Орыс космизмі идеясын сипаттаңыз.

Орыс космизмі. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында орыстың философиялық ой-пікірінде ғарыштық философия пайда болды, оны орыс космизмі деп атады. Өкілдері: Н. Ф. Федоров, В. С. Соловьев, Н. Я. Умов, К. Э. Циолковский, В. И. Вернадский, П. А. Флоренский, Н. Г. Холодный, А. А. Чижевский. Олар адамның космоспен бірлігі мәселесі, адамның ғарыштық табиғаты және адам іс-әрекетінің ғарыштық маңызды сұрақтарын қарастырды. Космизм тұжырымдамасы көптеген жағдайда Ресейде көп танылған эволюциялық көзқарасқа сүйенеді.

Орыс космизмнің екі тенденциясы бар:

1. Қияли ойға байланысты немесе дінге сүйенген бағыт. Діни идеялар Н. Ф.Федоров, В. С Соловьев., П. А Флоренский. еңбектерінде көп.

2. Ғылыми немесе жаратылыстану іліміндегі прогреске байланысты. Оның өкілі В. И. Вернадский өзінің биосфера мен Ноосфера, Жер мен Әлем рөлі туралы ілімдерін жасады, К. Э. Циолковский ғарышты игеру теориясын ұсынды.

В. С. Соловьев(1853-1900 жж.) – орыс философы, діни қайраткер, публицист және ақын. Москва университетін бітірген. Оның шығармашылық өмірі үш кезеңге бөлінеді:

1. 70-ші жылдардағы теологиялық прогресшілдік.

2. 80-ші жылдардағы дүниежүзілік мемлекет утопиясы.

3. 90-шы жылдары, Эсхатологиялық (гр eshatos- соңғы және logos – ілім, сөз) көзқарастары.

Ол мына идеяларды ұсынады: қорқынышты сот және зұлымдықтың әлемді жеңуі – тарихтың соңы; адамның рухы зұлымдық әлемінде зарығуда; бірақ адам Абсолютке қатысы бар және құтылуы мүмкін, ол бүкіл әлемдік шіркеуді жасау жолымен іске асады; шіркеу – келешек қауымдастықтың негізі, адамдардың бірлігі; адам санасын езілуден босату керек, ол үшін христиан дінінің кұндылығын қабылдау икемді. Соловьевтің «біртұтастық» (бәрінің бірлігі) идеясы адамзаттың бұдан да артық, жоғарғы сатыдағы эволюцияға өтуін дайындайды. Оның шыңына жетіп, «Құдай-адам» пайда болады. Соловьев жүйесінің негізгі теологиялық бағыты осы. Материализм мен революциялық-демократиялық ой-пікірге ол қарсы болды. Христан діні мен платонизмді, классикалық неміс философиясын (Ф. Шеллинг) және ғылыми эмпиризмді біріктірумен айналысты. Бұл шын мәнінде мүмкін емес, метафизикалық әдіс еді.

«Жер бетінде шындық бола ма, әлде болмай ма?» деген сұраққа христиан дінінен жауап іздеді. Әлеуметтік тұрғыдан келгенде, елдің тыныштығын сақтау үшін Рим папасы мен орыс патшасының татулығы арқасындағы Одақты құруға шақырды.

1. Христиан дінін материалдық өмірдің, уақыт пен кеңістіктің қирауынан құтқарып, тозбайтын ғарыш сұлулығына айналдыруды мақсат етті;

2. Жетілдірілген жыныстық махаббат адам бүтіндігін және дүниені сақтап, мәңгі өлмеске жеткізеді деп санады.

Соловьев философиясының өзекті идеясы – барлығын біріктіру идеясы, оның негізгі қағидасы «құдайға – барлығы бір». Барлығының бірлігі, бірінші кезекте, жаратушы мен жаратылғанның бірлігі. Соловьевтің құдайының адами кейіпі жоқ, ол дүниеде әрекеттенетін, ерекше ұйымдастырушы күш, «ғарыштық ақыл». Сонымен В. С. Соловьев ақылды сезімге қызмет етуге, дінді адам санасындағы рационалдық бастаманы тірек етіп, діни көзқарасты жаңа ғылыми жетістіктермен дәлелдеуге ұмтылады. Н.А. Бердяев (1874-1948) орыс діни философиясының көрнекті өкілі. Экзистенциалист оның философиясының негізі еркіндіктің – болмысқа қарағандағы басымдығы. Болмыс мәнін адам, адам арқылы ашып таниды. Ол діни мистика жолдарындағы жеке адамның «ішкі рухани» таза рухын азаттық үшін таптық күреске қарама-қарсы қойды. Ол алғашқы кезде марксизмге жақындап, кейінен діни философияға, персонализм мен экзистенциализмге бет бұрып, халықтың бірлігін, рухани бостандығын қолдады.

Экуменикалық қозғалыстың теориялық негізін салуға, бүкіл христиан шіркеулерін біріктіруге С. И. Булгаков (1871-1944 жж.) көп еңбек сіңірді. Ол қоғамдық дисгармонианы (үйлеспеушілік) оның әр құрылымының әр түрлі бастамаларды – экономикалық, саяси, рухани, өнегелік, т. б. ұстанып, дербес өмір сүруінен деп түсіндірді. Егер олардың бәрін бір негізде құрса, әлеуметтік организмнің қарсыласулары мәңгі жоғалар еді. Осы негіздің болуы керек: егер құдай абсолют болса, онда ол біртұтас.

Л. Шестовтың (1866-1938 жж.) ілімінде басты ой – сенім мен ақылдың түбегейлі қарсы болуы, сыйспау тезисі. Тек құдайға ғана сенуге болады, ол ешбір тиянақты мазмұнға ие емес. Көрінген танымдық әрекет күнәға тең, бұл интеллектуалдылыққа қарсы ұмтылыс. Шестовқа, дінге өте ыңғайсыз адам ақылын, байланыстырушылық дәрежеден алып тастау үшін қажет болды. Сондықтан ол ақылдың кемістігін, болмыстың көп сипаттылығын бейнелей алмауын көбірек айтады. Бұл соңында ашық мистицизмге әкелді.

Екінші тенденция: космизм - қоршаған ортаны, адамды өзара байланыстағы бүтіндік деп қарайтын философиялық бағыт. А. Л. Чижевский (1897-1964 жж.) жердегі (биосфера) өмірдің дамуы тек ішкі себептердің әсерін ғана емес, сонымен бірге ғарыштың күшті әсеріне байланысты екендігін айтты. Жердегі болып жатқан процестерді айқындаушы Күн. Күннің белсенді қызметі хайуандардың жүріс-тұрысына, көтерілуі және қайтуы, әлеуметтік катаклизмдерге – соғыс, революцияға әсер етеді. Ол өзінің идеяларын жай түсініктер емес, ғылым тілімен түсіндіруге тырысты, өлеңдер, көркем шығармалар жазды. Чижевскийдің философиясын батыста өзіндік ерекше ғылыми негізі бар деп есептеді. Бізде «күнге табыну» философиясын ғылыми емес, абсурд деп санады. Федоровтың «Жалпы іс» (Общее дело) философиясының негізгі тақырыбы - ішкі импульстік эволюцияның әсерінен адам іс-әрекет өрісінің тұрақты көбеюі, өзінің белсенділік сферасына космостық кеңістікті қосуы. Адам кеңістікті ғана емес, уақытты да игереді. Таным, тәжірибе мен еңбектің арқасында мәңгілікті табады және өмірден кеткен ұрпақты өмірге қайтарады деген идеялары. Адам табиғатты игеріп, өзін бағындыра отырып, өзінің организмін өзгертуді, ғарышты игеруді мақсат етеді дейді.

К. Э. Циолковский (1857-1935 жж.)оның пікірінше,материя негізінде өте ұсақ бөліктер – атомдар, ұсақ емес конфигурациясында (кескін үйлесімі) әртүрлі материалдық денелер жасалады. Оның ғылыми-техникалық жобалары, қазіргі замандағы космонавтиканың қалыптасуына өте зор ықпал етті. Ол ақыл-ой және шығармашылық адамды космосқа көтереді, уақыт барысында оның физикалық табиғаты өзгереді, ол жоғарғы организмдерге жақындайды, жұлдызаралық кеңістікке орналасады деп болжады.

В. И. Вернадский (1863-1945 жж.) Адамның эволюциялық барысында қоршаған табиғатты өзгерту іс-әрекеті күшейе түседі. Биосфера (өмір сферасы) әрдайым үздіксіз ноосфераға өтеді. Ноосфера – ақыл-ой сферасы, адамның өмірінде, оның материалдық және рухани мәдениетінде пайда болады. Ноосфера әрдайым ұлғаяды және болмыстың басқа да салаларына тарайды. Келешекте ноосфера жер үстінде жетекші болып қосмосқа ауысады деген ойларды айтып, биосфераның ноосфераға өтуінің әлеуметтік-табиғи негізгі алғышарттарын анықтады.

1. Жер шарының әлемдік тарихын қамту және адамзатты бір тұтастыққа айналдыру.

2. Байланыс құралы мен жетістіктерді айырбастауды қайта құру.

3. Энергияның жаңа көзін табу.

4. Барлық адамдардың тұрмыс жағдайын көтеру және олардың теңдігіне жету.

Ноосфера: ақыл-ойдың құдіреті арқылы дүниеге келген ғажайып техникалық құралдардың күшімен табиғатты бүлдірмей, оны жоспарлы, жүйелі, әрі сапалы түрде пайдаланып, өзгерту, түрлендіру, сақтау – жарқын келешектің белгісі.

Легальдық жария марксистер (Н. А. Бердяев, С. И. Булгаков, С. Л. Франк, П. Б. Струве) – жас философтар, әрі экономистер. Бұлар марксизмдегі қоғам туралы ғылыми теорияның нақтылығын көрді, бірақ Маркстің революция мен диктатура идеясын қабылдамады. 1902 - 05 жылдары «легалистер» марксизмнің материализм мен атеизмінен бас тартып, Соловьевтің біртұтастық діни философиясына эволюция жолымен көшті.

Ресейдегі алғашқы марксизм теоретигі әрі насихаттаушысы Г. В. Плеханов (1856-1918 жж.). Плехановтың философиялық-әлеуметтік еңбектері жоғары бағаланды. Оның көптеген еңбектері маркстік теорияны дамытты. Марксизмді философиядағы жаңа кезең ретінде санап, ол оның сапалық өзгешелігін ашты. Тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді жетілдірді. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана қатынастарының күрделігін көрсетті, қоғамның қарама-қарсы таптары күресінің көрінісі болатын идеялар шайқасында қоғамдық психологияның рөліне көп көңіл бөлді. Ол Россиядағы орыс революцияшыл-демократтардың тарихи рөлін көрсетті.