Поликонденсация реакциясы барысында түзілетін полимердің молекулалық массасын реттеу мүмкіндіктерін қарастырыңыз.

30)Миграциялық полимерлену дегеніміз не?Реакция теңдеуін жазыңыз.Миграциялық полимерлену реакциясына молекулалар бір біріне жеке атомдар мен атомдар топтарының миграциялануы арқылы қосылады. HO-(CH2)4-OH+O=C=N-(CH2)6-N=C=O->HO-(CH2)4-OOCNH-(CH2)6 NCO

гексаметиленмен диизоционат

35Макромолекуланың конфигурациясыКонфигурация деп молекула құрайтын атомдардың немесе атомдық топтардың кеңістікте нақты орналасуын және жылулық қозғалыстың әсерінен өзгермеуін айтады. Бір конфигурациядан екінші конфигурацияға химиялық байланыстарды үзбей өтуге болмайды. Полимерлер бірнеше конфигурация деңгейлерін түзеді: буындар конфигурациясы, буындардың тізбекке қосылу конфигурациясы, үлкен блоктардың тіркелу конфигурациясы және тізбек конфигурациясы.Буындар конфигурациясы. Бұл конфигурация негізгі тізбегінде қос байланыс бар полимерлерге (полидиендерге, полиацетилендерге) тән және орынбасарлардың қос байланысқа салыстырмалы түрде орналасуымен анықталады:Цис-изомерде орынбасарлар қос байланыс кеңістігінің бір жағында, ал транс-изомерде – кеңістіктің екі жағында орналасқан.Локальді (жергілікті) изомерия.Изомерленудің бұл түрі винил, винилиден және

диен полимерлеріне тән. Винил мономерінің молекуласын алайық:С (1) (басы) және (2) (соңы) атомдарындағы орынбасарлар әр түрлі болғандықтан, екі типті қосылу болуы мүмкін:

Стереоизомерлер.Буындары мен орынбасарлары кеңістікте белгілі бір ретпен орналасқан полимерлер стереоретті немесе стереоарнаулы деп аталады.Изотактикалъқ полимерлерде макромолекуланың негізгі тізбегіне кіретін әрбір қарапайым буындарда кем дегенде бір асимметриялы атом болуы тиіс

Синдиотактикалық .Синдиотактикалық полимерлердің жазық ирек конформациясындағы бір типті орынбасарлар (R) негізгі тізбек жататын жазықтықтың жан-жағына кезек-кезек орналасады:

Егер полимер тізбегіндегі орынбасарлардың орналасуында ешқандай зандылық болмаса, онда атактикалық құрылым болады:

36Макромолекуланың конформациясыІшкі жылулық қозғалыс кезінде жэне көрші атомдардың әрекеттесуінен тізбекті макромолекула немесе оның бөліктері, байланыс ұзындығы мен валенттілік бұрышын өзгертпей, әр түрлі жағдайда орналасуы мүмкін. Тізбекті молекуланың бөліктерінің (атомдарының немесе атомдар топтарының) жылулық қозғалыстын әсерінен кеңістікте әр түрлі болып орналасуын конформация деп атайды. Конформацияның бір түрінен екінші түріне өтуі дара байланыс бойымен айналу, бұрылу немесе тербелмелі түрде жылулык қозғалыстың немесе сыртқы күштің әсерінен жүреді. Конформацияның бір түрінен екіншісіне өткенде химиялық байланыстар үзілмейді.Сыртқы күштердің және жылулық қозғалыстардың жиілігінің бір-біріне қатынасына байланысты конформация әр түрлі болуы мүмкін (2-сурет):

2-сурет. Макромолекула конформациялары:

а - статистикалык шумақ; б - спираль; в - глобула; г - таяқша; д - катпарлы; е - бүгілмелі.

· статистикалық шумақ, яғни әр түрлі дәрежеде бүктелгеі конформация, сызықты полимерге тән;

· спиральді конформация, белоктарға және нуклеин қыш қышқылдарына тән;

· глобулалық конформация - қатты бүктеліп, пішіні тығыз шарға айналған конформация. Мүндай конформация ішкімолекулалық эрекеттестігі күшті макромолекулаларда болады, мысалы фтор атомдары бар полимерлер (политетрафторэтилен);

· таяқша конформация;

· қатпарлы конформация, кристалды полимерлерге тән

· бүгілмелі конформация, мысалы, поли-п-бензамидке тән.