегімен анықталады:

 

Нөқ = (Ш/t к.с.)*Т.

 

Мұндағы:

Ш- өндірістік өзіндік құн бойынша келер жылдың 4- ші кварталындағы тауарлы өнім шығарылымы:

 

t к.с- кезеңдегң күндер саны:

 

Т-дайын өнімге айналым қаражатының нормасы, күндер.

Ақшалай көріністегі айналым қаражатына қажеттілік келесі формуламен есептелінеді:

 

АҚ қажет = З матер* t3

 

Мұндағы:

 

З матер – өндіріске жұмсалатын бір күндік материалды шығындар,

t3- айналым қаражатының мөлшері, артық күндер.

Аяқталмаған өндіріске айналым қаражатының нормативі төмендегідей формуламен анықталады:

 

НАқ*аө=(Q*Tөц * Кү) / Тжос

 

Мұндағы :

Q- жоспарланған кезеңде өнім шығару;

Tөц- өндірістік цикл ұзақтығы;

Тжос- жоспарланған кезеңнің ұзақтығы;

Кү- шығынның үдеу коэффициенті аяқталмаған өндірістегі өнім дайындылығының деңгейін көрсетеді:

 

Кү=(Зе +0,5 Зп )/ (Зе+Зп).

Мұндағы: Зе және Зп – өндіріске жұмсалған біржолғы шығындар.

 

 

Айналмалы қаражатын басқару негізгі мақсат айналым қаражатының барынша аз мөлшерімен өндіріс процесі мен өнімді өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ету болып табылады.Демек, кәсіпорынның айналым қаражаттары айналымның барлық сатысы бойынша барынша аз, бірақ жеткілікті мөлшерде бөлінуі керк.Айналым қаражаты әрқашанда біруақытта айналымның үш сатысында қолданылады және ақшалай қаражат, материалдар , аяқталмаған өндіріс , дайын өнім түрінде көрініс табады.

 

Айналым капиталы- кәсіпорынның қосымша қор құру үшін және бір жыл ішінде немесе бір өндірістік кезеңде айналым жасайтын өндіріс процесінің және өнім өткізу шығындарын авансылау үшін қолданылатын ресурстары.Айналым қаражаты өзінің экономикалық мәні бойынша айналым қоры мен айналыс қорына бөлінеді.

 

Айналым қорлары-бір өндірістік кезеңде өндірістік процесте түгел тұтынылып өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін ресурстың бір бөлігі.Оларға:

1.Өндіріс қалдықтары, оның құрамында шикізат, материалдар, отын, сатымдық жартылай фабрикаттар, шыны ыдыстар, қосалқы бөлшектер, құалдар мен құрылғылар қызмет мерзімі бір жылдан кем болады;

2.Аяқталмаған өндіріс;

3.Болашақ кезеңдердің шығындары жатады.

 

Айналыс қорлары-құнды қалыптастыруға қатыспайтын, оның жеткізушісі болып табылатын айналыс саласына қызмет ететін қаражат

Оған:

Қоймадағы дайын өнім;

Тиелген, бірақ ақысы төленбеген дайын өнім;

Материал алуға, жалақы төлеуге, жеткізушілер алдында қаржылық міндеттемелерін орындау үшін және т.б. қажетті ақшалай қаражат жатады.

Сатудың таза құны бойынша тауарлы- материалдық қорларды бағалау-мұндай қорларға зақым келу, жартылай немесе толығымен ескірген немесе олардың сату бағасы төмендеу себебімен, олардың өзіндік құны қалпына келмейтін жағдайлардағы бағалау әдісі.Өткізудің таза құны оларды сатуды ұйымдастыруға жұмасалған шығынды шегергендегі болжалды бағасына тең.

 

Өлшенген орташа құн әдісі-тауарлы – материалдық қорлардың өлшенген орташа құны есеп беру кезеңінің басында болған және сол кезеңде алынған ұқсас бірліктердің орташа құнын анықтаумен есептелетін әдіс.

 

ФИФО әдісі- бұл әдіс бойынша бағалау кәсіпоырн қорды қандай кезекпен сатып алса, сол кезекпен қолданылады, яғни өндіріске бірінші келген қор уақытымен бірінші сатып алынған өзіндік құн бойынша бағасы бойынша , одан кейін екінші, топтама бағасы бойынша және көлемі алынғанша осылайша кезекпен кете береді.

ЛИФО әдісі- бұл әдіс бойынша өндіріске қорлардың келіп түсуі уақыты бойынша соңғы сатып алынғандардың өзіндік құны бойынша бағаланады, ал кезең соңында қордың өзіндік құны ерте сатып алынғандардың өзіндік құнымен анықталады.

 

 

Айналым қаражатының айналымдылығы мынадай көрсеткіштер бойынша есептеледі:

а) айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті:

( Кай):

 

Кай = ӨӨ/АйҚ

Мұнда ӨӨ- кезеңдегі өнімді өткізу көлемі;

АйҚ- сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа сомасы;

 

ә) бір айналымның ұзақтығы ( Ұ1):

Ұ1 = ( АйҚ*Т)/ ӨӨ немесе Ұ1 = Т/Кай,

Мұнда: Т – уақыт кезеңі;

 

б) айналым қаражатының қайтарымы: (Қ)

Қ=П/АйҚ

 

Мұнда П – кезеңдегі пайда.

 

 

2.Кәсіпорын қажеттілігін анықтау үшін айналым қаражатынан есептелеледі:

 

а) өндірістік қордың қалыптасуына айналым қаражатының қажеттілігі:

 

ҚҚ= Ш1* Н қ,

Мұнда

Ш1- құндық көрінісіндегі бір күндік шикізат пен материал шығысы.Ол шикізат пен материалдың заттай бір күндік шығысының шикізат пен материал бірлігінің бағасына көбейтумен есептеледі;

 

Н қ - қоймадағы шикізат пен материал қорының нормасы.Ол шикізат пен материалдың ағымдық қорының, сақтандыру қорының және дайындық қорының сомасын қамтиды;

 

ә) аяқталмаған өндірістің қавлыптасуына айналым қаражатының қажеттілігі АӨҚ ;

 

 

АӨҚ= Ш1*Ұ * Кшө

 

Мұнда Ш1- құндық көрінісіндегі бір күндік өнім шығарылымына жұмсалатын ұзақтығы;

 

Ұ-өндірістік кезеңнің ұзақтығы;

Кшө- шығынның өсу коэффициенті ;

 

б) шығынның өсу коэффициенті Кшө:

 

 

Үс1+ 0.5Үс2

Кшө= −−−−−−−−−− ;

 

 

Мұнда

 

Үс1- өндірістік кезеңнің алғашқы күнінде жүзеге асырылатын шығынның үлес салмағы;

 

Үс2- өндірістік кезеңнің кейінгі күндерінде жүзеге асырылатын шығының үлес салмағы;

 

в) дайын өнімге айналым қаражатының қажеттілігі ( Дөқ )

Дөқ= Ш 1* Н дө

Мұнда Н дө – қоймадағы дайын өнім қорының нормасы. Кәсіпорын қорларын басқаруға қатысты тапсырмаларды орындағанда, сондай – ақ төменде берілген формулалар қолданылады.

Сатып алынатын шикізат топтамасының оңтайлы көлемін анықтау үшін Уилсон үлгісі (Q)1. бірлігі;

Нұсқа.

Q = √2mo/rk

 

Мұнда m- сатып алынатын шикізаттың жылдық көлемі ,бірлігі;

о- бір топтамамен есеп айырысқандағы сатып алу қызметін көрсету бойынша шығындар, теңге;

r- орташа жылдық қор пайызында шикізатты жинақтау бойынша шығындар;

k- шикізат бірлігінің бағасы, теңге.

 

Нұсқа

Q = √ 2FD/H

Мұнда F- осы тапсырыс топтамасын орындау құны, теңге;

D- бір кезеңдегі жалпы шикізат қажеттілігі;

H- шикізат бірлігін сақтау бойынша шығындар, теңге.

2 Кезең ішіндегі топтама саны (N) :

N= m / Q

3. T= Ұ / И

 

Мұнда И- тапсырыс ьоптамалары арасындағы интервал;

Ұ- жұмыс кезеңініңұзақтығы , күндер.

 

Тапсырма шарты:

Бастапқы деректерді пайдаланып шикізатқа және негізгі материалға айналым қаражатының қажеттілігін, аяқталмаған өндірісті дайын өнімді , <Арғымақ > АҚ-тың айналым қаражатының жалпы қажеттілігін , жоспар бойынша айналым қаражатының айналымдық көрсеткішін анықтаңыздар.

Шешуі:

Мына формула бойынша өндірістік қордың шикізат пен материал қалыптасуына айналым қаражатының жоспарлы қажеттілігін анықтаймыз:

ҚҚ= Ш1 * Нқ

Мұнда Ш1- шикізат пен материалдың құндық көрінісіндегі бір күндік шығыс;

Нқ - шикізат пен материалдың ағымдағы қор, сақтандыру қорының және дайындық қорының сомасын беретін қоймадағы шикізат пен материалдардың құндық көрінісіндегібір бір күндік шығысы былай есептеледі:

Шикізат пен материалдың заттай көрінісіндегі бір күндік шығысын шикізат пен материал бірлігінің бағасына көбейтумен;

Шикізат пен материал шығынын жоспарлы кезең ұзақтығына жұмсалатын шығын сметасы бойынша өнім өндірісіне бөлумен.

Біз екінші тәсілді пайдаланамыз.

Бұл кәсіпорында жоспар бойынша шикізат пен негізгі материалдың бір күндік шығыны .

Р1= 4500 тг /90күн= 50 мың тг құрайды.

Қоймадағы шикізат пен материал қорының нормасы Нқ

Нқ= (14+5)+(19/2)+(3+0,5)=32 күн.

Сонда шикізат пен негізгі материалға айналым қаражатының жоспарлы қажеттілігі . ҚҚ

ҚҚ= 20 мың тг *32күн =1600 тг

Төмендегі формуламен аяқталмаған өндірісті қалыптастыруға айналым қаражатының жоспарлы қажеттілігін анықтаймыз:

АӨҚ = Ш1*Ұ * Кшө

Мұнда Ш1- құндық көрінісіндегі өнім шығаралымына жұмсалатын бір күндік шығын.

Ұ--Өндірістік кезең ұзақтығы .

Кшө – шығынның өсу коэффициенті.

 

Өнім шығарылымының құндық көрінісіндегі бір күндік шығынды 4- тоқсан шығынының сметасы бойынша өнім шығаруға жұмсалатын жиынтық соманы 90 күнге бөліп есептейміз:

Ш1= 5850тг/90күн=65 мың тг.

Одан әрі мына формула бойынша шығынның өсу коэффициентін есептеу керек:

Кшө = Үс1+0,5 Ү с2/100

Мұнда Үс1- өндіріс кезеңінің алғашқы күнінде жүзеге асырылатын шығынның үлес салмағы;

Ү с2- өндіріс кезеңнің кейінгі күндері жүзеге асырылатын шығынның үлес салмағы.

Кшө= (40+0,5*60)/100=0,7

Сонда аяқталмаған өндірісті қалыптастыруға айналым қаражатының жоспарлы қажеттілігі мынаған тең:

АӨҚ=65мың тг *12күн*0,7= 546мың тг.

Мына формуламен дайын өнім қорына айналым қаражатының жоспарлы қажеттілігін есептейміз:

Дөқ =Ш1*Ндө

Мұнда Ндө- қоймадағы дайын өнім нормасы.

Дөқ = 65 мың тг*4 күн = 260 мың тг.

 

4.Жоспар бойынша Арғымақ АҚ-ның қаражатының жалпы қажеттілігін анықтаймыз. Ол үшін шикізат пен негізгі материалға , аяқталмаған өндіріске , дайын өнімге, қосымша материалға отынға, шыны ыдыстарға , және қосалқы бөлшектерге , келер жыл шығынына айналым қаражатының қажеттілігінен құралады.

Қ жалпы = 1600+546+260+30+240+188+67=2931 мың тг.

5.Жоспар бойынша айналым қаражатының айналымдылық көрсеткішін есептейміз:

а) айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті

Қай =ӨӨ / АйҚ

Мұнда ӨӨ- бір кезең ішіндегі өткізілген өніс көлемі;

АйҚ- сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа сомасы.

Қай=25200 мың тг/ 2931мың тг =8,6 рет ү

ә) бір айналымның ұзақтығы Ұ1=Т / Қай,

мұнда Т- уақыт кезеңі.

Ұ1 = 360күн/9рет =40күн

6. Жоспарлы қажеттілікке құсас айналым қаражатының нақты қажеттілігін анықтаймыз:

а) шикізат пен негізгі материалға.

Осы кәсіпорынды шикізат пен негізгі материалға бір күндік нақты шығын. Ш1

Ш1=4320 мың тг /90 күн = 48000тг

Қор нормасы шикіза пен негізгі материал жеткізілімнің арасындағы интервалды қысқарту есебінен үш күнге кеміді:

Бз= (32-3)=29 күн.

Сонда шикізат пен негізгі материалға айналым қаражатының нақты қажеттілігі ҚҚ.

ҚҚ= 48000*29 күн=1392 мың тг.

ә) аяқталмаған өндіріске.

Құндық көрінісіндегі бір күндік өнім шығарылымына жұмсалатын нақты шығындар.

З1 =5400 мың тг/90күн=60000тг.

Сонымен қатар өндіріс кезеңінің ұзақтығы 2 күнге қысқартылды.Сонда аяқталмаған өндіріске айналым қаражатының нақты қажеттілігі АӨҚ.

АӨҚ=60 мың тг *(12күн-2күн)*0,7=420мың тг.

б) дайын өнімге.

Дайые өнімге нақты қажеттілік Дөқ.

Дөқ=60мың тг*(4күн-1күн)=180мың тг.

7.Арғымақ АҚ-на айналым қаражатының жалпы нақты қажеттілігін есептейміз.

Қжалпы 1392+420+180+30+240+188+67=2517

8. Жоспармен салыстырғанда мың тг деп есептелетін айналым қаражатының абсолютті босатылуынанықтаймыз. абс= 2931-2517=414 мың тг.

9.Жоспармен салыстыру бойынша айналым қаражатының қатысты босатылуын есептейміз.О үшін жоспарлы айналымдылықтан нақты өткізу көлеміне айналым қаражатының қажеттілігін анықтаймыз.

Бір жылда өткізілген өнімнің нақты көлемі:

25200мың тг *1,1=27720мың тг.

Сонда 9-ға тең айналым қаражатының айналымдылық коэффициентінде бұл қажеттілік:

27720 мың тг /9=3080 мың тг.

Жоспармен салыстырғанда сын тг деп есептелетін айналым қаражатының қатысты босатылуы.

қатыс =3080-2517=563мың тг.

 

 

IV. Қорытынды.

Мен курстық жұмысымды қорытындылай келе Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында айтылып кеткендей еліміздегі барлық сатыдағы кәсіпорындар мен жас кәсіпкерлерді қолдау туралы айтқанына толығымен қосыламын.Себебі елбасымыздың жүргізіп отырған саясаты мен білімділігінің арқасында республикамыздың экономикасы жасқарып келеді. Оны байқау үшін жылдан жылға ұлғайып, дамып келе жатқандығынан аңғаруға болады. Кәсіпорын болған соң оның тауар айналымы , уақытылы шығындары да болып жатады. Осы аталған мәселелерді дұрыс жолға қоя білу мақсатында кәсіпорын ашу алдында оның басшысының сол лауазымға лайықты екендігін , жеткілікті дәрежеде білімділігін тексеріп алған жөн .

Тек білім ғана емес , сонымен бірге саясатты түсіне білу, қаржылық білімділіктің болуы да аса маңызды рөл атқарады. Ең алдымен кәсіпорындарымызда шығарылатын тауарымызды елдегі барлық тауар сату орталықтарына ұсыну керек деп есептеймін .Ең төменгі сатыдан бастап жоғарғы шыңға қарай асықпай қадам басу арқылы біздің еліміз кәсіпкерліктің арқасында әлемдік нарықта өте үлкен сұранысқа ие болатындай деңгейге жетеміз деген үміттемін.Кәсіпкерлікпен айналысатындықтан ол жерде тек тауар немесе ақша мәселелері ғана емес , одан бөлек ұсыныс , сұраныс, басқа да кәсіпорын тауарлары мен бәсекелестікке түсе білу жағдайлары да кездеседі.

Тағы бір айта кетерлік нәрсе ол – кәсіпорынның дамуы ол экономиканың дамуы , ал экономиканың дамуы ол Президентіміздің жүргізіп отырған саясатының дұрыстығы. Ал дұрыс жүргіліген саясат ол – халқымыздың жарқын болашағы деп білемін.