Жоспарлау және ұйымдастыру

Өндіріс жұмыстарының күнтізбелік жоспары – жалпы құрылыстық арнаулы және құрастыру жұмыстарының реттілігі мен ұзақтылығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, құрылыс машиналарының нормативтік уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі құжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жобаларының құрамына енгізіледі, сондықтан да оның негізгі көрсеткіштерінің құрылымы, құрамы және нақтылану деңгейі жобалық құжаттардың қандай мақсаттарға арналғанына байланысты болады.

Күнтізбелік жоспар келесі тәртіп бойынша орындалады:

1) жұмыстардың тізімін құрады;

2) осыған сәйкес әр жұмыстың түрі бойынша олардың көлемін анықтайды;

3) негізгі жұмыстар мен бастаушы машиналарды өндіру әдісін таңдайды;

4) нормативтік машина мен еңбек сыйымдылығын есептейді;

5) бригада мен звенолар құрамын анықтайды;

6) жұмысты орындаудың технологиялық кезектілігін таңдайды;

7) жұмыстардың ауысымын (смена) таңдайды;

8) жеке жұмыстардың ұзақтылығы мен олардың өзара байланысын анықтайды;

9) есептік және нормативтік ұзақтылықты салыстырады және қажетті жөндеулерді енгізеді;

10) орындалған жоспар бойынша ресурстардағы қажеттіліктерді және оларды қамтамасыз ету графиктерін өндіреді.

Жұмыс өндірісінің жобасы құрамындағы күнтізбелік жоспарды өндіру үшін қажетті мәліметтер:

1) құрылысты ұйымдастыру жобасы құрамындағы негізгі дайындық кезеңі;

2) құрылыстың нормативтік ұзақтылығы немесе нұсқаулы тапсырма;

3) құрылыс, монтаж және арнайы жұмыстардың технологиялық картасы;

4) жұмыстық құжаттар мен сметалар;

5) мекеме туралы мәліметтер – құрылысқа қатысушылар, бригадалар мен механизмдер өнімділігінің құрамы және қажетті материал ресурстарын алу мүмкіндігі.

 

Күнтізбелік жоспарлау негізінде жұмыс барысына бақылау жасалады және орындаушылардың жұмыстары үйлестіріліп отырылады.

 

Жұмыс өндірісінің күнтізбелік жоспары екі бөлімнен тұрады: сол жақтық – есептік (1-кесте) және оң жақтық – графикалық. Графикалық бөлімі сызбалық немесе тор көзді болуы мүмкін.

1-кесте

Жұмыс Атауы Жұмыс көлемі Еңбек шығы ны адам-күн Қажетті машиналар Жұ- мыс ұзақ тығы, күн Сме-налар саны Смена-дағы жұмысшылар-дың саны Бри-гада құра-мы Жұ-мыс гра-фигі (күн- дер, айлар)
өлшем бірлігі Са ны атауы машиналар саны

 

Жұмыс көлемі - жұмысшы орындары мен сметалар анықталып, бірыңғай мөлшерлер мен БМБ-де қабылданған бірлікпен бейнеленеді. Егер еңбек сыйымдылығы өнімділік бойынша есептелетін болса арнаулы жұмыстар көлемі күн түрінде (смета бойынша) анықталады, ірілендірілген көрсеткіштерді пайдаланғанда – оларға сәйкес келетін өлшемдермен есептеледі.

Жұмыстар тізімі(1 графа) топтастырумен 6ipre технологиялық орындалу pеттілігі бойынша және жумыстың түpi мен периоды бойынша толтырылады.

Топтастыру кезінде мына ережелерді міндетті түрде ескеру керек:

1. Жұмыстарды мүмкіндігінше біріктіріп, ірілендірген жөн, себебі
графикті оқу үшін ол ыңғайлы болуы керек.

2. Жұмысты ірілендірудің екі түрі бар: eкi аткарушы орындайтын
жұмыстарды біріктіруге болмайды, ал бір атқарушы орындайтын жұмыстар кешенін міндетті түрде ерекшелеу және келесі бригаданың жұмысына жол ашатын жұмыс бөлігін жеке көрсету.

3. Жұмыс көлемін(2, 3 графа) жұмыс құжаттамасы және смета бойынша аньқтайды. Сметадан көлемді сұрыптап алу көп еңбекті кажет етпейді, бірак та сметада қармау бойынша көлемдердің бөліктері көрсетілмейді, сондықтан смета бойынша есептің дұрыстығын тексере отыра, жұмыс құжаттамасын және олардың спецификацияларын қолдануға тура келеді.

Жұмыстардың еңбек сыйымдылығын (4 графа) және машина уакытының шығынын(5, 6 графалар) әр турлі нормалар бойынша eceптeйдi. Күнтізбелік жоспардың объективтілік шешімдерін еңбек шығынының берілгендері бойынша аньқтайды.

Нормативті база болып табылады:

1) Біріңғай нормалар және бағалар (ЕНиР);

2) БНжБ (ЕНиР) негізіндегі калькуляция;

3) Сметальқ нормалар;

4) Ірілендірілген кешенді нормалар;

5) Табиғи, құнды немесе көлемді-конструктивті өлшемдеп меншікті ендіру.

 

Жұмыстың ұзақтылығы(7графа). Күнтізбелік жоспарды құрастырғанға дейін жұмыс өндірісінің әдісі және машиналар мен механизмдер анықталуы кажет. Механизмдендірілген жұмыстардың ұзактығын машиналардың өнімділігі бойынша тағайындалуы кажет. Механизмдендірілген жұмыстардың Тмех орындалу ұзактыгын формула бойынша аныктаймыз:

Тмех=Nмаш-смен/(nмаш*m), (1)

мұнда, Nмаш-смен - қажетті маш-сменнің саны (6 графа); nмаш - машина саны; m - 1 тәуліктеп жумыс сменінің саны (8 графа).

Қол күшімен орындалатын жумыстардың ұзактығын Тр (күн) жумыстың ецбек сыйымдылығын Qp (адам-кун) жұмысшылардың санына пч бөлу аркылы табылады:

Тр= Qp/n4. (2)

Сменалар саны(8 графа). Негізгі машиналарды қолдануда сменалар санынын 2-ден кем емес eтіп алады. Қол күшімен және механизмделген құралдар көмегімен орындалатын жумыстардың сменасы жұмыс алаңына және жұмысшылар кадрлеріне байланысты. Алаң жеткілікті болған жагдайда жұмысты 6ipiнші сменада орындаган тиімді, ceбебі еңбек жағдайы жақсарады, жұмыстарды баскару мүмкіндігі жоғарылайды және жоғарғы өнімдік камтамасыз етіледі. Сонымен катар әрлеу жұмыстарында күндізгі сменада орындау кажет. Екінші сменада орындалатын жұмыстар күзгі-қысқы уакыттарда арнайы шараларды, яғни жұмыс орнын, жолдарды жарықтандыру және еңбекті корғау бойынша косымша шараларды кажет етеді.

Сменадагы жұмысшыларсанын және бригада құрамын(9, 10 графалар) жұмыстың еңбек сыйымдылығы жэне ұзактылығына сәйкес аныктайды.

 

***

 

Тақырып.